Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 00:48, реферат

Краткое описание

Туризм Қазақстанда рыноктық қатынастарды қалыптастыруда көптеген аспектілердің жетекшісі болып табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты саласына айналуы мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар мен өзгерістердің методологиялық жоспарында туризм аясының ең тиімді және мақсатты бағытты саясатын таңдау маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта туристік бизнестің дамуына, динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына ретроспективті және ситуациялық талдау жасау керек.

Вложенные файлы: 1 файл

turizm_marketing.docx

— 34.87 Кб (Скачать файл)

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. 
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. 
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. 
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. 
Қазақстанның мәдени — тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми — әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады. 
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік — экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа 
бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, «әдемі» де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей. 

 

 

 

Қорытынды 
Әрбір туристік фирмаға қандай елге саяхаттарды ұйымдастыру, қандай түрімен және қызметтердің қандай түрімен туристік пакетті толықтыру керектігін өзі шешуге тұра келеді. Стратегиялық шешімдер қабылдағанда туристік фирмаларға рыноктың қажеттіліктері мен түріне сүйенеді. Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екенін бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюнктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, элеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қоладанудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс — әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрстеу міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінң құралдарын жетілдіруге мүмкіндік берерді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек. 
Туристік фирмалардың қызметін жетілдіру үшін туристік фирмаларға тек қана маркетингпен айналысатын бөлімдер ашу қажет. Бұл маркетингтік бөлімдердің қызметтері келесідей болуы тиіс: 
1. Бәсекелестерді зерттеу; 
2. Агенттік тораппен жүмыс істеу; 
3. Арнайы көрмелер мен кездесулерге қатысу; 
4. Презентацияларды ұйымдастыру; 
5. Ұйымдарға демеушілік көмек көрсету; 
6. Оперативті маркетинг; 
7. Жарнамалық әрекет. 
Бәсекелестерді зерттеу мақсатында маркетингтік бөлімнің қызметкерлері тұрақты негізде БАҚ — на мониторинг, өзінің агенттерінен және кәсіби көрмелерде ақпарат, бәсекелестердің қызметімен байланысты мәліметтер жинауы қажет. Бәсекелестердің каталогтары, және ондағы тарифтер зерттелуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдіру жолдары

 

 

 

 

                                     Тексерген: Зиявдинова. А

                                  Орындаған: Нұрадинова. А

                                                                         Әбіш. А

                                                                        Жапсарбаева. А

 

 

 

 

                                   Алматы 2014 ж


Информация о работе Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы