Динемика негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 16:35, реферат

Краткое описание

Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары.
Денелердiң өзара әсерлесуiн және осы әсерлесуден пайда болатын қозғалыстарды зерттейтiн механиканың бөлiмiн – динамика деп атайды. Динамиканың негiзiне 1687 жылы Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

Динамика.docx

— 24.87 Кб (Скачать файл)

Динамика 

Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары.            

 Денелердiң өзара әсерлесуiн  және осы әсерлесуден пайда  болатын қозғалыстарды зерттейтiн  механиканың бөлiмiн – динамика  деп атайды. Динамиканың негiзiне 1687 жылы Ньютон тұжырымдаған қозғалыс  заңдары жатады. 

 

2.1.Ньютонның 1-шi заңы

Денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың әсерлерi өзара теңессе дене тыныштық күйде болады немесе өзiнiң түзу сызықтық бiрқалыпты қозғалысын сақтайды.           

 Дененiң қозғалыс жылдамдығының  бағыты мен шамасын сақтау  құбылысын – инерция деп атайды, ал денелердiң бұл қасиетiн   инерттiлiк дейдi.           

 Денелердiң инерттiлiгiнiң сандық  мөлшерi ретiнде физикалық скаляр  шама масса енгiзiлген   . 

 

           

 Ньютонның 1-шi заңы орындалатын санақ жүйесiн инерциялық санақ жүйесi деп атайды. (и.с.ж.)           

 Мысалы инерциялық санақ жүйесiне - гелиоцентрлiк санақ жүйесi жатады.           

 Кез-келген үдеумен қозғалатын санақ жүйесi инерциялық санақ жүйесi болып табылмайды.  

 

2.2.Күш

Денелердiң өзара әсерлесуiнiң сандық сипаттамасы ретiнде физикалық векторлық шама - күш енгiзiлген. Өлшем бірлігі  ,  

Денелер өзара әсерлескенде келесi құбылыстар байқалады:

1.     Дене үдеу алады.

2.     Денелер деформацияланады.

3.     Жоғарыдағы екi құбылыс бiр мезгiлде жүредi.            

Денеге бiрнеше күштер әсер еткен жағдайда денеге әсер ететiн тең әсерлi күш - жеке күштердiң векторлық қосындысына тең.                    

 


Информация о работе Динемика негіздері