Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 20:34, дипломная работа

Краткое описание

«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2005 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ................................7

Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы.........................7
Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері............14
Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері...................22

«АДАЛ» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ....................................................................31

«Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау................31
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау.......................42
«Адал» АҚ өндірістік шығындарының қалыптасуын талдау..............46

БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ.......................................................................52

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері...................................................................................................52
Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары.......................................................62

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................79

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-өзіндік-құнын-төмендету-жолдары.doc

— 700.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кезде әлемде экологиялық  таза өнімді шығару үшін көп жұмыстар атқарылып отыр. Біздің республикамызда берілген мақсаттар жүзеге асып жатыр: «Адал» АҚ, «Фудмастер» компаниясы қышқыл сүт өнімдерін және диетикалық құрамы бар жаңа өнім түрлерін шығарды, мысалы, «БФБ» (Биоридум бактериясы), «Био-С», «Источник здоровья» айраны, ақуызға толы йодталған сүт және т.б.

Сүт өнімдері ассортиментінің бәсеке қабілетті мәселесін шешу арқылы, бөлу саясатын белсенді қолдану арқылы кәсіпорын нарықтың көп бөлігін жаулап алған. Көп қолданатын сауда нүктелеріне - орташа және орташадан жоғары табысы бар сатып алушыларға арналған супермаркеттер, гастрономдар, шағын өндірістік дүкендер, киоскілер, дала саудасының элементі ретінде және бөлшек сауда нарығында орналасқан сауда нүктелері жатады.

Тұтынушылардың қалауын анықтау үшін олардың арасында маркетингтік зерттеу жүргізілген. Ол келесі бағыттарды ұстанған: тұтынушылардың қалауы, өніммен қанағаттану деңгейі, реквизитті бөлімі бойынша тұтынушылардың сүт өнімдерін өндірушілерге деген қатынасы. Сонымен қатар, маркетинг кешенінің элементі бойынша сол өнім өндіруші кәсіпорынға бәсекелестік талдау жасалған. Алынған нәтижелер рекрезитке тексерілген болатын, жауаптар коэффициенті 73 % болды, бұл жауаптар коэффициентіне сәйкес келеді (K > 50 %).

Тұтынушы сүт өнімдерін сатып алғанда келесі қағидаларға сүйенеді: сүттің майлылығы, шығарылған мерзімі, қораптың дизайны, мөлшері, табиғилылығы және бағасы. Анкеталардың нәтижесіне сәйкес, тұтынушылардың 30 %-ы өнімнің табиғилылығына, 26 %-ы оның майлылығына, 27 %-ы өнімнің шығарылған мерзіміне, 20 %-ы бағасына, 5 %-ы қораптың дизайнына және 8 %-ы мөлшеріне қарайды. Сүт өнімдерінің қағидасының деңгейі неғұрлым тұтынушының қалауына сәйкес келсе, соғұрлым ол оны қанағаттандыратындығын білдіреді.

Қазіргі кезде «Адал» АҚ мыңдаған сату нүктелерімен сауда жүргізеді, екі делдалмен және бірнеше корпоративті сатып алушылармен жұмыс жасайды, мысалы, «Рахат» кондитерлік фабрикасының асханасы. «Адал» АҚ нарықтағы үлесі 15 % құрайды, негізгі бәсекелесі «ФудМастер» компаниясымен салыстырғандағы нарықтағы үлесі 35 %, екінші жақын бәсекелесі «Винн Биль Дамм» компаниясымен салыстырғанда нарықтағы үлесі 10 % және басқа да «Смак», «Қайсар», «Агропродукт», «Камони» сияқты нарықтағы қатысушылармен салыстырғандағы оның үлесі 8 %.

Берілген жағдайды толығымен ашу үшін Алматы қаласы бойынша маркетингтік зерттеу жұмысы жүргізілді. Маркетингтік қызметтің қорытындысы бойынша «Адал» АҚ айтарлықтай бәсеке қабілетті болып табылады.

Кәсіпорында өнімді өткізуді ынталандыру  механизмі жақсы ұйымдастырылған. Өйткені, автокөлік жүргізуші–экспедиторлардікі  секілді, өткізу бөлімінің менеджерлерінің  жалақысы өткізген өнімдерінің көлеміне байланысты болып келеді. Мысалы, бір  айда жалпы соммасы 300 000 теңгелік дайын өнімді өткізді десек, менеджер оның 10 %-ын алады, яғни айына 30 000 теңге.

«Адал» АҚ 2000 жылдың 8 қаңтарында Октябрск совхозы негізінде құрылған. Бұл  кәсіпорын Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғам туралы» заңына сәйкес, құқықтық ұйым негізінде Ашық Акцонерлік Қоғам  деп құрылды. Кәсіпорынның толық аты «Адал » Ашық Акцонерлік Қоғам, қазіргі қысқартылған атауы «Адал» АҚ. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы, Ленин көшесі, 32.

Кәсіпорынның белгіленген жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге және олар 30 000 жай акцияға бөлінген, оның біреуінің номиналды құны 10 000 теңге.

Қоғамның өз балансы және басқа  да банктік есептері бар, өз атауымен қазақ және орыс тілінде берілген мөрі бар. Өзінің тауарлық және символикалық белгілері, олардың үлгілері жарғылық тәртіпте тіркеліп бекітілген. Қоғам Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін әрекеттерді істей алады. Оның негізгі қызметі болып ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіру табылады.

Кәсіпорынның жалпы жер көлемі – 5616 га, оның ішінде шаруашылыққа жарамдысы  – 3968 га (егістігі – 3253 га, жайылымы – 715 га).

Техникалық қамсыздануы:

1) Комбайндар:

«Енисей» комбайндары - 7 дана, іске жарамды мерзімдері 9 жыл;

К–700 А - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл;

К–701 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 10 жыл;

Т–150 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл.

2) Тракторлар:

Дөңгелекті тракторлар (МТЗ, ЮМЗ, Т-16) – 41 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл, соның ішінде:

МТЗ барлық модефикациясында – 36 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;

ЮМЗ – 4 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;

Т–16 – 1 дана, іске жарамды мерзімі 2-7 жыл.

КРАЗ негізіндегі дөңгелекті трактор – 1 дана.

Силос, жүгері жинайтыны - 6 дана, соның ішінде:

КСКУ–6 - 3 дана;

Өзі жүретін «Ягуар» - 2 дана;

«Марал» - 1 дана.

Цептегі тракторлар – 7 дана, іске жарамды  мерзімдері 7 ж-дан астам, соның ішінде:

ДТ 75 А – 5 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам;

Т–170 - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 7ж-дан астам.

3) Автокөліктер:

Автокөлік барлығы - 50 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл, соның ішінде:

Арнайылары - 39 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;

Ауыр жүкке арналғаны - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;

Жеңіл автокөліктер - 9 дана, іске жарамды  мерзімдері 1-8 жыл.

Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар, оның ең негізгі қызметі  болып дайын өнімді Алматы қаласындағы  базарлар мен дүкендерге тиімді өткізу табылады. Сонымен қатар, компанияның  өзінің дистрибьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.

Өнімді өткізу үшін өнімнің  бағасы оның өзіндік құнына, биржа  нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. Баға орнатудың ең негізгі қағидасы – бұл беріктілік, өнім сапасының деңгейі, оның бәсеке қабілеттілігі.

Кәсіпорын өнімдері әр түрлі  жағдайларда өткізіледі, олар:

  • Еркін сауда нарығында және Алматы қаласында;
  • Облыстардағы сауда нүктелерінде;
  • Сонымен қатар, жалақы есебінде және бартер түрінде.

«Адал» АҚ аймағында  үш тұрғылықты жер бар: Базаргелді, Космос, Жанашар.

Кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылардың саны соңғы жылдағы  мәліметтерге сүйенсек, 552 адам, оның ішінде: әкімшілік қызметкерлер – 58 адам, мал  шаруашылығындағылар – 145 адам, суғарушылар – 5 адам, механизаторлар – 72 адам, автокөлік жүргізушілер – 50 адам, мамандар - 59 адам, қайта өңдеу кешенінің жұмысшылары – 73 адам, күзетшілер – 42 адам, электриктер – 14 адам, жөндеу жұмысшылары – 17 адам, тағы басқалары – 17 адам. 

2005 жылы жалақының жалпы  соммасы 90 756 мың теңгені құрады, ал 2004 жылы 60 586 мың теңге болды.  Осыдан шығарған қорытындыға  сүйенсек, жалақының жалпы өсімі  30 170 мың теңге болды, яғни «Адал» АҚ-да орташа жалақы көбейіп, жұмысшылардың өмір сүру сапасы жақсарған, ол бізге жағымды тенденцияның болуын көрсетеді.

Ақша-қаражаттарын өндірістің тиімділігіне және дайын өнімді дұрыс  өткізуге рационалды бөлу – кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің негізі болып табылады. Ақша-қаражаттары  ішкі және сыртқы көздерден алынады. Инвестиция тартымдылығының ең басты қайнар көздері болып мыналар табылады:

  1. Несиелер;
  2. Қарыздар;
  3. Акцияны шығару және сату;

Дайын өнімді сатқаннан түскен пайда - ақша-қаражаттарының ішкі қайнар көзі болып табылады. Дайын өнімнің бағасы өнім өндіруге және осы өнімді өткізуге кеткен шығындарға байланысты болып келеді. Сондықтан, өнімнің өзіндік құнын есептегеннен кейін ғана өнімнің соңғы бағасы қалыптасады.

 

   2-кесте - «Адал»  АҚ-ның экономикалық жағдайын  сипаттайтын   көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

Жылдар

Ауытқулар

2004

2005

+/-

%

Өнімді өткізуден 

түскен түсім

мың тг.

250633,0

362648,0

112015,0

44,7

Өткізілген  өнімнің

 өзіндік  құны

мың тг.

184222,0

288364,0

104142,0

56,5

Жиынтық табыс

мың тг.

66411,0

74284,0

7873,0

11,9

Кезең шығындары

мың тг.

47033,0

51316,0

4283,0

9,1

Негізгі қызметтен    түскен түсім

мың тг.

19378,0

22968,0

3590,0

18,5

Қосымша қызметтен  түскен түсім

мың тг.

6012,0

9602,0

3590,0

59,7

Салық салғанға       дейінгі табыс

мың тг.

25390,0

32570,0

7180,0

28,3

Таза табыс

мың тг.

17773,0

22799,0

5026,0

28,3

1 тг. өткізілген  өнімге кеткен шығыс

теңге

0,92

0,94

0,02

2,17

Өнім рентабельділігі

%

7,7

6,7

-1,0

-

Өткізу рентабельділігі

%

7,1

6,3

-0,8

-

Өндіріс рентабельділігі

%

4,4

5,3

0,9

-

Жұмысшылардың саны

адам

514

552

38

7,4

Жұмысшылардың      еңбек өнімділігі

мың тг.

487,6

657,0

169,4

34,7

Жалпы жалақы қоры

мың тг.

60586,0

90756,0

30170,0

49,8

1 жұмысшының  орт. айлық жалақысы

теңге

9822,6

13701,1

3878,5

39,5

Негізгі қордың орт. жылдық құны

мың тг.

231687,0

235948,0

4261,0

1,8

Айнымалы құралдардың орт. жылдық құны

мың тг.

173185,0

195000,0

21815,0

12,6

Қор сиымдылығы

теңге

0,92

0,65

-0,27

-29,3

Қор қайтарымдылығы

теңге

1,08

1,54

0,46

42,6

Қормен қарулану

мың тг.

450,75

427,44

-23,31

-5,17


 

 Кестеден көріп отырғанымыздай, өнімді өткізу ол кәсіпорынның  шығарылған өнімінің ең соңғы  кезеңі деп айтсақ болады және  ол кәсіпорын үшін өте маңызды.  Бұл - өнімді өткізу жұмысының  эффектісі, оның цехтарынан түскен  табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады. Яғни, өнімді өткізуден түскен табыс 2004 жылға қарағанда, 2005 жылы 362 648 мың теңге болып, 112 015 мың теңгеге немесе 44,7 %-ға артты.

Ал өткізілген өнімнің өзіндік  құны - кәсіпорын жұмысының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысын, өндіріс жұмысының кеңдігін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда, өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 104 142 мың теңгеге немесе 56,5 %-ға өсті деп айтсақ болады.

Жиынтық табыстың соммасы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 7 873 мың теңгеге  өсті, яғни 11,9 %-ға. Оны анықтау үшін:

Жиынтық табыс= Өткізілген өнімнен түскен түсім - Өткізілген өнімнің  өзіндік құны. (5)

Кезең шығындары деген көрсеткіш жалпы шығындарды, өнімді өткізуге кеткен шығындарды, пайыз шығындарын, курстық ерекшелік шығындарын көрсетеді. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және оның 2005 жылмен салыстырғанда, 2004 жылы 4 283 мың теңгеге немесе 9,1 %-ға кем болғанын көрсетеді.

Кәсіпорынның таза табыс соммасына  жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. 2005 жылы таза табыс 28,3 %-ға өскен  немесе 5 026 мың теңгеге деп айтсақ болады. Бұл көрсеткішті есептеу  үшін:

Таза табыс = Салық салғанға дейінгі  табыс – 30 %. (6)

Сонымен қатар, өндіріс рентабельділігі - кәсіпорын өндірісінің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі  көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельділігі 2005 жылы 0,9 %-ға өскен. Оны былай табады:

Өндіріс рентабельділігі = Таза табыс / (Негізгі қордың (орт) жылдық құны + Айнымалы құралдардың (орт) жылдық құны). (7)

Өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш болып еңбек  өнімділігі табылады. Бұл көрсеткіш  бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 169,4 мың теңгеге артқан. Оны есептеудің формуласы:

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі = Өткізілген өнімнен түскен түсім / Жұмысшылар саны. (8)

Өндірістегі негізгі құралдардың  орташа жылдық құнына кәсіпорынның орналасқан жері, мекемесін тасымалдайтын транспорт, көліктері жатады. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 235 948 мың теңгені құрап, 2004 жылға қарағанда 4 261 мың теңгеге өсті.

Қор қайтарымдылығы негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның тиімділігін көрсетеді. Осы көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда, 2005 жылы 42,6 %-ға өскен. Оны есептеу үшін біз:

Қор қайтарымдылығы = Өнімді өткізуден  түскен түсім / Негізгі қордың (орт) жылдық құны. (9)

Ал қор сиымдылығы - қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті мынада: оның алымын бірнеше бөлек цехтар және  құрал–жабдықтар топтарына бөліп тастауға болады. Бұл өндірістік-техникалық учаскілеріне деген жерді, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішті анықтауға мүмкіндік береді. Қор сиымдылығы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 0,27 теңгеге кеміген немесе 29,3 %-ға. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:

Қор сиымдылығы = Негізгі қордың (орт) жылдық құны / Өнімді өткізуден түскен түсім. (10)

Қормен қарулану көрсеткіші 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 5,17 %-ға қысқарған. Осы көрсеткішті есептеу үшін:

Қормен қарулану = Негізгі қордың (орт) жылдық құны / Жұмысшылар саны. (11)

   3–кесте - «Адал»  АҚ-ның еңбек өнімділігін сипаттайтын  көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

Жылдар

Ауытқулар

2004

2005

+/-

%

Өнімді өткізуден  түскен түсім

мың тг.

250633,0

362648,0

112015,0

44,7

Жұмысшылар  саны

адам

514

552

38

7,4

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі

мың тг.

487,6

657,0

169,4

34,7

Жұмысшылардың күндік еңбек өнімділігі

мың тг.

1,8

2,5

0,7

38,9

Жұмысшылардың сағаттық еңбек өнімділігі

мың тг.

0,2

0,3

0,1

50,0

Жалпы жалақы қоры

мың тг.

60586,0

90756,0

30170,0

49,8

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары