Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлаудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 08:15, курсовая работа

Краткое описание

Тамақтандыру туристік қызмет көрсету технологиясындағы негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде қоғамдық тамақтану индустриясы нарықта беделді орын алады. Бизнес аналитиктердің айтуы бойынша, Қазақстандағы мейрамханалық бизнес табыстылығы бойынша көшбасшылардың «бестігіне» кіреді. Бірақ капитал айналымы мен қызмет көрсету сапасы жағынан Ресей мейрамханаларынан біраз кемшілігі бар. Әрине, географиялық және халық санының масштабтарындағы салыстырмалы түрде айырмашылықтарды ескеру жөн. Соңғы кездері Қазақстанда мейрамханалық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді «ресторатор» деп атайтын болды. Бірақ, көптеген қоғамдық тамақтану кәсіпорындар иелері бұл атауға сай емес. Еуропада бұл атау «үш жұлдызды» мейрамханалар жүйесінің иелеріне беріледі және бұл «жұлдыздарды» берудің басты критерийі баға емес, қызмет көрсету сапасы болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая по сервису.docx

— 92.99 Кб (Скачать файл)

 

 

1.2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметіндегі жоспарлау үрдісі, принциптері, түлері және оның маңызы

 

Кәсіпорын қызметін жоспарлау  – кәсіпкерлік тәжірибенің негізгі  бөлігі.Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде  жоспарлаудан бас тартылған еді. Бұл нарықтық экономикаға үстіртін қарап, ондағы орын алатын проблемаларды  шешу жолдарын жете білмегендіктен болды. Бірақ жоспарлау әрқашанда адамның  ұжымдық (материалдық игіліктерді  өндіру үрдісінде) және жеке (үй шаруашылығын және жеке ісін жүргізуде) мақсатты экономикалық қызметінің негізі болып саналады [9].

Кәсіпорын қызметін жоспарлау  дегеніміз – оның жұмыс істеу  және даму жоспарын кұру және оның ары  қарай орындалуын бақылау. Жоспарлаудың қызметін ұлы философ Огюст Канттың  сөзімен білдіруге болады: «болжау  үшін білу керек; басқару үшін болжау керек» [10].

Сонымен, жоспарлау –  жоспарды әзірлеп, оның жүзеге асуын  және өзгеруге бейім жағдайға қарасты  оның түзетуін бақылау үрдісі. Жалпы  айтқанда – алдыға қойған іс-әрекеттерді  дәйектеу бойынша ақпаратты өңдеу  үрдісі. Жоспар, жалпы мағынада, бір нәрсенің бейнесі, болашақтың моделі, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағытталған шаралар жүйесі. Атап айтқанда, кәсіпорын (фирма, компания) жоспары – бұл қандай да бір өнімді өндіру немесе қызмет көрсетулерді жүзеге асыру және өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мерзімі мен жүйелілігін, әдістерін, көлемін, ресурстардың сәйкестігін, мазмұнын, мақсатын қарастыратын алдын-ала әзірленген іс-шаралар жүйесі [11].

Жоспар, сонымен қатар, жоспарлы кезеңнің соңында қол жеткзілетін  қызметтің негізгі көрсеткіштерінен тұрады. Кәсіпорын қызметкерлері  өз қызметінде жоспарды басшылыққа алады. Қазіргі кездегі кәсіпорын күрделі  басқару жүйе болып табылатындықтан, жопарланған ойларға қол жеткізу  кәсіпорынның барлық бөлімшелер қызметкерлерінің, директордан бастап, қатардағы жұмысшыға  дейін, келісілген қызметінсіз мүмкін емес. Қазір жоспарлау жүйесі кәсіпорын  қызметін нарық жағдайына, нарықтық клиенттердің қарқынды қалыптасушы қажеттілігіне бейімдейді. Қызметті жоспарлауда ең бірінші кәсіпорын, кәсіпкер қызығушылық танытады.

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның негізгі функцияларын (өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б.) жүзеге асыру нәтижесі ретіндегі максималды пайда түсіру үшін атқаратын шаралар бағдарламасын  құру. Сонымен қатар көптеген кәсіпорындар жоспарлауды пайда болатын диспропорцияларға  төтеп беру үшін, ресурстарды рационалды және тиімді пайдалану үшін, өндірістік үрдістің бірқалыптылығын қамтамасыз ету үшін, белгісіздік пен басқа  да жағымсыз әсерлерді жою үшін пайдаланады. Жоспарлау принциптері жоспарлы қызметтің сипаты мен мазмұнын анықтайды. Жоспарлау принциптерін дұрыс ұстану фирманың тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беріп, жоспарлаудың жағымсыз нәтижелерін төмендетеді.

Жоспарлау принциптерін ұстанудан  басқа, жоспарлау жүйесін қалыптастырып, ойдағыдай іске асыру үшін алдын  ала келесі алғышарттар болуы  керек [13]:

1) Кадрлық, басшылықтың  нақты анықталған мақсаттар мен  басқару принциптеріне негізделген  жоспарлау жүйесі шегінде кәсіпорынды  басқаруға дайындығын көрсетеді.  Өкінішке орай, отандық кәсіпорын басшыларының бірқатары қазіргі жағдайда жоспарлауға көп көңіл бөлмейді. Әдетте олар қиындықтардың алдын алу үшін емес, қиындыққа ұшырағаннан кейін ғана жоспарлау көмегіне сүйенеді. Сонымен қатар іс-шараларды дұрыс, тиімді жоспарлау үшін білікті мамандар-жоспарлаушылар қажет, қазір көптеген кәсіпорындарында ондай мамандардың тапшылығы байқалады.

2) Ұйымдастырушылық. Сервис  аясындағы кәсіпорында жоспарлаудың  қалыптасқан ұйымдастырушылық механизмі  қажет. Сәйкесінше жоспарлық және  ұйымдастырушылық пирамиданы құратын  басқару органдары мен ұйымдастыру  бірліктері бір-бірімен өзара  байланыста болуы керек.

Егер сыртқы фактор тұрғысынан жоспарлау нарық жағдайын алдын-ала  біліп отыруды (болжауды) білдірсе, ішкі факторлар тұрғысынан ол кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмыс  атқаруын білдіреді. Сонымен, жоспарлау  кәсіпорынның ұйымдастырушылық тұтастығын білдіреді.

3) Әдістемелік, кәсіпорында  қолданылатын жоспар жүйесі, оларды  әзірлеудің қалыптасқан әдістемелері. Көптеген кәсіпорындар жоспардың  нақты нысандарынан, оларды бекіту  және орындау мерзімдерінен, бақылау  құралдарынан тұратын жоспарлау  әдістемелік іс-құжаттарын өз  бетінше қарастырады.

4) Ақпараттық, яғни жоспарлы-бақылау  ақпаратты жинау, өңдеу және  ұсынудың тиімді құралдары. Бұл құралдарға басқарушылық және қаржылық есеп жүйесі, болжау-талдау жүйесі, жарнамалық-әлеуметтанушылық қызмет, электронды өңдеу жүйесі және т.б. жатады. Біз анықтағандай, жалпы түрде жоспарлауды жүзеге асырылатын іс-қимылдардың алдындағы шешім қабылдау үрдісі ретінде анықтауға болады.

Ресурстарды жоспарлау мақсаты  – оларды қолдануды оңтайландыру. Ресурстарды жоспарлау төмендегілерді қарастырады: ресурстардың шығын деңгейін, қолдану бағыты мен мерзімін, қолдану  тәртібін, ресурстардың өнімдегі комбинациясын  және т.б. анықтау. Ұйымдағы жоспарлау жүйелеу белгілері бойынша қандайда бір түрге жатқызылады. Сервис аясындағы кәсіпорын қызметінде олардың төмендегі негізгі түрлері қолданылады [15]:

Жоспардың жасалу мерзіміне  қарай: ұзақ мерзімді (перспективті), орта мерзімді және қысқа мерзімді (ағымды) жоспарлау.

Ұзақ мерзімді жоспарлау  кезеңі 5 жылдан жоғары, 10-15 және 20 жылды  қамтуы мүмкін. Бұл жоспар өндірістің ұзақ мерзімді стратегиясын анықтайды: әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-технологиялық  дамуы.

Орта мерзімді жоспарлау  – 1 жылдан 5 жылға дейінгі кезеңде  жүргізіледі. Кейбір кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау ағымды жоспарлаумен бірге қатар жүреді. Бұл ретте  бір тізбекті бес жылдық жоспар құрылып, оның бірінші жылы қысқа мерзімді жоспарлауға ұқсайды.

Ағымды жоспарлау 1 жылға  дейінгі кезеңді қамтиды, оған жарты  жылдық, тоқсандық, айлық, апталық (онкүндік) және тәуліктік жоспарлау жатады.

Жоспарлау теориясы мен практикасында  осы үрдістің негізгі және қосымша  аспекттерін қамтитын жоспарлаудың басқа түрлері болуы мүмкін. Кәсіпорынның қызметінде жоспарлаудың әр түрі қолданылады, жиірек олардың комбинациялары қолданылады. Жоспарлаудың қандай түрін қолдану керектігі көптеген факторларға байланысты (мысалы, фирманың ерекшелігіне байланысты факторлар, қоршаған орта факторлары).

Жоспарлау үрдісі – жоспар құру операцияларының жай ғана жүйелілігі емес, сонымен қатар бір оқиғаның артынан міндетті түрде басқасы  болады деген ұғымдағы процедура  емес. Бұл үрдіс үлкен икемділік  пен басқару өнерін талап етеді. Жоспарлауға қатысатын адамдар  міндеттерін жай ғана орындамай, шығармашылық тұрғыда жұмыс істейді.

Жоспарлы қызметтің тиімділігін  бағалаудың негізгі көрсеткіштері  шығындар мен нәтижелердің абсолюттік, сонымен қатар салыстырмалы мөлшері  болып табылады. Кез-келген әсер берілген кейбір қорытындыларға жетудің деңгейін көрсетеді. Әсерді бағалауда нақты  және күтілген көрсеткіштерді тағайындалған  стандартпен, эталонмен және басқа  экономикалық мәліметтермен салыстырады. Тиімділік алынған әсердің оны жүзеге асыру шығындарына қатынасын сипаттайды және осы нәтижеге жетудің құны немесе бағасы болып табылады. Тәжірибеде тиімділік көрсеткіші шығын бірлігіне келетін табыс (пайда) көлемімен көрсетіледі.

Сонымен, жоспардың сапасы мен тиімділігін бағалау кәсіпорын  қызметінің жалпы қорытындыларымен ұштастырылады, бұл кәсіпорын қызметіндегі жоспарлаудың ролін күшейтеді.

Нысанды маркетингті жоспарлау  – табысқа жеткен көптеген компаниялар  пайдаланатын әйгілі амал-тәсіл. Маркетингті  жоспарлау стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін қажет болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді.

Маркетинг жоспары – бұл  белгілі бір уақытта маркетинг  мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік  және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандандырылған құжат [20].

Тәжірибеде жоспарлаудың үшінші әдісі жиі қолданылады. Маркетинг  жоспарын құрастыру, талдау, жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру, бақылау кезеңдерінен тұрады. Маркетингтің дайындалған жоспары  осы кезеңдерден өтіп, жоғары басшылыққа жазбаша есеп беру түрінде беріледі. Есепке тезистік тәртіппен баяндалған аннотация тіркеледі.

 

 

1.3 Қазақстан Республикасындағы  қоғамдық тамақтандыру саласының  қазіргі жағдайы

 

Қазақстан Республикасы бойынша  қоғамдық тамақтандыру саласы қызметіннің  көлемі жыл сайын өсуде. Егер 2009 жылмен 2011 жылды салыстырғанда 121%-ға өссе, 2012 жылы тағы 46,8%-ға артты. Қазақстан бойынша Алматы қаласы, Атырау облысы және Астана қаласы ең көп мөлшерде қоғамдық тамақтандыру қызметтерін ұсынады. Алматы қаласының жалпы көлеміндегі алатын үлесі 31,5%-ды құрайды. Бұл саланың Республикамызда жылдан жылға даму тенденциялары байқалады, егер 2010 жылы Қазақстан Республикасы бойынша көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 37397 млн.теңге құраса, 2011 жылы бұл сан 56 312,6 млн.теңгеге дейін, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 26352,3 млн. теңгеге артты. Жалпы ұлттық өнімде алатын үлесі 2011 жылы 72 653,2 млн.теңге құраса, яғни 7,1%, ал 2012 жылы 87620,0 млн.теңге 8,9% құрады [21].

Қазақстан Республикасы қоғамдық тамақтандыру саласы кәсіпорындарының даму қарқыны 1- кестеде берілген.

1-кесте – ҚР-ы қоғамдық  тамақтандыру саласы кәсіпорындарының даму қарқыны (2008-2012жж.), бірлік

 

 

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2012 ж. 2008ж. салыстырғанда %

Мейрамханалар

417

749

690

870

954

2,3 есе

Отыратын орын саны

35633

68928

79911

89178

103475

2,9 есе

Кафе, барлар

4502

5226

7935

10419

10641

2,4 есе

Отыратын орын саны

92757

164333

261708

361424

359494

3,9 есе

Асханалар

2250

2949

5532

6126

9198

4,1 есс

Отыратын орын саны

70670

136980

219742

2640237

377295

5,3 есе

Барлық кәсіпорындар

7169

8924

14157

17415

20793

2,9 есе

Барлық отыратын орын саны

199060

370241

561361

714629

840264

4,2 есе

Ескертпе – ҚР- ның  статистика Агенттігінің мәліметтері  бойынша жасалған


 

Кесте мәліметтерінен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары құрылымында 2008-2012 жылдар аралығында санының қарқынды өсуі асханалар мен басқа кәсіпорындарға келетінін көруге болады (4,1 есе), ал кафе, барлар, сонымен қатар мейрамханалар саны асханалармен салыстырғанда баяу өсті (сәйкесінше 2,4 есе, 2,3 есе) [22].

Қазақстан Республикасы қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет ететін кәсіпорындар құрылымында 2011 жылы кафе мен барлар саны жоғары - 10 641 бірлік, бұл осы саладағы кәсіпорындардың жалпы санының жартысынан астамы (немесе 51 %), асханалар мен басқа да қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары саны 9198 бірлік болып, 44%-ды құрады. Ал мейрамханалаға келетін болсақ, олардың саны басқалармен салыстырғанда едәуір аз – тек 954 бірлік (немесе 5%).

ҚР және Алматы қаласының  қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көлемі. Бірақ елімізде әлі ашылмаған немесе дамымаған қоғамдық тамақтандыру түрлері бар. Мысалы, балалар кафесі-бұл тақырып көптеген кәсіпорында қолданады, бірақ жеке мекеме ретінде ашылған жоқ. Сонымен қатар, перспективті ағым ретінде «локальды» мекемелердің ашылуын жатқызуға болады, яғни қаланың шетіндегі бөліктеріне қызмет көрсету. Кейтеринг және тапсырысты үйге немесе жұмысқа жеткізу қызметің кең түрде дамытуға болады. Талғамдарға сай белгілі бір тағамды немесе сусынды ұсынатын мекемелер жеткіліксіз. Қазақстанда қоғамдық тамақтанудың әрбір нүктесіне-4,5мың адам келсе, Мәскеуде-2мың адам, Еуропада-250 мың адам, ал Кореяда-40мың адам келеді екен. 2011 жылдың мәліметтері бойынша Алматыда өткізудің жалпы көлемі 2 млн.доллар құраса, Ресейліктер 4,5 млрд.доллар ақша жұмсайды екен. Яғни қазақстандық мейрамхана бизнесінің даму сатылары әлі алда.

Алматы қаласының статистикалық  басқармасы мәліметтері бойынша 2011 жылмен 2012-шы жылды салыстырғанда мейрамханалардың саны 6,5 %-ке артып, барлық саны 230 мейрамхана құрады. Барлар мен кафелердің саны 80-ге өсіп, 333-ке жетті, ал асханалардың саны 3,4 есеге артып, 1795 асхана жұмыс істеуде [23].

 

 

 

 

 

2-кесте - Алматы қаласы бойынша қоғамдық тамақтандыру саласының жалпы көрсеткіштері

 

Атауы

Жылдар

2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда,%

2011

2012

Мейрамханалар саны, бірлік

216

230

106,5

Отыратын орын саны, бірлік

20680

24337

117,7

Кафе, барлар саны, бірлік

253

333

131,6

Отыратын орын саны, бірлік

14582

17176

117,8

Асхана және басқалары, бірлік

518

1795

346,5

Отыратын орын саны, бірлік

26854

62524

232,8

Ескертпе – ҚР- ның  статистика Агенттігінің мәліметтері  бойынша жасалған

Информация о работе Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлаудың теориялық негіздері