Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 00:48, реферат
Туризм Қазақстанда рыноктық қатынастарды қалыптастыруда көптеген аспектілердің жетекшісі болып табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты саласына айналуы мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар мен өзгерістердің методологиялық жоспарында туризм аясының ең тиімді және мақсатты бағытты саясатын таңдау маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта туристік бизнестің дамуына, динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына ретроспективті және ситуациялық талдау жасау керек.
1. Қазақстан Республикасында туризм
саласындағы маркетингтің дамуы
Туризм
Қазақстанда рыноктық қатынастарды қалыптастыруда
көптеген аспектілердің жетекшісі болып
табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе
көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде
экономиканың ең табысты саласына айналуы
мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар
мен өзгерістердің методологиялық жоспарында
туризм аясының ең тиімді және мақсатты
бағытты саясатын таңдау маңызды рөл атқарады.
Осы мақсатта туристік бизнестің дамуына,
динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына
ретроспективті және ситуациялық талдау
жасау керек.
Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен
күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және
динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде
тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан
ғана табыстылық деңгейінен артта қалады.
ДТҰ жылма-жыл стсатистикалық жинақ шығарып
отырады. Өкініштісі, осы жинаққа Қырғызстан
еніп, Қазақстан енбей қалған. Ендеше,
осындай көкейтесті мәселені мемлекеттік
дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы
да, халықаралық қауымдастық алдындағы
ел беделін де дұрыс пайдалану қажет. Туризм
қызметінде маркетингтің кешенін айтарлықтай
әлі қолданбаған, туристік кәсіпорындардың
маркетингтік кешенін жолдау толық зерттелмеген.
Осы тұрғыдан алғанда тақырыптың актуалдылығын
аңғаруға болады.
Республикамыз бойынша туризм, демалу
және емделу зоналар жалпы ауданы 1,7 млн
га жуық болады. Оның ішінде Батыс Қазақстанда
168,6 мың га, Солтүстік Қазақстанда 373,4 мың
га, Орталық Қазақстанда 111,8 мың га, Шығыс
Қазақстанда 453,8 мың га, Оңтүстік Қазақстанда
513,4 мың га.
Қазақстанда туризмді дамытудың маңызды
алғышарттарының қатарына күзетілетін
табиғи объектілер және аң шаруашылықтары
жатады. Бүгінгі таңда Республикамызда
7 мемлекеттік қорық бар, әрине, олар КСРО
кезінде құрылғанболатын. Сондықтан да
осындай көлемдегі қорығы бар жерлер Республикамызда
туризмді дамытуға негіз береді деп есептеледі.
Ақсу Жабағылы, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын,
Марқакөл, Наурызым, Үстірт қорықтары
803,4 мың га жерді алып жатыр, 2 табиғи парк
(Баянауыл және Қарқаралы), 64 мемлекеттік
аңшылық-шаруашылық фаунаны қорғайтын
тапсырыс орындарының ауданы 6,1 млн га,
1,8 млн га созылып жатқан 19 мемлекеттік
аң шаруашылықтары, 23,9 млн га жерге орналасқан
400-ден астам спорттық-аңшылық шаруашылықтары.сы
аталған территориялардың барлығы Республикамыздағы
туризмді дамытудың бірінші кезектегі
қорлары деп қарастырылады. Қазақстанда
туристік қызметке жүргізілген талдау
әрбір кезеңдегі туризм дамуын жүйелендіруге
және оның ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік
береді.2004 жылы азаматтар саны, соның ішінде
Қазақстан Республикасына келген шет
елдік туристер саны 2507 адамнан жоғары
болды, яғни шет елдік туристердің әлмдік
ағымының 0,006%-ын құрады. Оларды қабылдаудан
және қызмет көрсетуден түскен табыс 3
млрд. 312 млн. 924 мың теңге болды. Жалпы Қазақстанның
турқызметтер экспортының көлемі халықаралық
туризмнің 2,9 % үлесін алады және Қазақстанның
ұлттық табысындағы туристік қызметтен
түскен табыстың үлесі 2004 жылы 0,05 % құрады.
Берілген мәліметтерден елдің туристік
бизнесінде жағымсыз беталыс байқалатынын
көруге болады, ол барлық туристік қызметтер
түріне сұраныстың төмендуімен байланысты.
Қазіргі таңда Өзбекстан, Қырғызстан,
Ресей сияқты көрші мемлекеттер Қазақстанды
туристік көрсеткіштер бойынша артта
қалдыруда.
Қырғызстан мен Өзбекстанның артықшылықтары
туризм бұл елдерде басымды мемлекеттік
саясат болып табылады. Бюджеттен тікелей
субсидиялар, өкілетті органдардың жоғары
мәртебесі, салық салудағы жеңілдіктер.Сонымен
қатар туризмді дамытудың басты жолы –
жарнама.
Туристер үшін Қазақстанда 700 саяхат бағыттары
ұсынылады. Сонымен қатар, 32876 орны бар
әр түрлі категориядағы 372 қонақ үйлер
жұмыс істейді. Алматыда 4950 орны бар 25
қонақ үй бар.
Туристік қызметтердің баламалы рыногын
көрші елдер ұсынып отыр, мұндағы Қазақстан
Республикасындағы келесі факторлар нәтижесінде
ұтылып отыр әсер етеді (1сурет).
Біріншіден, шетел азаматтары үшін визаның
қымбаттылығы және келу визаларын тіркеу
процедурасы.
Екіншіден, турфирмалардан алынатын жоғары
салық қойылымдары.
Үшіншіден, кедендік процедуралардың
күрделілігі.
Төртіншіден, теңізге шығатын жолдың жоқтығы
және елдің туризм объектісінің территориялық
алшақтығы.
Бесіншіден, Үкімет басындағылардың экономикалық
дағдарысты себеп қылып ақша қаражаттарын
туризмге салмауы. Шетел азаматтары үшін
виза мәселесін жеңілдету мақсатында
Қазақстан Республикасының Шетел іс Министрлігі,
туризм және спорт агенттігі, Ішкі Істер
Министрлігі бірігіп, виза процедурасын
жеңілдету бойынша эксперимент жүргізу
туралы шешім қабылдады. Эксперимент Астана
және Алматы қалаларының әуежайларында
жүргізіледі.
4-сурет. Қазақстандағы туризмді дамытуға
әсер ететін негізгі экономикалық факторлар.
Тұтынушылардың
қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе
екені бәріне түсінікті. Осының мақсатында
туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер
жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің
негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы
мен конъюктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер,
жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады.
Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген
факторлар әсеріне байланысты (экономикалық,
табиғи, әлеуметтік – мәдени және т.б.).
Кәсіпорын маркетингі практикасындағы
факторлар мен оларды қолданудағы күрделі
өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға,
қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын
спорт пен демалысқа кетіруге тырысады,
туристік фирма іс-әрекетіне бейімделуге
және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын
көрсету міндеті болып табылатын туристік
маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға
жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында
негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына
бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы
туристік қызметтің массалық өндірісінің
құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Туризм индустриясындағы туристік маркетингке
компьютерлік техниканы енгізу керек.
Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын
факторларға келесілерді жатқызуға болады:
1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты және
климаты; 3) келушілерге тұрғылықты халықтың
қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5)
бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі;
7) спорттық және білім беру мүмкіншіліктері;
8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.
Сондай-ақ, туристердің ағымының төмендеуіне
әсер ететін басқа да мәселелер бар: 1)
виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар.
Визасыз кіріп-шығуға болатын елдер бар.
Біз үшін осындай әкімшілік рәсімінің
жеңілдеуі өте маңызды; 2) Қазақстан Республикасының
туризм агенттігі «Hot Line» құру ісімен айналысуда.
Егер турист кез-келген аймақта туристік
сапармен жүрген кезде төтенше жағдай
болса, арнайы жүйе арқылы қажетті көмек
жөнінде ақпарат беруге мүмкіндік туады.
Бұл әрине мәселенің ұшығуының алдын алады;
3) тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі;
4) көрсетілген қызметтердің бағасының
деңгейін олардың сапасына сай болмауы
(тұру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз
ету және т.б.); 3) салық саясаты туризмнің
дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді
жіберуге немесе қабылдаумен айналысатынына
қарамастан туристік қызметке қосымша
құн салығы салынады.
Қазақстан туризм саласына SWOT талдау жүргізетін
болсақ, МЖМ алаңы – яғни, Қазақстан матрицада
көрсетілген мықты жақтарын қолданып,
туып отырған мүмкіндіктерді жіберіп
алмауы тиіс. ҚР туристік ел ретіндегі
басқа елдерге қарағандағы бәсекелестік
артықшылығы геосаяси жағынан өте ыңғайлы
жерде орналасуы, туристік рекреациялық
зоналардың, ландшафтардың, флора мен
фаунаның алуан түрлігі, саяси тұрақтылығы,
ілгері экономикалық дамуы, территориясында
тарихи ескерткіштердің мол болуы және
Ұлы Жібек Жолының бойымен орналасуы болып
табылады. Аталып кеткен мықты жақтар
Қазақстанда туризм саласының үлкен потенциалы
бар екеніне көзімізді жеткізеді және
соның әсерінен еліміздің алдында бірқатар
мүмкіндіктер туғызады. Олар SWOT матрицасында
келтірілген. Енді біздің мақсатымыз аталған
мықты жақтарды пайдаланып, туып отырған
мүмкіндіктерді жүзеге асыруға қол жеткізетін
стратегия бойынша туризм саласын дамыту.
Яғни, дамыту дегеніміз саланың алдында
тұрған бірқатар мәселелер тізбегін шешу.
Бұл мәселелер біздің әлсіз жақтарымыз
болып табылады. Олар да SWOT матрицасында
өзінің орнын тапты және ӘЖМ алаңында
мүмкіндіктермен қиылысады. Осы алаңның
мағынасы – мүмкіндіктерге қол жеткізу
үшін әлсіз жақтарды жою керек. Сол мақсатта
жүзеге асатын стратегиямен жұмыс істеуіміз
қажет.
Сонымен қатар, туристік саланы мүлдем
артқа қарай шегіндіріп тастай алатын
бірқатар қауіптер де төніп тұр. Олар қатарына
экология нашарлауы, саяси тұрақсыздық,
экономикалық тұрақсыздық жатады. Аталған
қауіптердің алдын алу үшін біз өзіміздің
мықты жақтарымызды қолданып, олардың
мүлдем көзін жоятын стратегия бойынша
қызметті жүзеге асыру қажет. Бұл жағдай
SWOT матрицасының МЖҚ алаңында туып отыр.
Туристік саланың төмен деңгейде болуының
себептері мен оған төніп отырған қауіптері
ӘЖҚ алаңында қиылысуда. Бұл алаңда біздің
алдымызда тұрған мәселе — әлсіз жақтардан
құтылу және қауіптерді әр қашанда қадағалау,
өмірде өз көрінісін табуына жол бермеу.
Сонда мықты жақтар әсерінен пайда болып
отырған мүмкіндіктер жүзеге аысп, елімізге
үлкен пайдасын әкелер еді.
Кесте
2 – SWOT матрицасы.
Мүмкіндіктер
1. Туризмге тікелей немесе жанама қатысы
бар барлық кәсіпорындарды дамыту;
2. Халықты жұмыспен қамтамасыз ететін
шағын және орта бизнесті дамыту;
3. Еліміздің беделін әлемдік қауымдастық
алдында көтеру;
4. Келу туризмін кеңейту арқылы шетел
валютасының Қазақстанға келуіне қол
жеткізу;
Қызмет көрсету саласын кеңейту. Қауіптер
1. Экологияның нашарлауы;
2. Саяси тұрақсыздық;
3. Экономикалық тұрақсыздық.
Мықты жақтар
1. Қазақстанның геосаяси тұрғысынан ыңғайлы
жерде орналасуы;
2. Туристік рекреациялық зоналарының,
ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан
түрлілігі;
3. Саяси тұрақтылық пен экономикалық дау;
4. Қазақстан территориясында тарихи ескерткіштердің
көп болуы;
5. Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойында
орналасуы. МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР
– МЖМ МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР – МЖҚ
Әлсіз жақтар
1. Әлсіз инфрақұрылым;
2. Қазақстан жөнінде потенциалды туристерде
ақпараттың аздығы;
3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкес деңгейде
болмауы;
4. Туризм саласында Қазақстан мамандарының
тәжірибесінің аздығы. ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН
МҮМКІНДІКТЕР — ӘЖМ ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР
— ӘЖҚ
Туристік
кластер ядросы қызмет жабдықтаушылар
болып табылады, басқа сөзбен айтқанда
бұл шетел туристерін Қазақстанға шоғырландыру
қызметтерін ұсынатын туристік агенттіктер.
Қонақ үйлер, демалыс үйлері, транспорттық
компаниялар да туристік бизнестің өте
маңызды құраушылары болып табылады және
туристік агенттіктермен ұсынылатын қызмет
пекеттеріне енгізіледі.
Қызықтыру орындары туристік кластер
картасының өте маңызды орнын алады, себебі
олар тек туристер таңдауын ғана емес,
сонымен қатар әр бір елдің ерекшеліктерін
де көрсетеді.
Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы
өзгеше мәдениетінде (тарихи туризм), көркем
жабайы табиғатында және спорттық туризм
мен экстремалды туризм сияқты белсенді
демалыс түрлерімен айналысуға мүмкіндіктің
бар болуында жатыр.
Келушілер де туристік кластердің маңызды
бөлігі, туристік кластер картасы тапсырыс
берушінің қалауына байланысты өзгеріп
отырады.
Туристік қызметтердің жанама жабдықтаушылары
мейрамханалар мен туристердің қауіпсіздігімен
айналысатын мекемелер. Қазіргі таңда
аталған сектордың туристік агенттіктермен
байланысы қажетті деңгейдк емес.
Туристік кластер дамуының қажетті құраушысының
бірі білім беру мекемелері, салалық ассоцияциялар
және мемлекеттік мекемелер. Білім беру
мекемелері туристік кластерге қажет
мамандары даярлаумен шұғғылданады.
Туризм индустриясын дамыту мақсатында
біртұтас мемлекеттік саясат жасалған.
Білім беру, мәдеениет және денсаулық
сақтау министрлігінің туризм және спорт
комитеті Республиканың заң базасына
сүйеніп, 2030 жылға дейін саланың дамуының
стратегиялық бағдарламасын және «Жібек
жолының тарихи орталықтарын өркендету»
мемлекеттік бағдарламасын жасады. Екі
бағдарлама да Қазақстан Республикасының
Президентінің жарғысымен үкімет қаулысымен
бекітілген. Қазақстандағы Жібек жолы
бөлігін өркендету мақсатында «Жібек
жолы – Қазақстан Ұлттық компания» АҚ
құрылды.
Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе
болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда
туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып,
оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.
Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық
нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ.
Сол себептен, қазақстандық туристік өнімі
өмір сүру шеңберінде енгізу кезеңінде
тұр. Бұл кезеңде маркетинг шараларын
өте белсенді түрде қолдану керек, дәлірек
айтсақ, туристік өнімі жайлы әлуетті
туристерді ақпараттандыру деңгейін көтеру
керек, яғни Қазақстан туризм үшін өте
қолайлы жер деген ойды тұтынушылар санасында
жайғастырып, туристік өнімнің имиджін
құруымыз қажет. Ішкі туризмнің тұтынушылары
болып табылатын республикамыздың азаматтарының
да қазақстандық туристік өнім жайлы ақпараттану
деңгейі жоғары емес. Қазіргі таңда алыс
шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, бірақ
көршілес елдерге туристік сапармен баруға
жағдайлары келетін хлық үлесі елеулі
болып отыр. Осы тұтынушылардың өзіміздің
туристік өнімізге қызығушылықтарын арттырып,
тартып алуымызға қазіргі таңда өте қолайлы
жағдай туып отыр. Көршілес мемлекеттерде
саяси жағдайдың тұрақсыздығы біздің
ішкі туризм көрсеткіштеріне оң әсерін
тигізе алады. Сондықтан, қазіргі уақытта
туристік ел ішінде белсенді түрде дәріптеуіміз
қажет.болады. БАҚ — ң мониторингы арқылы
бәсекелестердің жарнамалық кампаниялары
туралы, олардың жарнамасының тәсілдері
мен ауқымы қандай дәрежеде екенін білуге
болады. Сонымен қатар, БАҚ — да туристік
фирмалардың рейтингі басылады. Олар түпкілікті,
жиналып, зерттеледі.
Сонымен қатар шетелдік партнерлар ақпатар
көзі болуы мүмкін. Олар бәсекелестер
жіберген туристік лектерілңкөлемі кандай
екенін және олар қандай қаладан келгендігі,
қандай қосымша қызметтермен пайдаланғандағы
жайлы ақпарат беруі мүмкін.
Бәсекелестер туралы ақпарат жиналып,
талданып есеп түрінде туристік фирма
басшылығына беріледі. Өйткені, туристік
фирмалардың мақсаты бәсекелестерге қарағанда
жақсырақ жұмыс жасау болып табылады,
олар бәсекелестерінің кемшіліктерін
табу арқылы өзінің жүмысында оларды болдырмауға
тырысуы қажет. Бәсекелестерге қатысты
тур фирмалардың белгілі бір стратегия,
бағалық саясат және маркетинг кешенінің
бір қүралы қолданылады.
Агенттік тораппен жұмыс жасау маркетинг
бөлімінің маңызды мәселесі болып табылады.
Агеттік торапқа турфирмамен келісім
шартқа отырған барлық турагенттіктер,
жеке кәсіпкерлер және ұйымдар кіреді.
Маркетинг бөлімінің агенттік торапқа
жауап беретін қызметкерлері агенттер
туралы көрсеткіштер базасын жүргізуі
тиіс.
Агенттік торатың мүшелеріне турфирманың
ұсынатын қызметтерінің пакеттері жіберіледі
(каталогтар, брошюралар және олардың
электрондық түрі т.б.). Агенттер барлық
керекті ақпаратпен қамтылуы тиіс.
Сонымен қатар, маркетинг бөлімінің қызметкерлері
агенттердің жұмысы нәтижелері туралы
есеп жүргізіп отыруы тиіс.
Агенттік тораптың мүшелерінің жұмысын
ынталандыру мақсатында бонустар жүйесі
енгізілуі тиіс. әрбір жіберілген турист
белгілі бір ұпай әкеледі. Үпайлардың
белгілі бір мөлшері бонусиық жүйенің
бірінші, екінші және үшінші орындарға
шығуға мүмкіндік береді. Бүл коммисиондық
марапаттаудың 3 деңгейін қарастыруға
мүмкіндік береді. Төменгі деңгейдегі
коммисиялық марапаттау 5 — 7 %, ең жоғары
деңгейде — 10 — 12 %. Бонустарды санау және
коммисиондық марапаттау мөлшерін орнату
маркетингтік бөлімнің қызметіне кіруі
керек.
Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының
бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен
кездесілерге қатысу болып табылады. Олар
турөнімге ғана емес және турфирмаға назар
аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік
бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан,
болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы
ақпарат жинау болып табылады. Осыған
байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады
— біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс
істеуге тарту («риsһ») және екіншісі тұтынушыларға
бағытталған («рull»). Кәсіби көрермендер
көрменің үшін бірінші күн арналады.
Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін
жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге
дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық
карточкаларды қажетті көлемде дайындайы
қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті
жасауы қажет.
Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты
бар: 1) партнерлік байланыстарды және
агенттік тораты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне
түпкілікті тұтынушыларды тарту.
Стендте жұмыс істеу үшіе турфирма ең
көзге түсімді, эрі пысық қызметкерлерін
қояды. Олар шетел тілдерін білуі қажет.
Стенд — турфирманың қызметі жайлы толық
мәлімет беретін витрина.
Тур операторлармен жұмыс істеуге агенттерді
тартудың тағы бір
құралы презентацияларды ұйымдастыру.
Презентация кәсіби көрме жүмыс
істеп жатқан күндері, аумақтардағы жаңа
филиалдардың ашылуына
байланысты немесе туристік мерзімнің
ашылуымен байланысты
ұйымдастырылады. Презентацияны ұйымдастырумен
маркетинг бөлімі айналысады. Презентация
салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда
жүргізіледі.
Ұйымдарга демеушілк көмек, Турфирмалар
әр түрлі қоғамдық шараларда демеуші ролін
атқаруы болады. Маркетинг бөлім елде,
қалада қандай шаралар өтіп жатқандығын
іздестіріп, ол жерлерге қатысу туралы
шешім қабылдайды. Негізі қоғамдық өмірде
мағызы бар және БАҚ — да үлкен резонанс
алатын оқиғаларға демушілік жасайды.
Оперативті маркетшг. Турфирманың маркетингтік
бөлімі агенттік торап арқылы және Интернет
жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың
мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің
бағытын бақылау мақсатында есеп беру
бланктары жасалады.
Жарнамалық қызмет. Турфирманың жарнамалық
қызметін жүргізудің негізгі бағыттары
болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар
жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау,
БАҚ — да жарнаманы ұйымдастыру, каталогтар
жасау, пресс — конференцияларды жүргізу
және т.б. жарнамалық әрекеттер.
Шетелде турөнімнің жарнамасымен тек
турфирмалар ғана емес, сонымен қатар,
федералды және жергілІкті құрылымдар,
қонақ үйлер, театрлар, музейлер, тематикалық
парктер, мейрамханалар және басқалар.
Мысалы, Голландидағы қызғалдақтардың
өскендері жайлы БАҚ — ғы күшті жарнама
рақылы білуге болады. Аты әйгілі Кекенхоф
өзінің ғажайып гүлдері бар брошюраларын
элемнің түпкір — түпкіріне жібереді.
Бұл брошюраларда парктың тарихы туралы,
қандй көлікпен ол жерге жетуге болатындығы
жэне бағаларының қандай екендігі туралы
толық ақпарат бар. Қазіргі кездегі турфирманың
қызметі рыноктық ортада жүргізіледі.
Сұраныс пен ұсыныс қаңдары, еркін бәсекелестік
турфирманы рыноктық ойынға бас ұруға
әкеледі. Маркетинг фирмаішілік және сыртқы
орта шындығымен байланыстыратын механизм
болып табылады. Ол рыноктың конънктурасы,
рыноктағы бәсекелестер, туристік лектерің
бағыттары, туристік өнімнің өзгеруі,
тұтынушылардың талғамы мен көзқарасының
өзгерісі жайлы ақпапарт береді .
Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын
факторларға келесілерді жатқызуға болады:
1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты жэне
климаты; 3) келушілерге түрғылықты халықтың
қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5)
бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі;
7) сорттық және білім беру мүмкіншіліктері;
8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.
Сондай — ақ, туристердің ағымының төмендеуіне
әсер ететін басқа да мәселелер бар:
1) виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар.
Визасыз кіріп — шығуға
болатын елдер елдер бар. Біз үшін осындай
әкімшілік рәсімнің жеңілдеуі
өте маңызды.
2) Қазақстан Республикасының туризм агенттігі
«Ноt Lіпе» құру ісімен
айналысуда. Егер турист кез — келген
аймақта туристік сапармен жүрген
кезде төтенше жағдай болса, арнайы жүйе
арқылы қажетті көмек жөнінде
ақпарат беруге мүмкіндік туады. Бүл әрине
мәселенің ұшығуының алдын
алады.
3) тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі
4) көрсетілген қызметтердің бағасының
деңгейін олардың сапасына сай
болмауы (түру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз
ету және т.б.)
5) салық саясаты туризмнің дамуына кедергі
жасайды, фирма туристерді
жіберу немесе қабылдаумен айналыстынына
өарамастан туристік қызметке
қосымша қүн салығы салынады.
6) Туризм саласы дамыған елдердің тәжірибесі
көрсеткендей тек шетелдік туристерді
қабылдайтын туристік фирмалар ғана ел
экономикасына пайда әкеледі.
2.
Қазақстан Республикасындағы
Қазіргі
уақыт немесе кеңейтілген маркетинг категориясында
кәсіпорынның сыртқы ортамен өзара әрекет
ету жүйесі ретінде қарастыра отырып,
осы ортада кәсіпорынның тұрақты жағдайын
қолдауға бағытталған зерттеу процесіне
негізделе отырып, кәсіпорындарда маркетинг
жүйесінің қалыптасуы сипаты зерттеледі.
Рыноктың қатынастарға өту кезіндегі
маркетингті ұйымдастыру процесіне сыртқы
ортаның өзгерістері, соның ішінде заң
шығару базасының жетілдірілуі айтарлықтай
ықпал етеді. Сыртқы ортаның қалыптасқан
факторлары жағдайын талдау отандық кәсіпорындарда
маркетинг жүйесін ұйымдастыруды қаржыландырудың
жетімсіздігін объективті анықтайды.
Бұл осы іскерлікте тәжірибе тапшылығымен
қатар нарық шарттарында білікті жұмысты
қамтамасыз ету үшін қажет маркетинг жүйесінің
ресурстың әлуетті элементтерінің барлық
түрлерінің (кадрлық, қаржылық, техникалық,
әдістемелік және т. б.) жеткіліксіздігіне
әкеледі.
5сурет
– Кәсіпорындарда маркетинг
Осы көрсетілген суретте өтпелі кезенде
маркетинг жүйесін ұйымдастырудың объективті
проблемаларын анықтайтын факторлар келтірілген.
Қазақстан кәсіпорындарында маркетинг
жүйесін ұйымдастырудың мәселелерін шешу
үшін салалық өзгешеліктерді есепке алу
маңызды болғандықтан қоғамдағы жетекші
салалардың кәсіпорындарындағы маркетинг
ерекшеліктері болып табылды.
«SANAT» компаниясы тур пакеттерін шығарушы
және туристік қызметті іске асырушы болып
табылады. Көрсетілетін қызмет түріне
келетін болсақ, ол шетелдерге туристерді
жіберу және шетел туристерін қабылдау,
сәйкесінше оларға туристік қызмет көрсету
рыногында – 7 жыл. Ол өзін ішкі және халықаралық
туризм облыстарында өзін — өзі жақсы
жақтарынан көрсетті. Негізгі өнімі Қазақстан
территориясы мен Қиыр және Таяау шетелдерге
турларды ұйымдастыру және визалық көмек
көрсету болып табылады.
ЖШС-ң қызметінің заңды негізгі, Жарғы
және құрылтай құжаттары болып табылады,
онда қоғамның құжаттары, ЖШС-ң құрылтайшыларының
құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
ЖШС-ң құрылтайшылары компанияның міндеттері
бойынша жарғылық қорға салған өздеренің
салымарынмен жауап береді.
Егер де туристік фирманың туристік жылдамасы
қалай есептейтіні қарастырсақ, оған мысал
ретінде Туркиядағы бірнеше отельге 10
күндік демалыста туристер үшін турпутевка
бағасын қымбаттатын – авиа билет. Себебі,
Қазақстанның авиа компанияларының қойылымдары
өте жоғары. Мысалы, Москва – Анталия рейсі
туристер үшін барып келу 110 доллар, ал
Алматы – Анталия рейсі – 350 доллар, демек
рейстер үшін туржолдама бағасы арзан
түседі.
«SANAT» компаниясы орташа мөлшердегі компания
болғандықтан, ол үшін ұсынылатын маркетинг
бөлімшесі қызметкерлері саны 5-7 адам.
Олардың арасында фукциялар келесідей
бөлінеді:
• бөлім басшысы – бөлімді жалпы басқару;
маркетингтік іскерлік стратегиясын құру;
• бөлім басшысының орынбасары – қызмет
рыногын оқу, дәстүрлі және жаңа қызметтеріне
сұранысты анықтау;
• сыртқы және ішкі ортаны бақылайтын
маркетолог, яғни болып жатқан өзгерістердің
маркетинг стратегиясына әсерін анықтап,
оған тузетулер енгізуі керек;
• туристік өнімдерге сұранысты қанағаттандару
үшін қажет өндірістік ресурстарды анықтау
бойынша маркетолог;
• балаларды құру бойынша маркетолог;
• басқа ұйымдармен қатынас, жарнама және
қызмет сапасы бойынша маркетолог.
Қызметтің бәсекелік қабілеттігі – бұл
рынокта жемістілікті анықтайтын қызметтің
(тауарды) тұтынушылық және құндық сипаттамалар
жиынтығы. Бұл көп фукционалды түсінік,
күрделі категория, рынок шарттарында
тауарға сәйкес сипатталып, тұтынушылар
талаптары тек сапалық, техникалық, эстетикалық
сипаттамалары ғана емес, сонымен өткізудің
экономикалық және коммерциялық шарттары
бойынша анықталады.
«SANAT» компаниясы рынокта табысты әрекет
ету үшін қызметтің бәсеке қабілеттілігін
анықтап, нәтижесінде туристік қызмет
топтарын 3 топқа бөледі:
1. бәсекеге қабілетті туристік қызмет;
2. бәсекеге қабілеттік деңгейіне жеткізуді
талап ететін туристік қызметтер;
3. өндірістен шығаруға жататын туристік
қызмет.
Рынокқа қызметті жылжыту жүйесінің негізгі
құрамдастары – жарнама, жекелей сатулар,
сатуды ынталандыру, қоғаммен байланыстар
екенін 1.2. тарауда қарастырдық.
Жарнаманы жоспарлау оңтайлы түрде, яғни
ең аз шығынмен қалаул нәтижеге жету –
рынокқа белсенді әсер ету, өндірушіден
тұтынушыға (туристке) қызметтің жылжуын
жеделдетуге ықпал ету мүмкіндігін береді.
Осыдан басқа, жоспарлау бір мәртебелік
акциялардан жете ойланылған, ортақ идеямен
байланысқан, бір мақсаттары бар шараларға,
яғни жарнама кампаниясына өтуге жағдай
туғызады.
«SANAT» компаниясындағы жарнамалық кампанияның
мақсаты – берілген өнімнің рынокта жылжуы,
отандық туристік фирмалардың арасында
жетекші орында болу.
Белгілі мақсатқа арналған мақсатты аудиторияны
таңдау: туристік қызметті сегменттеу
рыногы туристік қызметтерді тұтынушылардың
төрт деңгейі қолайлырақ екендігін көрсетеді.
Бірінші деңгей – тұтынушылар;
Екінші деңгей – ұйымдар – тұтынушылар;
Үшінші деңгей – жергілікті кәсіпорындар
– турагенттер басшылары;
Төртінші деңгей – шетел кәсіпорындары
— турагенттер басшылары.
Фирманың маркетингтік бюджеті 20000 АҚШ
долларын қамтиды. Жарнамалық кампанияның
құны – 11350 АҚШ доллары (10 кесте). Таяу шетелдерде
өнімнің құны 100 АҚШ долларынан басталады.
Жарнамалық кампанияның құрылымына келетін
болсақ, рынокқа шығу мен жарнамалық кампанияларды
рационалдау үшін жарнамалық кампанияларды
жүргізу бойынша бөлім құру керек.
Жарнамалық кампанияларды жүргізу бөлімі
жарнамалық кампанияны басқару және қадағалау
бойынша орталық топтан тұрады (өзіне
шығындарды калькуляциялаумен айналыстатын
әріптестерін қосады).
3-кесте
– Фирманың маркетингтік
Құны Қажеті Шығыны
Көрмеге қатысу Көрмедегі 1шаршы м. Аудан
– 2000 долл. Тауардың имиджін жасау -500 долл.,
дизайн – 500долл. 10 шаршы метр 2000долл.
500долл.
500долл.
Теледидардағы
роликтер
1 мин.- 10000 долл. 5 секундтан 2 ролик тематикалық
бағдарлама. 1000долл.
Радио ролик 1 мин.- 1000долл. 10секундтан
6 ролик 1000долл.
Журналдағы жарнама Жарнама ¼ бет – 500
долл. 4 жарнама 1/8 беттен 1000долл.
Газеттегі жарнама Жарнама ½ бет – 600 долл.
8 жарнама ½ беттен 4800долл.
Басылған қағаздар 1 беті – ¼ долл. 1000 бет
250 долл.
Компьтерлік тор Бетті құру – 2000 долл.(тіркеу)
+100 долл.
(дизайн) 1 Web бет 300долл.
Нәтижесі: 11350
Ал
жарнамалық кампанияны жүргізу уақыты
2005 жылдың қантар- мамыр айлары. Бұл уақытты
таңдау, осы маусымдарда ең көп туристік
көрмелер болатынымен негізделген.
Өнімнің кеңінен бағытталған түрлеріне
берілген өнімге демографиялық мүдделері
міндетті түрде ескеру қажет.
Жарнамалық кампаниялар жүзеге асыруды
өткізу бөліміне беру керек. Қоғамдық
жаналықтарды электронды құрылымдар арқылы
қолдану туралы жарнамалық агенттіктерге
жүгіну жақсы. Берілген жарнамалық агенттер
жарнаманы теледидар мен радиоға жібереді,
шағын компаниялар тауар туралы бағдарлама
түсіре алады.
Сайтта құру мен дизайнын жасау дизайнерлік
компьютер фирмаларына жүктеледі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Информация о работе Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы