Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 08:23, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Ағаш өңдеу мен жиhаз өнеркәсiбi ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу мiндеттерi:
1. Ғылыми тақырыпқа байланысты әдебиет көздерімен танысу.
2. Ағаш өңдеу ерекшеліктеріне зерттеу жасау.
3. Жиһаз өнеркәсібіне талдау жасау.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1. Ағаш өңдеу саласы.....................................................................................4
1.1 Ағаш өңдеу...............................................................................................4
1.2 Ағаш өңдеу жабдықтары..........................................................................6
1.4.Ағаш өңдеу станоктары...........................................................................11
2. Ағаштан жиһаз жасау.................................................................................14
2.1 Жиһаз өндірісі...........................................................................................14
2.2 Жиһазды техникалық жоспарлау............................................................18
2.3 Қазақстандағы ағаш өңдеу және жиһаз өндірісінің экономикасы.....19
2.4.Өрт сөндіргіш құралы тіреуішінің нұсқау картасы.............................23
2.5 Ағаштан өрт сөндіргіш құралы тіреуішін жасауға арналған техникалық карта................................................................................................................24
3. Қорытынды................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

Тилектес Улжан.docx

— 404.03 Кб (Скачать файл)

 

 

 

8

Бұған бойлай жоңғылайтын білдектер: сүргілейтін (өңдеу ендері 100...630 мм); сызбақұралды (өңдеу ендері 400...1200 мм); дөңгелете аралайтын білдектер сырықтарды тілетін білдектер (тілгілеу биіктігі 80...180 мм); сырықтардың ұштарын тегістеп кесетін білдектер (тілгілеубиіктігі 13...100 мм); 2) Кескіш құрал консольді түрде орналастырылған механизмдер.Бұған жоңғылайтын: төртжақты (өңдеу ендері 5 ... 100 мм); тиектерді кесетін(тиектердің ұзындықтары 200x200 мм), жоңғылап — сырықтайтын(бөренелердің диаметрлері 500 мм-ге дейін), білдектер дөңгелете аралайтын бойлай тілетін (тілгілеу биіктігі 13 ... 100мм) көлденең тілетін тілгілеу (биіктігі 120 мм — ге дейін), пішімдеп тілетін (тілгілеу биіктігі 60 мм-ге дейін), бөренелерді тілетін (тілгілеу биіктігі 500 мм-ге дейін) білдектер жатады; тескіш: бір айналдырықты вертикальды(тесіктердің диаметрлері 40 мм-ге дейін, тереңдіктері 100 мм-ге дейін), бір айналдырықты горизонтальды (тесіктердің диаметрлері 16...25мм,тереңдіктері 50...80 мм) білдектер жатады

Өңдеу жабдықтары механизмдерінің бас қозғалысы(кесу) қайтымды-ілгерілемелі-(ор. деревообрабатываюшее оборудование с движением механизма главного движения — бұл механизмдердің екі түрі болады аралайтын жақтаушалар және құралкүймешекті; аралайтын жақтаудың ішіне кескіш құрал (көбінесе жолақты ара) керілген құрылым. Араның тістерінің қозғалу траекториясы әдейле түзу сызықты. Ағаш тілетін жақтаушалардың келесі түрлері болады: екі қабатты (тілгіш жақтаушаның аралықтары 500, 630, 750, 800, 1100 мм), арнайылан-дырылған (тілгіш жақтаушаның аралықтары 360, 630, 650 мм), бір қабатты (тілгіш жақтаушаның аралықтары 630, 800 мм); қайтылуы - ілгерілемелі қозғалысты механизмді құрал күймешекті жұқа табақтарды сүргілеп жасайтын білдектер: көлденең (сүргілеу ені 3000 ...4000 мм), көлбеулі (сүргілеу ені 3500 мм), вертикальды (сүргілеу ені 4000 мм).

Ағаш өңдеу жабдықтары механизмдерінің бас қозғалысы (кесу) тұйық иілген қисықпен-(ор. деревообрабатывающее оборудование с движением механизма главного движения (резания) по замкнутой выгнутой кривой) — бұл механизмдердің екі түрі болады: таспамен аралау және таспамен ажарлау. Таспамен аралау: бөренелерді тілу (тілгілеу биіктігі 1100 мм-ге дейін), бөлгіш (тілгілеу биіктігі 630 мм-ге дейін), ағаш шеберлік жұмыстарды жасайтын (тілгілеу биіктігі 5...400 мм) білдектер; таспамен ажарлау: аз енді таспалар мен (таспалардың ендері 60...250 мм) және кең енді таспалармен (таспалардың ендері 600...2000 мм) ажарлау білдектері.

 

9

Ағаш пластикалары- (ор. древесные пластики) — сүргіленген жұқа табықторды, сүректердің қиқымдарын немесе үгінділерін синтетикалық шойырларымен қанықтырып жоғары қысыммен жабыстырып жасалған материал.

Ағаш өңдеу жабдықтарының бас қозғалыс механизмдері-(ор. механизмы главного движения деревообрабатывающего оборудования) өңделетін дайындаманы қажетті технологиялық нәтижеге жеткізу үшін бас қозғалысты жүзеге асыратын ағаш өңдейтін машинаның жұмысы мәрімі. Көбінесе механизмнің бас қозғалысын жетегі бар кескіш құралдары бар ұстағыштар іске асырады. Сирегірек бұл механизмдер өңделетін дайындамаларға қозғалыс береді. Мысалы, жоңғыш, аршығыш және сүргілегіш білдектер.

Ағаш талшықты тақталар-(ор. древесноволокнистые плиты)-ұнтақталған ағаш қоспалары массасына байланыстырғыш заттарды, сонымен қатар жасанды шайырларды қосып торға құю арқылы жасалатын ағаш материалдары. Әдетте тақталардың өлшемдері: ұзындығы 1200... 3600 мм, ендері 1000...1800 мм. Қалыңдықтары 3-8 мм болып келеді.

Ағаш таситын машина, кеме- (ор. лесовоз) - ағаш жүктерін (дөңгелек қималы бөренелер және өңделген ағаш материялдары) тасуға арналған кеме.

Ағаш тілетін жақтаулар-(ор. лесопильные рамы) — ілгерілемелі қайтымды қозғалыспен жүретін ағаш тілетін жақтауға керілген жолақты аралар арқылы бөренелерді сырықтарға және тақтайларға тілетін жабдықтар. Жақтаулар бір қабатты және екі қабаты болып келеді.

Ағаш ұнтағы- (op. древесная мука) — ағаш жаңқаларын және үгінділерін құрғақ күйде диірмендерде үгу арқылы жасалатын ұнтақ сусымалы зат.                      

Ағаш химиясы- (ор. лесохимия) - ағаш материалдардың қасиеттерін және оларды өңдеу тәсілдерін зерттейтін химияның бір тарауы. Ағаш шикізаттарын өңдейтін маңызды үрдістерге келесі жатады гидролиз; экстрактивті заттарды сумен алу; құрғақ ажырату газдау; табиғи ағаш полимерлері негізінде материалдарды өндіру.

Ағаш шайыры- (ор. древесная смола) — сүректі құрғақ айыру немесе газға айналдыру арқылы алынатын зат. Ағаш шайырларынан майлар мен отындарға қажетті ингибиторлар өндіріледі, құю өндірісінде бегіткіштер, сонымен қатар ағаш материалдарды тасымалдағанда, я болмаса ұзақ уақыт сағтағанда өңделген беттерін бұзылудан сақтайтын кілегейлер жасайды.

 

10

Ағаштарды өткізетін құрылыс -(ор. лесопропускное сооружение) гидро құрылыстарда немесе гидротүзілімдерде ағашты ағызуға арналған құрылғы. Ағаш өткізетін құрылыста ағаш түсіргіштер,  ағашты бөгеттердің жоталарынан асырып түсіруші механизмдер (бөренетасушылар, көлденең конвейерлер т.б.) жатады.

Ағаш шеберлік-ұсталық құралдар- (ор. столярно-плотничный инструмент) сүрек материалдарды өңдеу үшін қолданылатын қолмен атқаратын немесе механизацияланған құралдар. Бұларға кесетін, өлшеп белгілейтін және қосымша құралдар жатады. Қолмен кесіп жұмыс істеуге балталар, аралар, сүргілер, қашаулар, бұрғылар т.б., ал механизацияланған, қолмен жұмыс істеткізетін пневматикалық және электрлік жетектері бар машиналар (шынжырлы, дискілі және таспалы аралар сүргілер), қашаулар, бұрғылаушы машиналар т.б.) жатады. Өлшеп белгілейтін құралдарға метрлер, сызғыштар, бұрыштамалар рулеткалар, тіктеуіштер, кронциркульдер, ішөлшегіштер, сызыққұралдар т.б. жатады. Қосымша құралдарға балғалар, бұрауыштар, сомын кілттері, тістеуіктер, атауыздар, қысқаштар т.б. жатады.

Ағашты аршу- (ор. окороко древесины) - аршылау білдектерінде немесе қол құралмен ағаштың діңінен қабығын ажырату. Аршудың үш түрі болады: тұрпайы, таза аршылау және жарым-жартылай. Тұрпай аршылау кезінде бөрененің тек қана қабығы ажыратылады да, ал жарым-жартылай (бетінің 95 пайызына дейін) талшығы тарамдалып тұратын қабығы алынады [2,3].

 

1.3 Ағаш өңдеу станоктары

Ағаш өңдеуге арналған токарлық станоктар

       Ірі өлшемді дайындамаларды өңдеу кезінде өңделетін дайындаманы көтеруге, орнатуға және алуға арналған аспап қолданылады. 
Ұзындығы 800 мм астам бөлшектерді өңдеу үші токарлық станоктар алмалы-салмалы люнеттермен қамтамасыз етіледі. Қырланған бөлшектерді шлифтеу үшін станоктар қалыптар қамтамасыз етіледі.Тура құрылғылармен жабдықталған станоктарда орталықта жұмыс істеген кезде (шайба алынған кезде) шпиндель қоршауы қарастырылады. Тұтқаны токарлық станокқа бекіту құрылымы жұмыс кезінде оның өздігінен ығысуын болдырмайды. Жапсырылған бөлшектерді өңдеу кезінде алдыңғы тарақтар мен артқы орталықтар үшін қатты металл тірек пластинкалар қолданылады. Тұтас бөлшектерді ұштау кезінде сыртқы жылдамдығы 15 м/с аспайды, жапсырма бөлшектердің жылдамдығы 10 м/с аспайды.

11

Ағаш өңдеуге арналған шлифтеу станоктары

Шлифті қабатты (цилиндрді, дискілерді, бобиналарды, шкивтерді және жанышқышты) көтеретін жұмыс органдары теңгеріледі.Шекті дисбаланс пен теңгеру жағдайлары (статикалық немесе динамикалық) зауыт нұсқауларында көрсетіледі. Станоктардағы шлифті қабықша анти статикалық құраммен сіңіріледі, ал станоктардың статикалық электр зарядтарының жиналу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғылары болады. Үзілген, жақсылап желімденбеген немесе шлифті қабаттарының жиектері тегіс емес станоктарды пайдалануға болмайды.Таспалы станоктарда шливті таспаның жапсырмасының қосылған жері оның сыртқы (жұмыс) жағы оның қозғалысына кері бағытта болатындай етіп орындалады. Цилиндрлік станоктарда шлифті қабатты бекіту құрылымы оның цилиндрге толықтай орналастырылуын, жиналған жерлері мен шығыңқы жиектерінің болмауын және сенімді ұзартылуын қамтамасыз етеді. Цилиндрдегі қосу орындарындағы қаптамалардың жоғарғы жабын шеті цилиндрді айналдыру бағытына қарсы жағына қаратылады.Дискілі станоктарда шлифтеу қабатының ені станоктың диаметріне сәйкес болады. Шлифтеу қабаты дискіге мықтап бекітіледі және жиектерден шығыңқы бүрмелері мен өзге де ақаулары болады. Таспалы станоктардың жұмыс барысында шлифтеу таспасының тұрақты керілуін қамтамасыз ететін құрылғысы болады. Станоктардағы диаметрі 750 мм шлифтеу дискісінің жылдамдығы шеткі орындарда 38 м/с аспайды.Таспалы станоктарда шойын шлифтерін қолдану кезінде шлифтеу таспаларының жылдамдығы 30 м/с аспайды. Кең таспалы станоктарда шлифтеу таспалары толығымен жабылады.Таспасы тар станоктарда шлифтеу таспасының жоғарғы (жұмыс) бөлігі қоршалады. Шкифтер мен таспалардың, цилиндрлердің, дискілердің және щеткалы біліктердің жұмыс істемейтін бөлігінің қоршау құрылғылары тиімді түрде тозаң жоюды қамтамасыз ететін пневмо жүйенің тозаң қабылдағыштарымен біріктіріледі.Ұсақ немесе қисық сызықты бөлшектерді шлифтеу кезінде жұмысшының қолының жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын арнайы бұйымдар қолданылады. Станоктардың сорғы желдеткіші ажыратылған кезде, түтікшелер мен қоршау қақпақтары алынған және ашылған кезде станоктың іске қосылуын болдырмайтын бұғаттағыш құрылғылары болады.

 

 

 

 

 

12

Ағаш өңдеуге арналған бұрғылау және қашау станоктары

Кесетін аспаптарды дайындамаға тереңдету кезінде олардың қоршаулары аспаптың қалған бөлігін жауып тұрады, ал ол дайындамадан шыққан кезде ол толығымен қоршалады. Бұрғы патронмен бірге қоршалады. Бұрғылау станогының кесетін аспабын бекіту құрылымы оның нақты орталықтандырылуын қамтамасыз етеді. Қашау станогының суппортының шектегіш тіректері немесе соңғы ажыратқыштары болады. Шынжырлы қашау станоктарындағы кесу шынжыры сызғыш пен 0 Н күшінде сызғыштан оның орталығы бойымен тартылған шынжыр арасындағы аралық шамамен 3-5 мм болатындай етіп тартылады.

Ағаш өңдеуге арналған тиектеп кесу станоктары

Станоктар өңделетін материалдың ығысуы мен лақтырындысын болдырмайтын қолданыстағы қыспалы құрылғылармен сенімді түрде жарақталады.«Айыр құйрық» түріндегі станоктарда фрезалар жұмыс істемейтін жағынан сақтандыру аспақтарымен қоршалады. Қыспалар тұтас ені бойымен өңделетін бөлшекті жұмыс күйінде бекітеді. Екі жақты тиек кесу рамалы станокта жылжымайтын баға жағынан кесетін араның алдында кесу аспабына қатысты станокқа берілетін дайындамалардың қалпын реттейтін тректер орнатылады. Рамалы екі жақты тиектеп кесу станоктары автоматты іске қосқыштармен жабдықталады және конвейерден өңдеген материалдарды қабылдайтын көлбеу жазықтықтары болады. Тура тиекті жәшікке арналған станоктарда кесетін бастиектің қоршауы қалыңдығы 3 мм болат табақтан дайындалады. Қоршауды шойын мен пластмассадан дайындауға болмайды. Станоктың әрбір табанының бастиегі жеке электр жетегінен айналдырылады. Барлық электр қозғалтқыштары бір жалпы «Тоқтату» түймесінен ажыратылады. Беру тетігінің іске қосу құрылғысы кесу тетіктерінің біреуі болса да істен шыққан кезде дайындаманы беру тоқталатындай етіп, кесу тетіктерін іске қосу құрылғыларымен бұғауланады [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

2. Ағаштан жиһаз жасау.

2.1 Жиһаз өндірісі.

 

  Жиһаз (Мебель). Пайдаланылу мақсатына қарай ол қонақ , жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Пәтерді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек. Жиһаздар:

1) тұрақты жиналмайтын;

2) тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;

3) әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын,

4)бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.

Функциональды кеңселік жиһазы бәріне де керек. Егер қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында жұмыс істеп жатқан ұйымдардың болжамды санын елестетумен көз жеткізуге болады. Егер қызметкерлерге арналған кеңселік жиһаз болмаса немесе оның сапасы бұдан да жақсырақ болуды талап ететін болса, сапалы еңбек үдерісін іске асыру мүлде мүмкін емес.     Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар және т.б. еңбек қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің  қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір қызметкердің өндірістік тиімділігінің  қаншалықты зор  екендігіне байланысты болады. Кеңсеге арналған үстелдер  орын-жайды жайғастырудың қалған басқа да элементтері сияқты қолайлы болуы тиіс. Мұнсыз әртүрлі деңгейдегі мамандардың барынша тиімділігінің кепілі болып табылатын татулық ахуалы орнаған ұйымдасқан ұжым құруды тіпті армандауда мүмкін емес. Кеңселік шкафтар қағаздармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оларды үстелдердің үстінде ұстау қажеттілігі өзінен-өзі болмайды. Керекті құжаттамалар әрдайым бір жерде орналасатын болады, оның жоғалып кетуіне немесе бүлінуіне жол берілмейді. Қазіргі уақытта кеңселік жиһазды олардың интерьері мен дизаиндық сапаларын ескере отырып, практикалық, сенімділік және функциональдық тұрғыдан қарастырады, өйткені біз таңдаған жиһаз жалпы стильге сәйкес келуі және нақты кеңсенің жалпы идеясына сай болуы тиіс.

14

Кеңселік жиһаз  жұмыс істеуі  және түрі мінсіз болуы тиіс. Осы тұжырымның өзектілігін өсе түсіп отырған өмір деңгейі елеулі растайды. Ал өзіне және өзінің қызметкерлеріне құрметпен қарайтын әрбір басшы  кеңсеге арналған жиһаздардан үнем жасамайды. Бұдан басқа, өз компаниялары үшін жиһаз сатып алуды жүзеге асыратын менеджерлердің кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігінің елеулі түрде арта түскенін атап көрсету қажет.  Жиһаз өнеркәсібі жедел қарқынмен дамуда. Әрдайым жаңа материалдар пайда болады және таңдау мүмкіндігін кеңейте түсетін табысты іске асырылатын жаңа идеялар туындайды. Алайда, сатып алушылардың сұранысына қарағанда, ағаштан жасалған жиһаз ешқашан сәннен шықпайды. Бұл Қазақстанда осындай кеңселік жиһаздарға сұраныспен де расталады [ 8].

Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы кеңсе жиһазын өндіру цехын құруды көздейді.

Цех өндіретін кеңсе жиһазының негізгі түрлері мыналар болады:

- үстелдер;

- шкафтар.

Кейіннен өндірілетін өнімнің жиынтүрлері кеңселік жиһаздың басқа да түрлерімен толықтырылуы мүмкін. Ірі ұйымдар да, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындар да, сонымен бірге үй кеңселерінің иелері де жоспарланып отырған цехтың тұтынушылары болады. Цех жалпы алаңы 100 шаршы метр жалға алынған орын-жайда орналастырылатын болады. Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарында жоспарланып отырған айналымдарын ескере отырып оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланып, қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады. Осы бизнес-жоспар іс-қимылға басшылықтың түпкілікті нұсқасы болып табылмайды, ол тек қана осындай бизнес-идеяның әлеуетті даму мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасының да, сондай-ақ шығарылатын өнімнің жиын түрінің де өзгеруі мүмкін [10  ].

Информация о работе Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі