Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................1
I Тарау.Құқық жүйесінің түсінігі және мәні.
Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктелуі.............................................5
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатнасы........................................10
II Тарау. Әлемнің құқықтық жүйелері және Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе.
2.1. Әлемнің құқықтық жүйелері...............................................................11
2.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі............................... 21
Қорытынды.....................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс.doc

— 181.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кезде  мұсылмандық құқық Иран, Пакистан, Судан және тағы басқа елдерде  кеңінен тараған.[8]

Мұсылман құқығының ненгізгі қайнар көздеріне:

1. Құран

2. Сунна

3. Иджма

4. Қияс жатады.

1. Құран негізінен  заң нормаларының дәлдігіндей,  нақтылығындай және айқындығындай  емес жалпылама сипаттағы адамгершілікке  үндейтін қағидалардын тұрады. Ондағы  қағидалар негізінен намаз оқу тәртібіне, ораза ұстауға және қажылыққа баруға қатысты.

2. Сунна –  Мухаммед пайғамбар туралы, оның  тұрмысы мен мінез құқлқы туралы  аныздар жинағы.

3. Ислам білгірлердің  дінге сенетін адамдардың Құран  мен Суннадан алынған, заңдық  ақиқат мәніне ие болған міндеттері туралы келісілген қорытындысы “Иджма” деп аталады, яғни ол ислам қоғамының келісімі.

4. Құранда, Суннада  немесе Иджмада айтылған нұсқауларды  жаңа ұқсас жағдайларда қолдану  ережесі Қияс деп аталады. Басқаша  атқанда Қияс ұқсастығына қарай ойлау, сөз ету.[7]

 

Социалистік құқықтық жүйе — бұл жүйе өзі төрт жүйеге бөлініп келді: кеңестік құқық жүйесі; европалық социалистік мемлекеттер құқықтық жүйесі; азиялық социалистік елдердің құқықтық жүйесі; Куба республикасының құқықтық жүйесі. Бірақ барлығының негізгі қағидалары бірдей болды: қоғамдық меншікті, бір орталықтан жоспарлауды қорғау т.б. Бұл мемлекеттердің құқықтық негізін құрастыратын заң шығаратын органдардың нормативтік актілері. Қазіргі кезеңде бұл жүйе Қытай Халық Республикасында, Кубада, Солтүстік Кореяда сақталып, дамып келеді. Басқа бұрынғы социалистік елдерде бұл жүйе қайта құрылып, айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Романо-германдық құқықтық жүйеге көшуде.

Социалистік құқықтық жүйесі Советтік мемлекеттірдің құрылуымен қатар 1917 жылы пайда болды. Оның қалыптасу себептері халықтың құқықтық санасының ерекшеліктерінен, құқықтық доктринамен  немесе құқықтық құрылымы мен қайнар көздерімен байланыспайды. Оның қалыптасу себептері маркстік-лениндік идеологияға, оның қоғамдық-саяси құрылымының принциптеріне негізделеді. [5]

       ХХ ғасырдың басында пайда  болған осы құқықтық жүйенің  басқа құқықтық жүйелерден айырмашылығы  құқықтық нормаларының мазмұнында.

Совет Одағының  2-ші дүние жүзлік Соғыта жеңісінен  кейін социалистік құқық кейбір Шығыс Европа елдеріне тарады, ХХ ғасырда 60-70 жылдарда колониялды тәуелдіктен босаған кейбір африкалық елдердің құқықтық жүйесіне көптеген әсерін тигізді.

Қазіргі кезде  Қытайда, Кубада Социалистік құқыққа  негізделген Конституция мен  заңдар әрекет етеді.

Совет құқығы марксизм-ленинизмнің мемлекет пен құқықтың жаңа типтері туралы идеясының әсерімен қалыптасты. Құқықтық актілер класстық позициядан қабылданды, бұрыннан қалыптасқан құқықтық концепциялар мен принциптер буржуаздық деп саналып, жоққа шығарылды. Солай бола тура социалистік құқық басқа құқықтық жүйелерді жоққа шығарған жоқ, өйткені ол елдермен үнемі идеялармен, құқықтық тәжірибемен алмасып тұрды.

Социалистік құқық  елдерінде негізінен құқықтық салаға бөлу классификациясы, құқықтық техниканың кодификациялаудың формалары мен тәсілдері қолданылады.[9]

КСРО және басқа  до социалистік елдерде келесі мақсаттар  алдыға қойылды:

1. экономиканың  орталықтандырылған басқаруы. Бұл  мақсатты жүзеге асыру үшін  инперативті нормалар, жоспарлық  регуляторлар қолданылады. Сонымен қатар азаматтық келісім-шарттық мазмұнның оның субъектілері өз бетінше анықтай алмайды. Ол нормалармен қатаң белгіленетін.

2.меншіктің  қоғамдануы. Экономиканың негізінде  мемлекеттік, жалпыхалықтық меншік  жатты.

3.банктер, кәсіп  орындар, жер және басқа да шаруашылық мүліктері мемлекет меншігіне айналдырылды.

4. еңбек пен  тұтыну өлшемі қатаң реттеліп  тұрды.

Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық сферасына араласып тұрды. Ол жеке құқықтың әлсіреп, ал көпшілік-құқықтық институттың күшейуіне әкеліп соқты. Бұл процесске Лениннің «Советтік мемлекет ешқандай жекелікті мойындамайды» деген тезисі идеологиялық негіз болды.

Азаматтық құқықтың көптеген институттары, сонымен қатар  меншік институты көпшілік-құқықтық сипатқа ие болды, ал шаруашылық келісім-шарттарынаң  маңызды түрлері әкімшілік-жоспарлық негізінде ғана жүзеге асып тұрды.[10]

Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік  меншік қорғалатын. Жеке кәсіпкершілікпен, коммерциямен, валюталық операциямен  айналысуға тиым салынатын. Антисоветтік агитация үшін, социалистік құрылым мен коммунистік идеяларды әшкерлейтін мағлұмат тарату үшін немесе сол сияқты басқа да іс-әрекеттер үшін қатаң санкциялар қолданылатын.

Сот процедураларында айыпталушының қорғану құқығы шектелген. Ол сот процессінің идеологиялануына, ондағы айыптаудың басымдылығына әкеліп соқты.

Социалистік құқықтың белгілері:

1.класстық сипаты  бар, яғни жұмысшылардың мүддесін  көрсетеді;

2.құқық мемлекеттік  биліктің құралы ретінде қарастырылады;

3.құқықта мемлекеттің  мүддесі жоғары қойылып, қамтамасыз  етіледі;

4.партиялық-әкімшілік шешімдер заңнан жоғарыға қойылады;

5.адамдар мен  ұйымдардың сот арқылы қорғанылу  құқығы толық қамтамасыз етілмейді  және т.б.

Социалистік құқықтық жүйеде тарихи қалыптасқан роман-герман құқықтық жүйенің конструкцияларына  жақын болғандықтан, онда құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акттар. Бұл елдерде Конституцияның жоғарғылығы мойындалады.

1938 жылы құқықтың  салаларға бөліну классификациясы  қалыптасты, осының негізінде заңдар  да клссификацияланды.

1950-60 жылдарда  заңдарды кодификациялау процессі жүогізілді. Мұның нәтижесінде Заң негіздері,АК,КҚ;АПК;ҚПК;ЕтЗК қабылданда.

1960-80 жылдары  кодификациялау жалғасып, 15 заң негіздері  қабылданды.

1980 жылдары СССР  заңдарының жинағы мен советтік  республикалар заңдарының Жинағы  қабылданды.

Заң шығарушылар  да негізінен құқықтық реттеудің  императивтік әдісі қолданылды.[1]

2.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі

 

Қазақ халқының мемлекеттік  және билік дәстүрлері бірнеше мыңдаған жылдардың қойнауына барады. Бұл  құбылыстардың Еуразия көшпелілерінің тарихында ерекше орны бар. Қазақ аңыздарын этнологиялық тұрғыдан талдау, оны лингвистикалық зерттеу әдістерімен кірістіру, салыстырмалы тіл білімін іске қосу қазақ жерінде сонау энеолит аталатын дәуірде, б.э.д. IV—III мыңжылдықтарда алғашқы жылқышы тайпалардың арасында мемлекет және билік институттарының қалыптаса бастағанын білдіреді.

Мемлекет және билік  үлгілерінің көрсетілген межеден  басталып бірнеше мың жыл даму барысында, неше рет өнделіп, соныңда  Қазақ хандығы атты тарихи үлгіні өмірге әкелуі заңды. Қазақ көшпелілері XV ғасырдың ортасында Еуразиялық империя Алтын Орданың ыдырауы барысында дүниеге келген құбылыс, алғашқы күндерден бастап тарихтың ауыр сауалда-рына, сынына жауап бере бастады. Еуразия жерінде бірнеше мың жыл үстемдік жасаған көшпелілердің соңғы мемлекетіне тарихтың да, көрші мемлекеттердің де сын қоюы заңды.[5]

Сол сынның алғашқы сұрағы, әрине, «сен кімсің, ата-тегің кім?»  – деген сұрақтар. Қазақ елі  болса өзінің түп – тегін, мем-лекетінің  дәстүрін қадым заманда жасаған Алаша ханға байла-ныстырғанды жөн көрді. Ұлытаудан әдемілеп тұрып өзінің ұлы аруаққа деген ілтипатын білдіріп кесене-мавзолей салды. Қазақ руларының құрамы күрделі екені белгілі — сан алуан ру, сан алуан ел бар, олардың ішінде өз бетімен мемлекет-ұлыс құрғаны қаншама? Осы қарақұрым елге сенің түпкі бабаң Алаша хан еді деп мойындату да сол кезде оңай болған жоқ шығар. Ақыры қазақ үш жүз болып, бір атаның үш баласы болып өз идеологиясын түзді.

Сонымен Қазақ хандығының мемлекеттік дәстүрлері өзіне дейінгі  қадым тарихқа сүйенеді, соған негізделеді. Ал Қазақ хандығы құрылған XV ғасырдан бергі тіршілік — мемлекет және билік үшін күрес ғасырлары.

Қазақстан Республикасының  құқықтық жүйесі жаңадан құрылып, дамуда. Бұл жүйе, негізінен, континентальдық  Еуропа елдерінің бағытында дамуға бет бұрып отыр. Біздің халқымыз өз елінің егемендігіне жетіп, мемлекеттің ықтимал зорлық-зомбылығынан жаңа Конституция (1995 ж.) арқылы қорғалған саяси-этникалық адамдар қауымдастығының дәстүрімен, мәдениетімен ұштасқан либерализм қағидалары негізінде әлеуметтік-бағдарлы нарықтық өзгерістер жолымен дамудың ортақ тағдырына таңдау жасап отыр.[1]

 

 

 

Қорытынды

 

 

Конституция Қазақстаң  Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Демократиялық мемлекет Қазақстан, ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысы және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі ел.  Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.

Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасы діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекет органдары қағидалық заң емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның басының шаруасы болуы тиіс.

Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халыкаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттін өзара жауаптылығының болуы, т. б.

Әлеуметтік мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес коғам мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері есебінен барлык азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңден бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.

Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулык сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.

Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан бір тұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халык сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің басқаруындағы, өзінің алдыңда жауапты Үкіметті тағайындайды.

Бұл курстық жұмыста  қазіргі замандағы әлем елдеріндегі  құқықтық жүйелерге шолу жасалып  оларды топтап бірнеше жүйеге бөлінетіндігі  айқындап айтылды. Қорытындылай келе нақты ешбір кемшілігі жоқ, идеальды және барлық мемлекеттерге бірдей таңыла алатын ортақ құқықтық жүйе үлгісі болуы мүмкін еместігін айта кеткім келеді. Әрбір құқықтық жүйенің  өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігі байқалады.

Қазақстан таңдап алған  құқықтық жүйенің негізі континентальдық, яғни романо-германдық үлгідегі құқықтық жүйе артықшылықтары жетерлік деп айтуға болады. Құқықтық нормалар айқын белгіленіп кодификацияланған. Құқыққолданушыға қандай да бір құқық нормасын тауып алу қиынға түспейді. Бірақ құқық пен заңның теңдігі кезінде теріс роль де ойнауы мүмкін. Мысалы мұндай жағдай 1930 жылдары Германия мен Италияда билік басына тоталитарлық режим келген кезде заңдарды өзгертіп ақырында заңдарды құқықтан жоғары қойғандығын есте сақтаған жөн.

Мысалы Ұлыбританияда  қолданылатын англо-саксондық құқық  жүйесі практикаға жақын болғанымен нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыруда прецеденттерді іздестіру мүлде қолайсыздыққа душар етеді.

Соңғы кездері жаһандану  дәуірінде өмір сүріп отырған  мемлекеттердің құқықтық жүйелері бір-біріне жақындай түсіп, ұқсастықтары көбейе түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Булгакова Д. А.  Мемлекет және құқық теориясы, А., 2003 ж.

2. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы, А., 2000 ж.

3. Основы государства и права. Под ред. Сапаргалиева Г.А., 2000

4. Сапарғалиев Ғ Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Алматы «Жеті-Жарғы» 1998

 5. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы»

6. Жоламан Қ.Д.  «Мемлекет  және құқық теориясы»

7. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы, 1995.

8. Қазақстан  Республикасының Конституциялық  заңы “Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы”. –Алматы, 2004.

9.Заң  терминдерінің  түсіндірме   сөздігі.  Ғ. Сапарғалиев. 1995 ж.

10.Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва, 1996 г.

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс