Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 16:59, реферат
Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.
КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет
2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері
2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.
2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.
2.4 «Өзен» мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.
2.5 «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы
3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
3.1.1 Тасымалдау
3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
4.1 Біріккен менеджмент жүйесі
5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері
6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау
6.3 Өлшеу құралдарын сынау
6.4 Өлшеу құралдарын жөндеуді және түгендеуді ұйымдастыру
6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
7 МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ
8.1 Еңбек қорғау
8.2 Өндірістік экология
9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1
Басшылық және анықтамалық
2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері
2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.
2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.
2.4
«Өзен» мұнай кен орынның
2.5 «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы
3
МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
3.1.1 Тасымалдау
3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР
4.1 Біріккен менеджмент жүйесі
5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері
6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау
6.3 Өлшеу құралдарын сынау
6.4
Өлшеу құралдарын жөндеуді
6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
6.6
Метрологиялық бақылауды
7
МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ
8.1 Еңбек қорғау
8.2 Өндірістік экология
9
ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.
Әлемнің ірі кен орындарында бүгінгі таңда мың және бес мың метр тереңдікке дейін мыңдаған, он мыңдаған мұнайдың скважиналары бұрғыланған. Миллиондаған бұрғылаушы және компрессорлық станциялар жер қыртысындағы мұнай мен газды жер астынан тартып, сорып, мұнай өнімдерінің құбырлары мен газ құбырлары дамыған елдер территориясына еніп тірі организмдегі қан тамырлары сияқты әр түрлі мемлекеттер мен континенттерді біріктіре байланыстыруда.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіру бойынша Ресейден кейін екінші орында, дүниежүзілік қауымдастықтағы 90 елдің алғашқы отыздығына кіреді. Қазақстан территориясында 202 мұнай және газ кен орындары бар. Қазір мұнай 55 кен орындарында өндіріліп отыр. Ең ірі кен орындарына – Теңіз (мұнай), Өзен (мұнай-газ), Қарашығанақ (мұнай-газ конденсат), Жаңа жол (мұнай-газ конденсат), Қаламқас (мұнай-газ) кен орындары жатады.
Қазақстанның бәсекелік басымдылықты иемденуі, саладағы рыноктық потенциалдың жоғарылығымен, табиғат ресурстарының молдығымен, тєжірбиелі еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуімен, елдің стратегиялық орналасуымен т.б. факторлаға тікелей байланысты.
Еліміздің мұнайгаз кешені инвестицияны өзіне тартатын сала ретінде экономикадан дербес, бөлек дамуы мүмкін емес. Мұнайгаз кешені тек қана бір секторды ғана емес, сонымен бірге аралас салаларды, нәтижесінде экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін арттыруы қажет, яғни бүкіл республика экономикасының локомотиві болуы тиіс.
Сондықтан, мұнай өндіру, тасымалдау жүйесі мұнайгаз саласындағы бәсекелестікті жоғарылатудағы мақсатты стратегиясы болып табылады және Қазақстан экономикасындағы өндірісті дамытуда үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда мұнай өндіру, тасымалдау жүйесіндегі инфрақұрылым мен технологиялық дәрежесін дамыту және мұнайды өткізу каналдарын кеңейту мәселелері өзекті мәселелердің қатарында. Ол үшін бұл салаға бәсекелестік баға қою мен уақытында сапалы мұнайды жеткізу, мұнай тасымалдау жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сенімділігін жоғарылату т.б. стратегиялық мақсаттар күн тәртібіне қойылған. Барлық жоғарыда аталған мәселелер тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын анықтайды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты «Өзен Мұнай Газ» өндірістік филиалында шығарылып таратылатын мұнайдың сапасын жақсарту шараларын жасау болып табылады.
Аталып өткен мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеті:
- Қазіргі таңдағы мұнай шығару, тарату мәселелерін талдау;
– мұнай және оның сипаттамасы;
- мұнай өнімдері сапасын реттейтін мемелекеттік стандарттарды зерттеу;
- мұнай өндіру, тасымалдау процесстерін талқылау;
- коррозияның мұнай сапасына кері әсерін негіздеу арқылы, сапаны жақсарту шарасын ұсыну;
- шыныпластикалық насосты-компрессорлық құбырлардың экономикалық тиімділігін есептеу;
- кәсіпорындағы біріккен менеджмент жүйесін талдау жасау;
- мұнай өнімдерін сынау әдістемелерімен танысу;
- еңбекті қорғау және өндірістік экология сұрақтарын талқылау;
- «Өзен Мұнай Газ» өндірістік филиалында шығарылып таратылатын мұнайдың сапасын жақсарту шараларына қорытынды жасау.
Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі он бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттен, қосымшалардан тұрады. Сонымен қоса, жұмыстың жанына А1 форматындағы 8 графикалық сызбалар ұсынылады. Жазу барысында 20-дан аса әдебиет көздері, 30-дан аса халықаралық, мемлекеттік стандарттар қолданылды.
Дипломдық жобада мұнай өнімдері сапасы анықталған, сапаны басқарудың негізгі кезеңдері қарастырылған. Жаңа шығынөлшегішті ұсыну арқылы, біріккен менеджмент жүйесін енгізу арқылы мұнай өнімдерінің сапасын бақылау деңгейін жоғарлату шаралары ұсынылған, өнімді сертификаттау, сынау, процесстерді метрологиялық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және өндірістік экология сұрақтары қарастырылған.
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет
Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары. Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлістатустары, иерархиялық құрылымдары және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманынң өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль-ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль-адамның өзі» деп тұжырымдайды.
Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалды жиі-жиі қайталамауымен ерекшелінеді. Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық-бұл ырғақтылық, және де басшылық ете білу-бұл басшылық стилін өзгерте білу».
Басшы жұмысшының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Басқару тәсілі-басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету.
Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс-оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
Стильдің қалыптасуы-бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
Стиль түрлері және олардың сипаттамалары. Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істегендігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.
Стиль дегеніміз-әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен снімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.
Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да, отандық және шет елдік әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.
Мәселен, Х. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:
Автократтық және парламентаралық стильдер қолайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.
Ең қолайлысы коопаеративтік стиль-«жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекет ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мұқият тындайды, олардың ұсыныс пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды және қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені осындай жағдайда қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді.
АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):
Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты арасындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Практикада көбінесе басқарудың классикалық үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық.
Либеральдық стиль: мұндай жұмыс стиліндебасшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принцинпсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғарғы қызметкерлерге қарайлайды.
Мұндай стильдегі басшы тәртіп
бұзушыға қатаң талап қоймайды,
Мәселелерді немқұрайлы
бетімен кетушілігі орын алады.
Авторитарлық стильдің негізі макевиаллизм деп аталады.Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған.1532 жылы ол "принц" кітабында билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ,өйткені "мақсат тәсілді өтейді" деген идея ұсынады.
Авторитарлық стильге (батыста мұны
тиімсіз деп есептейді және
де мүлде дерлік кездеспейді)
шешімді бір адам қабылдайды,
Автократ бағыныштыларының іс-
Мәжілісті көбінесе бағыныштыларына нұсқау беру түрінде өткізеді. Өзінің қарамағындағыларды қатты сынайды. Ол ұжымдағы кез келген бейреси топтарды қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиімсіз, творчествалық белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өміршең келеді. Оның өзі басшының жеке басшының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты. Егер басшы өз ісін жетік білмесе, әрі кәсіби білім дәрежесі өзі басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады.
Авторитарлық стильдің алуан түрлі нышаны болады:
Информация о работе Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері