Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыста Қазақстандағы абайсызда жасалған қылмыс үшін жазаның тиімділігін арттыру мәселесін толық анықтауға және зерттеуге ұмтылыс жасалады.
Қазақстандағы қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттырудың көкейкесті мәселелерін, қылмысты абайсыздыққа әсер ету шараларының тиімділігін, абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық жазаның тиімділігінің теориялық аспектілерін ұғыну, анықтау және зерттеу арқылы Қазақстан Республикасындағы абайсызда жасалатын қылмыспен күрес тиімділігінің теориялық негіздерін жетілдіру мәселелері келтірілді.

Содержание

КІРІСПЕ
I. ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРАМЫ
1.1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері
1.2. Қылмыстың құрамы мен элементтері
II. АБАЙСЫЗДА КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Абайсызда кісі өлтіру қылмысының түсінігі мен белгілері
2.2. Абайсызда кісі өлтірудің құрамы
2.2.1. Абайсызда кісі өлтірудің обьектісі және обьективтік жағы
2.2.2. Абайсызда кісі өлтірудің субьектісі және субьективтік жағы
2.3. Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая Улжан.docx

— 45.17 Кб (Скачать файл)

Құқық тиімділігі мәселесі жөніндегі бірқатар ғалымдардың пікірлерін топтастыра келе Л.И.Спиридонов былай деп жазды: «... бірқатар авторлардың теорияны жетілдіру әрекеттері, бұндай қылмыстық-құқықтық тыйым салу шараларының тиімділігіне әкеп соқтыратын алғышарттарын жасайды, олар: 1)заңдарда қылмыс деп жарияланған, қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің мазмұнын уақытылы, толық және дұрыс ашып көрсету; 2) қыылмыстық заңның мазмұны адамгершілік нормалары мен құқықтық сана-сезімнің деңгейіне сәйкес келуі; 3) заң талаптарының қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму заңдылықтарына сәйкес келуі; 4) адамдардың әрекеттерін қылмыстық құқықтың тәсілдерімен реттеу процесінде адамның әрекет етуші әсер ететін әлеуметтік факторларды ескеру; 5) қылмыстық заңдардың тұрақтылығы және оны қолданудың біркелкілігі; 6) қылмыстық-құқықтық санкцияның қоғамдық әсер ету шараларымен ұштасу; 7)халықтың қылмыстық-құқықтық нормаларымен таныс болуы, оның ішінде қылмыстық санкциялардан хабардар болуы; 8) адамдардың жасаған қылмысы үшін жазасыз қалмайтыны жөніндегі жауапкершілікті сезінуі; 9) қылмыстық саясаттың тұрақтылығы» [7, 218-220б].

Сондықтан осы профессор Л.И. Спиридонов осы құқық пәрменділігінің алғышарттарын қортындылай келе, «ғылыми тұрғыдан алғанда заң нормалары тек қоғам дамуының заңдылығы мен обьективтік жағдайына, егер ол халықтың қоғамдық сана-сезіміне, оның ішінде олардың құқықтық сана-сезімі мен адамгершілік принциптеріне және құқықтың бір саласындағы нормалар басқа да құқықтың нормаларымен сай болғанда ғана тиімді болмақ. Сонымен қатар социологтардың жүргізген эмпириялық зерттеулерімен хабардар болу адамның мінез-құлқының (оның ішінде ауытқымалы мінез-құлқының) басқа да түрлерімен қылмыстық құқық нормаларының бұзылғанын анықтап, соның негізінде теориялық жағынан да, іс жүзінде де қылмыспен күрес тиімділігінің жаңа алғышарттарын жасауға болады», -деп атап өткен [7, 220б]. 

 

2.2. Абайсызда кісі  өлтірудің құрамы

2.2.1. Абайсызда  кісі өлтірудің обьектісі және  обьективтік жағы

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы – адам, оның өмірі, құқықтар мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық деп жариялайды.

Адамның өмірі және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар-намысы менқадір қасиетіне қастандық жасау және басқа да қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп аталады. Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға елеулі зиян келеді не өміріне , денсаулығына, құқықтары мен бостандықтарына елеулі қауіп төнеді. Мұндай қылмыстардың тектік обьектісі – жеке адам, ал тікелей обьектісі – оның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті.

Қылмыстың обьектісі деп – қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келу қаупін тудырады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарға барлық қылмыстардың жалпы обьектісі деп таниды.

Қылмыстық ғылым теориясында қылмыстың обьектісін жете білу үшін оның маңызын және атқаратын рөлін, қызметін түгел ашу мақсатымен қылмыстың обьектісін жалпы және тікелей деп бөлу қалыптасқан.

Қылмыстың жалпы обьектісі қылмыстық құқықтың әлеуметтік-саяси мазмұнын, жалпы дұрыс анықтауға, іс-әрекетінің жалпы қылмыс қатарына жатқызылуының негізгі қағидасын, сонымен бірге қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратуға толық мүмкіндік береді.

Бірақ жалпы обьектінің түсінігі біртектес нақты әрекеттердің ерекшеліктерін бейнелеуде жеткіліксіз болып табылады, сондықтан қылмыстық ғылым теориясында қылмыстық қол сұғушылықтың топтық және тікелей обьектілерін бөліп қарастырады.

Топтық обьект дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады. Мысалы, қарақшылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау, тонау, оны алаяқтықпен алу, бір топтық обьектіге басқа біреудің мүлкіне, меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғушылықты білдіреді. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген нақты қылмыстардың құрамының мазмұнына талдау жасау отырып қылмыстың топтық обьектісін анықтауға мүмкіндік туады. Мысалы, мемлекеттік қызметтің мүддесіне қарсы қылмыстардың топтық обьектісі болып мемлекеттік аппараттың толық, бірқалыпты қызметін бұзу екендігі осы тұрғыдағы қылмыстар құрамын талдау арқылы құралады.

Қылмыстың тікелей обьектісі деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қылмыстарға  бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз. Мысалы, Қылмыстық ңодексте көрсетілген бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталғын. Қоғамдық тәртіп – осы қылмыстың тікелей обьектісі болып табылады.  Тікелей обьект топтық обьектінің бір бөлігі және ол қылмыстық құрамның міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Тікелей обьект бұл қылмыстың тікелей бір мүддеге, игілікке тура бағытталуын білдіреді.

Қылмыстың обьективтік жағы – қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Қылмыстың обьективтік жағының мазмұны көптеген белгілердің жиынтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).

Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың обьективтік жағының белгілері болып табылады. Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті іс-әрекет белгілері бір кеңістікте және уақытта орын алатын нақты көрініс болып табылады. Қылмыстық құқықта кеңістік деген ұғым нақты іс-әрекеттің істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың обьективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына істелген орын және уақыт қосылады. Кейбір реттерде заң шығарушы орган нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтағанда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілі бір жағдайда істелетіні туралы да ескереді. Демек, мұндай жағдай қылмыстың обьектитік жағының бір белгісі болып саналады.

Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс-әрекеттен міндетті түрде туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты) болуын заңның өзінде атап көрсетеді. Мұндай ретте заң шығарушы обьективтік жақтың – уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді [3,95-96б].

Кейбір жекелеген қылмыстық-құқықтық нормаларда қылмыстың обьективтік жағының мазмұнына тәнбір топ белгілердің ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік кез-келген қылмыс құрамының белгілерін обьективтік жағының міндетті, қажетті белгісі, ал қалған белгілерінің барлығы да факультативтік белгілер болып табылады.

Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамауы нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы. Бұл жағдайда қандай да бір обьективтік және субьективтік алғы шарттар болуы тиіс: заң бойынша туыстық жақындығы, кәсіби борышы, жасасқан шарт бойынша міндет артылуы және ол міндетті орындай алатын мүмкіндік болуы тиіс. Мысалы, баласын өлтіруі үшін анасы оны тамақтандырмайды, дәрігер өлім халінде жатқан адамға тиісті көмек көрсетпейді. Өлтіру тәсілдері әрқилы. Кейбір жағдайларда тәсіл адам өлтірудің сараланған түрін құрайды (ҚК-ң 96-бабы 2-бөлігінің «д» және «е» тармақтары). Ол көбіне жаза тағайындағанда ескеріледі [8, 125-126б].

Қоғамға қауіпті зардаптың – адам өлімінің болуы – бұл қылмыстық обьективтік жағының міндетті нышаны. Адам өлтірудің барлық түрлері жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі (материалдық құрам). Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталды деп саналмайды.

Адам өлтірудің басқа бір нышаны – айыптының іс- әрекетімен жәбірленушінің өлімі арасындағы себептік байланыс. Қылмыс нәтижесінің кездейсоқ емес, айыпты әрекетінің зардабы болуы міндетті шарт. Адам өлтіру – заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру. Егер адам заңды жолмен өлтірілсе, ондай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылмайды. Ондай әрекеттерге – өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қоғану шегінен асып кетпей, қол сұғушыны өлтіру (ҚК-ң 32 бабы), қауіпті қылмыскерді ұстаған кезде оны лажсыздан өлтіру (ҚК-ң 33-бабы).[9, 26-27б]

 

2.2.2. Абайсызда  кісі өлтірудің субьектісі және  субьективтік жағы.

 

Қылмыстың субьектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға 

сәйкес сл үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық Кодекстің 4,6,7 баптарының талаптарына сай ҚР ҚК-нің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды қоғамды қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам-азамат тартылады. Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғанда қылмыс субьектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, адамға әдейі итті қаптырса, онда сол адам қасақана дене зақымын келтіргені үшін жауапкершіліке тартылады, ал ит мұндайда қылмыс субьектісі емес, ол құрал болып табылады [10, 195-196б].

Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзініңістеген іс-әрекетіне есеп бере алатын және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс- әрекетістеген кезде өзінің іс – әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес кезде істесе, онда ол адамныңіс-әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп есептелінеді. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп танылады.

Қылмыс субьектісінің белгілері, жалпы, жеке тұлға, яғни адам, есі дұрыстық (ҚК-нің 21-бабы), қылмыстық заңда көрсетілген (ҚК-ң 15-бабы) белгілі бір жасқа толу, арнаулы, ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген қосымша белгілер (азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жағдайы).

Қылмыстың субьектитвік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрініс болып табылады [11, 101-102б].

Қылмыстың субьектитік жағы: кінә, ниет, мақсат, қасақаналық, абайсыздық.

Қылмыстың субьективтік жағының мазмұнын мынандай заңдылық белгілері құрайды: кінә, қылмыстық ниет, мақсат. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

Қылмыстың субьективтік жағының белгілері – кәніні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынадай. Біріншіден, қылмыстың жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субьективтік жағы обьективтік жағынан қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Үшіншіден, қылмыстың субьективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгеін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қылмыстың субьективтік жағының қылмыстық жауаптылықтың бар-жоғын анықтау үшін істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше. Осыған байланысты ҚР Жоғарғы соты көптеген қаулыларынды қылмыстың субьективтік жағының мазмұнын, кінәнің нысандарын, қылмыстың қаскүнемдік пен арам ниеттің және оның мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді [12, 106б].

Интеллектуалдық және еріктілік кезеңдерінің әр түрлі өзара қатынасы кінәнің нысандарын, түрлерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Қылмыстық кодексте кінәнің нысандарының екі түрі – қасақаналық және абайсыздық түрлері көрсетілген [13, 24-25б].

Қылмыстың субьективтік жағына оның міндетті белгісі болып табылатын кінә менбірге қылмыстың ниеті және мақсаты кіреді.

Қылмыстық ниет деп – белгілі бір қажеттіліктермен мүдделердің іштен түрткі болуына байланысты адамның солардыбасшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

Қылмыстық мақсат деп – адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз. Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Адамның мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты болса, ал мақсат пайда болған ниеттің қандай әдіспен, ниетпен жүзеге асырылатынын анықтайды.

Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезінуді қылмыстық заң тиым салған. Оған қайшы іс-әрекеттерді істеуді сезу мен теңестіруге болмайды. Қасақана қылмыс істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екенін сезеді. Бірақта қылмыстық заң тиым салған әрекет немесе әрекетсіздікті білмей істейтін жәйттерде кездесіп қалуы мүмкін. Мысалы, түзеу мекемелерінде тергеу изоляторларында, тәрбиелеу және емдеу профилакторийлерінде  ұстайтын адамдар ішімдіктер, дәрілік немесе есірткі заттарды сондай-ақ беруге тыйым салынған басқа да бұйымдарды қарап, тексеруден жасырып беру немесе кез-келген әдіспен біреуге әрекеттенуді қылмыстық заң тыйым салған, жазалайтын әрекет екенін әркім біле бермейді. Соған қарамастан адамның мұндай әрекеті қасақана қылмыс істегендік болып есептеледі.

 

 

2.3. Абайсызда кісі  өлтірудің қасақана кісі өлтіруден  айырмашылығы.

 

Орта есеппен әрбір оныншы қылмыс абайсыздықпен істеледі. Осыған орай оның зияндылығы немесе басқадай теріс әсері жоқ деп санауға болмайды. Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардан келетін зардаптардың жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды. Техниканың, тұрмыстық-химияның, көліктің әр-түрінің дамуының экология саласындағы жол берілетін ұқыпсыздық салдарынан болатын абайсыздық қылмыстары туралы жауаптылық мәселесі кәзіргі уақытта ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

Абайсыздық туралы ұғым Қылмыстық заңда берілген (21-бап). Онда менмендікпен немқұрайлылықпен жасалған әрекетабайсызда жасалған қылмыс деп танылады(21-бап 1-бөлігі) делінген. Яғни, кінәнің абайсыздық нысаны екі түрге менмендік және немқұрайлылық болып бөлінеді. Егер адам өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.

Менмендікпен қылмыс істеуде кінәлі адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін сезеді, сонымен бірге ол өзі істеген әрекетсіздігіне немесе әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың тууын болжайды. Бірақ жеткілікті негізсіз жеңілтектікпен ондай зардапты болғызбау мүмкіндігіне сенеді.

Информация о работе Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы