Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері, субъективті заңды құқығы мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2014 в 16:12, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті жоқ.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы...............................8
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................. 9
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................10
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері......................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................19
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................20
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................23
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................26
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік ................................................ 28
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және
оқиғалы себептер .......................................................................................29
Қорытынды............................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................62

Вложенные файлы: 1 файл

құқықтық қатынастары.doc

— 479.50 Кб (Скачать файл)

  Құқықтық қатынастардың  өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен  басқа үш бөлімнен тұратын  негіз болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субьективтік құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынасатар дамып, нығайып қоғамның обьективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады.

      Оқулықтың бастапқы білімінде қылмысты квалификациялаудың жеке қағидасы немесе ережесі ретінде қажетті жағдайларда Жалпы бөлімнің нормаларына сілтеме жасау арқылы құқықтық баға беру туралы айтылған болатын. Міне осындай Жалпы бөлімге сілтеме жасауды талап ететін қылмыстық құқықтағы жағдайдың бірі, аяқталмаған қылмыстарды квалификациялау болып табылады.

Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше біліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе, онда аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлері орын алып, іс-әрекетті квалификациялау аяқталған қылмыстармен салыстырғанда өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады.

Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:

1. Аяқталмаған қылмыстар  тек қасақана, оның ішінде тікелей  қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа  оқталу немесе даярлану әрекеттері  адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында кездеспейді. Қылмыстық кодекстегі тікелей де, жанама да қасақаналықпен анықталатын қылмыстарда тек тікелей қасақаналық орын алғанда ғана қылмысқа даярлану немесе оқталу кездеседі. Жанама қасақаналықпен қылмыс жасауға дайындалу және оқталудың мүмкін еместігі, ол қылмыстың салдарын тілемей тұрып, оған дайындала немесе қылмысты жасауға оқтала алмайтындығына байланысты болып табылады.1 Ал абайсыздықпен жасалатын қылмыстарда қылмысқа дайындалу немесе оқталу болмайды, сондықтан мұндай кінә нысанындағы қылмыстарда аяқталмаған қылмыстық әрекеттер болмайды.

2. Аяқталмаған қылмыстарда  кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге  байланысты қылмыстың орындалуы  аяғына дейін жеткізілмейді. Егер  қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттің жалғасуын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғына дейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

3. Аяқталмаған қылмысты  құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті  деп бағаланады, себебі қылмысқа  дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде  адамда қауіпті ой-ниет орын  алады және ол аяғына дейін жеткізілу мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мҹдделерге нақты қауіп туындайды және қылмыстық мақсатқа жету ҹшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы сатысы көрініс алады.

Аяқталмаған әрекеттердің қоғамға қауіпті болуы қылмыстық жауаптылық қолданудың заңды негізін білдіреді.

Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы, ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табылады. Аяқталмаған қылмыстарда құрам элементтерін сипаттайтын белгілердің ішінен тек қылмыс объектісі ғана емес, сонымен бірге субъективтік белгілерден қылмыстың мақсаты мен ниеті, ал объективтік белгілердің ішінен көпшілік жағдайларда қылмыстың орындалуын білдіретін әрекет немесе әрекетсіздік және материальдық құрамдар бойынша қылмыстың зардабы орын алмайды. Мұндай белгілердің аяқталмаған қылмыстарда орын алмау себебі, ол қылмыс субъектісі, іс-әрекеттің қасақана түрде жасалуы сияқты қылмыс құрамының барлық немесе көпшілік түрлеріне тән, көбінесе бірдей анықталатын белгілер болмауына байланысты. Қылмыс объектісі, қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын іс-әрекеттер, ниетпен мақсаттың, елеулі зардаптың түрі тәрізді белгілердің бір ерекшелігі, ол аталған белгілердің аяқталған қылмыстарда көрініс алатын белгілер болып саналуына байланысты болып табылады. Бұл белгілердің кейбіреулері түсіндіре кетуді талап етеді. Ең алдымен қылмысқа даярлану немесе оқталу тәрізді әрекеттерде қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге зардап келмесе, онда қылмыстық жауаптылықты қолданудың қандай негіздері бар, қылмыстық жауаптылыққа адамды тарту үшін құрам элементтері толық болуы керек емес пе деген сұрақ туындауы мүмкін.

Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын объектілерге зардап келмеуі немесе зардап келгенде де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде туындауы болып табылады. Мысалы адамды қасақана өлтіру мақсатын көздегенмен, оның еркінен тәуелсіз жағдайда мұндай зардап туындамай, тек жәбірленушінің денсаулығына зардап келуі мүмкін. Аяқталмаған қылмыстарда заңмен қорғалатын объектілердің бұзылу дәрежесі екі түрлі болады деп түсіну керек.

Біріншісінде, қылмысқа даярлану және оқталудың нақты зардаптар тудырмаған жағдайларында қылмыстың объектісі нақты бұзылмағанымен, бірақ оған бұзылу қауіпі болады немесе оған қатер туындайды. Мемлекет мұндай жағдайда да есі дұрыс, жауаптылық жасына жеткен адамның қоғам, адамзат құндылығына қасақана түрде қатер төндіргені үшін әрекекетсіздік таныта алмайды және жауаптылық қолданудың субъективтік негізі пайда болады.

Екіншісінде, қылмыскердің ойындағыдай объектінің түрі бұзылмағанмен, бірақ оған ұқсас немесе төменгі мөлшерде зардап келуі арқылы маңыздылығы қылмыскердің көздегенінен көрі жеңілірек объекті бұзылғанда, аяқталмаған қылмыстардың да зардаптарсыз болмайтындығы анықталады. Мұндай зардаптар келгенде де немесе қорғалуға жататын объектілерге нұқсан келтірілгенде де іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде бағалану себебі, ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәлінің қасақаналығының бағыты қолданылатынына байланысты. Сондықтан аяқталмаған қылмыстарда да зардаптар болады, бірақ ол зардаптың түрі мен көлемі кінәлінің мақсатындағыдай түрде немесе көлемде болмайды. Көпшілік жағдайда ол көздеген мөлшерден аз болады. Бірақ қылмысқа оқталу деп бағаланатын кейбір әрекеттерде кінәлінің қасақаналығына кірген объектіден де құндырақ қоғамдық қатынасқа немесе ауыр зардаптарға соқтыратын кездері бола алады. Мұндай оқталу әрекеттері объектіден қателесу жағдайында кездеседі. Мысалы қылмыскер 96 баптың 1 бөліміне жататын жай кісі өлтіру қылмысын жасауды көздегенмен, бірақ қателесу салдарынан жүкті әйелді өлтіруі мүмкін. Мұндай жағдайды кінәнің аралас нысанымен жасалған қылмыс деп бағалауға болмайды. Кінәнің аралас нысаны деп бағалау үшін квалификациялау кезінде қолданылатын ҚК бабында бұл туралы арнайы бөлім болуы керек. Ал 96 бап немесе жалпы қылмыстық заң, объектіден қателесу үшін арнайы баптар немесе оның бөлімдерін келтірмейді. Демек мұндай жағдайлар үшін квалификация тәртібі қылмыстық құқықтық ереже бойынша шешілуі керек және жоғарыда келтірілген қателесіп жүкті әйелді өлтіру қылмысы абайсыздықта қаза келтіру емес, кісі өлтіру қылмысы ретінде квалификациялануға жатады. Қылмыстық құқықтың квалификацияға байланысты бір кемшілігі ретінде қылмысқа оқталу деп бағалағай отырып, біз қылмыскердің нақты келтірген және өзі ойлағаннан да көрі ауыр зардаптар келтіргені үшін жазаны қаталырақ тағайындай алмайтындығымыз болып табылады. Өйткені қылмыстық заң оқталу әрекеттері үшін кінәлі айыпталып отырған баптың санкциясындағы жазаның ең жоғарғы мөлшерімен салыстырғанда төрттен үшінен асырмауды талап етеді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы қылмысты әрекеттерді қылмыстар жиынтығы ретінде де бағалауға болмайды, себебі мұндай жағдайларда кінәлі адам қасақаналықпен сипатталатын бір қылмысты жасауды көздейді, тек осы қылмыстың орындалу мазмұнында айырмашылықтар орын алады, екіншіден қылмыстық кодексте жүкті әйелге абайсыздықта қаза келтіруді қарастыратын бап жоқ, 96 бап субъективтік жағы бойынша тек қасақаналықпен сипатталатын қылмыс болып табылады.

Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі

Қасақаналықпен жасалатын, оның ішінде тікелей қасақаналықпен жасалатын қылмыстар кейде алдын ала дайындалу арқылы жасалады.Сондықтан мұндай кінә нысанымен жасалатын қылмыстардың  аяқталуына дейін сатылардан немесе белгілі бір кезеңдерден өтуі жиі кездеседі 195. Егер кінәлінің қылмыс жасау туралы шешімі пайда болған кезден бастап, оның орындалған кезіне дейінгі уақыт аралығындағы әрекеттерді анықтап, оларға құқықтық баға берсек, онда қылмыстың ең алғашқы кезеңі ретінде қылмыс жасау туралы қасақаналықтың, шешімнің пайда болғанын келтіруге болады. Қылмыстық құқық ережесі бойынша қылмыс жасау туралы адамда қасақаналық болғаны немесе шешім қалыптасқаны үшін қылмыстық жауаптылық болмайды. Бірақ бұл кезде адамда қылмыстық заңда қарастырылған қандай қылмыс түрін жасайтындығы белгілі болады. Қасақаналықтың пайда болуы ретінде адамның белгілі бір қылмыс түрін жасау туралы шешімі болып, бірақ ол қылмысты орындауға бағытталған әлі ешқандай әрекеттерді жасамауы болып табылады. Қылмыс жасау туралы қасақаналықтың пайда болғаны ҹшін қылмыстық жауаптылықтың болмау себебі, біріншіден мұндай кезеңде адамның ойында қалыптасқан шешімді іс жүзінде анықтаудың мҹмкін болмауына байланысты. Қылмыс жасау туралы адамда тілек, шешім орын алғанмен, бірақ бұл тілектің,шешімнің бар екендігін анықтау ҹшін, ол көрініс алуы қажет, яғни кемдегенде ол адам қылмыс жасайтындығы туралы мәлімдеме жасауы немесе белгілі бір сөздер айтуы керек. Екіншіден, адамда қылмыс жасау туралы шешім, қасақаналық болғанымен, ол әрі қарай жалғаспай, қылмысты жасау туралы шешімінен бас тартуы да мүмкін. Міне осындай себептерге байланысты қасақаналық пайда болғаны үшін жауаптылық болмайды. Адам қылмысты әрекеттер жасайтындығы туралы қоғамға немесе жәбірленушіге хабарлағанда да қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптары бойынша квалификация жасауға немесе жауаптылыққа тартуға барлық кезде заңды негіздер бола бермейді. Себебі қылмыс жасайтындығы туралы ойының, шешімінің бар екендігін хабарлау әрекеттері ҚК 24 баптың 1 бөліміндегі қылмысқа дайындалу әрекеттерін білдіретін белгілер қатарына жатпайды. Қылмысты деп танылған әрекеттерді жасайтындығын жариялау немесе оған шақыру- ҚК Ерекше бөлімі баптарында тікелей көрсетілген жағдайда ғана қылмысты деп танылады және аяқталған қылмысты білдіреді. Мысалы 157 баптағы басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария тҹрде шақыру, 164 баптағы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, немесе діни араздықты қоздыру. Мұндай қылмыстарда кінәлінің осындай қылмыстар туралы шешімінің бар екендігін жариялауының өзі, осы баптардың диспозицияларындағы әрекеттерге сәйкес келеді. Мұндай ережеге сүйене отырып, қылмыс жасау туралы қасақаналықтың пайда болғанын жариялау қандай жағдайларда қылмыстың жасалғанын білдіреді немесе неліктен қылмыстық заңның кей баптарында қасақаналықтың пайда болғанын жариялау қылмыс деп бағаланған деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселе кейбір қылмыс түрлерінде қылмыстың орындалуы негізінен осындай әрекетті жасау түрінде анықталатындығына байланысты болып отыр. Жоғарыда келтірілген қылмыс түрлеріндегі қылмыскердің шешімі, оны жариялау әрекеттері бір адамның емес, бүтіндей бір нәсілдің, ұлттың, дін өкілдерінің заңды мүдделеріне, олардың тең   құқықтылығына зиян келтіреді және екіншіден, қылмыстың нақты орындалуы, яғни заңмен қорғалуға жататын объектілерге ауыр зардаптар келтіру үшін өзі ғана емес, көпшілікті қатысуға шақырады. Жеке адамның өміріне, денсаулығына немесе меншігіне, абыройына қарсы бағытталған әрекеттерді жасайтындығын да жариялау қылмыстың орындалғанын білдіреді. Мұндай әрекеттер 112 баптағы қорқыту, 181 баптағы қорқытып алушылық қылмыстары ретінде квалификацияланады. Сондықтан адамның қылмысты әрекеттер жасайтындығын қоғамға немесе жәбірленушіге ашық білдіруі, жариялауы ҚК Ерекше бөлімнің баптарында тікелей көрсетілгенде ғана қылмысты деп бағаланады. Мұндай әрекеттерде қылмыстың құрамы бар деп танылу себебі, ол қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің бұзылу қаупінің болуы және қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілердің адамгершілікке жатпайтын, заңды мүдделерге зардап келтіруге бағытталған іс-әрекеттерді білдіретіндігіне, сонымен қатар зұлым ниеттерін іске асыруды көздей отырып, тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталатынына байланысты. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың кезеңдерінде дайындалу сатысы қылмыстық ой-шешімді іске асырудың алғашқы сатысын білдіреді. Дайындалу әрекеттерін қылмысқа оқталу немесе аяқталған қылмыстар өз құрамына сіңіреді, себебі қылмыстың кейінгі сатысы алдыңғы сатыға қарағанда қоғамға қауіптілігі, тәсілі бойынша ауыр деп бағаланады. Сондықтан қылмыс жасалып және ол қылмысты жасауға алдын ала дайындық болғанда, бірден Ерекше бөлімнің бабымен 24 бапқа сілтеме жасалынбай квалифкацияланады. Негізінде қылмыстық құқық ережесі бойынша қылмыстың алдын ала дайындық арқылы жасалуының квалификация жүргізу кезінде ролі жоқ. ҚК 24 бабының ережесі аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлерін және оның белгілерін анықтауға арналған. Сондықтан қылмысқа дайындалудың қылмыстық құқықтағы негізгі мағынасы, қасақана қылмысты жасауға алдын ала дайындық жасау әрекеттерінің кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғына дейін жеткізілмеуін білдіреді және осындай жағдайды сот-тергеу құжаттарында бейнелеуді, сонымен қатар жауаптылық тағайындау кезінде ескеруді қамтиды.

Қылмысқа дайындалу төмендегідей белгілермен анықталады:

- қылмыстың құралдары  мен қаруын іздестіру;

- қылмыстың құралдары  мен қаруын дайындау;

- қылмыстың құралдары  мен қаруын бейімдеп жасау;

- қылмысқа қатысушыларды  іздестіру;

- қылмыс жасауға сөз байласу;

- қылмыс жасау үшін  өзге де қасақана жағдайлар  жасау.Қылмыс жасау үшін құралдар  мен қару іздестіру- қылмыстың  орындалуы ҹшін қажетті болып табылатын құралдар және қару тәрізді жабдықтарды табу жолындағы әрекеттерді білдіреді. Кейбір қылмыстардың өзіндік ерекшелігіне қарай қажетті құрал-жабдықтардың дайын болуы міндетті болып табылады. Мысалы жалған ақша немесе жалған төлем құжаттарын жасау ҹшін алдымен арнайы техникалық құралдарды түгелдеу қажет. Сонымен қатар қылмыстың жасалуын  жеңілдету үшін тиісті құралдар мен жабдықтарды іздестіру әрекеттері жасалуы мүмкін. Мысалы кісі өлтіру қылмысын атылатын қарусыз да жасауға болады, бірақ қылмысты жеңіл орындау үшін атылатын қару іздестірілуі мүмкін. Мұндай қылмыстар арнайы құрал-жабдықтарсыз да жасала алады. Қылмыстың құралы немесе қаруының қылмысты квалификациялауға әсер ететін кездері де болады. Егер белгілі бір қылмыс түрінің орындалуы үшін арнайы құралдың қолданылуы қажетті болса, онда мұндай құрал квалификация кезінде жеке қылмыстың түрін білдірмейді және іс-әрекетке құқықтық баға беруге әсер етпейді. Өйткені бұл құрал-қару осы қылмыстың құрамында міндетті белгі ретінде қолданылады. Мысалы бандитизм қылмысының жасалуы немесе оған дайындық жасау кезінде атылатын қару болғаны үшін атылатын қаруды, жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 251 баппен қосып квалификация жасауға болмайды. Ал егер қасақана кісі өлтіру қылмысы атылатын қаруды заңсыз пайдалану арқылы жасалса, онда 96 баппен және 251 баппен қылмыстар жиынтығы ретінде бағаланады. Қылмыстың құралдары мен қаруын іздестіру әрекеттері кез-келген түрде болуы мҹмкін. Мысалы сатып алу, біреуден уақытша пайдалануға алу, талан-тараж арқылы алу т.б тҹрлерде бола алады.Қылмыстың құралдары мен қаруын дайындау- қылмыстың жасалуын жеңілдететін жабдықтарды қолдан немесе өндірістік тәсілмен жасауды білдіреді. Қылмыстың орындалуы үшін белгілі бір құрал-жабдықтың түрі арнайы түрде қажетті болғанда, ол қылмыс құрамы белгілерінің қатарына жатады, сондықтан осындай құрал, қаруды дайындау өзге бапта жеке қылмыс ретінде қарастырылса іс-әрекетке квалификация жасау кезінде ол қолданылмайды. Мысалы 179 баптың 2 бөлімінің «г» пунктінде «қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған» қарақшылық қылмысының ауырлататын түрі келтірілген. Қару немесе қару ретінде қолданылатын құралдарды пайдалана отырып қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 251 немесе қаруды заңсыз жасау ретінде 252 баптармен қосып квалификация жасауға болмайды. Өйткені 179 баптың келтіріп отырған 2 бөлімі күрделі құрамды білдіреді және 252 баппен салыстырғанда бүтін норма болып табылады. 179 бап 2 бөлімінің мазмұнында 251 немесе 252 баптың белгілері толық қамтылған.Қылмыстың құралдары мен қаруын бейімдеп жасау- бұл қылмыстың орындалуы кезінде қолдануға болатын немесе қылмыстың жасалуын жеңілдете алады деген затты әдепкі түрінен өзгертіп, қылмысты жасау құралына айналдыруды білдіреді.Қылмысқа қатысушыларды іздестіру- қылмыс жасауға ниеті бар екендігін кем дегенде бір адамға айтып айтып, қылмыстың бірге орындаушысы немесе көмектесушісі болуға шақыруды білдіреді. Қылмысқа қатысушылады іздестіру белгісі бойынша қылмысқа дайындалу ретінде квалификация жасау ҹшін адамның келісім беруі міндетті емес. Яғни қылмысты бірге орындауға адам келісім бермегенде де қылмысқа дайындалу әрекеттері үшін 24 бапты қолдануға болады. Қылмысқа қатысушылық ережесі бойынша мұндай жағдай, анығырақ айтқанда іске аспаған қылмысқа қатысушылық деп аталады.Іске аспаған қылмысқа  қатысушылық жасалған әрекеттің түріне қарай қылмысқа дайындалу немесе оқталу деп бағаланады. Қылмысқа қатысушыларды іздестірген адам орындап отырған әрекетінің сипатына қарай қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады және құқықтық Тишкевич И.С. Приготовление и покушение по советскому уголовному праву (понятие и наказуемость). –М.: Госюриздат, 1958. С.38 бағалау жасағанда ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабымен 24 бапқа сілтеме жасай отырып квалификация жүргізу керек. Мұндай адамдардың әрекеттерін квалификациялағанда 28 бапқа сілтеме жасалынбайды,себебі қылмысқа қатысушыларды іздестіру 28 бапта да айтылғанмен, 24 бапта оның нақты жағдайы, қылмысқа дайындалудың бір тҹрі ретінде келтірілген. Яғни ұйымдастырушылық әрекет екі бапта да келтірілгенмен, бірақ 28 бапта аяқталған ұйымдастырушылық әрекет қарастырылса, ал 24 бапта аяғына дейін жетпеген қылмыстық әрекет тҹрінде келтірілген.Қылмыс жасауға сөз байласу-бұл кем дегенде екі адамның белгілі бір қылмысты жасау туралы келісімге келіп, бірақ олардың еркіне тәуелсіз себептермен қылмысты аяғына дейін жеткізудің мҹмкін болмауын білдіреді. Сонымен қатар бұл кезеңде келісім жасаған адамдардың арасында кімнің қандай ролдер орындайтыдығы тәрізді қылмыс жоспарының деталдары әлі анықталмаған болуы мҹмкін. Келісім жасау қылмысқа қатысушылық ережесіне сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, мысалы ауызша немесе жазбаша келісім беру, ым жасау арқылы келісімге бару. Кейбір әдебиеттерде келісім әрекетсіздік тҹрінде де бола алады дейді,мысалы ҹндемей келісім беру. Алдын ала келісім болмаған жағдайда қылмысқа қатысушылар іштей келісімде болады. Соған қарай бірінің әрекетін екіншісі басқа мағынада емес, сол бірінші адамның әрекетінің мағынасында түсінуі арқылы іштей бірлестікте болады.Қылмыс жасалардың алдында ғана немесе аяқ астынан қылмыс жасау туралы пайда болған келісім алдын ала келісімге жатады. Себебі мұндай жағдайда келісімді білдіретін белгілі бір сөздер, ымдар жасалмай болмайды. Мұндай келісімді зерттеушілер еңбектерінде «элементарное соглашение» деп атайды.1 Ал алдын ала келісімсіз түрде қылмыс жасалғанда қылмысқа қатысушылар көрінеу сөзбен, ыммен келіспейді. Мұнда бір-бірінің әрекетінің мағынасын тҹсініп, іштей келісімді түрде қылмыс жасалады. Қылмысқа қатысушылықтағы алдын ала келісім мен алдын ала келісім болмау жағдайының шекарасы міне осылай ажыратылады.Қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау-бұл көлемі бойынша қылмысқа дайындалуды білдіретін, өзге белгілерге қарағанда кең және тыл белгі болып табылады. Қылмыстың жасалуы ҹшін өзге де жағдайлар жасау ретінде қылмыстың орындалар жерін немесе қылмыстың жәбірленушісін алдын ала барлау, қылмыстың жасалуы кезінде кедергі жасауы мүмкін бөгеттерді құрту, қылмыс жасалғаннан кейін қылмыстың затын, ізін, қылмыскердің өзін жасыру керек болғанда алдын ала жасыратын жерлерді іздестіру т.б дайындық әрекеттері тҹрінде түсіну керек.Осындай жоғарыда баяндалған дайындалуды білдіретін белгілер кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына дейін жеткізілмесе, жасалған іс-әрекет қылмысқа дайындалу ретінде бағаланып, ҚК  Ерекше бөлімінің тиісті бабымен және 24 баптың 1 бөліміне сілтеме жасау арқылы квалификацияланады. Қылмысқа дайындалудың аяқталу моменті немесе 24 баптың 1 бөлімін қолдану негізі, ол дайындалуды білдіретін белгілердің аяғына дейін орындалуына байланысты емес. Дайындалу- уақыт аралығы бойынша қылмысқа оқталуға дейінгі кезеңді толық қамтиды.

Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі

ҚК 24 бабының 3 бөліміне сәйкес, «тікелей қылмыс жасауға бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады». «Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет» ретінде қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе обьективтік жағы белгілерін орындағанмен, бірақ тиісті зардаптың туындамауы алынады. Бұл екі жағдайда да, яғни қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе ол белгілер орындалғанмен зардаптың туындамауы кінәлінің еркіне тәуелсіз жағдайларға, себептерге байланысты болуы керек. Осы екі жағдайға қарай қылмыстық құқық қылмысқа оқталудың екі түрін, аяқталған және аяқталмаған оқталуды келтіреді.Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа оқталудың түсінігі туралы мынандай анықтамалар кездеседі. «қылмысты қасақана орындағанмен, оны ойлаған субъектінің еркіне тәуелсіз жағдайларда қылмыстың нәтижесінің аяқталмауы» немесе «Аяқталған қылмыстың құрамын орындауға тікелей бағытталған қоғамға қауіпті қасақана іс-әрекет осындай әрекеттер жасап отырған адамның еркіне тәуелді емес себептермен мақсаттына жетпеуі болып табылады»1, сонымен қатар «қылмысқа оқталу- бұл тікелей қасақаналықпен қылмыс жасауға тікелей бағытталған, ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында бейнеленген аяқталған қылмыс құрамдарының объективтік жағының белгілері бар, яғни материальдық құрамдардағы қылмыстарда зардаптарға соқтырмаған немесе осы баптарда көрсетілген іс-әрекеттердің тек бастапқы бөлімін қамтитын әрекет немесе әрекетсіздіктің кінәліге байланысты емес жағдайлар бойынша аяғына дейін жеткізілмеуі болып табылады».

Қылмысқа оқталудың тҹсінігін беруге арналған бұл анықтамалардың сапасы туралы сөз қозғамаймыз. Бұл біздің міндетімізге жатпайды, тек бұл жерде қылмысқа оқталу түсінігінің қылмыстық құқықта даулы екендігін ескертеміз.

Аяқталмаған оқталу ҚК Ерекше бөлімінің баптарындағы қасақаналықпен жасалатын қылмыстарды жасауға тікелей бағытталған әрекеттер болып табылады. Анығырақ айтқанда, аяқталмаған оқталу-қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың объективтік жағы белгілерінің жасалған іс әрекетте болмауын, яғни қылмысты орындауға бағытталған әрекеттердің құрамның объективтік жағы белгілерін сипаттайтын іс-әрекетке дейін үзілуін білдіреді. Мысалы қылмыскер ұрлық жасау орнына бара жатырғанда оны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұстап алуы немесе қылмыс жасайтын жерге жеткенімен қылмыстың затының орнында болмауы, өзге адамдардың бөгет болуы сияқты  т.б себептерге байланысты қылмыстық жоспар немесе қылмыстың бастапқы кезеңі аяғына дейін жеткізілмеуі мүмкін.

Информация о работе Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері, субъективті заңды құқығы мен міндеттері