Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................1
I Тарау.Құқық жүйесінің түсінігі және мәні.
Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктелуі.............................................5
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатнасы........................................10
II Тарау. Әлемнің құқықтық жүйелері және Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе.
2.1. Әлемнің құқықтық жүйелері...............................................................11
2.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі............................... 21
Қорытынды.....................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс.doc

— 181.00 Кб (Скачать файл)

АҚШ ағылшын құқығын пайдаланса да, оның құқық жүйесінің көп ерекшеліктері  бар. Біріншіден, американың құқығы, федеративтік құқық. Екіншіден, мұнда соттың шешімдерімен қатар құқықтық нормаларды, әсіресе, Конституциялық маңызын жоғары ұстайды. АҚШ-та құқықтық нормаларды кодификациялау, жүйелеу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Қазіргі кезде англо-саксондық құқық жүйесі бірте-бірте нормативтік актілердің маңызын көтере бастады.

   Англо-саксондық құқықиық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы  көптеген тарихи, географиялық, ұлттық, саяси, экономикалық және т.б. факторлармен байланысады.Британ империясының колонизаторлық әрекеті адамзаттың    1/3 бөлігінің жалпы құқықтың принциптерімен, нормаларымен және әдістерімен өмір сүруіне мүмкіндік туғызады.Бүкіл Англияның жалпы құқығы Вильгельм I жаулап алғаннан кейін қалыптасады (1066 ж.). Бұл кезеңде орталықтандырылған сотжүйесі қалыптасады, Корона атынан құқықтық іс шешу үшін жүріп тұратын корольдық судьялар пайда болады (Генрих II билеу кезеңінде). Алғашында бұл соттардың қарастырылуына жататын істердің саны шектеулі болатын, ал біртіндеп олар кеңейе түсті. Қабылданған сот шешімдері басқа сот инстанциялары істерді қарастырғанда негізге алына бастады. Сөйтіп бүкіл Англияға ортақ бірдей прецедеттер жүйесі қалыптасып, ол жалпы құқық деген атқа ие болды.

Сот даулары  қосымша Кеңесшілердің қатысуымен шешілетін Қосымша кеңесшілер қалыптасқан  әдет-ғұрып нормаларын білетін жергілікті тұрғындар арасынан алынады. Сөйтіп әдет-ғұрып нормалары сот шешімдерінің мазмұнына әсер етті.[6]

Қазіргі кезеңде  англо-саксондық құқықтық жүйесінде  заңдардың ролі өсті. Заң жобасын  дайындауда заңшығарушылар шет елдердің тәжірибесіне сүйенді (әсіресе, Роман-германдық  құқықтық жүйесінің елдерінің). Бұдан осы екі құқықтық жүйелердің жақындасуын байқауға болады.

Англияның прецеденттік құқығы көптеген елдердің құқықтық дамуына  әсер етті (АҚШ, Канада, Австралия; Жаңа Зеландия және басқа елдер).

 Англо-саксондық  құқықтық жүйесінде нормалардың екі түрі бар:

1.заң нормалары;

2.прецеденттік  нормалар.

Заң нормалары  – жалпыға бірдей мінез құлық  ережелері, прецеденттік нормалары  – белгілі бір іс бойынша сот  шешімінің бөлшегі.

Англия заңгерлері прецеденттік нормаларға:

1.істің сот  шешіміндегі қорытындысын;

2.шешімнің дәлелдемесін  жатқызады.

Яғни, осы екі  элемент сот шешімінің негізін  құрайды.

Англо-саксондық  құқықтың ең маңызды қайнар көзі –  сот шешімдері. Бұл елдерде сот  органдары құқық шығару функцияларымен бөлінген. Сот органдары прецедент нормаларын ойлап шығармайды, тек прецедент көмегімен қоғамда қалыптасқан нормаларды бекітеді.Прецеденттер барлық сот органдарымен бекітілмейді. Тек жоғарғы Сот инстанцияларының актілері ғана заң күшіне ие болып, сот прецеденттіне (құқықтың қайнар көзіне) айналады. Англияда бұл соттарға Биік Сот, Аппелициялық Сот, Лордтар Палатасы жатады. Ал басқа соттар прецедент қабылдай алмайды. Әрбір төмен тұрған Сот органы жоғары тұрған сот органының прецеденттін негізге ала отырып шешім шығарады. Англияда мынадай прецедент ережесі қалыптасқан: «Дауды бұрын қалай шешілсе, солай шешу керек». Алайда 1996 жылы Лордтар Палатасының арызы бойынша Парламент соттардың қажет жағдайда прецедент нормаларынан ауытқу мүмкіндігін заң жүзінде бекітті.

Англо-саксон құқықтық жүйесінде заңдар құқықтың қайнар көзі ретінде екінші орында тұрады. Олар прецеденттерден кейінірек пайда болды. Алайда, әсіресе кейінгі кезде қоғамдық қатынастарды реттеуде заңдардың ролі көп өсті. Англияның ұлттық заң нормаларына халықаралық құқық нормаларының көп әсер еткенін байқауға болады.[3]

Англияда заңдар бірнеше түрге бөлінеді. Әрекет ету  сферасына байланысты оларды көпшілік және жеке заңдарына бөлуге болады. Көпшілік заңдар  Ұлыбританияның  барлық территориясына және барлық субъектілерге  таралады.

Жеке заңдар белгілі бір территорияға және белгілі субъектілерге таралады. Парламент өзінің заң шығарушылық функциясын басқа субъектілерге уақытша беруі мүмкін. Мысалы, королеваға, Үкіметке немесе министрліктерге. Осының нәтижесінде қабылданған заңдар тағы бір топты құрайды. Жеке бір топты автономдық заңдар құрайды. Олар белгілі бір территорияға ғана тарайтын жергілікті билік органдарының немесе тағы сол сияқты мекемелердің актілері. Заң күші жағынан Парламент актілерінен төмен сатыда тұрғандықтан, олар құқық қолдану органдарының актілеріне жақынырақ.

Статустардың  прецеденттерге қарағанда заң күші жоғары болғанымен, құқықтың қайнар көзі ретінде олардан төменгі орында. Англо-саксондық құқықтың ерекшелігі: заңдар өз бетімен жүзеге аса алмайды. Оларды жүзеге асыратын прецеденттер. Прецеденттер арқылы жүзеге асқан заң ғана әрекет ететін заң болып саналады. Сондықтан Англо-саксондық құқықта прецеденттердің маңызы үлкен.[8]

Англо-саксондық  құқықтың ертеректен келе жатқан қайнар көзінің бірі - әдет-ғұрып нормалары. Бірақ ролі азайып бара жатқанымен, олар кейбір паламенттік процедураларды реттеуге, мемлекеттік лауазымды адамдар мен монархтың, оның семьясының қарым-қатынасын реттеуге қатысады. Англияда жазыған кодификацияланған конституцияның болмауына байланысты құқықтағы келістіктер әдет-ғұрып нормалары арқылы толтырылады.

Англо-саксондық  құқықта (тек қана ертеректегі ғылыми еңбектер) құқықтық доктрина да құқықтың қайнар көзіне жатады. Өйткені көбінесе бұл ғылыми еңбектерде Сот прецеденттері  сарапталады.

       Романо-германдық құқықтық жүйе (континенттік жүйе деп те атайды.). Европаның мемлекеттерінің көпшілігінде осы құқық жүйесі дамып келеді. Романдық құқық жүйесі деген сөз Рим құқығының ықпалымен құрылғанын көрсетеді. Феодалдық кезенде бұл жүйе жақсы дамымады. Буржуазиялық революциялар Рим құқығына өте кең жол ашты. "Жеке меншік құқығы қасиетті оған ешкім қол сұғуға құқығы жоқ" деп бекітті.

Осыдан бастап Рим  құқығы белсенді түрде буржуазиялық кодекстеріне кіріп, Германия, Франция, Италия бүкіл дүние жүзіне тарады. Рим құқығын жалғастырған кодекстердің қатарына Наполеон атындағы 1804 жылғы Францияның азаматтық кодексі, 1896 жылғы Германияның азаматтық нормалар жинағы жатады.[5]

Тарихшылардың, заңгерлердің көпшілігі континенталдық құқық  жүйесі XIII ғасырда қалыптасты деп санайды. Бес ғасыр бірінші орында Рим құқығының ықпалы басым болды деп түсіндіреді. Сөйтіп көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Кейін континентальдық мемлекеттер өздерінің ұлттық ерекшеліктерін кіргізіп, дамытты. Бұл құқық жүйесінің негізгі мазмұны нормативтік актілерді бірінші орынға қойды, сот шешімдері қосымша рөл атқарады. Кодификациялау жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Патшалық Россияда да бұл жұмыс қарқынды түрде дамыды, әсіресе, Сперанскийдің үкіметті басқару тұсында.

  1. Қорыта айтарымыз, англо-саксондық, романо-германдық құқықтық жүйелер буржуазиялық жүйені қорғап, дамытты. Дүние жүзіндегі елдерге үлгі болып, маңызды рөл атқарды. Сол арқылы қазіргі замандағы заң ғылымының дамуына зор үлес қосты.
  2. Романо-германдық құқық ХII – ХIII ғғ. Европа елдерінде рим құқығының рецепциясы нәтижесінде пайда болады.

Экономика сферасында рецепцияның негізінде сауданың дамуы, қалалардың өсуі жатады. Экономиканың дамуына байланысты күрделі нарықтық қатынастарды реттей алатын бірден бір  құқық ө рим құқығы болды. Алғашында бұл құқық Орта ғасырлық Европада тек қана қала халқымен ғана қолданылды, бірте-бірте, ауылдық тұрмыстың күоделенуімен, жер қатынасының пайда болуымен рим құқығы Европа елдерінің ауылдық аймақтарында қолданыла бастады. Сөйтіп, ол континентальды деген атқа ие болды. Европа елдерінің Рим құқығын пайдалануына тек қана экономикалық ғана емес және де әлеуметтік-мәдени себептер де әсер етті. Мысалы, мұндағы өнердің, білімнің, мәдениеттің дамуы рим құқығының концепцияларын, көқарастарын, түсініктерін және конструкцияларын қолдануды қажет етті.

Рим құқығының  дамуына Швециядағы, Германиядағы, Фыранция және Испаниядағы университеттердің  үлкен роль атқарды. Университет  профессорлары құқықтық доктринаны жетілдірумен, ал кейінірек маңызды  заңдардың, кодекстердің модельдерін дайындаумен айналысты. Бұл университеттерде роман-герман құқығын әділетті құқық деп оқытты. Университеттерде білім алған прокурорлар, соттар, адвокаттар роман-герман доктринасының дамуына ат салысты. Біртіндеп, ұзақ даму нәтижесінде Европа елдерінің құқығы жүйелене бастады.  ХIII ғасырда роман-герман құқығы бүкіл Европаны қамтыды (Англиядан басқа).[10]

Роман-герман құқығы ортаға адамды, оның субъективті құқығын, мүддесін және мемлекетпен қарым-қатынасын  қояды.

Заңның  жоғарғылығы – континентальды құқықтық жүйенің тұрақты принципі. Барлық заңдардың ішінде жоғарғы орын Конституцияға берілген.

Континентальды  құқықтық жүйенің белгілері:

1. құқықтың көпшілік  және жеке құқық болып бөлінуі.

Құқықтың жалпыға  бөлудің негізінде мемлекеттің мүддесі, ал жеке құқықтың негізінде – жеке адамдардың, азаматтардың, бірлестіктердің мүддесі жатады.

Жалпы құқық  билік пен бағыну ара-қатынасын  реттейді және басып-жаншу механизміне  негізделеді.Жалпы құқықтың нормаларының басым көпшілігі императивті  болып келеді. Бұл топқа конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы, халықаралық құқық тағы басқалары жатады.

Жеке құқық  тең құқықты, тәуелсіз субъектілердің арасындағы қатынасты реттейді. Басым  көпшілігі диспозитивті нормалар болып  келеді.

2. құқықтың салаларға  бөлінуі.

Барлық роман-германдық  нормалар пәні мен әдісіне қарай  құқықтық салалар мен институттарға  бөлінеді. Мысалы, Конституциялық құқық  т.б., институт: Сайлау институты т.б.

3. континентальды  құқықтық жүйеде құқықтың негізгі қайнар көзі – заң.

Заңды мамлекеттердің парламенттері қабылдайды. Қабылдаған заңдар жоғарғы заңдық күшке ие болып  мемлекеттің барлық аумағына және сол  елде  тұрып жатқан барлық адамдарға  тарайды. Заңдар басқа қайнар көздерге қарағанда жоғарғы орында тұрады.Роман-герман құқықтық жүйесінде заңдар конституциялық және әдеттегі (жай) заңдар болып екіге бөлінеді. Осы жүйенің барлық елдерінде конституциялық заңдар жай заңдарға қарағанда жоғарғы орында тұрады. Заңдардың жоғарғылығын Конституциялық соттар, Жоғарғы соттар және тағы сол сияқты мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді. Заңдар мемлекеттегі аса маңызды қатынастарды, мемлекет пен қоғамның құрылымын, адамның құқығы мен бостандығын, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен құрылымын реттеу үшін қабылданады.

Жай заңдардың ішінде кодекстердің алатын орны зор. Кодекстер іштей, мазмұнына қарай жүйеленген заңдар жинағы.

Әдет-ғұрыптар заңда тура көрсетілген жағдайда ғана құқықтың қайнар көзі бола алады. Яғни олар заңға толықтыру ретінде  ғана қолданылады.

Сот тәжірибесінің актілері құқықтың қайнар көзі бола алмайды. Оларда заң күші жоқ. Сот тәжірибесінің актілері құқықтың қолдану сферасында үлкен роль атқарады.[1]

 

      Діни құқықтық жүйе — бұл жүйеге Азияның, Африканың дамушы елдері жатады. Ол елдердің құқықтық саясаты екі түрге бөлінеді: біріншісі - құқықты түсінуде, дамытуда олар дінмен зиялы бағытты біріктіріп отырады. Бұл саясат ислам, индус және иуда діндеріндегі мемлекеттер, екіншісі - құқық деген заңды ғылыми ұғымға қарсы бағыт. Қоғамды басқаруда әлеуметтік нормаларының басқа түрлерін бірінші қатарға қояды (әдет-ғұрып, мораль, діни, қоғамдық ұйымдардың шешімдерін). Бұл елдердің біразы бірте-бірте романо-германдық құқықтық жүйеге көшу бағытында.

Ислам — діни қағидаларын  құқықтың негізі деп санайды. Бұл  бағытты-жүйені шариғат деп атайды. Сонымен қатар адат деп атайтын жүйе бар (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль т.б.). Бірақ өмірде шариғат басым түрде қолданылады. Исламдық құқықтың төрт түрлі негізі бар:

1). Құран - Алланың Мұхаммед  пайғамбарға түсірген киелі, ардақты кітабы.[3]

2). Сүнна - Мұхаммед  пайғамбардың хадистері (өсиеттері). Бұл өсиетте Құранның аяттарына  түсінік береді.

3). Иджма - ислам ұйымдарының  қабылдаған, бекіткен шешімдері,  қаулы-жарлықтары.

4). Китае - өмірде кездесетін  мәселелерді Құранның ұқсас аяттарына сүйене отырып шешу.

Индус діні қоғамдағы  қарым-қатынастарды реттеп, басқарудың ең басым, күрделі жүйесі. Сонымен  қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрді де пайдаланады. Бұл діни құқық жүйесі адамдарды туысымен әлеуметтік топқа  бөледі. Олардың өздерінің ішіндегі қатынастарды реттеп, басқаратын діни нормалары болады. Бұл әлеуметтік топтардың түрлері: байлар тобы, орта шаруалар тобы, кедей шаруалар тобы, діни қызметкерлердің тобы, ақсүйектер (чиновниктер) тобы. Бұл топтардың аттарынан немесе атауларынан толық түсінуге болады: Бұл әлеуметтік топтардың арасында ешқандай теңдік, әділеттік, бостандық жоқ екені.

Индус құқық жүйесіндегі  елдерге (Индия, Пакистан Бирма, Сингапур, Малайзия, Танзания, Уганда, Кения т.б.) діни нормалармен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль арқылы көп мәселелер реттеп, басқарылады. Индияда 1950 жьшы Конституция қабылданып, индустарды әлеуметтік топқа бөлуге тыйым салды, Англияның құқық жүйесінің нормативтік актілерін қолдана бастады. Мұны "англо-индус құқық жүйесі" деп атады.[6]

Мұсылмандық құқық – ислам дінінің маңызды компоненті болып табылатын шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. Мұсылмандық құқықтың тарихи 570-632 жылдары өмір сүрген Мұхаммед пайғамбардан басталады. Мұхаммед Алланың атынан кейбір негізгі мінез-құлық ережелерін мұсылмандарға жолдады. Бұл нормалар көпшіліктік діни-уағыздарда қалыптасты. Міндетті нормалардың келесі бөлігі Мұхаммедтің тіршілік әрекетінің мінез-құлқының нәтижесінде қалыптасты. Кейінірек бұл нормалардың барлығы мұсылман діні мен құқығының алғашқы қайнар көздерінде бекітілді.Бұл нормалар мұсылман қоғамындағы қатынастарды реттеу үшін аз болғандықтан, Мұхаммедтің өлімінен кейін нормалардың қатарын Омар, Осман; Абу-Бакр сияқты халифтер толықтыруға тырысты.

Құран мен Суннуға  сүйене отырып олар, Алла мен Мұхаммедтің еркіне сәйкес келетін жаңа нормалар шығады.YIII – Х ғасырларда мұсылмандық құқықтың дамуына ислам құқықтанушылары мен мұсылман соттарының әсері зор болды. Мұсылмандық құқықтың қалыптасуына олардың ролінің үлкендігі сондай, тіпті кейбір зерттеушілер  мұсылмандық құқықты заңгерлер құқығы деп те атады. Мұсылман судьялары Құранға түсінік бере отырып, мұсылмандық құқықтың кемшіліктерін толықтырды.

Информация о работе Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс