Өндіріс шарттарындағы өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:58, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халық жағдайын жақсартуға жеңіл өнеркәсіп саласы да, өз ықпалын тигізіп отыр. Тігін өнеркәсібі қазіргі кезде халық шаруашылығының индустриялық саласы болып табылады. Заман дамуына байланысты еліміз ғылыми саланың техникалық жабдықталуы қазіргі таңда жедел жүргізіліп жатыр. Соның ішінде физико – химиялық өңдеу әдісі және жабдықтың жоғарғы өңімділік сапасы жартылай және толық автоматты арнайы машиналарды енгізу арқасында іске асып отыр.

Содержание

1.Жалпы бөлім
1.1. Кіріспе
1.2. Тақырыптың маңыздылығы,құндылықтар мен мәселелер
2. Модельдеу бөлімі
2.1. Эскиздік жоба
2.2. Бұйымның сыртқы көрінісі
3.Мата таңдау
3.1. Матаны таңдау және негіздеу
3.2.Киімге қойылатын талаптар
4. Жабдықтарды таңдау бөлімі
5. Құрастыру бөлімі
5.1.Бұйымның базалық конструкциясының есебі, жетекші өлшем нышандары
5.2. Лекало,градация,техникалық өлшем табелі
6. Технологиялық бөлім
6.1. Түйінді өңдеу
6.2. Бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігі
7. Экономикалық бөлім
7.1. Өндіріс экономикасы
7.2. Мата,уақ-түйек шығындары
7.3. Бұйымды бағалау
8. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік шаралары (ережелері,өрт қауіпсіздігі)
9.Қорытынды
10. Пайдаланылған құжаттар мен оқулықтар тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

умито.doc

— 297.00 Кб (Скачать файл)

    Электр  қондырғыларында келесі техникалық  қорғау шараларын қолданады:

  1. Шағын кернеу
  2. Желінің электрлік бөлінулері
  3. Изоляцияның бұзылуларын бақылау және профилактика
  4. Тоқ өткізетін желілердің ашық еместігін қамтамасыз етуі
  5. Жерге тұйықталған тоқты құрайтын сыйымдылықты өтеу
  6. Жерге енгізуді оқшаулау
  7. Нольге жалғау
  8. Ажырату
  9. Қосарланған оқшаулама

 

Өндірістік  санитария

      Өндірістік санитария өндірістегі  әң негізгі, жұмысшылардың кәсіби  ауруларды төмендету, дайындалатын  материалдарды  және бұйымдарды  интенсификоциясы және хинезациясы  өнімді, құрал – жабдықтарды жарақтандыру барысында көп көңіл бөлінеді.

      Өндірістік бөлмелер мен ғимараттардың  жоспары қауіпсіз, дені сау жұмыс  жағдайларын қамтамасыз ету және психо – физиологиялық: нерв жүйелері арқылы әсер ететін зиянды факторлар.

       Өнеркәсіп ғимараттары құрылыс номері мен ережелрі, санитариялық мөлшері салалық нұсқаулықтар және басқа да номативтік документтермен жобаланады. Құрылыс үшін ауланы таңдау барысында жақын жерде орналасқан кәсіпорынға, су құбырына, халық шаруашылығына зиянды әсер бермеуін қарастырады. Жер учаскесін таңдау барысында құрылыс жүргізілетін жерлердің рельефін, климаттық жағдайын, отыру саны, күн радиациясы, жел бағыты және жылдамдығы ескеріледі. Жеңіл өнеркәсіп орны санитарлы қорғану зонасының дәрежесі.

        Территорияны зонаға бөлу өндірістік процесстерді дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді, яғни жарылыс, өрт қауіптілігін төмендетеді және  өндірістің санитарлы жағдайы жақсарады, жұмысшыларға ыңғайлы жағдай жасайды. Ғимараттар аралығы, терезелер қарама-қарсы  тұрған ғимараттардың төбесінен қысқа болмауы керек. Ғимараттарда өрт машиналары кіретін жол болуы керек.

      Қауіпсіздік   ережесі

Тігін өнеркәсібіндегі  өрттің, жарылыстың негізгі себептері  болып технологиялық режимнің бұзылуынан электр – жағдайының дұрыс

    Тігін  өнеркәсібінде өрт байланысы мен жүйесі, ішкі жүйесі, яғни түгел өндіріс ғимаратында орналасқан, ал екіншісі жақын маңның өрт қауіпсіздік органына қажет. Қазіргі заманғы өртті байқайтын сигнализация ретінде, электрлік және автоматты өрт сөндіруші сигнализациялап қолданылады. Сигналдар аппаратын арнайы кестеге сәйкес таңдап алады.                          

    Тігін  өндірісінде осы дабыл берушілерге  қандайда бір жану әсер еткенде  аз қызмет атқарады. Бұларды көбінесе  төбеге орнатады. Осы автоматтандырылған  дабыл белгілерді қолдану өрттің болмауын, өрт есебінен шалғынның болмауын қамтамасыз етеді. Әрбір өндірісте ерікті өрт сөндірушілері болуы керек. Олардың құрылымына жұмысшы және инженер – технолог жұмысшылары кіреді. Бұл кісілер арнайы өрт сөндіру үшін қажетті шараларды орындап, олардың дайындығын комиссия мүшесі тексереді.

Электор машинасының    қауіпсіздік  ережесі

  • Қозғалып тұрған машина бөліктеріне жақын еңкеюге болмайды,  саусақтарды жақындатуға болмайды .
  • Жіпті инеге   сабақтау  кезде,   педальдан  аяқты  алып тастау керек,  өйткені абайсызда педальді  басып қалған да қол зақымдалуы  мумкін .
  • Машинаны майлау ,тазалау  және инені ауыстырарда  электр желісінен  ажырату керек.
  • Машина тұрағына  жақындаған  кезде, тоқтың әсерін сезсеңіз, жылдам  жұмысты   тоқтатып , бұл туралы оқытушыға айту керек.
  • Егер жанған  резеңкенің иісін сезсеңіз  міндетті турде ,  машинаны  электр  желісінен ажырату керек.
  • Жұмыстың соңында машинаны электр  желісінен ажырату керек.

Зерттеліп жатқан бұйымның құрылымы туралы толық түсінік  алу үшін, бұйым матасының негіздемесі мен таңдамасы жүргізілген техникалық жоба ұсынылды. Жобаланған модельді түрлі артикулды, бірақ химиялық, физика-механикалық құрамы жағынан жақын талшықтардан, ені және келтірілген матаның физика-механикалық қасиеттеріне, бұйымның атқаратын міндетіне сай, бір тұтас топтың құрамына кіретін материалдардан дайындау ұсынылады.

Модельдік конструкцияның дайындалған техникалық сызбасы  негізінде эталон-лекалдар құрастырылды. Бұйымның құрастырылатын түйін сызбалары  мен жұмысшы лекал сызбаларындағы техникалық жіберулер ұсынылды.

Бөлімде лекал  үдемесінің градация тәсілі көрсетілген. Құрылған конструкция бөлшектері тексерілген  және алғашқы үлгіні дайыындау тәсілімен  анықталған.

Құрылым талаптар мен конструкторлық құжаттарымен сәйкес орындалғандықтан, айтарлықтай кемшіліктер байқалған жоқ. Бұл құрастыру ментезнологияның жоғары дәрежесін көрсетеді.

Барлық лекалдарға маркерленген мәліметтер жасалған. Бұйымның барлық бөлшектеріне жоғарғы жақтың, астардың және іштік матаның көмекші  лекалы жасалған. Өлшеу жүргізіліп, бөлшектердің алғашқы лекалдарының конструкция сызбаларын анықтағаннан кейін үлгі дайындалды. Дайын үлгіні оның техникалық сапасы жағынан өңделуін, манекенге отырылуы тексерілді.

Қол жұмысын орындаудағы техникалық шарттары

 Жеңіл киімдерді дайындау процесінде қол жұмыстарын атқаруда келесі шарттарды сақтау қажет.

  1. Қосалқы сызықтарды ормен белгілеуді(қақпақша мен жағалардың бұрыштарын әдіптеу,сәндік тігістер және т.б.)көмекші лекалолармен немесе сызғыштармен жүргізеді. Бор сызығының қалыңдығы 0,1 см-ден аспауы тиіс.

  2. Пішімді  лекалдар бойынша тексергенде  бор сызығының ішкі жағы лекало контурымен сәйкес келуі тиіс.

  3. Кертпелер мен бөлшектер тілігі сызықтарының ұштары тігіс сызықтарына дейін 0,1-0,5 см жетпей тұруы керек.

  4. Сызықтарды кескішпен ауыстырғанда, кескіштің доңғалақшасы сызықтар қалыңдығының ортасымен өтуі керек.

  5.Бұйымдарды өлшеп тексеруге дайындағанда және уақытша қолданылатын  басқа да тігістерді атқарғанда ширатылған мақта жібін,сондай-ақ түсті жіптерді немесе тиісті нөмірдегі ақ жіптерді қолдану қажет.

  Бөлшектерді  көктеу мынадай жағдайларда қолданылады: екі бөлшекті біріктіргенде, жиектері өрнектелген бөлшектерді әдіптегенде,тік сызықтар мен ирек сызықтарды бөлшектің ортасына беттестіргенде және жалғастыру тігістері бойынша.

  Әдіптеуді  жеңілдету және шапшаңдату, сондай-ақ  орындалатын операцияның сапасын жақсарту үшін бөлшектерді алдын ала түйреуішпен түйреп қояды.

  Барқыттан,шифоннан  және т.б. тігілген бұйымдардың  бөлшектерін инені жиі шаншу  арқылы арақашықтығын 0,5 см етіп екі тігім түрінде көктейді. Бұл сырыған кезде бөлшектер бір-бірімен қабысып тігіледі. Мұндай бөлшектерді көктеу тігімдерінің матасымен сырып тігіледі.

   6.Барлық  көктеу жұмыстарын бөлшектің  қию жағына қарай бормен сызылған  сызықтан 0,1-0,15 см қашықтықта атқарады. Өйткені мұны бөлшекті одан әрі өңдеген кезде көктеу тігімдері машина тігімдерінің  астында қалмас үшін істейді.

   7. Көктеу  тігімдерінің ұшын бір-екі қайырма  инешаншым арқылы бекітеді.

   8. Бөлшектерді уақытша бекіткен жіптерді алып тастау үшін көктеу тігімін әрбір 10-15см аралығында қайшымен қиып,содан соң жіптің ұшын тартып сыру керек.

  9. Қолдан тұрақты мәні бар инешаншымдар мен тігімдер жасағанда материалмен түстес жіптерді қолданады. Жүн және мақта-маталардан бұйымдар жасаған кезде №50-80 мақта жіптерін пайдаланады,жібек маталардан тігілген бұйымдарға №65-75 жібек жіптері, жасанды және синтетикалық материалдардан тігілген бұйымдарға №60-80 мақта жіптерін пайдаланады,бұйымдарды әрлендіргенде сондай түрткі жіптермен тігеді. Ұзын бойында тегісі бар түймелерді өзі түстес жіппен қадайды, ал тіктемелі түймелерді мата түстес жіппен қадайды.

  10. Инелердің  нөмірі матаның қалыңдығы мен  орындалатын жұмыстың сипатына  сәйкес болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

                                          9.  Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.Пайдаланылған құжаттар мен оқулықтар тізімі:

1. w.w.w.google.kz.

2. А. Асанова,  Ж. Айдынбекова, С. Нүрпейсова  “Киімді   конструкциялау”, Астана-2008 ж

3. Е.Б.Коблякова, Г.С. Ивлева, В.Е.Романов «Конструирование одежды с элементами САПР» Москва,1988 ж.

4.С.Қ. Бағдиева .«Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы» Алматы 1997 ж. Республикалық баспа кабинеті.

5.Т.Басқымбаева. Г. Тастамбекова «Киімді конструкциялау және тігу технологиясы» 2002 .

6.Г.Ә. Тәкішева, Б.Е. Асанова “Киімді модельдеу және көркемдік безендіру” Фолиант баспасы, 2008.

7.Б.Сатыбалдинова, М. Сәлімбаева “Тігін өндірісінің технологиясы” Фолиант баспасы,2008.

8 С. Асанова  «Ұлттық киімдерді жобалау және  тігу технологиясы», «Фолиант»  баспасы, Астана-2008 жыл.

9. И. Захарченко «Тігін  өндірісіндегі материалтану», «Фолиант» баспасы, Астана-2012 жыл.

10. С. Асанова «Қазақтың  ұлттық киімдері», «Фолиант» баспасы,  Астана-2008 жыл.

 

 

 

 


Информация о работе Өндіріс шарттарындағы өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігінің негіздері