Қылмыс құрамының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 06:51, реферат

Краткое описание

Қылмыстың анықтамасы (заңдылық немесе ғылымый тұрғыдағы) кез келген қылмысқа тән әділеттік және әлеуметтік нышандарға жөн сілтеп тұрады. Бұл нышандар (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамдық қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылық) қылмыстық әрекеттің қылмыс болып табылмайтын өзге құқық

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері
2. Қылмыс құрамының түрлері
3. Қылмыс объектісінің ұғымы және түрлері
4. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері
5. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және белгілері
6. Қылмыс субъектісінің ұғымы және түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ.doc

— 145.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 5. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және белгілері

 

Кез келген қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік –бұл  тек дененің қимылының  болмауы ғана емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген  қатынасы. Осы қатынас қылмыстың  психологиялық мазмұны болып табылады, яғни адамның өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерікті қатынасы, қылмыс жасау кезіндегі субьектінің басшылыққа алатын ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері-бұлардың бәрі қылмыстың субьективтік жағын құрайды. Қылмыстың субьективтік жағы қылмыстың ішкі мәні болып табылады Егер  қылмыстың  объективті жағы  - қылмыстың сыртқы сипаты болса , субъективті  жағы  оның  ішкі сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған  қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен  және мақсатпен сипатталатын  адамның  қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы.      

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай  заңдылық, белгілері: кінә, қылмыстық  ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің  жиынтығы кылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.     

Қазақстан Республикасының  Қлымыстық кодексінің 10 бабының 1 тармағына  сәйкес, адам соларға қатысты өз кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекетi (iс-әрекет немесе әрекетсiздiгi) және пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық түрінде көрінуі мүмкін.

Қасақана жасалған қылмыс деп, тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған қылмыстық әрекетті атайды. Қасақаналық түрлері:

1.Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiлсе және осы зардаптардың болуын тiлесе, қылмыс тiкелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

2. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, осы зардаптардың болуын тiлемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.

Абайсызда жасалған қылмыс деп, менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған қылмыстық әрекетті атайды. Абайсыздықтың түрлері:

1. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады.

2. Егер адам қажеттi ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге тиiс және болжап бiле алатын бола тұра өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. 

Қылмыстық ниет деп - белгілі бір қажеттіліктер  мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды  басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

Қылмыстық мақсат деп - адамның қылмыс істеу  арқылы болашақта белгілі бір  нәтижеге жетуін айтамыз.

Ниет  пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым болғанымен олар адамның еріктілік процесінің әр түрлі жағын сипаттайды. Ниет адам неғе-қылмыс жасады деген сұраққа жауап берсе, ал мақсат сол әрекеттің бағытын анықтайды. Қылмыстык ниет пен мақсат әр уақытта да Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларының диспозицияларында нақты атап көрсетілетін ұғым болып табылады.

Мысалы: баю мақсаты, басқа қылмысты жасыру мақсаты, соғысты арандату, т. б. пайдакүнемдік  ниет, бұзақылық ниет, зұлымдық ниет, қан үшін кекшілдік ниет және т. б. Кейбір реттерде заң шығарушы қылмыстық ниеттің жалпылама сипаттамасын ғана береді. Мысалы, зұлымдык ниет немесе басқадай жеке мүдделілік.

 

6. Қылмыстық субъектісі.

 

Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарына қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.

Қылмыстың субьектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылымыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады.

Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:

• а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, қорлау және нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану, адамды ұрлау;

• ә) мүліктік қылмыстардың кейбір турлері: ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, автокөлікті немесе өзге көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мәнжайлар;

• б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жөне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, т.б.

Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық еткен адам есі дұрыс деп танылады.

Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Субьектінің екі  түрі мен оларға тән белгілері болады: Бұл   қылмыс субьектісінің негізгі белгілері:

1.Жалпы. Есі дұрыстық, заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер және бұлардың, біреуінің жоқтығы іс-әрекеттегі қылмыс қүрамының жоқтығын көрсетеді. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді.

 2. Арнаулы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің   баптарында көрсетілген қосымша белгілер. (азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жағдайы тағы басқа.)                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ΙΙΙ Қорытынды

 «Қылмыс  құрамы» туралы  жұмысымды қорытатын болсам. Қылмыс құрамы – бұл өте өзекті, күрделі тақырып. Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара  тығыз байланысты, бірақ бір-біріне  ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұныда, бағытыда  әртүрлі.       

Қылмыстық құқық  теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының  жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады.      

Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді.     

Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді және әр бір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілері бар.      

Қылмыстық құқық теориясы әр бір қылмыста болатын  төрт түрлі міндетті элементтерді, олар;      

1.обьект      

2.обьективтік  жағы        

3.субьект      

4.субьективтік  жағы      

Осы көрсетілген белгілерге сәйкес кез  келген қылмыстың құрамы осындай  төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында  осы элементтерді бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Сондықтан да осы элементтердің біреуінін жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздіңде жоқ екендігін көрсетеді.      

Қылмыстың құрамының жалпы қысқаша түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім-Алматы Жеті жарғы, 2000ж.
  2. Ашитов З.О. Вопросы дальнейшего укрепления социалистической законности. Алматы, 1976 г.
  3. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық,.Жалпы бөлім: Лекциялар курсы – Алматы, 2003.
  4. Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., 1963
  5. Волков.В.С.Қылмыстық ниет және оны квалификациялау Казань.Изд.Знание.1968
  6. Волков В.С. Проблема воли и уголовная ответственность. Казань, 1973
  7. Волков.В.С. Преступный мотив и квалификация. Казань.Изд.Знание.1968
  8. Волков.Б.С. Неосторожность. Уголовно-правовые  и криминологические  проблемы.М.Изд.Наука.,1977
  9. Викторов Б.А. Цель и мотив в тяжких преступлениях. М., 1963
  10. Гилязев Ф.Г. Вина и криминогенное поведение личности. М., 1991
  11. Гринберг Н.С. Қылмыстық абайсыздықтағы қылмысқа қатысу. Советтік  мемлекет  және құқық.1990.№ 8.
  12. Дагель П.С. Котов Д.П. субъективная сторона преступления и ее установление. Воронеж, 1974
  13. Дагель П.С. Проблемы вины в советском уголовном праве. Владивосток, 1968
  14. Добрынин Н.Ф. Об активности сознания. В книге: Проблемы сознания. М., 1966
  15. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан.-Алматы, Баспа. 1999. под. ред: дюн, проф. Рогова. И. И, -кюн, доц. С.М.Рахметова.
  16. Кваршес В.Е. Абайсыздықпен болған қылмыстың алдын-алу негіздері.Изд.Юриздат.1971
  17. Кудрявцев В.Н. Обьективная сторана преступления. М., «Юрист» 1960г.
  18. Қазақстан Республикасының Конституциясы №2 басылымы Алматы Жеті жарғы 1996
  19. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1997жыл 16-шілде, Алматы, 2007 жылғы қаңтардың 8-ші жұлдызындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
  20. Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме.Ред басқарған. Ғ.Сапарғалиев- Алматы: Жеті жарғы 1999ж.
  21. Қазақстан Республикасының Конституциясы №2 басылымы Алматы Жеті жарғы 1996
  22. Каиржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон. Алма-Ата, 1975
  23. Ляпунов Ю.И. Основные теориетические проблемы уголовно-правовой органы природы в СССР, Диссерт, доктор, юрид. наук. М.,1976
  24. Мокичев К.А.  Против  ревизионистически изврашений  марксистко-ленинского учения о государ

 

 


Информация о работе Қылмыс құрамының