Қылмыстық атқару құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 08:30, лекция

Краткое описание

1.Сотталғандардың қылмыстық және материалдық жауапкершілігі
2.Сотталғандардың тәртіптік жауапкершілігі

Вложенные файлы: 1 файл

1-2.doc

— 127.00 Кб (Скачать файл)

   Түзеу жұмыстары жазасы  негізгі жаза ретінде, сотталушының  негізгі жұмыс орны бойынша 2 айдан 2 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Сотталушының табысынан сот белгіленген көлемде мемлекет қорына 5 пайыздан 20 пайызға дейін ұсталым жүргізіледі. Бұл жаза қылмыстық атқару инспекциясының бақылауымен және сотталушы жұмыс істейтін мекеме әкімшілігімен атқарылады.

  Сотталушының негізгі  жұмыс  орны ретінде, еңбек кітапшасы  өткізілген мекеме, кәсіпорын алынады. Сотталушының басқа жерлердегі  қосымша жұмыстарына бұл жазаның  күші қолданылмайды және ол  шақтағы  табысынан ұсталым жүргізілмейді.

   Түзеу жұмыстары түріндегі  жаза 16 жастан бастап тағайындалады. 16 мен 18 жастың аралығындағы кәмелетке  толмағандарға бұл жаза бір  жылға дейінгі мерзімге тағайындала  алады.

    Түзеу жұмыстары жазасына  мүлікті тәркілеу жазасынан басқа  кез келген қоысмша жаза тағайындалуы мүмкін.

    Сотталушыны түзету жұмыстарына  тарту  туралы сот үкімінің  көшірмесі қылмыстық атқару испекциясына  келіп түскеннен кейін жаза 15 күннің ішінде басталуы тиіс. Бұл уақыттың ішінде қылмыстық  атқару инспекциясының сотталушыны есепке алып, оны жаза өтеуі туралыісін жүргізеді және сотталған адам жұмыс жасайтын орынға хабарлама (үкім көшірмесін жіберуді ) жасайды . Сонымен  қатар, осы уақыт ішінде сотталушы да қылмыстық атқару инспекциясына келіп жаза өтеудің тәртібімен жағдайларынан хабардар болуы керек.

Түзеу жұмыстары да қоғамдық жұмыстарға тарту шарасы тәрізді, қылмыстық атқару инспекциясының сотталушы адамның жұмысындағы әкімшілік арқылы жазаның орындалу тәртібін бақылау түрінде іске асырады. Сондықтан инспекция сақталушының негізгі жұмыс орнының әкімшілігімен, оның ұжымымен үнемі байланыста болуы керек.

   қылмыстық атқару инспекциясына  сотталғандармен тәрбие жұмыстарын  жүргізуде жүктелген. Қылмыстық  атқару инспекциясы сотталғандардың  жеке мінез-құлық  ерекшеліктерін жасаған қылмысының түрін, қоғамға қауіптілік дәрежесін, т.б елеулі жағдайларын ескеруі керек. Инспекция сотталғанмен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, оған ол жұмыс істейтін мекеменің әкімшілігін, ұжымын тарта алады.

Бақылау сұрақтары:

    1. Жазаны өтеп жатқандардың құқылық жағдайы.
    2. Бас бостандығынан айырылғандардың  еңбегі және кәсіптік даярлығы.
    3. Бас бостандығынан айырылғандарды материалдық, тұрмыстық және санитарлық- медициналық қамтамасыз ету мәселелері.
    4. Сотталғандарға түзеу тәсілдерін  қолданудың түсінігі және оны құқықтқерттеу.

 

 

22 Лекция. Тақырыбы:  Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын атқару.

Жоспар:

1. Қоғамдық жұмыстарға  тарту жазаны атқару жүйесі

2. Түзеу жұмыстарға тарту  жазаны атқару жүйесі

Лекцияның мақсаты:          Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сотталрған адамдарға негізгі жаза ретінд тағайындалады. Бұл жаза сотталушының негізгі тұрақты жері бойынша, жергілікті атқару органдармен белгіленген жұмыс объектілерінде  негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақыттарда қылмыстық- атқару инспекциясының бақылауымен атқарылады.

Лекцияның мәтіні:

          1. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазаны атқару жүйесі

        Қоғамдық жұмыстарға  тарту –жаза жүйесіндегі жаңа  жаза түрі болып табылады. Бұл  жаза алғаш рет 1990 жылы БҰҰ-ның 8-ші крнгресінде бас бостандығынан айыру жазасына балама жаза ретінде қабылданады.

          Қоғамдық  жұмыстарға тарту жазасы сотталрған  адамдарға негізгі жаза ретінд  тағайындалады. Бұл жаза сотталушының  негізгі тұрақты жері бойынша , жергілікті атқару органдармен  белгіленген жұмыс объектілерінде  негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақыттарда қылмыстық- атқару инспекциясының бақылауымен атқарылады.

    Қоғамдық жұмыстарға  тарту жазасы қылмыстық жазалардың  ішінде мерзімі сарғатпен анықталатын  жаза болып табылады. Қоғамдық  жұмыстарды орындау жазасы 60 сағаттан 240 сағатқа дейін, ал кәмелетке толмағандар үшін 40 сағаттан 160 сағатқа дейін тағайындалады. Әрине кәмелетке толмағандарды  бұл жазаға тартқанда, олардың күші жететін жасына сәйкес жұмыстарды орындау белгіленеді .

   Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сотталған адамның негізгі тұрғылықты мекені бойынша қылмыстық –атқару инспекциясының жергілікті атқару органдармен бірлесіп анықталған өндіріс орындарында өтіледі.

   Бұл жаза да жазаны  атқарушы органдардың сотталған  адамның үстінен бақылау жүргізуі ретінде атқарылады. Жазаның атқарылу міндеті қылмыстық-атқару  инспекциясына жүктелгенмен, жұмыс берген мекемеде сотталушының үстінен бақылау жүргізеді. Яғни, сотталушының үстінен күнделікті бақылауды жұмыс беруші мекеме, кәсіпорын жүргізеді.

    Қоғамдық жұмыстарға  тарту жазасы сотталған адамның  негізгі тұрғылықты жері бойынша  орындалады.

  2. Түзеу жұмыстарға тарту жазаны атқару жүйесі

 Сотталушының “ тұрғылықты  жері” ретінде оның күнделікті  тұратын, яғни  ата-анасы немесе  балалары тұратын отбасы мекені алынады. “ Тұрғылықты жері” ретінде сотталушының жұмыс орнына күнделікті қатынайтын жері алынады. Бұл сотталған адам тұратын қала аудан аумағы болып саналады. Демек, сотталған ада күнделікті автобуспен, т.б көлікпен жұмыс орнына қатынап жүрген жерлер болуы керек.

   Түзеу жұмыстары жазасы  негізгі жаза ретінде, сотталушының  негізгі жұмыс орны бойынша 2 айдан 2 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Сотталушының табысынан сот белгіленген  көлемде мемлекет қорына 5 пайыздан 20 пайызға дейін ұсталым жүргізіледі. Бұл жаза қылмыстық атқару инспекциясының бақылауымен және сотталушы жұмыс істейтін мекеме әкімшілігімен атқарылады.

  Сотталушының негізгі  жұмыс  орны ретінде, еңбек кітапшасы  өткізілген мекеме, кәсіпорын алынады. Сотталушының басқа жерлердегі қосымша жұмыстарына бұл жазаның күші қолданылмайды және ол  шақтағы  табысынан ұсталым жүргізілмейді.

   Түзеу жұмыстары түріндегі  жаза 16 жастан бастап тағайындалады. 16 мен 18 жастың аралығындағы кәмелетке  толмағандарға бұл жаза бір  жылға дейінгі мерзімге тағайындала алады.

    Түзеу жұмыстары жазасына  мүлікті тәркілеу жазасынан басқа  кез келген қоысмша жаза тағайындалуы  мүмкін.

    Сотталушыны түзету жұмыстарына  тарту  туралы сот үкімінің  көшірмесі қылмыстық атқару испекциясына  келіп түскеннен кейін жаза 15 күннің ішінде басталуы тиіс. Бұл уақыттың ішінде қылмыстық атқару инспекциясының сотталушыны есепке алып, оны жаза өтеуі туралыісін жүргізеді және сотталған адам жұмыс жасайтын орынға хабарлама (үкім көшірмесін жіберуді ) жасайды . Сонымен  қатар, осы уақыт ішінде сотталушы да қылмыстық атқару инспекциясына келіп жаза өтеудің тәртібімен жағдайларынан хабардар болуы керек.

Түзеу жұмыстары да қоғамдық жұмыстарға тарту шарасы тәрізді, қылмыстық атқару инспекциясының сотталушы адамның жұмысындағы әкімшілік арқылы жазаның орындалу тәртібін бақылау түрінде іске асырады. Сондықтан инспекция сақталушының негізгі жұмыс орнының әкімшілігімен, оның ұжымымен үнемі байланыста болуы керек.

   қылмыстық атқару инспекциясына  сотталғандармен тәрбие жұмыстарын  жүргізуде жүктелген. Қылмыстық атқару инспекциясы сотталғандардың жеке мінез-құлық  ерекшеліктерін жасаған қылмысының түрін, қоғамға қауіптілік дәрежесін, т.б елеулі жағдайларын ескеруі керек. Инспекция сотталғанмен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, оған ол жұмыс істейтін мекеменің әкімшілігін, ұжымын тарта алады.

 


Информация о работе Қылмыстық атқару құқығы