Охрана труда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 09:18, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат ох.труд.docx

— 64.23 Кб (Скачать файл)

Еңбек қатынастары, осылармен  байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар сияқты, келісім-шарттық бастамаларға негізделген және ақылы сипатқа  ие. Бұдан басқа, еңбек және азаматтық  заңнамалар салаларының арасында генетикалық  байланыс бар, өйткені еңбек құқығы кезінде азаматтық құқықтан бөлініп  шыққан. Сондықтан, әр түрлі салаларға  тиесілілікті сипаттайтын пәннің дербестігіне қарамастан, еңбек құқығының дамуына  азаматтық құқық принциптері  мен әдістері әсер етпей қоя алмайды. Бұны, ең алдымен, құқықтар мен міндеттерді  белгілеудің диспозитивтік сипатының  басымдығы, құқықтық қатынастар субъектілерінің  теңдігі, құқықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау тәртібі және т.б. айғақтайды [7].

Азаматтық құқықтың зерттеу  тақырыбына еңбек шартына (контрактқа) негізделетін еңбек қатынастарымен жақын жанасатын қоғамдық қатынастар кіретіндігі белгілі. Бұл – тұрмыстық  мердігерлік, тапсырма, әдеби тапсырыс келісім-шарттарын және т.б. орындау  жөніндегі қатынастар. Көрсетілген  қатынастарға ортақ белгілер тән: олар еңбекпен байланысты, келісім-шарттық  бастамаларға негізделген, ақылы сипатқа  ие. Алайда олардың арасында олардың  әр түрлі салаларға жататындығын білдіретін едәуір айырмашылықтар да бар [8]. Әдетте, белгілі бір қатынастарды еңбек құқығының зерттеу тақырыбына жатқызу үшін арнайы акті шығарумен  бекітілген, қызметкердің еңбек ұжымы  құрамында жеке еңбек қызметтерін  орындауы, сондай-ақ осы қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы  қажет болады.

Сондай-ақ азаматтық құқықтың еңбекті қорғау институтымен байланысын қызметкерге оның өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында  келтірілген шығынды өтеу бөлігінде  қарастыруға болады. Көрсетілген  қатынастарды азаматтық құқықтың немесе еңбек құқығының реттеуі керек  пе, немесе екі саланың екеуі де реттеуі керек пе, бұл мәселе ғылыми ортада әлі күнге дейін даулы  мәселе болып табылады.

Еңбек құқығы өзінің табиғаты бойынша тек азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен қатар әкімшілік  құқықтың да принциптері мен әдістеріне негізделеді. Мәселе ұжымдық өндірістің қызметкердің әкімшілік билігіне бағынуын, тәртіпті, еңбек ету барысында оның еркіндігінің шектелуін әділ талап ететіндігінде, сондықтан өркениеттік тәсіл әкімшілік-құқықтық (ұйымдастырушылық, басқарушылық) тәсілмен толықтырылды [17].

О.В.Смирновтың атап көрсеткеніндей, еңбек және әкімшілік құқықтардың  шектес сипаты, біріншіден, реттеу тақырыбының  ұқсастығынан (еңбек құқығында –  еңбек саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар; әкімшілік құқықта –  мемлекеттік басқару саласындағы  қатынастар) және, екіншіден, құқықтық реттеу әдісінің ұқсастығынан (құқықтың екі саласында да мемлекеттік-билік  нұсқамалары тәсілін қолдану) көрінеді .

Шындығында, еңбек заңнамасын бақылау мен қадағалау жөніндегі  қатынастар екіұшты сипатқа ие, ол бақылаудың субъектілері мен деңгейіне  байланысты болады. Салалық тұрғыдан ұйым ішіндегі қадағалау мен бақылау  жөніндегі қатынастар еңбек құқығына жататындығы күмән тудырмайды. Мұндай қатынастар ұжым ішінде, мысалы, бір  жағынан, қызметкер немесе қызметкерлер және, екінші жағынан, жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) немесе кәсіподақ  арасында еңбекті қорғау нормалары  мен ережелерінің сақталуын кәсіподақтың бақылауы кезінде қалыптасады. Еңбек  заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау  және бақылау жөніндегі қатынастарға келетін болсақ, бұл қатынастар әкімшілік-құқықтық болып келеді.

ҚР Еңбек кодексі еңбек  заңнамасының сақталуын қадағалау  және бақылау қатынастарын ұжым аясында  шектемейді. Онда еңбек құқығының  зерттеу тақырыбын құрайтын еңбек  заңнамасының сақталуын қадағалау  және бақылау жөніндегі қатынастардың  кең түсіндірмесі мазмұндалған.

Еңбекті қорғауды жоғарғы  органдардың жоспарлауы мен ұйымдастыруы жөніндегі қатынастар ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар болып табылады, яғни, әкімшілік  құқық саласына да жатады. Мұндай нормалардың  мазмұнына ұйым әкімшілігінің еңбекті  қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауға  міндеттілігі, осы мақсаттарға қаражаттар бөлу, осы шаралардың өткізілуін ұйымдастыру  және бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Жоғарыда көрсетілген  құқық нормалары 2 түрлі болуы  мүмкін: 1) еңбекті қорғау жөніндегі  қатынастарды жалпы сипатта реттейтін  нормалар (олар нақты еңбек және әкімшілік қатынастарының пайда  болуының алғышарты ретінде бой  көрсетеді); 2) еңбекті қорғау жөніндегі  нақты шараларды өткізу міндетін тікелей қарастыратын нормалар. Әкімшілік  құқыққа да, еңбек құқығына да сондай-ақ министрліктер мен оларға есеп беруге міндетті ұйымдардың қауіпсіздік қызметі  органдарының (қауіпсіздік техникасы  жөніндегі бөлімдерінің) еңбекті  қорғауды ұйымдастыруларын реттейтін  нормалар жатады.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтының кешенділігі  туралы мәселені зерттеу барысында  еңбек қауіпсіздігінің стандарттары сияқты техникалық-заңдық нормаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл стандарттарды барлық ұйымдар, мекемелер мен ұйымдар, және әсіресе  жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу  ұйымдары жаңа техниканы, технологиялық  үдерістерді, өндірістік нысандарды жасау  кезінде сақтаулары тиіс. Көрсетілген  стандарттарды сақтау ғылыми-техникалық революцияның дамуы кейде уақыттың өзінен де озып кететіндіктен және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтаудың өнеркәсіптік нысандарды, машиналар мен технологиялық  үдерістерді жоспарлау мен салу кезінде алдыңғы қатарға шығып, қазіргі кезеңдегі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің аса  маңызды түріне айналатындығынан да өзекті болып табылады.

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық  нормалары еңбекті қорғау жөніндегі  ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институты нормаларын реттеудің негізгі зерттеу тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі  қатынастар болып табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы азаматтардың қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда (уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік жасқа келгенде, оларды материалдық қамтамасыздандыру  барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар, әдетте, еңбек  қатынастарымен тығыз байланысты. Азаматтардың материалдық қамтамасыздандырылуының  көлемі бұл жағдайда олардың еңбек  өтілдерімен еңбек қатынастары  барысында алған еңбекақыларымен  өлшенеді.

Еңбек қатынастарында азаматтар  еңбек етуге құқықтарын жүзеге асырады, ал әлеуметтік қорғау құқығының реттейтін  тақырыбы материалдық қамтамасыздандыруға  құқықты жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары барысында  еңбекке төленетін ақы қызметкер  еңбек ететін ұйымдардың, мекемелердің қорларынан шығарылады. Әлеуметтік қорғау құқығы орталықтандырылған қорлардан  жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуді  қарастырады. Оның үстіне, әлеуметтік қорғау құқығы үшін, еңбек құқығындағыдай, материалдық төлемдердің келісім-шарттық  әдісі тән емес. Азаматтар материалдық  қамтамасыздандыруды құзырлы органдар қабылдаған құқықтың директивалық нормалары  негізінде алады, соған байланысты олар тараптардың келісімімен өзгертіле және нақтыландырыла алмайды [19].

Бұл сақтандырудың негізгі  мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде  өмірлері мен денсаулықтарына зиян келтірілуі мүмкін қызметкерлердің  мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады, және біздің республикамызда қарастырылған  халықты әлеуметтік қорғаудың 3-ші және соңғы деңгейі болып табылады.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін  сақтандыру жөніндегі қатынастардың  өздері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету  жөніндегі қатынастар сияқты, азаматтық  және еңбек құқығы сияқты салалардың реттеу тақырыбы болып табылады. Құқықтың қандай да бір саласының нормалары  сақтандыру төлемдеріне құқықтың жүзеге асырылу кезеңіне байланысты әрекет етеді. Мәселен, азаматтық құқық  нормалары сақтандыру және зиянның  орнын толтыру туралы жалпы ережелерді реттейді, еңбек құқығы нормалары, атап айтқанда, еңбекті қорғау институтының нормалары сақтандыру оқиғасының орын алуының негіздерін анықтайды, яғни, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі қандай да бір ережелерді бұзуы қызметкерге келтірілген  зиянның орнын толтыру үшін негіз  бола алады.

Еңбекті қорғау институтының салааралық сипаты еңбек қызметін зерттейтін психологиялық ғылымның бағыты, соңғы  кезде зерттеу салаларының өзектілерінің  бірі – эргономикамен байланысынан да көрінеді.

Республикалық деңгейдегі еңбекті  қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру қаржылық құқықтың ғана емес, сонымен  бірге еңбек құқығының да реттеу тақырыбы болып табылады.

Осылайша, еңбекті қорғау құқықтық институты салааралық құрылым  болып табылады, себебі қызметкерге  келтірілген зиянның орнын толтыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелерін  реттеу кезінде түйісетін құқықтың көптеген салаларымен және олардың  институттарымен, конституциялық құқықтармен  және бостандықтармен, еңбекті қорғау жөніндегі шаралардың әкімшілік  жоспарлануымен және ұйымдастырылуымен  және т.б. байланысты. Осы қатынастардың  барлығы бірнеше институттың  нормаларының реттеу тақырыбы болып  табылады.  

 


Информация о работе Охрана труда