Тауық етін сақтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:58, курсовая работа

Краткое описание

Тауық еті - тауық етінің бағалығы, әсіресе балапан тауықтікі баяғы заманнан белгілі. Етінің негізін құрайтын бұлшық ет талшықтары жұқа-жіңішкелі және нәзік. Басқа малдар етімен салыстарғанда, тауық етінің кұрамында дәнекер ұлпа үлесі аз. Бұлшық ет ұлпа қабаттар арасында май біркелкі шоғырланады, оның кулинарлық маңызы бар. Тауық етінің ақзаты көп жағдайда толық құндылар категориясына жатады. Айталық, тауық етінде 20% жалпы ақзат болғанда, толық құнының үлесіне 18,6%, ал құнсыз тек қана - 1,4%. Яғни құнсыз ақзаттың құндыға арақатынасы 7,7%, ал ірі қара мал етіңде ол 23, шошқа етінде - 83%. Тауық етінің жеңіл қорытылатын қасиеті ой еңбекті адамдарға өте қолайлы, өйткені ол шаршау белгісін жояды.

Содержание

Кріспе
Негізгі бөлім
Техникалық талаптар
Сипаттамалар
Таңбалау
Буып- түю
Қабылдау ережелері
Бақылау әдістері
Тасымалдау және сақтау
Көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау қасиеттерді түзу
Негізгі сапа көрсеткіштерінің өнімдері классы және топтары бойынша анықталады.
Өлшеу шкаласын түзу
Тұтынушылар талаптар анализі
Құс етіндегі калориялар мөлшері
Қорытынды
Қолданылған әддебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой по кв.docx

— 62.56 Кб (Скачать файл)

 

Үй құсы етінің қоректік құндылықтары

Тауық еті, нәзік дәмінен басқа, организм үшін керекті көптеген элементтерді иеленеді. Негізінде олқоректік құндылығы үлкен және нәрлілігі төмен мал өнімдері белогының көзі ретінде бағаланады, бұл оны белок емдәмінің негізі етеді. Белоктан басқа, ет организмді липидтермен, минералдық тұздармен, микроэлементтермен және дәрумендермен қоректендіреді.

 

Үй құсының еті денсаулық және сұлулық үшін

Тауық етінің құрамында майдың шамалы мөлшері бар, ол жеңіл алынатын қабығында болады. Қабықсыз тауықта 5%-ға жуық май болады, сондықтан оны төмен холестеринді және төмен энергетикалық емдәмде отырған, дене салмағын азайтуды қалайтын адамдарға қолдануға кеңес беріледі. Тканінің құрылымы нәзік, ал май ткані бірқалыпты қаныққан. Тауықтың құрамында қосу ткані едәуір аз болады, бұл оны жеңіл қорытылатын етеді. Тауық бауыры - бұл А дәруменінің тамаша көзі, ол сау теріні сақтау және инфекциялардың алдын алу үшін керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А- кестесі 100г өнімдегі тауық ұшалары бөлшектерінің  тағамдық және энергетикалық құндылығы туралы ақпараттық мәліметтер

Тауық ұшалары бөліктерінің атауы

Белок,г,кем емес

Тоңмай, г , артық емес

100г өнімнің энергетикалық  құндылығы, ккал

Жартылай ұша

16

12

170

Алдыңғы төрттен бір

16

10

150

Артқы төрттен бір бөлігі

14

11

160

Төс ет

17

9

150

Сан ет

14

10

150

Қанат

12

10

140

Жіліншік

14

8

130

Сан

14

9

140


 

 

 

 

Қызықты мәліметтер

ТАУЫҚ ЕТІН ТАҢДАҒАНДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

Отандық құс етін өндірушілердің қоймаларында тұтынушысына жете алмаған 1000-2000 тонна өнім сіресіп тұр. Себебі өтпейді. Бағасы қымбат. Енді ше? Ресей мен Украинадан жеткізіліп жатқан өнімдердің сапасына қарап жатқан ешкім жоқ. 

Бағасына қызыққан тұтынушы  импортталған құс етінің су татитынын сезбейді де.  Тұтынушының аңғалдығын пайдаланған өнім жеткізушілер де еліміздегі дүкен сөрелерін сапасыз өнімдерге  толтырып тастады. Абырой болғанда, ол өнімдердің сапасыздығы белгілі болып қалды. Тіпті кейбірінен ішек таяқшасы анықталыпты! Сөйтіп, 52 тоннаға жуық құс еті жойылды. Бұл туралы кеше Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген баспасөз мәслихаты барысында айтылды. 

«Ештен кеш жақсы» дейді бабамыз. Бірақ соның өзінде сырттан келген сапасыз өнім баға демпингін орнатып үлгерген. Соның салдарынан  отандық құс өнімдерінің сатылу көлемі 30 пайызға төмендеген. Әділетсіз бәсекелестік ресейлік және украиналық құс етін өндірушілерінің тарапынан болып отыр. Олардың ақшаға құныққандары сондай,  құс ұшасына су енгізіп, баға демпингін жүргізіп келген. Бірақ ол қулықтары белгілі болып қалды. 

«Мемлекеттік стандарт бойынша құс етіндегі ылғал көлемі 4 пайызды құрауы керек, алайда басқа елдерден  келетін құс еттеріндегі ылғал мөлшері 16-25 пайызды құрайды. Бұл өз кезегінде өндірушілердің бағаға демпинг жасауына алып келді. Мәселен, укариналық өндірушілер бізге құс етінің 1 келісін 213 теңгеге жеткізеді. Ал құс етінің нарықтағы өзіндік құны  360 теңгеден төмен болмауы тиіс.

 

Міне, шетелдік құс етін өндірушілер өз ұпайын құс ұшасына су енгізу арқылы түгелдеп отыр.  Мәселен, ресейлік бір кәсіпорынның өндірген құс еті өнімінде 80 екпенің ізі анықталды», – дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира  Исаева.  

 

Су татитын құс етінен сақ болу үшін Украинаның «Мироновская птицефабрика», «Агромарс эксим»,  Ресейдің «Белая птица», «Птицекомбинат» құс еттерінен сақ болған жөн.  Ал  ішек таяқшаларын жұқтырып алмайын десеңіз, Украинаның «Мироновская птицефабрика»,  Ресейдің «Алтайский бройлер» және «Приосколье» сынды кәсіпорындарының өнімдерінен аулақ жүріңіз.  

 

Г.Исаеваның айтуынша, Кедендік одақтың қолданыстағы ережелеріне сай құс етін Қазақстан аумағына үшінші елдердің 30 кәсіпорнынан әкелуге рұқсат етілген. Ал 13 мамырда Кедендік одақ анықталған сапасыз өнімдерге байланысты Украинаның кәсіпорындары үшін күшейтілген зертханалық бақылау жүргізуді енгізді. Алайда құс етін жеткізушілер мұндай күшейтілген бақылау тәртібімен келіспей отыр. Сондықтан мамыр айынан бастап украиналық құс еті өнімдерін Қазақстанға кіргізу тоқтатылған. 

 

«Себебі олар бізге күшейтілген зертханалық бақылау жүргізуге кедергі жасап отыр. Егер осы өнімді жеткізуші тарапынан бақылау жүргізуге кедергі жалғаса берсе, онда ол өнімді Қазақстан аумағына әкелуге жол жабылады. Ал егер біз екінші рет тексергенде осы өнімдерден тағы да регламент талаптарына сай келмейтін фактіні анықтасақ, онда ол өнімді КО аумағына енгізуге мүлдем тыйым саламыз. Біз импортқа қарсы емеспіз, тек ол сапалы өнім болуы керек», – дейді вице-министр.  

 

Импортты құс етінің Техникалық регламент талаптарына сәйкессіздігі де анықталыпты. Мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы және оның өндіруші елдің ақпаратына сай келмеуі, өндірілген күні мен сақтау мерзімі көрсетілмеуі соны меңзейді. Негізі, бұл көрсеткіштерді Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық қадағалау комитеті бақылайды. Алайда аталған комитеттегі инспекторлардың аздығы, аккредитацияланған зертханалардың жоқтығы Техникалық қадағалау комитетінің тұтынушылардың құқын қорғау және азық-түлік өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі техникалық регламенттер талаптарын орындауға кедергі жасайтын көрінеді.  

 

 

  Айтқандай, тексерудің  қай түрі болмасын, отандық құс  етін өндірушілерден стандарт  талаптарына қайшы келетін  кінәрат табылмапты. Мәселен, жыл басынан 19 тамызға дейін  отандық өнімдерге қатысты 444 тексеру жүргізіліп, бірде-бір сәйкессіздік дерегі анықталмаған. Алайда  сорпасы татымас арзан импорттың салдарынан сапалы деген отандық өнімнің жолы болмай тұр.  Бұл еліміздегі құс өсірушілерді алаңдатып-ақ отыр. Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтің айтуынша, былтыр 123 мың тонна құс етін өндірген құс өсірушілер биыл бұл көрсеткішті 130 мың тоннадан асырамыз деп жоспарлаған екен. Сонда ішкі нарықтың 60 пайызын қамтамасыз етеді екен. Қалған бөлігі импортқа тәуелді. Ал импорттың жағдайы жоғарыдағыдай.  Сондықтан тауық етін таңдағанда сақ болыңыз. Тауық еті - тауық етінің бағалығы, әсіресе балапан тауықтікі баяғы заманнан белгілі. Етінің негізін құрайтын бұлшық ет талшықтары жұқа-жіңішкелі және нәзік. Басқа малдар етімен салыстарғанда, тауық етінің кұрамындадәнекер ұлпа үлесі аз. Бұлшық ет ұлпа қабаттар арасында май біркелкі шоғырланады, оның кулинарлық маңызы бар. Тауық етінің ақзаты көп жағдайда толық құндылар категориясына жатады. Айталық, тауық етінде 20% жалпы ақзат болғанда, толық құнының үлесіне 18,6%, ал құнсыз тек қана - 1,4%. Яғни құнсыз ақзаттың құндыға арақатынасы 7,7%, ал ірі қара мал етіңде ол 23, шошқа етінде - 83%. Тауық етінің жеңіл қорытылатын қасиеті ой еңбекті адамдарға өте қолайлы, өйткені ол шаршау белгісін жояды

Тауықтар — тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі – бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Көпшілік қауым тауық етінен даярланған тағамдарға тән иістерді ұната бермейді, ал кейбірі оны зиян деп жатады. Бұл күмәніңіздің де жөні бар. Өйткені, аталған иіс глютамин қышқылының, эфир майларының, азоты бар экстактивті заттардың, әсіресе пуринді негіздердің әсерінен болып келеді екен. Сондықтан тауық сорпасын, қуырылған тауықты балалар мен қарттардың емдәмінде ғана емес, күнделікті тағамдарыңызда да шектеулі түрде пайдаланғаныңыз дұрыс.

Терісі сыпырылған қайнатылған тауық етін қатаң емдәмдерде ғана жеуге болады. Ал тауық балапанын тек қайнатылған күйде ұсынған жөн.

Тауық (еті)Тауық етінің құрамында 7,5-13%-ке дейін май, 20—24%-ке дейін белок болады. Одан алуан түрлі сұйық және қою тағамдар пісіріп, салқындай және ыстықтай жеуге болады. Тауық етін әр түрлі салат жасауға да пайдаланады.Тауықтың жасын терісінің түсіне және сирақтарының түріне қарай ажыратады. Жас тауықтың терісі, әдетте, ақшыл, жұмсақ келеді, майда тамыршалары (әсіресе қанатының астында) анық көрінеді, сирақтары майда қабыршақпен қапталған. Кәрі құстың терісі қалың, сарғыш түсті, сирақтарын қатты мүйізгек басқан. Қораздың жасын көлеміне қарай анықтайды: жас қоразда (6 айға дейін) жембасардың орнына шағын бүртік болады, ал ересегінде ірі, сүйекті келеді. Сорпа әзірлеуге тым кәрісінен гөрі екі-үш жасар тауықтьщ еті қолайлы, өйткені балапан мен кәрі тауықтың сорпасы сұйық, әрі дәмсіз келеді. Егер ет тым майлы болса, оны сыдырып алып,паштетке, құс етін қуыруға т. б. пайдаланған жөн. Көбінесе құрсақ астындағы майын алады.Қуыруға онша семіз емес тауық пен қораз етін пайдалануға болады. Құстың етін майдалан турап, котлет, тефтели, биточки секілді тағамдарға жаратқан тиімдірек. Салқын тағамға (майонез қосылған тауық еті т. б.), салат жасауға кез келген тауық еті (арығы да, семізі де) жарайды. Тауық етін алғашқы баптау туралы Үй цустары (еті) мақаласынан оқуға болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6 
К.Б. Свечин и другие : “Коневодство”, Москва, Колос,1984г.  
Д. Керімбаев : “Қазақстанның жылқы шаруашылығы”, Алматы, Қайнар,1968ж.  
Қ. Бозымов: “Жылқы және түйе шаруашылығы”,Алматы, Қайнар, 1993ж.  
Қ.Дүйсембаев: “Жылқы шаруашылығы”,Алматы, Қайнар, 1983ж.  
Н.В. Анапина : “Биологическая ценность конских жиров ”, Москва, 
Ю.Х. Садыков: “Конина”,Алматы, Қайнар, 1981г.  
А.К. Жалгабылов и другие: “Рецептура блюд диетического питания”, Алматы, 
И.Н. Нечаев: “Мясное коневодство”, Алматы, Қайнар, 1975г.  
Б.Садыков және басқалар: “Ақ дастархан”, Алматы, Қайнар, 1987ж.  
Х.С.Горегляд и другие: “Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки 
Т.Телеуғали, С. Қырықбайұлы: “Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау және мал шаруашылығы 
В.А. Макаров и другие: “Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе с 
П.В. Житенко, М.Ф. Боровков: “Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства”,Москва, Колос,2000г.  
“Правила ветеринарно-санитарного осмотра убойных животных и ветеринарно-санитарной экспертизе мяса 
А.А. Полякова: “Руководство по ветеринарной санитарии”,Москва, Агропромиздат,1986г.  
Т.Сайдуллин: “Індеттану”,Алматы, 1991ж.  
М.Сабаншиев, Т.Сүлейменов және басқалар: “Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары”, 
www.horses.kz  
www.horsesport.іnfo

 


Информация о работе Тауық етін сақтау