Қылмыстық атқару құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 08:30, лекция

Краткое описание

1.Сотталғандардың қылмыстық және материалдық жауапкершілігі
2.Сотталғандардың тәртіптік жауапкершілігі

Вложенные файлы: 1 файл

1-2.doc

— 127.00 Кб (Скачать файл)

Сотталғандардың қылмыстық,

материалдық жӘне тӘртіптік жауапкершілігі.

 

(1 сағат)

Жоспар:

1.Сотталғандардың қылмыстық  және материалдық жауапкершілігі 

2.Сотталғандардың тәртіптік  жауапкершілігі 

 

Лекцияның мәтіні:

Сотталған адамдар жаза өтеп жүріп, әр түрлі дәрежедегі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасауы мүмкін. Олар түзеу мекемелерінде жаза өтеп жүріп жасаған қауіпті әрекеттердің түрі мен дәрежесіне қарай қылмыстық материалдық, тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Яғни, сотталғандардың қылмыстыққа, жауапкершілікке тартылуы оның жаза өтеп жүріп жаңадан қылмыс жасауын білдіреді, жаңада қылмытық жауапкершілікке тартылып, жазаның түрімен көлемінде өзгерістер пайда болады. Мысалы: Егер соттаушы бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтей жүріп қылмыс жасаған болса онда оның жазасын бас бостандығынан айыр түріндегі жазамен ауыстырылады. Ал жазаның көлеміндегі өзгерістер, соттың үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындалумен анықталады.

Материалдық жауапкершілік толық немесе шектелген түрде белгіленеді.

Сотталғандардан келтірген материалдық шығынды өндіру, түзеу мекемесі бостандығының қаулысы шығумен басталады.

Бұл қаулы сотталған адамға жариаланып, одан жариалнғандығы туралы тілхат алынады. Сотталған адамның бұл қаулы туралы жоғарғы тұрған органдарға шағымдануға құқысы бар. Тәртіптік  жауапкершілік соттаған адамға көп қолданылатын жауапкершілік түрі болады. Оның мағынасы, соттауының жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін, оны жөнге шақыру тәсілі ретінде қолданылатын шаралар болып табылады. Бұл жауапкершілік соттаушыға мәбүрлі, яғни қылмыстық атқару заңында қарастырылған тәртіптік-жазалау  шараларын қолдану ретінде іске асырылады , оның көлемін анықтайды. Сотталған адамдарға тәртіпті жауапкершілік еріксіз мәжбүрлі түрде қолданып, алдағы уақыттарда тәртіп бұзатын әрекеттер жасалынбау және сотталушыны түзеу үшін жүргізіледі. Мыс: Бас бостандығын шектеу жазасын өтеуші сотталған адамның жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін бір айға дейін жұмыстан бос уақытында жатақханадан сыртқа шығуына тыйым салынады. Қамау жазасына сотталған адамдарға сөгіс немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге айыппұл оқшаулау орнына шығару түріндегі жазалау шаралары қолданылады.

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерін бұзғаны үшін сотталғандарға түзеу жұмыстары жазаны басқа түрімен ауыстыру туралы жазбаша ескерту қолданылады. Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимді соттанушының бұзғандығы үшін 15 тәулікке дейін мерзімге айыптылық оқшаулау орнына камералық үлгідегі үй жайларға, жалғыз адамдық камераларға ауыстыру тәрізді тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.

Жаза сотталғандарға түзеу мақсатына тағайындалатындығы тәрізді, әр түрлі жазалау шараларында алдағы уақыттарда тәртіпсіздіктің қайталанбауы мақсатына қолданылады.

 

 

 

Тақырып VІІ.

 

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар,

олардың қызметін бақылау

 

(1 сағат)

Жоспар:

1. Жазаны атқарушы органдар  мен мекемелердің түрлері

2. Жазаны атқарушы органдардың  міндеттері

 

Лекцияның мәтіні:

Қылмыстық жазаны атқарушы органдар мен мекемелер жазаны ауырлығына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • Сот органдары
  • Қылмыстық атқару инспекциялары.
  • Түзеу орталықтары және түзеу мекемелері.

Түзеу мекемелері:

  • Түзеу колонияларына
  • Тәрбиелеу
  • Түрмеге
  • Емдеу түзету мекемелеріне бөлінеді.

Айып төлеу және мүлікті тәркілеу түріндегі жазаның сот орындаушылары немесе мүліктің орналасқан жеріндегі, сондай-ақ сотталған адамның тұрғылықты жерімен негізгі жұмыс орны бойынша сот орындаушысы атқарады.

Бұл жазаларды сот үкімі шығарылып өзі орындайтын деп айтуға болады. Тек үкімді орындау мәселесіне келгенде сот орындаушылары пайдаланылады.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын сотталған адамның  тұрғылықты жері бойынша қылмыстық атқару-инспекциялары, түзеу орталықтары, түзеу мекемелері және тәртптік әскери бөлімдер атқарады.

Құрметті, әскери, арнайы және өзгеде атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру жазасы үшін шығарған сот арқылы атқарылады. Сот үкімінің талаптарын атақты, сыныптық шенді, дипломатиялық дәрежені және біліктілік сыныпты берген оргын немесе ауазымды тұлға атқарады.

-Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу  жұмыстары түріндегі жазаны адамның  негізгі тұрғылықты , мекені, жері  бойынша қылмыстық атқару инспекциясы  атқарады.

-Әскери қызмет бойынша жазаларды  Қазақстан Республикасы әсери бөлімдерінің арнайы жазаны атқарушы бөлімдері немесе мекемелері жүзеге асырады.

-Шартты түрде сотталған адамдарға  бақылау жасауды қылмыстық атқару  инспекциясы іске асырады.

-Бас бостандығынан шектеу жазасы  сотталушының тұрғылықты облысы ойынша арнайы айындалған орындарда қоғамнан алыстатылмай түзеу орталықтары арқылы атқарылады.

-Қамау жазасына сотталған адамдар  сотталған жері және негізгі  тұрғылықты жер ібойынша қылмыстық  атқару жүйесіне жататын қамау  үйлерінде өтеді.

-Бас бостанығынан айыру жазасы адамды қоғамнан аластау және міндетті дене еңбегіне тарту арқылы жүзеге асырылады.Бұл жазада сотталған адамның тұрғылықты облысы немесе сотталған жері бойынша атқарылады.Егер сотталған адамның жаза өтейтін колониясын сол облыс аумағында болмаса, сонда ғана ол адам басқа облыс аумағындағы түзеу колониясына жіберіледі.

-Тергеу изоляторы түзеу мекемелерінің  қатарына жатпайды.Себебі, ондағы  тергеуде жүрген амдар сотталған  адамдар болып есептелінбейді, сондықтан  оларда адамды түзеу жұмыстары  жүргезілмейді. Тергеу изоляторы түзету мекемесі ролін изолятордың шаруашылық  жұмыстарын орындауы үшін ғана қалдырылған сотталған адамарға қатысты атқарады.

-Тергеу калониялары бас бостандығынан  айыру жазасын өтеу үшін, тек  кәмелетке, яғни 18-жасқа толғандарға ғана арналған. Түзеу колониялары қоныстану колонияларына, жалпы, қатаң, ерекше  режимдердегі колонияларға бөлінеді.

Тәрбиелеу колониялары түзеу колониялары қатарына жатпайды. Онда кәмелетке толмағандарға түзеу емес, тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі.Тәрбиелеу колонияларында бас –бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар жаза өтейді.Тәрбиелеу колониялары екі түрге, жалпы және күшейтілген режимдерге бөлінеді.

-Жалпы режимдегі тәрбиелеу колониялары  бірінші ретте бас –бостандығынан  айыруға сотталған кәмелетке толмаған ер балалар және кәмелетке толмаған қыз балалар жаза өтейді.

-Күшейтілген режимдегі тәрбиелеу  колонияларында бұрын бас бостандығынан  айыру жазасын өтеген, кәмелетке  толмаған ер балалар, сондай-ақ, режим  тәртібін бұзғандығы үшін жалпы режимнен ауыстырылғандар жаза өтейді.

-Қоныстану колонияларында жаза  өтеушілер міндетті дене еңбегіне  тартылады бірақ жұмысқа барып  –қайтуы кезінде айдауылсыз жүреді.

Жататын оргондара сыртынан қамалмайды.Түнгі және күндізгі уақыттарда колония аумағында еркін жүріп –тұра алады, бірақ колония аумағынан тысқары шыққанда (жұмыстан бос уақытында) арнайы рұқсат бойынша жіберіледі.

- Қоныстану колонияларында абайсыздықта  жасаған қылмыс үшін 7-жылға дейін  бас бостандығынанайыруға сотталғандарға  және жалпы , қатаң режимдердегі колониялардан еңбекке адал қарағаны , түзеле бастағандығы үшін ауыстырылғандар жаза өтейді.

- Жалпы режимдердегі түзеу колонияларында  маңызы ауыр емес орташа ауыр  және ауыр қылмыстарды қасақанан  жасағаны үшін бірінші рет  бас бостандығынан айыруға сотталғандар сондай-ақ абайсыздықта жасаған қылмысы үшін 7-жылдан жоғары мерзімге сотталған адамдар жаза өтейді.

-Қатаң режимдегі түзеу колоняиларында  аса ауыр қылмыстарды бірінші  рет жасағандығы үшін бас бостандығынан  айыруға жазасын өтеген , қылмыстардың рецидивіндегі сотталғандар және қылмыстардың  аса қауіпті рецидивиндегі әйелдер өтейді.

-Ерекше режимндегі колонияларда  қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегісотталған  адамдар, сонымен қатар өмір бойына  бас бостандығынан айыруға сотталғандар  және өлім жазасы кешірім жасау арқылы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылғандар өтейді.

-Түзеу мекемелерінің бір түрітүрме  боолып табылады. Түрмелер жалпы  және қатаң режимдерге бөлінеді.

-Аса ауыр қылмыстарды жасағандығы  үшін бес жылдан доғары мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегі сотталғандар тағңайындалған жазаның бес жылған дейінгі  уақытын түрмеде өтеуі мүм кін. Сонымен бірге, жалпы ,қатаң және ерекше режимдердегі түзеу колонияларында жаза өтеудің белгіленген тәртібін бұзғандығы үшін, яғни бір жылдың ішінде екі рет қамалып үлгідегі тұшрғын жайларға жалғыз адамдық камераларға жабылып, қайтажан режим тәртібін бұзғанығыүшін үш жылға дейінгі мерзімге түрмеге ауыстырылғандар жаза өтейді.

-Түрме жаза өтеудің ең ауыр түрі боолып табылады, сондықтан түрмеде сотталған адамдар жазаны түгел емес, оның белгілі бір бөліктерін ғана өтейді.Қылмыс бойынша жалпы режимдегі колонияда жаза өтеуге жататын, бес жылдан аспайтын мерзімге бас бос тандығынан айыруға сотталған адамдар, өз келісімімен түрменің шүаруашылық жұмыстарын атқару үшін қолданылады.

  Жалпы режимдегі түрмеде  жаза өтеудің   белгіленген  тәртібін қасақанан бұзушу деп  танылған сотталғандар, қатаң режимдегі  түрмеге ауыстырылады.

-Қылмыстық жазаны өтеу мәселесі сотталған адамның тұр ғылықты жері бойынша шешілуі керке. Бірақ бұл мәселе қылмыскерлердің қаіптілігіне немесе қылмыстың түріне қарай өзгеруі мүмкін. Бұрын бас бос тандығынан айыру жазасын өтегендер, өлім жазасы кешірім жасаудың арқасында өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар , шетел азаматтары мен азамттығы жоқ адамдар , қылмыстардың аса қауіпті рецидивінде сотталғандар, сотталған уақытқа дейін тұрған жері мен облысына қарамай өздері үшін арнайы құрылған колонияларға жібіріліп сонда жаза өтейді.

-Сотталған адамның жаза өтейтін  режимін түзеу мекемесінің түрін,сот  үкім шығарған кезде атайды. Үкім  шыққаннан кейін тергеу изоляторы  он күннің ішінде сотталған  адамды жаза өтейтін колониясына  жіберуді ұйымдастыруы тиіс. Түзеу  мкемесі әкімшілігі сотталған адамның түзеу мекемесінен келгендігі мекн –жайын және қандай заттарды посылка, бандероль ретінде жіберуге болатындығын оның отбасына хабарлайды.

 

 

 

 

Тақырып VІІІ.

 

Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің мемлекеттік басқа да органдарымен Өзара байланыстары.

 

 

(1 сағат)

Жоспар:

1. Жаза атқарушы органдар  мен мекемелердің басқа органдармен  байланысы

2. Қылмыс атқару жүйесін  қадағалаудың маңызы мен түрлері 

 

Лекцияның мәтіні:

Қазақстан Республикасы аймағындағы әрбір түзеу мекемесінің жеке мазмұны ерекшелігі бар. Сотталған адамдар өздері тек тес қыл мыс жасаған тұлғасы қоғамға деген көзқарасы ұқсас адамдармен бірге жаза өтеуі тиіс. Бұлай топтастыру сотталғандарды түзеу мәселесін дұрыс ұйымдастыру үшін белгіленген. Түзеу мекемелерінін ішінде ерлер колониясы мен әйелдер колониясы бөлек болады. Сол сияқты ересектер мен жасөспірімдер бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер мен бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталғандар бөлек ұсталады.                         

Аса ауыр қылмыс жасағандығы үшін сотталған қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегілер өмір бойынша бас бостандығынан айыруға сотталғандар және жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылғандарда жазаны бір-бірімен бөлек өтейді.

-Сот немесе құқық қорғау органдарының  бұрынғы қызметтері жеке өздеріне арналған түзеу мекемелерінде ұсталады. Мұндай түзеу мекемесі бұрын да болған, заң түрінде осындай топтастырудың бар екендігі тікелей көрсетіледі.

Барлық түзеу мекемелері осындай жеке топтағы сотталған адамдардың жаза өтеу мекемесіне айналысатындықтан олардың әрқайсысы жеке заңды тұлға болып табылады.

-Сотталған адамдар тағайындалған  жазаны бір колонияда өтеп  шығуы керке. Сотталғандарды бір  колониядан тап сондай басқа  түзеу колониясына ауыстыруға, тек  ерекше жағдайлар туындаған кезде  немесе белгіл бір сотталған адамды жаза өтеп жүрген колониясында ұстау, қауіпті жағдайларда сқтыруы мүмкін болғанда ғана рұқсат етіледі.Ерекше жағдайлар ретінде сотталған адамның мамандығының басқа жерде қажет болуы, ауруы , оның жеке басына басқа адамдар тарапынан қауіп туындауы алынады. Заң, сотталғандарды бір түзеу мекемесіне басқа түзеу мекемесіне ауыстыру жағдайын, сотталған адамның түзеле бастауына немесе оның қоғамға қауіптілігі жоғарлауына байланысты келтіреді.

-Бас бостандығынан айыру жазасын  өтеген адамдар ретінде жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, бұрын жазаны түзеу колонияларында , түрмеде немесе тәрбиелеу колонияларында өтеген адамдар танылады. Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар қайтадан қылмыс жасаған жағдайда , оның сотталғандық атағының алынып тасталғандығы немесе уақытының ө суі ескерілмейді .Яғни , бұрын сотталғандығы қылмыстық кодекстің 77-бабының 1-бөлімінен ескеріліп жеке колонияда ұсталуға жатады.

Информация о работе Қылмыстық атқару құқығы