Охрана труда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 09:18, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат ох.труд.docx

— 64.23 Кб (Скачать файл)

Еңбек құқығы өзінің табиғаты бойынша тек азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың да принциптері мен әдістеріне негізделеді. Мәселе ұжымдық өндірістің қызметкердің әкімшілік билігіне бағынуын, тәртіпті, еңбек ету барысында оның еркіндігінің шектелуін әділ талап ететіндігінде, сондықтан өркениеттік тәсіл әкімшілік-құқықтық (ұйымдастырушылық, басқарушылық) тәсілмен толықтырылды.

О.В.Смирновтың атап көрсеткеніндей, еңбек және әкімшілік құқықтардың шектес сипаты, біріншіден, реттеу тақырыбының ұқсастығынан (еңбек құқығында – еңбек саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар; әкімшілік құқықта – мемлекеттік басқару саласындағы қатынастар) және, екіншіден, құқықтық реттеу әдісінің ұқсастығынан (құқықтың екі саласында да мемлекеттік-билік нұсқамалары тәсілін қолдану) көрінеді.

Шындығында, еңбек заңнамасын бақылау мен қадағалау жөніндегі қатынастар екіұшты сипатқа ие, ол бақылаудың субъектілері мен деңгейіне байланысты болады. Салалық тұрғыдан ұйым ішіндегі қадағалау мен бақылау жөніндегі қатынастар еңбек құқығына жататындығы күмән тудырмайды. Мұндай қатынастар ұжым ішінде, мысалы, бір жағынан, қызметкер немесе қызметкерлер және, екінші жағынан, жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) немесе кәсіподақ арасында еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуын кәсіподақтың бақылауы кезінде қалыптасады. Еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастарға келетін болсақ, бұл қатынастар әкімшілік-құқықтық болып келеді.

ҚР Еңбек кодексі еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау қатынастарын ұжым аясында шектемейді. Онда еңбек құқығының зерттеу тақырыбын құрайтын еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастардың кең түсіндірмесі мазмұндалған.

Еңбекті қорғауды жоғарғы органдардың жоспарлауы мен ұйымдастыруы жөніндегі қатынастар ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар болып табылады, яғни, әкімшілік құқық саласына да жатады. Мұндай нормалардың мазмұнына ұйым әкімшілігінің еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауға міндеттілігі, осы мақсаттарға қаражаттар бөлу, осы шаралардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Жоғарыда көрсетілген құқық нормалары 2 түрлі болуы мүмкін: 1) еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды жалпы сипатта реттейтін нормалар (олар нақты еңбек және әкімшілік қатынастарының пайда болуының алғышарты ретінде бой көрсетеді); 2) еңбекті қорғау жөніндегі нақты шараларды өткізу міндетін тікелей қарастыратын нормалар. Әкімшілік құқыққа да, еңбек құқығына да сондай-ақ министрліктер мен оларға есеп беруге міндетті ұйымдардың қауіпсіздік қызметі органдарының (қауіпсіздік техникасы жөніндегі бөлімдерінің) еңбекті қорғауды ұйымдастыруларын реттейтін нормалар жатады.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтының кешенділігі туралы мәселені зерттеу барысында еңбек қауіпсіздігінің стандарттары сияқты техникалық-заңдық нормаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл стандарттарды барлық ұйымдар, мекемелер мен ұйымдар, және әсіресе жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары жаңа техниканы, технологиялық үдерістерді, өндірістік нысандарды жасау кезінде сақтаулары тиіс. Көрсетілген стандарттарды сақтау ғылыми-техникалық революцияның дамуы кейде уақыттың өзінен де озып кететіндіктен және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтаудың өнеркәсіптік нысандарды, машиналар мен технологиялық үдерістерді жоспарлау мен салу кезінде алдыңғы қатарға шығып, қазіргі кезеңдегі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің аса маңызды түріне айналатындығынан да өзекті болып табылады.

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық нормалары еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институты нормаларын реттеудің негізгі зерттеу тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар болып табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы азаматтардың қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда (уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік жасқа келгенде, оларды материалдық қамтамасыздандыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар, әдетте, еңбек қатынастарымен тығыз байланысты. Азаматтардың материалдық қамтамасыздандырылуының көлемі бұл жағдайда олардың еңбек өтілдерімен еңбек қатынастары барысында алған еңбекақыларымен өлшенеді.

Еңбек қатынастарында азаматтар еңбек етуге құқықтарын жүзеге асырады, ал әлеуметтік қорғау құқығының реттейтін тақырыбы материалдық қамтамасыздандыруға құқықты жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары барысында еңбекке төленетін ақы қызметкер еңбек ететін ұйымдардың, мекемелердің қорларынан шығарылады. Әлеуметтік қорғау құқығы орталықтандырылған қорлардан жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуді қарастырады. Оның үстіне, әлеуметтік қорғау құқығы үшін, еңбек құқығындағыдай, материалдық төлемдердің келісім-шарттық әдісі тән емес. Азаматтар материалдық қамтамасыздандыруды құзырлы органдар қабылдаған құқықтың директивалық нормалары негізінде алады, соған байланысты олар тараптардың келісімімен өзгертіле және нақтыландырыла алмайды . 

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру мәселелерін реттеу тұрғысынан сақтандыру құқығымен байланысты.  жұмыс берушіні қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар ұйыммен сақтандыру келісім-шартын жасасуға міндеттейді . Өз жауапкершілігін сақтандыра отырып, жұмыс беруші денсаулығын қалпына келтіруге қажетті немесе тиісті сомаларға құқықтары бар адамдар үшін қажетті ақша қаражаттарын өтеуді кепілдейді.

Бұл сақтандырудың негізгі мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірлері мен денсаулықтарына зиян келтірілуі мүмкін қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады, және біздің республикамызда қарастырылған халықты әлеуметтік қорғаудың 3-ші және соңғы деңгейі болып табылады.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі қатынастардың өздері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар сияқты, азаматтық және еңбек құқығы сияқты салалардың реттеу тақырыбы болып табылады. Құқықтың қандай да бір саласының нормалары сақтандыру төлемдеріне құқықтың жүзеге асырылу кезеңіне байланысты әрекет етеді. Мәселен, азаматтық құқық нормалары сақтандыру және зиянның орнын толтыру туралы жалпы ережелерді реттейді, еңбек құқығы нормалары, атап айтқанда, еңбекті қорғау институтының нормалары сақтандыру оқиғасының орын алуының негіздерін анықтайды, яғни, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі қандай да бір ережелерді бұзуы қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру үшін негіз бола алады.

Еңбекті қорғау институтының салааралық сипаты еңбек қызметін зерттейтін психологиялық ғылымның бағыты, соңғы кезде зерттеу салаларының өзектілерінің бірі – эргономикамен байланысынан да көрінеді.

Республикалық деңгейдегі еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру қаржылық құқықтың ғана емес, сонымен бірге еңбек құқығының да реттеу тақырыбы болып табылады.

Осылайша, еңбекті қорғау құқықтық институты салааралық құрылым болып табылады, себебі қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелерін реттеу кезінде түйісетін құқықтың көптеген салаларымен және олардың институттарымен, конституциялық құқықтармен және бостандықтармен, еңбекті қорғау жөніндегі шаралардың әкімшілік жоспарлануымен және ұйымдастырылуымен және т.б. байланысты. Осы қатынастардың барлығы бірнеше институттың нормаларының реттеу тақырыбы болып табылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Голощапов С.А.  Правовые вопросы охраны труда. -М.: Юридическая литература, 1982, -51, 62 бб.

2. Макевкина А.С.  Понятие охраны труда по российскому  трудовому праву: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. -Барнаул, 2005,  - 12 б. // Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Тараз қаласындағы филиалы арқылы алынған.

3 // ҚР Статистика агенттігінің интернет сайтынан — 

4. Паэглэ В.Э.  Охрана труда как социально-правовая  система и управление ею. —  Рига: Зинатне, 1985, — 8 б.

5. Левитин Л.И.  Правовое регулирование охраны  труда в колхозах: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. –А.: Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті, 1968, — 2 б.

6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: 15 мамыр 2007 жыл //  «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// 

7. Нұрмағамбетов А.М. О соотношении трудового договора и гражданско-правового договора. // Право и государство. -1997.- №7. – 12 б.

8. Трудовое право.  Учебник под ред. О.В. Смирнова.  -М.: Проспект, 2000, -19 б.

9. Смирнов В.Т.  Гражданская ответственность государственных  предприятий за причинение увечья  или смерти работникам. – М.: Госюриздат, 1957, – 232 б.

  1. Смирнов В.Т., Собчак А.А. Общее учение о деликтных обязательствах в советском гражданском праве. – Л.: Ленинград университетінің баспасы, 1983, –19-23 бб.
  2. Гражданское право. Оқулық,  А.П.Сергеевтің, Ю.К.Толстойдың редакциясымен. 3 Т. – М.: ПБОЮЛ Л.В.Рожников, 2000, – 4-22 бб. және басқалары.
  3. Поленин С.В. Пограничный институт гражданского и трудового права (Возмещение вреда, причиненного здоровью // Советское государство и право. – 1974. — № 10. – 60-68 бб.
  4. Сыроватская Л.А. Ответственность по советскому трудовому праву. – М.: Юридическая литература, 1974. – 50 б.
  5. Толкунова В.Н. Трудовое право: курс лекций. – М.: ТК Велби АҚБ, 2002, – 244 б.
  6. Ставиский П.Р. Материальная ответственность предприятий в трудовых отношениях. – Киев; Одесса: Вища школа баспа бірлестігі, 1987. – 63 б.
  7. Лившиц Р.З. Теория права. Оқулық. -М.:БЕК, 1994, -188 б.

 

Еңбекті қорғау –бұл ілеуметтік-техникалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларды  және кәсіптік зияндарды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды  немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қаіупсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ.. Еңбекті қорғаудың мақсаты  – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша  жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның  денсаулығы мен жұмыс істек қабілетін  сақтау, адам еңбегін жұмыс мезгілін үнемдеу,оның белсенді жұмыс істеу  периодын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын  көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды  жақсарту апаттар санын азайту және тағы басқалары арқылы артады. 
Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады.. 
Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. 
Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Бұл Заң 1 қаңтар 2000 жылдан бері жұмыс істейді.

Табиғи жарықтандыру 
Рационалды табиғи жарықтандыру психологиялық комфорт қамтамасыз етеді, көру және жалпы шаршауды болдырмайды, көздің кәсіптік ауруларға шалдығуына жол бермейді, еңбек өнімділігін көтереді және еңбек сапасын жақсартады, жарақаттану қауіптерін төмендетеді. 
Өндірістік бөлімшелерді жарықтандыруға еңбекті қорғау келесі негізгі талаптарды қояды: жарықтың жеткілікті болуы және көзбен көру жұмысының сипатына сәйкес болуы тиіс, көру обьектісі мен фон аралығында көлеңке болмауы, араларында біршама шектеу болуы қажет; жарық көзі обьектіде шағылыспауы тиіс; жарық көзі жұмыс істеушінің көзін шағылыстырмауы керек; жұмыс ауданын жарықтандыру дәрежесі үнемі бір қалыпта болады; жасанды жарықтандыруға арналған электр қондырғылары қызмет көрсетуге залалсыз болуы қажет. 
Кәсіпорынның өндірістік, қосымша және әкімшілік-тұрмыстық бөлімшелерінде табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады. 
Табиғи жарық /күннің көрінетін жарық энергиясы/ организмнің жұмысын реттейді, оның қоршаған ортаны сезіне білу қабілетін қамтамасыз етеді, бөлмеде бірқалыпты жарық тудыруға мүмкіндік тудырады. 
Күннің жерге түсетін барлық жалпы энергиясы мөлшерінің шамамен 52% көзге көрінетін жарық, қалғаны – көзге көрінбейді: жылулық, инфрақызыл /43%/ және ультракүлгін /5%/. 
Ультракүлгін сәуленің ұзақ мерзімде болмауы немесе оның қажетті мөлшерден аз дозасы адам организміне кері әсер етеді, патологиялық өзгерістер туғызады және олар ультракүлгін жетімсіздігі деп аталады./жарық сәуледен аштық/. 
Табиғи жарықтандырудың келесі жүйелерін ажыратады: жанама –күндізгі жарық бөлмеге ғимараттың қабырғаларындағы тесіктер арқылы түседі; жоғарғы- жарық ғимарат төбесіндегі тесіктер арқылы енеді; комбинирлі – жанама және жоғарғы жарықтандыру бірге қолданылады; бірлескен –жарықтандыру тәуліктің жарық кезінде табиғи мен жасанды түрін бі

Қызметкер мен жұмыс берушіге, яғни, еңбек келісім-шартының тараптарына  қатысты Конституция нормалары  еңбек заңнамасы актілерінде  дами түседі. Мысалы, Еңбек кодексінің 4-бабында ҚР еңбек заңнамасының принциптерінің арасында қауіпсіздік  пен гигиена талаптарына сай  еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету, өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты  қызметкердің өмірі мен денсаулығының  басымдығы, қызметкерлердің құқықтары  мен мүмкіндіктерінің теңдігі және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың  мәселелерін мемлекеттік реттеу сияқтылары көрсетіледі. Сондай-ақ еңбек  қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттеуге көрсетілген актінің 5-тарауы арналған .

Еңбек заңнамасының азаматтық  заңнамамен тығыз байланысты екені  белгілі. Соңғысы тауар-ақша және қатысушыларының  теңдігіне негізделген басқа  да, мүліктік қатынастарды реттей отырып, еңбекпен және оның нәтижелерімен байланысты қатынастарды да реттейді.

Информация о работе Охрана труда