Қылмыс құрамының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 06:51, реферат

Краткое описание

Қылмыстың анықтамасы (заңдылық немесе ғылымый тұрғыдағы) кез келген қылмысқа тән әділеттік және әлеуметтік нышандарға жөн сілтеп тұрады. Бұл нышандар (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамдық қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылық) қылмыстық әрекеттің қылмыс болып табылмайтын өзге құқық

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері
2. Қылмыс құрамының түрлері
3. Қылмыс объектісінің ұғымы және түрлері
4. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері
5. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және белгілері
6. Қылмыс субъектісінің ұғымы және түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ.doc

— 145.50 Кб (Скачать файл)

Формальды қылмыс құрамы – бұл қылмыстық заңмен қарастырылған әрекеттіжасау қылмыс аяқталды деп санауға жетерлік құрам. Бұл жерде салдарлар қылмыстық міндетті белгісіне жетпейді. Мысалы, мемлекеттік сатқындық, зорлау. Егер қоғамға қауіпті салдар тұтас болса, олар формальды құрам не квалификациялау белгілерінің қызметін атқарып, жаза тағайындау кезінде есепке алынады. Мысалы, зорлау салдарынан жәбірленуші венералогиялық аурулар жұқтырса.

Заң шығарушы көп  жағдайларда қылмысты аяқтау қылмыстық  әрекеттің алдын ала сатысына, яғни дайындау не қастандыққа жатқызады. Бұндай қылмыстың аяқталуы үшін қылмыстық салдардың да, әрекетті соңына дейін жеткізудің де қажеті жоқ. Бұндай келтелік қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, қарақшылық, бандитизм. 

 

3. Қылмыс объектісінің ұғымы және түрлері

 

Объект құрамының  міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан объектіміз заңмен қарастырылған қылмыс ретінде қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол сұғу кезінде осы объектіге мәнді зиян-залал келтіреді. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқытық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегі мен үлгілерін түсінуге көмектеседі.

Қылмыстық заңда  қылмыстық қол сұғушылықтан қорғанатын маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері  қамтыған. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 2-бабында былай деп бекітілген: «Осы кодекстің міндеттері: адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, меншігін қорғау, ұйымдардың құқығын және заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасының территориясының бүтіндігін қорғау, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүддесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысты ескерту». Осы норма мазмұнынан қылмысқа қол сұғушылықтан қорғалатын объектілердің ауқымының кең екенін байқадық.

Қылмыс объектісі  болып әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік  құрылыстарда, адамдардың өндірістік, қоғамдық, ішкі және өмірлік процесінде құрылатын қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыс объектісінің жалпы түсінігінің сипаты қылмыс объектісінің жіктеу мәселесіне келіп  тіреледі, яғни қылмыс объектісінің түрлеріне  тоқталайық.

Қылмыстық құқық  теориясындағы қылмыс объектісін үш түрге жіктеген: жалпы, топтық және тікелей.

Жалпы объектіге қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы жатады. Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстың әлеуметтік мазмұнын және оның қоғамғажәне мемлекетке деген қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.

Топтық объект бұл бір немесе барлық қылмысқа емес, тек қылмыстар тобына тән объект. Топтық объект қылмыстар тобы қол сұғатын біртекті қоғамдық қатынастар. Мысалы, топтық объектіге мыналар жатады: ұрлық, тонау, қарақшылық, яғни меншікке қарсы қылмыстар; тұлғаның өміріне, денсаулығына бостандығына, ар-намысы мен абыройына қарсы қылмыстар, яғни жеке тұлғаға қарсы қымыстар тобы болып табылады. Бұл топтық объект қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің тарауларында орын алған.

Тікелей объект бұл бөлек бір қылмыстың нақты қоғамдық қатынасқа бағытталуы. Тікелей объект қылмысты саралап, жазасын анықтағанда, бір қылмыстан екінші қылмысты ажыратқанда үлкен маңызға ие.

Қылмыстың тікелей  объектісінде нақты қоғамдық қатынастың сипаты ретінде мүддені алсақ  қателесеміз.

Мүдде қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты көрінуі, яғни субъектілердің арақатынасы және мүддесі болмаса, қоғамдық қатынаста жоқ. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы көп түрлі байланыстар жиынтығы. Бұл байланыстар материалды (өндірістік), адамгершілікті, құқықтық және басқа да қатынастар болып келеді. Ол қатынастар әлеуметтік топтар немесе белгілі бір адамдардың мүддесін бейнелейді. Мүдденің тұлғасы ғана емес, сонымен бірге өз объектісі — әлеуметтік құнды игілігі де бар.

Қылмыстық құқық  теориясында объектісінің негізгі, толықтырушы және факультативті деп үшке бөледі.

Негізгі объектісі – бұл қылмыстық норманың қорғау үшін қалыптыстырылған объектісі. Бұндай объект қылмыстық кодексінің ерекше бөлімдегі норманың орнын анықтау үшін қажетті критерий болып табылады.

Толықтырушы объект – бұл негізгі объектіге қарсы бағытталған қылмысты жасау жолында залалға ұшыраған объект. Мысалы, толықтырушы объект – нақты тұлғаның денсаулығы.

Қылмыстың факультативті объектісі – бұл бір қылмыс мүмкін қатынастар. Мысалы, бұзақылық негізінде тұлғаның мүддесіне зиян келеді. Бірақ негізгі объект қоғамдық тәртіп болып табылады.

 

4. Қылмыс объективтік  жағының түсінігі мен белгілері 
      

 Қылмыс құрамының келесі бір маңызды элементі болып қылмыстың қылмыстың объективтік жағы табылады. Қылмыста осы объективтік жақтың белгілері жоқ болса, онда қылмыс құрамы да жоқ деп саналады.

Қылмыс  құрамының объективтік жағы қылмыстың  құқық диспозициясында көрсетілген  құқықтық әрекеттің сыртқы белгілерінің жиынтығы, яғни қылмыстық объективтік  жағы адамның ішкі жан дүниесі, сезімі көңіл-күйінен емес, оның сыртқы салалы түрдегі іс-қимылымен сипатталады.

Сонымен бірге қылмыстың  объективтік жағы қоғамға қауіпті  салдарды және әрекет немесе әрекетсіздіктің  себепті байланысында қамтиды.

Қылмыстық объективтік жағына жататын белгілер: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға  қауіпті салдар, әрекет не әрекетсіздік арасындағы себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қылмыс жасау  құралы.

Адамның әрекет немесе әрекетсіздігі кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылады. Ал қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қару және қылмыс жасау құралы қылмыс құрамының факультативті белгілері деп аталады.

Егер осы  аталған белгілер қылмыстық құқық  нормасының диспозициясында атап көрсетілмеген жағдайда, міндетті белгілер қатарына жатпайды.

Қылмыстық объективтік  жағын жете түсінуіміз үшін осы жоғарыда аталған белгілерге тоқталып өтейік.

1. Қоғамға  қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет – бұл активті мінез-құлық. Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстардың басын көпшілігі тек қана әрекет арқылы жасалады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты үлгісі әр түрлі болып келеді. Қылмыс құралының барлығы дерлік бір-бірімен қоғамдық қауіпті мінез-құлық  үлгісі арқылы ажыратылады. Мысалы, ұрлық біреудің мүлкін жасырын ұрлау; тонау-біреудің мүлкін ашық түрде ұрлау, қарақшылық-тұлғаның өміріне және денсаулығына зиян келетін физикалық күш көрсету арқылы меншігіне қол сұғу; алаяқтық-сенімге кіріп, біреудің мүлкін пайдалану.

Адам әрекеті оның сыртқы еркінің көрінісі. Сондықтан ол саналы және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған. Әрекетті ерікті мінез-құлық сипатында көру тұлғалы кінәсіз деп тануға себеп емес.

Әрекетке адамның  рефлекстік дене қозғалысы, сондай-ақ ауру адамның сандырақтау жағдайындағы әрекеті немесе өз санасын бақылай алмайтын жағдайлары жатпайды. Сонымен бірге адамның саналы мінез-құлқы, егер ол табиғаттың дүлей күшінің әсерінен болатын болса, бұндай әрекеттер қылмыстық құқықтық мәнсіз келеді.

Әрекет немесе әрекетсіздік осы жоғарыда аталған жағдайда жасалса, бұл қылмыстар қылмыс болып табылмайды. Сондықтан тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі оның еркінен тыс жасалған деп есептеледі.

Егер күш  көрсету арқылы қоғамға қауіпті  әрекет жасалғанда, күш көрсетілген  тұлғаның қарсылық білдіруге мүмкіндігі болмаған жағдайға ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Сондықтан тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттерді  ұру арқылы жасауы қылмыстық жауапкершілікті  жоққа шығармайды, себебі бұл жерде  тұлғаның өз бетімен әрекет ету мүмкіндігін жоққа шығара алмайды.

Психикалық  мәжбүрлеу басқаша мәнге ие. Әрекетті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасау  жалпы түрде қылмыстық жауапкершілікті  жоққа шығармайды. Психикалық мәжбүрлеу  анықталған жағдайларда қауіпті  қажеттілік жағдайына ауысуы мүмкін. Мысалы, кассир өзіне сеніп тапсырылған ақша сомаларын, өлтірумен қорқытып тұрған қарақшыға берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның міндетті және мүмкін болатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивті мінез-құлық. Әрекетсіздікті қарастырушы қылмыстық құрамы көп емес. Мысалы, қауіптілікке қалдыру, ауруға көмек көрсетпеу және т.б.

Әрекетсіздіктің енді бір тобын аралас әрекетсіздіктер  құрайды. Мысалы, қоймашы өзіне сеніп  тапсырылған мүлікке ұқыпсыз  қарау салдарынан заттардың бұзылуы. Бұл жерде қылмыс құрамы үшін тұлғаның әрекетсіздігінен зиянды салдарлар пайда болады, яғни әрекетсіздік қылмыстық-құқықтық маңызға ие болады.

Активті әрекеттер  жасауға міндеттейтін әр түрлі негіздер бар. Бұндай міндеттемелерді бірқатар жағдайларды қылмыстық заң бекітеді. Мысалы, әскери міндетті тұлға әскери комиссариатқа шақырылған уақытында баруға міндетті; жүргізуші жол көлік оқиғасынан кейін жәбірлеушіге алғашқы дәрігерлік көмек беруге міндетті. Бұл міндеттер заңды бұйрық немесе қызметтік ережемен негізделуі мүмкін. Мысалы, жолда жүру ережелерін сақтау, жұмыскер бастығының айтқанын орындау және т.с.с.

  1. Қылмыстық заң қылмыс құралын әрекетті немесе әрекетсіздік тікелей жасаумен байланыстырады және осыдан белгілі бір қылмыстық салдар пайда болуымен де байланыстырады.

Қылмыстық  салдар деп қылмыс құрамының объективті белгілеріне жататын және тұлға әрекетімен (әрекетсіздігімен) негізделген қоршаған ортадағы өзгерістерді айтамыз.

Әрбір қылмыстық  әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық заңмен қорғалатын тұлғалардың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне қол сұғады. Бірақ қол сұғу объектіге келтірілген зиян материалды емес болуы мүмкін. Өйткені ол заттар әлеміне емес, адамдар арасындағы қатынасқа жатады.

Қол сұғу объектісіне  келтірілген зиян әр түрлі үлгіде көрінуі мүмкін. Мысалы, материалдық залал келтіру (біреудің мүлкін ұрлау, бүлдіру), физикалық зиян келтіру (денсаулығына зиян келтіру).

Қылмыстық нәтиже материалдық емес сипатқа да ие болуы  ықтимал. Мысалы, азаматтық мүліктік емес субъективті құқықтарын бұзу (саяси, еңбектің және басқа да ұйымдар мен  мекемелердің қалыпты жұмысын бұзу).

Заң шығарушы зиянды салдарларды жазу кезінде әр түрлі техникалық тәсілдер қолданады. Соның біреуін алатын болсақ, қылмыс құрамының қасақаналығы заңдағы сипаты бойынша құрамның аяқталуына белгілі бір қылмыстық салдарлар пайда болуы керек. Мысалы, қасақана кісі өлтіру, ұрлау және т.б. Заңда көрсетілген салдарлар жоқ болса, қылмыс жасау үшін қастандық жасалған болып саналады.

Жекелеген қылмыс құралдарында ауыр қылмыс салдарының пайда болуы жасалған әрекеттің  қауіптілік дәрежесін көтереді, сәйкесінше жасалған қылмыстың квалификациялануын өзгертеді (мысалы, заңсыз аборт өндірісі – Қ.К 117б).

3. Себепті  байланыс.

Материалды  қылмыс жасау кезінде тұлға әрекеті  немесе әрекетсіздігімен зиянды салдарлар  пайда болуы арасындағы себепші  байланыстың болуы арасындағы себепші  байланыстың болуы немесе болмауы сұрағы туындайды. Қылмыстық құқық теориясында себепті күрделі және даулы мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазіргі қылмыстық  құқықта зиянды салдар тұлғаға тек  қана, егер оның әрекеті немесе әрекетсіздігімен себепті байланыста ғана айыпталады.

Әрекет пен  зиянды нәтиже арасындағы себепші байланыс егер әрекет нәтиженің пайда болуынан бұрын болса ғана болады.

Қылмыстық құқықта  көптеген ғалымдар себепті байланысты философиялық категория негізінде  қарастырады өмір арасындағы байланыс деп қарастырады.

Қылмыстық нәтиже адам әрекетінің кездейсоқ салдары. Мысалы, адам денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе, бірақ ол адам жараны таңу кезінде қанға инфекция түсіп қайтыс болады. Бұл жағдайда әрекет пен пайда болған салдардың қажетті ішкі байланысы жоқ, тек сыртқы кездейсоқ оқиғалардың ағымы.

Зиянды салдар тұлғаның әрекетсіздігінен де пайда  болуы мүмкін. Тұлғаның әрекетсіздігі  пайда болуы нәтижесімен байланыста болуы керек. Ол тұлғаның өзінің арнайы міндеттемелерін орындамаудың көрінеді.

4. Қылмыс құрамының объективті жағының факультативті белгілері.

Кез келген қылмыс белгілі бір уақытта, анықталған жағдайда және белгілі бір тәсілмен жасалады. Кей жағдайларда қылмыс жасау уақыты, орны, жағдайы және тәсілінің ерекшеліктері әрекеттің  зияндығына мәнді әсер етеді.

Сондықтан заң  бұл белгілерді қылмыс құрамының маңызды белгілеріне жатқызады:

1. Уақыт. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарында ерекше бекітілген әскери уақыт әскери қылмыстардың зияны мен дәрежесін көтеретін жағдайлар.

2. Кей жағдайларда  қылмыс құралы белгілеріне қылмыс  жасаған орын танылады. Мысалы, қылмыстық кодекстің 385-бабы, тонаушылыққа қатаң жауапкершілік бекітілген, онда өлген және жаралы тұлғаның заттарын алу көрсетілген.

3. Көп жағдайда  қылмыстық нақты құрамының объективті  жақ белгісі ретінде қылмыс  жасау әдісі танылады. Осылайша  заң шығарушы меншікке қол сұғуды тәсілдеріне байланысты бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық және т.б).

4. Кей кезде  қылмыс жасау кезінде белгілі  бір қаруды қолдану тәсілі  қылмысты ауырлатады. Мысалы, Қылмыстық  Кодекстің 187-бап 2 тармақшасында  қарастырылған біреудің мүлкін өртеу арқылы немесе басқа да қоғамға қауіпті әдістерді қолданып қасақана бүлдіру немесе жою.

Информация о работе Қылмыс құрамының