Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 20:34, дипломная работа

Краткое описание

«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2005 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7

Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22

«АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31

«Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
«Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46

БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................79

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-өзіндік-құнын-төмендету-жолдары.doc

— 700.00 Кб (Скачать файл)

болып, оптималды өнім көлемін анықтауға  мүмкіндік береді.

  1. Шығындардың шығу орнына байланысты шығындар:
  • негізгі шығындар;
  • қосымша шығындар.
  1. Біртектілік деңгейіне байланысты шығындар:
  • элементті шығындар (шикізатқа, негізгі материалдарға, негізгі қордың амортизациясына кететін шығындар), оларды құрамдық бөліктерге бөлуге болмайды;
  • кешенді шығындар (құрал-жабдықтардың эксплуатациясы және оларды сақтаудағы жалпы өндірістік шығындар), олар бірнеше біртекті шығындардан тұрады.
  1. Технологиялық үрдісіне байланысты шығындар:
  • негізгі шығындар, олар өнім өндірісіне тікелей қажетті, жұмысты атқаруға, қызмет көрсетуге қажетті шығындар;
  • қосымша шығындар, олар өндіріс үрдісін басқаруға, қызмет көрсетуге, координациялауға, еңбек етуге жағымды жағдай жасауға қажет.
  1. Өнімнің өзіндік құнына және пайда болу уақытына байланысты шығындар:
  • ағымдағы шығындар, олар ағымдағы уақытқа қатысты болып, сол кезеңнің өзіндік құнына кіреді;
  • болашақ кезең шығындары, олар берілген уақытта болады, бірақ алдағы уақыттағы өнімнің өзіндік құнына белгілі бір мөлшерде кіреді;
  • алдағы күтілетін шығындар (кезекті демалысқа төленетін төлемдер, мезгілдік шығындар және тағы басқа), бұл әлі жұмсалмаған шығындар, бірақ бұларға нормалданған смета жасалады.
  1. Бастапқы элементтер бойынша шығындар:
  • «Материалды шығындар» элементі бойынша. Бұған шикізаттың құны, транспортты дайындау шығындарын ескере отырып, негізгі материалдардың құны, комплектілік бұйымдар, жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, сонымен қатар жанар майға және энергияның барлық түрлеріне кеткен шығындар жатады;
  • «Еңбек ақы» элементі бойынша. Олар: негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оның ішінде өндіріс нәтижесіне берілетін жұмысшылардың сый ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, соның ішінде пайданың индексациясына және бағалардың жоғарылауына байланысты компенсациялық жалақы, заңмен бекітілген мөлшердегі әйелдерге баланы қарағаны үшін жартылай төленетін төлем;
  • «Сақтандыруға берілетін төлемдер» элементі бойынша. Заң шеңберінде бекітілген әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қоры, толық жұмыс күніне байланысты мемлекеттік қордан және жұмысшылардың жалақысынан алынатын медициналық сақтандыру шығындары;
  • «Қосымша шығындар» элементі бойынша. Кешенді сипаттағы өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар, яғни шығындардың құрамына барлық экономикалық элементтегі шығындар кіреді, сондай-ақ бір немесе бірнеше өнімдерді шығарғанда, бір жағынан, бұл шығындар нақты сол өнімге қатысты болмай, дайын өнім арасында бөлінеді, екінші жағынан, жанама кезектегі бұйымдар арасында бөлінеді. Бұл элемент өзіне келесілерді кіргізеді: өндірісті еңбек құралдарымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін шығындар, негізгі өндірістік қорды жұмыс жағдайында ұстап тұру, негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оның ішінде өндіріс нәтижесінде берілетін жұмысшылардың сый ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, өндіріс тоқтап тұрғандағы жоғалтулар, кепілдікпен қызмет көрсетуге кеткен шығындар, өнімді жөндеуге және жоғарыда көрсетілген шығындар элементтерінің біреуіне де қатысты емес басқа да шығындар;

Жоғарыда айтылып кеткен жалпыға  бірдей элементтер өзінің сипаты бойынша  сапалы біртекті, өндірістік бағытталуға  және қолдануға байланыссыз шығындар. Сондықтан, экономикалық элементтердің  классификациясы кәсіпорынның өнім өндірісінің жалпы шығындарының негізінде жатыр.

  1. Калькуляциялау статьялары бойынша шығындар классификациясы өндірістік бағытта, өндіріс үрдісінің пайда болу орнына байланысты және өнімді өткізу бойынша бөлулерді көрсетеді. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының классификациясына сәйкес, шығындар келесі топтар бойынша классификацияланады:
  2. Тауарлы-материалдық корларды бағалауға мүмкіндік беретін және өндірген өнімнің өзіндік құнын есептейтін шығындар:
  • өтіп кеткен шығындар – болашақта пайда әкелмейтін және жұмсалып болған қаржылар, бұрын сатып алынып, қазір қолда бар және болашақта пайда әкелетін шығындар;
  • өндірістік және өндірістік емес шығындар;
  1. Басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін шығындар:
  • тұрақты және ауыспалы шығындар;
  • шығындарды есептегенде қабылдайтын және қабылдамайтын шығындар (яғни болашақ кезең шығындары және өткен кезең шығындары);
  • алып тастауға болатын шығындар, альтернативті дұрыс бағытты таңдағанда, құтылуға болатын шығындар;
  • алып тастауға болмайтын шығындар;
  • альтернативті шығындар – белгілі бір альтернативті бағытты таңдағанда, басқа біреуінен бас тартуға тура келеді;
  • өсімкі шығындар – қосымша өнім топтарының бірлігін шығарудың нәтижесінде пайда болатын қосымша шығындар (маржиналды шығындар – қосымша бір өнім бірлігін шығаруға кеткен шығындар);

     Берілген классификация  шекті шығындар және шекті  пайда теңдеуінің ережесіне негізделе  отырып, оптималды көлемді және  бағаны анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Шығындардың деңгейін бағыттап және қадағалап отырумен байланысты шығындар:
  • бағытталатын шығындар;
  • бағытталмайтын шығындар.

Сонымен, өндірістік шығындардың теоретикалық бөлімін жалғастырайық. Тұрақты  шығындар өндіріс көлеміне байланыссыз  және нөлдік өнім көлемінде де бола береді. Бұл - кәсіпорынның алдындағы  міндеттемелер (қарыздар бойынша проценттер және тағы басқалары), салық, амортизациялық төлемдер, күзет қызметіне төлемдер, жал төлемі, нөлдік өнім көлеміндегі құралдарға қызмет ету шығындары, басқару персоналының жалақысы, тағы басқалар. Ауыспалы шығындар өнім көлемінің санына байланысты болып келеді. Олар материалға, шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына және тағы басқаға кеткен шығындардан тұрады.

Тұрақты және ауыспалы шығындардың  соммалары жиынтық шығынды құрайды, ол дегеніміз – белгілі бір  өнім түрінің өндірісіне кететін  ақшалай шығын. Өнімнің бір данасына кеткен шығынның мөлшерін білу үшін ортақ, ортақ тұрақты және ортақ ауыспалы шығындар категориялары қолданылады. Ортақ шығындар жеке жиынтық шығынды өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең. Ортақ тұрақты шығындар тұрақты шығындарды өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең. Ал ортақ ауыспалы шығындар ауыспалы шығындарды өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең.

Максималды пайдаға жету үшін қажетті  өнім өндірісін анықтау керек. Экономикалық талдаудың құралы болып шекті  шығындардың категориясы есептеледі. Шекті шығындар берілген өнім көлемімен салыстырғанда, қосымша өнім данасына кеткен қосымша шығынды көрсетеді.

Нақты тәжірибеде Ресей және Батыс  елдерінде кәсіпорынның шығындарына  талдау жасағанда біраз ұқсастықтар  мен айырмашылықтар байқалады. Ал Қазақстанда өнім өндірісіне және өнім өткізуге кеткен шығындардың соммасы арқылы өзіндік құн категориясы анықталады. Теорияда өнімнің өзіндік құнына нормативті өндірістік шығындар кіруі керек, бірақ практикада нормативтен асатын шикізатқа, материалдарға және тағы басқаларға кететін шығындар жатады. Сонымен қатар, өзіндік құнды экономикалық элементтерді қосу арқылы анықтайды (экономикалық мәні бойынша біртекті шығындар). Ал Батыс елдерінде өзіндік құнның калькуляциясын шығару үшін тікелей немесе жанама шығындардың классификациясы қолданылады. Тікелей шығындар – бұл өнімнің бір бірлігін жасауға кететін шығындар. Жанама шығындар – бұл кәсіпорындағы берілген өнім түрін шығару үрдісіне байланысты шығындар.

Жалпы көзқарас кейбір баптардың нақты  классификацияларының арасындағы айырмашылықты жоққа шығармайды. Батыс елдерінде жоғарыда айтылып кеткен шығындар бөлінісі қолданылады. Олар, әуелі, тікелей шығындарды және жанама шығындардың жартысын ауыспалы шығындарға жатқызады, ал жанама шығындардың екінші жартысын (өнім көлеміне байланыссыз шығындарды) тұрақты шығындарға жатқызады. Жартылай ауыспалы шығындар болып жоғарыда айтылған жанама шығындардың бөлігі жеке топ болып көрсетіледі, себебі бұл шығындар өнім көлемінің өзгерісіне пропорционалды тәуелсіз болып, өзінің көлемі бойынша өзгереді. Шығындарды тікелей және ауыспалы деп бөлу қосылған құн деген көрсеткішті алуға мүмкіндік береді. Ол кәсіпорынның жалпы табысынан ауыспалы шығынды алып тастау арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістің жалпы тиімділігін және өнімді өткізудегі ауыспалы шығындардың өндіріс көлемінің санына тікелей байланыссыздығын бағалауға мүмкіндік береді.

ТМД елдерінде шығындарды шартты-тұрақты  және шартты-ауыспалы деп бөлу экономикалық элементтер бойынша есептеледі де, технико-экономикалық факторлар  арқылы экономияны есептегенде қолданылады. Толық есептері қолда бар фактілік өзіндік құнға негізделе отырып, өнімнің жоспарлы өзіндік құнын анықтау есебінде де қолданылады. Бұндай есептеулер әрқашан мақсатты емес, себебі, егер шартты-тұрақты шығындар өнім өндірісінің көлеміне тура пропорционалды өссе, сонда ғана олар шығындардың ұлғаюын көрсетеді.

Нақты өндіріс қызметінде тек фактілік ақша шығындарын есептемей, сонымен  қатар альтернативті шығындарды да есепке алу қажет. Соңғысы осы  немесе басқа экономикалық шешімдердің таңдауына байланысты болады. Альтернативті шығындарды өлшеу тек нарықтық қатынастарда ғана керек емес, сонымен қатар тауар болып табылмайтын объектілерге де керек. Реттелмейтін тауар нарығында альтернативті шығындар сол кездегі нарықта бекітілген бағаға тең болады. Егер нарықта бірнеше әр түрлі баға болса, онда тауарды сатудағы альтернативті шығын, әрине, сатушының тұтынушыға ұсынған ең жоғарғы бағасы қалған ұсынылған бағаларға тең болады. Альтернативті шығындардың концепциясы өндірістік қызметке тікелей қажетті.

Шекті шығын деңгейі ресурстарды  бөлу тиімділігін анықтағанда және өнім өндірісі көлемінде максималды пайда әкелетін қағидатты мағынаны береді. Мүлтіксіз бәсекелестік жағдайында (біртекті өнім шығаратын нарық бағасына әсер етпейтін көптеген ұсақ өндірушілер) қосымша сатылған бір дана өнімнің пайдасы осы өнімнің шекті шығынынан көп болады да, кәсіпорынның пайдасы өседі. Кез келген кәсіпорынға шекті шығындардың және қосымша табыстың арасында теңдік болып, шығарған өнім көлемін сол көлемде өткізу пайдалылырақ болады. Сатылған тауар көлемі бір дана өнімнің бағасын және шекті шығынды еселейді, себебі қосымша көлемдегі өнімді сату қосымша пайда әкелмейді. Кәсіпорын максималды пайда табуға тырысады, егер тауардың шекті шығыны нарықтағы бағадан кем болса, ал егер ол нарық бағасынан көп болса, онда ол өз өндірісін тоқтатады.

Әр кәсіпорын қолда бар ресурстарды  өндірістің кең түріне оптималды  бөліп, өзінің қажеттілігін санымен  және сапасымен қанағаттандыратын  тиімді экономикаға жетуге тырысады. Бұл мәселені толығымен зерттеуге В. Паретто айтарлықтай өз үлесін қосқан. В. Пареттоның концепциясына сәйкес, толық бәсекелестік жағдайында бір кәсіпорынның тиімді дамып-өсуі үшін екінші кәсіпорынның құлдырауы керек.

Әр салада шекті пайдалылық пен  шекті шығынның арасындағы сәйкестіліктің болуы қоғамдық жағымды жағдайдың болуына және тиімділіктің өсуіне қажет. Ресурстарды тиімді бөлу баға мен шекті шығындардың тең келуінде ғана болады. Ол бәсекелестік нәтижесінде шекті пайдалылыққа пропорционалды болады. Жалпы тиімді бөлу кез келген ұйымның өнім көлемінің жоғарылауына әкеледі. Егер шекті шығын және нарықтық баға тең болса, онда өнім минималды жиынтық шығынмен өндіріледі.

Жалпы, өнімнің өзіндік құнын  құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен  топтастырылады:

1. Шығындардың бастапқы элементтерімен;

2. Пайда болу және міндет жүктеу  сипатымен.

 

1.3  Өзіндік құнды  есептеудің шетелдік тәжірибедегі  әдістері

 

Әрбір мемлекетте әр өнім өндіруші өнімнің  өзіндік құнын есептеп, өндірістік шығындарды төмендетуге талпынуы қажет. Өткізетін өнімнің бағасы мен басқа да жағдайлар тұрақты болғанда, өнім бірлігіне қажетті шығындарды қысқарту табыс көлемін ұлғайтады.

Әр мемлекетте өндірістік шығындарды азайтудың әр түрлі жолдары қолданылады. Олардың барлығын төмендегідей етіп біріктіруге болады:

    1. Өндірістік-техникалық деңгейін жоғарылату шаралары:
  • өндірістік үрдістерді механизациялау мен автоматизациялауды басқарудың автоматизацияланған жүйелері мен жаңа технологияларды енгізу;
  • қолданылатын техника мен технологиялардың эксплуатациясы;
  • өнім сапасын жоғарылату, өнімдердің техникалық сипаты мен құрылымын өзгерту;
  • еңбек құралдарын жетілдіру, яғни жетілдірілген шикізат пен материалдар;
  • шикізат пен материалдарды ұтымды пайдалану;
  • өндірістің техникалық деңгейін жоғарылатушы басқа да факторлар;
  • амортизациялық аударымдарды көбейту арқылы өнімділікті жоғарылатушы құралдарды қолдану.

Жалпы, материалдар мен ресурстарды  үнемдеудің түрлі жолдары бар, олардың  негізгілері төмендегідей:

  1. Материал, шикізат, отын, электроэнергияны рационалды пайдалану;
  2. Бұрыс өнімді жою;
  3. Экономикалық материалдардың жаңа түрін енгізу;
  4. Шикізат пен материалдарды кешенді пайдалану.
    1. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру шаралары:
  • өндірісті басқаруды жетілдіру;
  • еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;
  • материалдық-техникалық қамсыздандыруды жетілдіру;
  • өндірістік емес шығындарды жою;
  • өндірісті мамандандыру;
  • шығындарды жақсарту;
  • жұмысшылардың уақытын нәтижелі пайдалану;
  • өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің басқа да факторлары.
    1. Өндірілетін өнімнің көлемі мен құрылымын өзгерту шаралары:
  • амортизациядан басқа, тұрақты шығындарды айтарлықтай қысқарту;
  • өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту, соған байланысты амортизациялық аударымдарды айтарлықтай қысқарту;
  • өндірілетін өнімнің құнын өзгерту.
    1. Пайдалы қорлар мен басқа да шикізаттарды қысқарту әдістері мен табиғи жағдайларды өзгерту.

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары