Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 08:23, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Ағаш өңдеу мен жиhаз өнеркәсiбi ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу мiндеттерi:
1. Ғылыми тақырыпқа байланысты әдебиет көздерімен танысу.
2. Ағаш өңдеу ерекшеліктеріне зерттеу жасау.
3. Жиһаз өнеркәсібіне талдау жасау.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1. Ағаш өңдеу саласы.....................................................................................4
1.1 Ағаш өңдеу...............................................................................................4
1.2 Ағаш өңдеу жабдықтары..........................................................................6
1.4.Ағаш өңдеу станоктары...........................................................................11
2. Ағаштан жиһаз жасау.................................................................................14
2.1 Жиһаз өндірісі...........................................................................................14
2.2 Жиһазды техникалық жоспарлау............................................................18
2.3 Қазақстандағы ағаш өңдеу және жиһаз өндірісінің экономикасы.....19
2.4.Өрт сөндіргіш құралы тіреуішінің нұсқау картасы.............................23
2.5 Ағаштан өрт сөндіргіш құралы тіреуішін жасауға арналған техникалық карта................................................................................................................24
3. Қорытынды................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

Тилектес Улжан.docx

— 404.03 Кб (Скачать файл)

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану-математика факультеті

Физика – математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

 

 

 

 

Тілектес Ұлжан Тілектесқызы

 

 

 

Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі.

Курстық жұмыс

 

 

 

                                                                                         Ғылыми жетекшесі:

                                                                            Калаков Б.А.,

                                                                                         ф-м.ғ.канд.

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

Қостанай 2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе..............................................................................................................3

1. Ағаш өңдеу саласы.....................................................................................4

1.1  Ағаш өңдеу...............................................................................................4

1.2 Ағаш өңдеу жабдықтары..........................................................................6

1.4.Ағаш өңдеу станоктары...........................................................................11

2. Ағаштан жиһаз жасау.................................................................................14

2.1 Жиһаз өндірісі...........................................................................................14

2.2 Жиһазды техникалық жоспарлау............................................................18

2.3 Қазақстандағы ағаш өңдеу және жиһаз өндірісінің экономикасы.....19

2.4.Өрт сөндіргіш құралы тіреуішінің  нұсқау картасы.............................23

2.5 Ағаштан өрт сөндіргіш құралы тіреуішін жасауға арналған техникалық карта................................................................................................................24

3. Қорытынды................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

КІРІСПЕ.

     Өзектілігі: Функциональды кеңселік жиһазы бәріне де керек. Егер қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында жұмыс істеп жатқан ұйымдардың болжамды санын елестетумен көз жеткізуге болады. Егер қызметкерлерге арналған кеңселік жиһаз болмаса немесе оның сапасы бұдан да жақсырақ болуды талап ететін болса, сапалы еңбек үдерісін іске асыру мүлде мүмкін емес. Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар және т.б. еңбек қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір қызметкердің өндірістік тиімділігінің қаншалықты зор екендігіне байланысты болады. Кеңсеге арналған үстелдер орын-жайды жайғастырудың қалған басқа да элементтері сияқты қолайлы болуы тиіс. Бұнсыз әртүрлі деңгейдегі мамандардың барынша тиімділігінің кепілі болып табылатын татулық ахуалы орнаған ұйымдасқан ұжым құруды тіпті армандауда мүмкін емес. Кеңселік шкафтар қағаздармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оларды үстелдердің үстінде ұстау қажеттілігі өзінен-өзі болмайды. Керекті құжаттамалар әрдайым бір жерде орналасатын болады, оның жоғалып кетуіне немесе бүлінуіне жол берілмейді. Тіпті форс- мажор жағдаяттары туындағанның өзінде кеңселік шкафтар елеулі құндылығы бар құжаттарды қорғай алатын жоғары температуралардың әсерінен, жоғары ылғалдылықтың әсеріне қарсы тұруға қабілетті жоғары сапалы материалдардан жасалады.

 

Зерттеу мақсаты: Ағаш өңдеу мен жиhаз өнеркәсiбi ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу мiндеттерi:

1. Ғылыми тақырыпқа байланысты әдебиет көздерімен танысу.

2. Ағаш өңдеу ерекшеліктеріне  зерттеу жасау.

3. Жиһаз өнеркәсібіне талдау жасау.

Зерттеу нысаны: Жихаз жасау үрдісі. 
Зерттеу пәні: Өңделетін ағаш пен өнеркәсіп саласы.

 

 

 

 

 

 

3

                           1.  Ағаш өңдеу  саласы.

1.1 Ағаш өңдеу.

        Ағаш өңдеу - ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткізіп кәдеге жарату жолдары. Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады. Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптары-ның, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік, қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады. Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын) айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың жалынына шарпытып алса, ағаш талшықтарының шайырлы жерлері сақталып, шайыры жоқ тұстары күйіп, қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру таңбаларын, адам аттарын, ою-өрнек түрлерін қарып түсірген.Ағаш бөліктерін қатарластыра қари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қаратүстің арасындағы реңдерді шығарған. 

          Ағаш өңдеу кәсібі қазақтардың өндірістік қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылған, өйткені ол тіршілікті қамтамасыз ететін мәдениеттің  элементтерін жасайтын.

Ағаш шебері- (ор. столяр) — сүрек материалдарынан әртүрлі бұйымдар (терезе жақтаулары, ірге бастырғылары, жақтау маңдайшалары, бөлмелердің немесе ғимараттардың ішкі жабдықтарының элемент-тері, жиһаздар т.б.) жасайтын ұста.

Ағаш өңдеуші-ағаш  өңдейтін жұмысшы. Ағаш шеберінің құралдары көптүрлілігімен ерекшеленбейтін: шаппа шот, қашаулар мен пышақтар, біздер мен қысқыштар, аралар мен егеулер  жиынтығы. Сүт сауатын шелектер ағаштан жасалған. Қымызға арналған жиынтықтардың түрлері көп және сәнді болған: шара, тостағандар, қымыз құятын шөміштер мен ожаулар, олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болып, көбіне күміспен және сүйекпен әшекейленген. Май шайқайтын ағаш күбілерді қазақтар тек өздері жасап кана қоймай, жәрмеңкелерде даярларын да сатып алған. [4]       

                                                                        

 

 

 

4

Бүтіндей ойылып жасалғандары да, тақтайшалардан құрастырыл-ғандары да кездескен. Әр үйде дәнді дақыл түйетін келі мен келсап болған. Бүтін ағаш кесегінен жонылған, жалпақ түбі дөңгелек келген табақ ет салуға қызмет еткен. Әр түрлі жиһаздарға әсем ою-орнек молынан салынып, сырланған, жозыланған және күміс тілімдермен әшекейленген. Бұл жиһаз үй ішіне сән берумен қатар, тұрмыста керекке жаратылған. Оған жататындар: заттар мен киім-кешек салатын сандық, тамақ сақтайтын кебеже, ыдыс-аяққа арналған асадал, жүк жиятын жүкаяқ, жастық ағаш, адалбақан, төсек және басқалар.

Ағаш шеберханасы-(ор. столярная мастерская) — ағаш материалдарынан бұйымдар жасайтын шеберхана.

Ағаштан жасалған көпір- (ор. деревянный мост) — тіректері мен аралықтары ағаштан жасалған көпір.

Ағаштан жасалған құрылыстар-(ор. лесостроительные конструкций) құрылыстар немесе жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда жұмысшылар мен құрылыс материалдарын жайғастыруға қажетті уақытша жасалған қосымша құрылыс.

Ағаш шеберлік жұмыстары- (ор. столярные работы) - беттерінөңдеп элемнттерін дәл қиылыстырып қосу арқылы сүректерден бұымдар жасау. Ағаш шеберлік жұмыстарға белгілеу, сүректерді механикалық тілімдеп өңдеу, желімдеу, фанерлеу, құрастыру және таза өңдеу жатады.

Ағаш шеберлік-құрылыс бұйымдары- (ор. столярно-строительные изделия) — бұған терезелер, есіктер, паркеттер және құрылыста сүректер мен сүрек материалдардан жасалған пішінді тетіктер, еденді жабуға арналған тақтайлар мен сырықтар, терезенің алдын жабатын тақтайлар, ірге бастырғылары, маңдайшалар, тұтқалар және қаптамалар жатады.

Ағаш шеберлік-құрылыс бұйымдар- (ор. столярные изделия) - сүрекматериалдардың беттерін ұқыпты түрде өңдеп, элементтерің дәл қиылыстырып қосып жасалған бұйымдар.

       Ағаш шеберлік -құрылыс жұмыстарын жасауға арналған жабдықтар- (ор. оборудование для производства столярно-строительных работ) — бұл жұмыстарды жүргізуге арнайы білдектер мен тізбектер колданылады.    [7]

                                                                 

 

 

 

 

5

 

1.2 Ағаш өңдеу жабдықтары.

Ағаш аралайтын жақтаулар (ор. лесопильная рама) — бөренені бойлап аралайтын машина.

Ағаш бұйымдары мен құрылыс жұмыстарын жасауға арналған жабдықтар-(ор. оборудование для производства столярно строительных изделий) араланған материалдарды дайындамаларға пішіндейтін тізбектер, өлшеп-кесетін және шетжақтайтын білдектер, кесектерді ұзындығы бойынша тұтастыратын тізбектер.

Ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайлар-(ор. древесно стружечные плиты)  мочевинді және фенол формальдегидті шайырлармен байланыс-тырып ыссы күйде қысымдау арқылы ағаштың ағаштың жаңқалары-нан жасалған материалдар.

Ағаш кесетін құралдар-(ор. деревообрабатывающие инструменты) ағашты механикалық кесіп өңдеуге арналған құралдар. Олардың түрлері: аралар (қол ара, механизацияланған, машиналық арнайыландырылған); беттерді өңдеуге арналған құралдар (балталар, қашаулар, сүргілер, электрсүргілер, электржоңғыштар, ағаш өңдейтін білдектердің құрама бөлшектері пышақтар мен жоңғылар); ағаш бұйымдарда тесіктер жасайтын құралдар (қашаулар, бұрғылар, электрбұрғылағыштар); ойықтарды қашайтын шынжырлы құрылғылар т.б.). (1-сурет)

 

 

1-сурет. Ағаш өңдеу жабдықтары.

 

Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары-(ор. оборудование лесопильного производства) — бөренелерді сұрыптап қажетті қималы араланған материал-дар мен дайындамалар жасау үшін әртүрлі механикалық кесіп өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылғылар.

6

Ағаш көмірі-(op. древесный уголь) — ағашты 623 ... 873° К температурасында ауасыз пештерде көміртегін күйдіру арқылы жасалатын кеуекті зат.

Ағаш құрылымдары-(ор. деревянные конструкции) - толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т.б.). Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т.б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т.б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.

Ағаш қоспасы-(ор. древесная масса) — сумен араластырылған жаңқаларын диірменде ұнтақтау арқылы жасалған талшықты масса. Бұл зат қағаздарды, картондарды және ағаш талшықты тақталарды өңдіргенде жартылай өнім ретінде қолданылады.

Ағаш материалдарды тілетін екіқабатты жақтау-(ор. двух этажная лесопильная рама) — механизацияланған ағаш аралайтын ағындарда ұзындықтары 3 ... 7 м келетін бөренелер мен сырықтарды бойлай тілуге арналған құрылғы. Тілінетін бөренелердің диаметрлері мен сырықтардың қалыңдықтарының ең үлкен өлшемдері 240 ... 700 мм.

Ағаш материалдары-(ор. древесные материалы) — табиғи сүректі байланыстырғыш заттармен (мысалы, синтетикалық шайырлармен) қанықтырылып, желімдеп жапсырып, жоғары температурада қысымдап жасалған құрылымдық және әртүрлі жөндеу жұмыстарын жасайтын материалдар.

Ағаш материалдарын кесіп өңдеу-(ор. обработка резанием древесных материалов) — ағаш бұйымына сызба бойынша берілген пішінді, өлшемдерді және беттеріне қажетті сапаны қамтамасыздандыру үшін ) қаңқаны кесіп алатын өңдеу үрдісі. Ағашты белгіленген кесіп өңдеу үрдісінің сапасын көрсететін қасиеттерінің жинағы келесі көрсеткіштерден тұрады:

1) ағаштың тұқымы;

2) өңделетін материалдың  түрі (дөңгелек бөрене, қырлы жуан бөрене, тақтай, дайындама);[1]

 

 

7

3) кесіп өңдеу  технологиялық тәсілі (жақтаумен, таспамен, дөңгелек аралармен аралау; цилиндрлік, конустық, шетжақты, ойықты жоңғылармен жоңғылау; бұрғылау; жону; аршу, т.б.);

4) кесу түрі;

5) бас қозғалысқа  қарағанда салыстырмалы беріс  қозғалысының бағыты (қарама-қарсы, жолай);

6) кескіш құралдың материалы мен құрылымының ерекшелігі (жүзінің қоспаланған болаттан жасалуы, тез кескіш болаттан жасалуы, қатты қорытпаның тілімімен жабдықталуы, араның тістерінің ажырасуына, жұқартылуына немесе тілімдерінің жан-жаққа ілінуіне, пышақтың жаңқаны сындырғышы, тіреуіші, қысқыш сызғышы бар-жоғы т.б.);

7) ағаш кескіш  білдектің құрылымдық ерекшелігі (иілткішпен немесе конвейерлі, үздіксіз  немесе периодты берісті, кесетін бір немесе бірнеше құралдар қойылулы т.б.).

  Ағаш материалдары, ағаш түржиындары-(ор. лесоматериалы, лесные сортаменты) — табиғи құрылымы мен химиялық құрамын сақтаған ағаштан істелген материал.

Ағаш өңдейтін білдектер-(ор. деревообрабатывающие станки) — табиғи ағаш материалдарынан қажетті пішінді және өлшемді бұйымдарды кесіп өңдеу арқылы жасайтын машина. Атқаратын жұмыстарына қарай ағаш өңдейтін білдектер келесі түрлерге бөлінеді: ағаш кесетіп, ию арқылы өңдейтін, құрастырушы, желімді жағу және таза өндеу т.б,

Ағаш өңдейтін білдектердің беріс механизмдері-(ор.механизмы подачи деревообрабатывающих станков) — кескіш құралға және дайындамаларға беріс қозғалысын беретін механизмдер.Бұл механизмдер қозғалмайтын және қозғалмалы байланысты болып екі топқа болінеді.

Ағаш өңдейтін білдектердің орнықтандыру элементтері-(ор. бази-рующие элементы деревообрабатывающих станков)-үстелдер, бағыт-тайтын сызғыштар, таяныштар, аунақшалы конвейерлер құралкүймешек-тер, арнашық, шынжырлы және таспалы конвейерлер қысқықұрылғылар, айналмалы үстелдер, қысқылар, күймешелер.

Ағаш өңдеу жабдықтары механизмдердің бас қозғалысының (кесу) айналмалы түрі-(ор. тип вращательного движения(резания) дерево-обрабатывающего оборудования) - бұл механизмдердің үш түрі болады. 1) Кескіш құрал жұмыс біліктердің тіректерінің орталарында орналастырылған механизмдер.

Информация о работе Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі