Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыста Қазақстандағы абайсызда жасалған қылмыс үшін жазаның тиімділігін арттыру мәселесін толық анықтауға және зерттеуге ұмтылыс жасалады.
Қазақстандағы қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттырудың көкейкесті мәселелерін, қылмысты абайсыздыққа әсер ету шараларының тиімділігін, абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық жазаның тиімділігінің теориялық аспектілерін ұғыну, анықтау және зерттеу арқылы Қазақстан Республикасындағы абайсызда жасалатын қылмыспен күрес тиімділігінің теориялық негіздерін жетілдіру мәселелері келтірілді.

Содержание

КІРІСПЕ
I. ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРАМЫ
1.1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері
1.2. Қылмыстың құрамы мен элементтері
II. АБАЙСЫЗДА КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Абайсызда кісі өлтіру қылмысының түсінігі мен белгілері
2.2. Абайсызда кісі өлтірудің құрамы
2.2.1. Абайсызда кісі өлтірудің обьектісі және обьективтік жағы
2.2.2. Абайсызда кісі өлтірудің субьектісі және субьективтік жағы
2.3. Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая Улжан.docx

— 45.17 Кб (Скачать файл)

Абайсыздықтың екінші түрі – немқұрайлылық болып табылады. Егер адамда қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра, өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлылықпен жасалды деп танылады (21-бап, 3-бап). Осы анықтамаға байланысты өзінің іс-әрекетінің зиянын түсінбеген, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екенін болжамаған адам не үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады деген сұрақ болуы мүмкін. Мұндай жағдайда адам заңның талаптарына, қоғам ережелеріне, басқа да адамдардың мүдделеріне ұқыпсыз, жауапсыз байқамай, шалағайлықпен, яғни, өзінің немқұрайлылығынан өзінің іс-әрекетінен зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін болжауға тиісті, және болжай алатын болса да болжамайды [14, 147б].

Қорыта айтқанда, заң бойынша қылмыстың немқұрайлылықтың обьективтік белгісі анықталса және адамның өзінің іс-әрекетінің зиянды зардабының болуы мүмкін екендігін болжай алатын болғанда орын алады. Сол зардаптың болуын болжауға мүмкіндігі болған кезде ғана сол адам кез-келген зардапқа кінәлі болады. Мысалы, Абаев пен Абиев арасында өзара жанжал болып, бір-бірімен жұлқыласып төбелес болған. Төбелес барысында Абаев Абиевті қатты итеріп жіберген. Нәтижесінде Абиев асфальтқа басымен құлап, содан бас сүйегі сынып, миына қан құйылып, екі тәуліктен соң мерт болған. Сот ҚР ҚК-нің 101-бабы бойынша Абаевтің әрекетін абайсызда кінәнің абайсыздық нысанының немқұрайлылық түрі бойынша кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тапқан. Асфальтқа жолдың үстінде тұрған Абаев Абиевті итерген кезде оның қатты бетонға соғылып өлуіне душар болуы мүмкін екенін болжамаса да осыдан ауыр зардап болатынын болжауға міндетті еді [15].

Н.Н. белокобыльскийдің мәліметтері бойынша тағайындалған жазалардың басым көпшілігі бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын жазаларды құрайды. Зерттелген жазалардың жиынтығының жартысы үш жылға деінгі бас бостандығынан айыружазасын құрайды. Үшінші бөлігін бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстары құрайды. Жасалған қылмыстар үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдануға назар аударсақ, мұны қалыпты жағдай деп санауға болмайды. Мәліметтер көрсеткендей, бас бостандығынан айыру жазасының басым көпшілігі шартты түрде соттауды қолдану арқылы тағайындалған[16, 203-205б].

Біздің мемлекетіміздің жүргізіп жатқан қылмыстық абайсыздыққа қатысты қылмыстық саясаты қасақана жасаған қылмыстарға әсер ету шараларымен салыстырғанда анағұрлым жеңілірек. Мұны қылмыстық іс жүргізудің ең бастапқы кезеңдерінен байқауға болады. Мысалы, абайсызда қылмыс жасаған адамдарға қамауға алу шарасы қолданылмайды, оларға тұрғылықты мекенінен ешқайда кетпеу шарасы қолданылады. Қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын, айыптау үкімін шығару және абайсыздықта қылмыс жасағаны үшін сотталушыға жаза тағайындау кезінде соттар қасақана әрекеттермен салыстырғанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындайды. Алайды қылмысты абайсыздықпен келтірілген жалпы зиянның мөлшері қасақана түрде жасалатын қылмыстың зиянынан анағұрлым асып кетеді: жыл сайын мыңдаған адамдар жол көлік оқиғаларында, еңбекті қорғау, тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзалуы және тағы басқа абайсыз әрекет салдарынан қаза табады.

Қылмыс жасаған адам өзін кінәлі деп санайтынына күмән жоқ, яғни ол өзін жазаға лайықпын деп түсінеді. Біздің санамызда жалғандаық жаза жөніндегі түсінікке сәйкес келеді. Жалғандық қоғамда жасалса, тиісті жазаны қоғамның өзі қолдануы тиіс. Қоғам қылмыскерді жазалай алады, себебі оны жазалауға міндетті. Бұл жерде құқықтың ең тығыз, еңанық және қасиетті міндетінен басқа көзі жоқ, онсыз жазалау құқығы жәбірге ұшыраған адамға пайда әкелсе де, қоғамдық күштің құқығы болады. Жаза – адамдарды немесе қылмыскерді сақтандыруға немесе түзеуге пайдалы болғандықтан ғана әділетті емес, ол бірінші және екінші қатынас бойынша да пайдалы, сондықтан ол әділетті. Қылмыстық құқықтың бұл теориясы публицистермен қорғалатын екі теорияның да жалғандығын,толық еместігін және ерекшелігін дәлелдей отырып, оларды аяқтап түсіндірме береді. [17, 106б].

Бұл сөздерде даусыз шындық бар, бірақ ол моральдық тұрғыдан заң шығарушыға рұқсат берілетін немесе жасауға міндетті нәрселерді көрсетпей тыйым салынатындарды ғана көрсетеді. Бұл шындықтың бөлігі үш ережеден тұрады. Адамгершілік тұрғыдан алғанда жасалған әрбір жаман әрекет жазаға лайық, әрбір жаза әділетті болуы тиіс, тек ол қоқыту құралы немесе түзеу құралы ретінде пайда бола алады, жазаны қолданатын адамда қылмыскерді жазалауға даусыз құқығы болмаған жағдайда, бұл жалғандықтың актісі ретінде, қиянат жасау ретінде болады [18, 109-110б].

Адамгершілік және құқық тұрғысынан жазаны қабылдау және бағалау жөніндегі ішкі механизмдерді сипаттайтын қылмыстық құқықтың келтірілген философиялық ережелері осы күндері де қылмыстық жазаның түзеу қызметін түсіну бағытында өз өзектілігін және мағынасын жлоғалтқан жоқ.

Жазаның түзеу мақсаттарын сипаттау үшін қылмыстық құқық философиясының келесі қорытындылары мен ұсыныстарына ерекше назар аударған жөн:

  1. Қоғамдағы құқық тәртібін қалпына келтіру үшін жасалған қылмыс міндетті түрде жазамен өтелуі қажет.
  2. Жазаның адамгершілігі және заңдылығы, оның қоғамға және түзеу нәтижесінде қылмыскердің өзіне келетін пайдалылығынан тұрады.
  3. Қылмыскерді түзеу мақсатына жету үшін әділетті жаза қолдану үшін

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы