Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 20:06, реферат
Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
1. Қонақ үй түсінігі...............................................................................................5-7
2. Қонақ үй қызметінің түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері......................................................................................................8-11
3. Қонақ үй өнімі – қызмет көрсетудің жиынтығы ретінде.........................12-17
Қорытынды..........................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................19
Администратордың басты
міндеті, тіркеу журналын тексере
отырып сұраныс ақпаратын
Портье қызметі – бөлме кілттерін қонақтардың қолдарына тіркеу, карточкасын көрсеткен жағдайда беру міндетіне жауап береді. Сонымен бірге қосымша қызмет, ақпараттық анықтама беруге және алуға тиісті.
Есептеу операторы уақытылы есеп айырысуды бақылай отырып, бухгалтерлік есеп беру жұмысымен айналасады. Төлқұжат тіркеу столы – төлқұжат мәліметтерін тексерумен қатар, тіркеу карточкасына енгізу отырып, виза уақытын қадағалауға міндетті. Қонақ үйдегі брондау өтініші жазбаша түрде беру арқылы, телефон арқылы және соңғы жылдардағы кең таралған компьютерлік әдіспен жүргізеді. Қонақтарды тіркеу және орналастыруда, жеке қонақтарды, туристік топтардыы және шетел азаматтарын қабылдаудың әртүрлі тәртібі жолдары бар. Негізгі мақсат қонақтың бабын табу, сұранысын толық қанағаттындыра алу. Шетелдік қонақтарды қабылдау барысында ВИЗА мәселесіне басты назар аударуымыз керек. Визалық рұқсат төлқұжатта немесе туристік топтарға жекелеген құжат ретінде беріледі. Олар: жеке, топтық, бір рет пайдалануға, бірнеше рет пайдалануға, студенттік, кіру, шығу, транзиттік болып бөлінеді.
Бұлардан басқа
елшілік, қызмет бабындағы, жай, туристік
болып та келеді. Келген қонақтар
үш тәулік ішінде өз
.
3. Қонақ үй өнімі – қызмет көрсетудің жиынтығы ретінде
Қонақ үйлер қызметі сол шатыр астында ұзақ уақыт өткізетін клиенттерге «қонақжайлылықты» қамтамасыз етумен байланысты. Клиенттер бойында таңдап алынған қонақ үйдегі қонақжайлылық пен көңіл аудару сезімдерін қалыптастырудың бірден-бір құралы — қонақ үй қызметкерлерінің клиенттермен персоналды қарым-қатынас жасауының сапасы.
Барлық сервистік қызмет көрсету салалары ішінде қонақ үй қызмет көрсетулері ең күрделі, әрі көп жоспарлы. Сервистің визуальді және операциялық аспекті санының көп болуы, клиенттер жиі кезесіп тұратын қызмет көрсетуші персоналдардың (портье, горничныйлар, әкімшіліктер) әр түрлі категориялы болуы, отельде өткізілетін уақыт, қосымша сервистер (мейрамханалар, конференц-зал) — осылардың барлығы да қызмет көрсетудің сапасын басқаруда қонақ үй қызмет көрсетуінің ерекше, күрделі класын бөліп көрсетеді[4].
Қонақ үйлер мен мотельдердің
Американдық ассоциациасының мәліметтері
бойынша, АҚШ қонақ үй индустриясы 44700
қонақ үйлер мен мотельдерден тұрады.
Басқа елдерден ерекше АҚШ-та лауазымды,
үкіметпен белгіленген қонақ үй классификациясы
жоқ. Бірақ қонақ үйлерді тұрған орны,
бағасы мен көрсетілетін қызмет түрлері
бойынша жіктейді. Қонақ үйлер бөлмелерінің
бағасы бойынша бюджеттік, экономдық,
орташа, бірінші дәрежелі, апартаментті
және көрікті болып бөлінеді. Өзінің тұрған
орнына байланысты қонақ үйлер орталық,
курортты, казинодағы, әуе вокзалды, автострадты
болады.
Қазіргі кезде әлемнің
әр түрлі нүктелерінде қызметтер саласының
феноменальді кеңеюіне айқын тенденция
байқалуда. Сервистік қызмет – бұл
біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы
реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып
жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының
саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін
дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис
мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің
жоғары мәдениеті қызметшілерге қонақтардың
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Қонақ үй қызметтерінің маркетингі саласында
жұмыс істейтін адамдар, өз тауарының
төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы
керек. Бірінші, материалды тауарларға
қарағанда қызметтерді, оларды тікелей
көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап
көріп, көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында
қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды
да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет
етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен
ажырамайды. Үшінші, қонақ үй саласының
қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет
қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп
жатқандығына байланысты болады. Және төртінші, қызметтер сақтауға
келмейді.
Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік
фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді.
Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның
өнімі бір уақытта өндіріліп – тұтынылатынында.
Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін
қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі
ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу – шексіз
үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі
барлық бірлестіктер онымен айналысатын
уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі
танылған бес сатылы модель ретінде кең
қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын
қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан
анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша
“қызмет көрсетудің бір қадамы – қонақтардың
үміттерін және қызмет көрсету сапасында
қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу
болып табылады. Басқаша айтқанда, фирма
өз қонағының үміттерін білу, және де сол
күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек”.
Бұл модель маркетингпен тығыз байланысты,
өйткені оның негізінде тұтынушы қажеттіліктеріне
бағдарлау жатыр[2].
Бүгінгі күні туристік нарық еңбек нарығы мен табыстар деңгейінің айнасы болып қалыптасып жатыр. Туризм сервистік қызмет арқылы қонақ үй шаруашылық жүйесін қалыптастырады. Сервис элементтері қонақ үй келушілерін бұл жерге оралуға әрдайым дайын болатын эмоционалды жағдайы жоғары клиенттерге айналуға көмектеседі. Қонақ үйдің бірегейлігі – қызметшілері өнім бөлігін құрайтынында. Сондықтан маркетинг мамандары қонақ үй қызметшілердің қонаққа сапалы қызмет көрсетуге ынтасы мен мүмкіндіктері бар екенінде сенімді болу үшін барлық жағдайлар жасауы керек. Туризм қазіргі кездегі интенсивті дамып отырған салалардың бірі және ел экономикасының жетістікті дамуында үлесі зор. Ал, қонақ үй шаруашылығы туризм дамуында маңызды орын алатындықтан, оның қызмет етуінің тиімділігін кепілдейтін жоғары сапалы сервисті ұйымдастыру мәселесі бүгінгі күні өте актуальді деп санаймыз.
Қонақ үйдегі негізгі сервистік қызметтер:
Lounge-bar
Мейрамхана
Био-комплекс
- заманға сай тренажерлермен жабдықталған зал;
- массаж бөлмесінің болуы;
- фитобар;
- фин саунасы
Тренажер Залы
Жаңа заман кұралдарымен қамтамасыз етілген тренажер залы болуы керек; Сонымен қатар мұндағы сервистік қызметтер түрінде стол теннисінің болуы, жүгіру жолы(бегавая дорожка) т.б. жабдықталуы керек.
Сонымен қатар:
Қонақ үйдің негізгі қызметтері:
Оларға: қонақтардың бөлмелерін жинайтын бөлім;
химиялық тазалау бөлімі;
бақылаушы топ;
қызметкерлер бөлмелерін
шаруашылық бөлім және т.б. жатады [2].
Келесі кезекте, қорытындылай келе ҚР-дағы қонақ үйлердің статистикалық мәліметтерінен ақпарат бере кетсем[3]:
3. Қонақ үй шаруашылығы | ||||||
3.1 Орналастыру объектілері мен
қызметкерлердің саны | ||||||
Қазақстан Республикасы |
Орналастыру объектілерінің саны, бірлік |
Қызметкерлердің тізімдік саны, адам | ||||
барлығы |
соның ішінде |
барлығы |
соның ішінде | |||
қала |
ауыл |
ерлер |
әйелдер | |||
Ақмола |
566 |
461 |
105 |
17 810 |
6 014 |
11 796 |
Ақтөбе |
53 |
26 |
27 |
863 |
239 |
624 |
Алматы |
19 |
18 |
1 |
1 187 |
516 |
671 |
Атырау |
36 |
20 |
16 |
483 |
180 |
303 |
Батыс Қазақстан |
28 |
26 |
2 |
1 734 |
520 |
1 214 |
Жамбыл |
12 |
11 |
1 |
680 |
184 |
496 |
Қарағанды |
14 |
11 |
3 |
182 |
56 |
126 |
Қостанай |
63 |
54 |
9 |
1 552 |
422 |
1 130 |
Қызылорда |
13 |
11 |
2 |
217 |
41 |
176 |
Маңғыстау |
9 |
8 |
1 |
134 |
45 |
89 |
Оңтүстік Қазақстан |
22 |
21 |
1 |
1 681 |
474 |
1 207 |
Павлодар |
25 |
21 |
4 |
312 |
109 |
203 |
Солтүстік Қазақстан |
38 |
29 |
9 |
1 011 |
309 |
702 |
Шығыс Қазақстан |
11 |
9 |
2 |
165 |
36 |
129 |
Астана қаласы |
77 |
50 |
27 |
1 200 |
429 |
771 |
59 |
59 |
- |
2 376 |
760 |
1 616 |
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, қонақ үй – туризм инфрақұрылымын құраушы маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Ол орналастыру орындарының бірі. Қонақ үй дегеніміз мемлекеттік стандарт бойынша – адамдардың уақытша тоқтауына мүмкіндік жасалған барлық объектілер саналады. Ең кемінде нөмірлік қордың саны 10 нөмірлік бөлмеден асуы керек.
Сервистік қызмет – бұл біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек.
Бүгінгі күні туристік нарық еңбек нарығы мен табыстар деңгейінің айнасы болып қалыптасып жатыр. Туризм сервистік қызмет арқылы қонақ үй шаруашылық жүйесін қалыптастырады. Сервис элементтері қонақ үй келушілерін бұл жерге оралуға әрдайым дайын болатын эмоционалды жағдайы жоғары клиенттерге айналуға көмектеседі. Қонақ үйдің бірегейлігі – қызметшілері өнім бөлігін құрайтынында. Сондықтан маркетинг мамандары қонақ үй қызметшілердің қонаққа сапалы қызмет көрсетуге ынтасы мен мүмкіндіктері бар екенінде сенімді болу үшін барлық жағдайлар жасауы керек. Туризм қазіргі кездегі интенсивті дамып отырған салалардың бірі және ел экономикасының жетістікті дамуында үлесі зор. Ал, қонақ үй шаруашылығы туризм дамуында маңызды орын алатындықтан, оның қызмет етуінің тиімділігін кепілдейтін жоғары сапалы сервисті ұйымдастыру мәселесі бүгінгі күні өте актуальді деп санаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі