Жас ерекшелігіне
байланысты ешкі терілері лақ
терісі, ерекше ұсақ, ұсақ орташа
және ірі терілер деп бөлінеді.Шикізат
дайындағанда жеке үш топқа
бөлінеді.Олар: мехтық лақ терісі,
60 шаршы дициметрге дейінгі ешкі
терісі, 60 шаршы дициметрден артық
ешкі терісі.
Мехтық лақ терісі.Бұған
1-1,5 айлық және шала туған, өлі туған лақ
терісі жатады.Олардың көлемі-8-16 дм2,
салмағы -200-800гр.Бұл терілер жұқа, майысқақ,жүні
тығыз әрі жіңішке талшықтардан құралған.Түктері
өте жылтыр, құлпырмалы өрнектерден тұрады.Бұл
терілерден әйелдерге пальто, балаларға
пальтолар мен жағалар жасалады.
Ерекше ұсақ
терілер. 1 айдан 2-3 айға дейінгілақтардан
түсді, көлемі-10-26 дм2, салмағы- 400-1,3
кг.Бұлардың жүндері ұзындау да жуандау
келіп, құлпырмалы өрнектері болмайды.Жүні
жақсыларынан былғарылық тауар, қолғап,
аяқ киімдік шевро- көн жасалады.
Ұсақ терілер 3 айдан 5-6 айға дейінгі марқа
лақтардан алынады.Олардың көлемі-25-46
дм2, салмағы -2,2 кг.Бұл тері өте тығыз,
жұмсақ аяқ киімдік шевро үшін пайдаланылады.Иеленген
өте берік, әрі жұмсақ, әдемі келеді.
Орташа
терілер 6-10 айлық жас ешкілерден алынады.Терісінің
көлемі-45-60дм2, салмағы -1-3,3 кг.Бұдан
жақсы аяқ киімдік шевро алынады.Күзде,
қыста сойылған далалық түбітті ешкі терілерінен
мех тауары, муфлон жасалынады.
Ірі терілер негізінде сақа ешкілерден
алынады, аумағы 60 шаршы дициметрден артық
және қалың, тығыз қылшығы ірілеу келеді.Жаңа
сойылған кездегі ірі ешкі терісінің салмағы
1,5-4 кг.Бұлардан аяқ киімдік шевро аз жасалады.
Ешкі терісінің
сапасы оның тұқымына және
өңдеу технологиясына байланысты.Тауарлық
қасиетіне қарай ешкі терісі
дәнді азықтар берілген және
далалық ешкі терілері депекіге
бөлінеді.Біріншілерінің жүні қысқа,
терісі тығыз, өңі жұмсақ келеді.Екіншілері
далалық ешкілерден алынады.
Аң терісі
- Қоян терісі негізінде асыранды қояндардың әртүрлі тұқымдарынан және жабайы түрлерінен алынады.Былғары өнеркәсібі және орташа-кіші кәсіпорындар үшін қоян терісі ең негізгі шикізат түрі болып саналады.Республиканың солтүстік және орталық облыстарына қарағанда оңтүстік өңірлерде қоян шаруашылығы біршама дамыған.Бұрынғы одақ кезінде оңтүстік өңірлерден қоян терісінің 82%, орталық өңірлерден 11-12%, ал солтүстік өңірлерден 15%-ға жуығы дайындалған.Оңтүстікте өсірілетін қоян терісіне қарағанда солтүстікте өсірілетін қоян терісінің сапасы едәуір жоғары.Өйткені түбіті өте қалың.Негізі қояннның жүні өте жұмсақ түбіт аралас, майсыз өте жұқа тері.Қоянның ұрғашы еркегінен үлкендеу болады.Ұрғашысының терісі жұқа, алеркегінің терісі ұрғашысынан қалыңдау.Ұрғашысының терісі еркегінің терісінен үлкендеу келеді.
- Түлкі терісі көбінесе жабайы өсетін түлкілер мен аңшылық шаруашылықтарында бағылатын түлкілерден алынады.Бұл терілер ұзын жүнділерге жатады.Түркілердің, әсіресе, бағыттаушы талшықтары ерекше ұзын (82 мм-ге дейін) келеді.Бағыттаушы қоңырқай, қара түсті.
Түлкінің қылшық талшықтарының
ұшында ақшыл түсті сақиналы бұйрасы
болады.Қызыл түлкіде ол жиірек,
сары немесе ақшылдау түсті, ал жылтыр
қара түстіде шымқай- ақ.
Жалпы, түлкі
терісін табиғи түсіне қарай
қызыл, қара- қоңыр және жылтыр
қара деп бөледі.Еркегі ұрғашысынан
ірірек, терісінің жүні жұмсақ, түбіт
аралас майлы.Қысқа қарай жүніндегі түбіт
саны көбейіп, жазға қарай түлеп, түбіті
азаяды.Еркегінің терісі ұрғашысының
терісінен үлкендеу, әрі терісі қалыңдау.
- Қасқыр терісі.Қасқыр терісінің жұмсақтығы, үлпілдектігі, жүннің қоюлығы мен түсі, сондай-ақ терісінің аумағы көбінесе мекендеген жеріне байланысты.Негізінде қасқыр терілері бес түрге бөлінеді: полярлық қасқыр терісі өте үлкен.Жүні өте әдемі қою, әрі жұмсақ, бауыр жүні өскелең, жұмсақ қою, тері ұлпасы жұқа.Жүн талшықтары ақшыл немесе күңгірт-сұр, көгілдірлеу реңді.Құйрығы үлпілдек.Қасқыр терісі Қазақстанда ормандық және далалық болып бөлінеді.Бұлардың сібірлік қасқырдан айырмашылығы- денесі шағындау, әрі жүні қысқалау.Құйрығы онша үлкен емес.Орта Азияның таулы аудандарында мекендейтін қасқырлар терісінің жүні өскелең, жұмсақ, бірақ сирек, түсі ақшыл-сұр, жота жүні қоңырқай, бүйірі мен бауыр жүні ақшыл.Орта Азиядағы далалық қасқырлардың терісі ұсақ, жүні көріксіздеу, қатқылдау.Жотасы сұрғылттау сары, бауыры ақшыл- сұр түсті.Терісінің түсі талшық пен түбіт аралас, майлы.Жазда қоңыр- сұр, қыста жүні қалың, ақшыл- сұр түсті болады.Қыста түбіт саны артып, жазда түлеп азаяды.Сондықтан қасқырды қыста ұстаған жөн.Қыста ұстаса, терісінің сапасы жақсы болады.
- Шүйебөрі терісі. Оның аумағы аңның мекендейтін жеріне байланысты.Олар Орта Азия мен Қазақстанның жазық жерлерінде мекендейді.Шүйебөрінің сыртқы түрі қасқырға ұқсайды, бірақ одан кішілеу.Шүйебөрі терісінің жүні сарғыш, қылшықты келеді.Ұрғашысынан еркегінің терісі үлкендеу.Терісі майлы.Шүйебөрі терілері түрге бөлінбейді.Терісін көбінесе қызыл-қоңыр немесе қара түстерге бояйды.
- Борсық терісі. Бұл терінің аумағы оның үлкен-кішілігіне байланысты.Борсық терісінің жота жүні сұрғылттау- қара, қоңырқай- қара, ақшыл-қара болады.Терісі қылшықты болып келеді.Борсық терісі өте майлы топқа жатады.
- Ондатр терісі.Ондатр терісінің жүні жылтыр, ұзындығы орташа. Жотасындағы жабын талшығы біршама ірі, қою да жұмсақ түбіттен едәуір ерекшеленіп тұрады.Жота жүні сарғыш, қызыл-қоңыр.Бүйір жүні ақшылдау,бауыр жүні ақбоз түсті.Қара ондатрдың жота және бүйір жүндері қоңырқай немесе қара-қоңыр, түбіті- қара-сұр.Бауыры ақбоз түсті.Сақа ондатрдың бауыр жүні жотасынан гөрі өскелең.Жазда жүн талшыұтарындағы қылшық саны көбейіп, қыста жүн талшықтарындағы түбіт саны артады.Сондықтан оны қыста ұстаған жөн.Терісін машинада шелдеуге келмейтін өте майлы тері.
- Тау тышқан терісі. Бұл тышұандар көбінесе таулы жерледі мекендейді.Тау тышқанның ерекшелігі жүні едәуір өскелең, үлпілдек, түбітінен едәуір ұзарып өскен қылшығы жақсы жетілген.Терісінің түсі- сарғыштау,қара-қоңыр,жотасына қарағанда бүйір жүндері біршама ақшылдау, бауыр жүніақшыл- сары.Басы қоңырқай, жотасы, құйрығы сарғыштау.Жүн талшықтары қылшық пен түбіт аралас, терісі өте майлы.Тау тышқандарының түбіті жаз айларында түлеп азайып,ал қысқа қарай жүн талшықтарының түбіт саны артады.Өнімді көбінесе табиғи түрінде немесе бояп шығарады.Негізінде қара немесе қызыл-қоңыр түске боялады.