Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 16:59, реферат
Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.
КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет
2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері
2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.
2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.
2.4 «Өзен» мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.
2.5 «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы
3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
3.1.1 Тасымалдау
3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
4.1 Біріккен менеджмент жүйесі
5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері
6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау
6.3 Өлшеу құралдарын сынау
6.4 Өлшеу құралдарын жөндеуді және түгендеуді ұйымдастыру
6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
7 МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ
8.1 Еңбек қорғау
8.2 Өндірістік экология
9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
4.1. Механикалық
қауiпсiздiкке қойылатын
21. Металл конструкцияларды
өндiру және монтаждау, тасымалдау
және сақтау, құрылыста пайдалану
және кәдеге жарату кезiнде
олардан болуы мүмкiн
1) жекелеген металл конструкциялары, сондай-ақ
қоймалау кезiнде оларды қабаттап жинау
көзделетiн жұмыс жағдайларында аударылу,
құлау немесе опырылу қатерiнсiз пайдалануды
қамтамасыз ететiндей орнықты болулары
тиiс;
2) металл конструкциялары құрылыс объектiлерiнде
пайдалану кезiнде персоналды жобалық
жағдайда орнату орнына жылжытылатын
металл конструкциялардан келетiн қауiптен
қорғау үшiн қауiпсiздiк шаралары қолданылуы
тиiс;
3) жобалық жағдайда орнату кезiнде құрылыс
металл конструкциялардың, сондай-ақ қоймалау
кезiнде оларды қабаттап жинау тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшiн тиiстi бекiткiштер
қолдануды көздеу қажет.
22. Конструкциялардың тұрақсыз элементтерi
құрастыру кезiнде мүкәммалдық тiреулермен
және кергiштермен бекiтiлуi тиiс.
23. Iрi көлемдi кеңiстiктiк конструкцияларды
жалпы құрастыруды бөлшектердi орнату
тәртiбiн және бұл үшiн қажеттi құрастыру
құралдары да көзделуi тиiс алдын-ала әзiрленген
технологиялық процестерге сәйкес қана
жүргiзiлуi қажет.
24. Конструкцияларды кеңiстiктiк құрастыру
және жекелеген құрастыру бөлшектерiн
тiк немесе көлбеу жағдайда орнату кезiнде
қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн, конструкцияларды
және бөлшектердi құлаудан сақтайтын тiреуiштердi
және кергiштердi қолдану қажет.
25. Биiк кеңiстiктiк конструкцияларды құрастыру
кезiнде жұмыс орны сатылармен және жұмыс
алаңдарымен жабдықталуы тиiс. Арнайы
сақтандырғыш қалқасыз бiрнеше қатарда
бiр мезгiлде жинауға тыйым салынады.
26. Бөлшектер пакетiнен тұратын конструкцияларды
құрастыру кезiнде бөлшектердегi тесiктердiң
тура келуiн саусақпен тексеруге тыйым
салынады. Ол үшiн сүймендi, кiлттiң ұшын
немесе арнайы құралды пайдалану қажет.
27. Құрастыру кондукторлары мен жиектегiштер
құрастырылатын элементтердiң өлшемдерiне,
салмағына және конфигурациясына сәйкес
болуы және элементтердiң жылжуына кедергi
келтiретiн, шығып тұратын бөлiктерi болмауы
тиiс.
28. Итарқалық және итарқа астылық фермаларды
және осындай торлы конструкцияларды
құрастыруға арналған көшiрмелер дәл жасалған,
мұқият тексерiлген, сөрелерде тұрақты
және сенiмдi бекiтiлген болуы тиiс, элементтердi
әрбiр жиектеу алдында олардың сенiмдi
бекiтiлгендiгiне алдын-ала көз жеткiзу
керек.
29. Ұстатуды орындауға тек дәнекерлеушiлерге
арналған, арнайы оқудан өткен және дәнекерлеу
аппаратымен жұмыс iстей алатын жұмысшыларға
ғана рұқсат берiлуi мүмкiн.
30. Болат конструкцияларды құрастыру және
монтаждау кезiнде ұстау сәтiнде электрмен
дәнекерлеу арқылы ұстату жөнiндегi жұмысты
орындайтын жұмысшылар беттерiн және көздерiн
қорғаушы шынылары (жарық сүзгiлерi) бар
қалқаншалармен жабулары тиiс.
31. Дайындау процесiнде құрастырылатын
конструкцияларды көтерудiң, жылжытудың
немесе жиектеудiң алдында ұйымның техникалық
қызметтерi конструкцияларының әрбiр типi
үшiн белгiлеген қаттылығын тексеру, ал
қажеттiлiк жағдайында оны дайындаудың
техникалық құжаттамасында көрсетiлген
қосымша бекiткiштер орнату қажет.
32. Жұмыс басталардың алдында жүк қармағыш
құралдардың (тростардың, шынжырлардың,
қармағыштардың, қысқыштардың, траверстердiң
және т.б.) бар екендiгiн және жарамдылығын
тексеру қажет. Жұмысқа жарамсыз жүк қармағыш
құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
33. Элементтер жинау құралдарымен, бұрандалармен
немесе ұстатумен берiк бекiтiлген соң
ғана iлгiш бауларды iлгектен немесе жүк
қармағыш құралдарды жиналатын конструкциялардың
элементтерiнен шешуге болады.
34. Құрал-саймандардың және әмбебап құрастырушы
құралдардың
(струбциналардың, қол домкраттарының,
тартпалардың, балғалардың және
басқа құралдардың) жарамдылығын үнемi
тексерiп отыру қажет.
4.3. Радиациялық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар
48. Металл конструкциялардың
радиациялық қауiпсiздiгi тiршiлiк циклiнiң
барлық процестерiнде радиациялық қауiпсiздiк
саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасы және техникалық регламенттер
талаптарды орындау арқылы қамтамасыз
етiлуi тиiс.
49. Металл конструкциялары адам ағзасына
терiс әсер етуi мүмкiн, шектi рұқсатты мәндерден
асатын радиоактивтiк сәулелердi қоршаған
ортаға бөлу көздерi болмаулары тиiс.
50. Адамға және қоршаған ортаға радиациялық
әсер ету мүмкiндiгi бар металл конструкцияларды
(әкелу, әкету және өткiзу) санитарлық-эпидемиологиялық
оң қорытындысынсыз айналымға шығаруға
рұқсат берiлмейдi. Металл конструкциялардың
радиациялық қауiпсiздiгiнiң нақты нормативтерi
осы Техникалық регламентпен үйлестiрiлген
стандарттарда белгiленедi.
51. Қайталама металдың әрбiр партиясы кәдеге
жарату кезiнде радиациялық бақылауға
ұшырауы тиiс.
52. Радионуклидтермен ластанған металды
дәнекерлеу немесе кесу бойынша жұмыстарды
орындайтын персонал ұшқынға төзiмдi, жақсы
активсiздендiрiлетiн материалдардан жасалған
арнайы жеке қорғану құралдарымен жабдықталуы
тиiс.
53. Үлестiк бета-белсендiлiгi 0,3 кБк/кг-нан
100 кБк/кг-ға дейiнгi немесе үлестiк альфа-белсендiлiгi
0,3 кБк/кг-нан 10 кБк/кг-ға дейiнгi не құрамындағы
трансурандық радионуклидтер 0,3 кБк/кг-нан
100 кБк/кг-ға дейiнгi шикiзат, материалдар
және бұйымдар тек мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау органының қолданудың белгiлi
бiр түрiне арналған санитарлық-эпидемиологиялық
қорытындысы болған кезде ғана шектеулi
пайдаланылуы мүмкiн. Бұл материалдар
мiндеттi радиациялық бақылауға жатады.
54. Өндеушi ұйымдарға жөнелтуге арналған,
ластанған металл шикiзат оны активсiздендiрiлгеннен
соң, қайта балқытылған металды одан әрi
пайдаланудың кез-келген нұсқасы кезiнде
қайталама радиоактивтiк қалдықтардың
құралуын болдырмайтындай арнайы объектiлерде
алдын-ала балқытылуы немесе өзге түрде
өңделуi тиiс.
55. Өндiрiстiк процестерде радиоактивтi
заттарды пайдаланатын кәсiпорындардан
жөнелтiлген қайталама металдар партиясына
активсiздендiру туралы iлеспе құжат қоса
берiлуi тиiс.
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
4.4. Термикалық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар
56. Металл конструкциялардың
термикалық қауiпсiздiгi адам денесiнiң
қорғалмаған уческелерiнiң металл конструкцияларды
өндiру және монтаждау, тасымалдау және
сақтау кезiнде орын алуы мүмкiн температурасы
жоғары немесе өте төмен беттерiмен жанасуына
жол бермеу арқылы қамтамасыз етiледi.
57. Қызметкерлердi дәнекерлеу жұмыстары
кезiнде сұйық металдың, қождың шашырауынан
пайда болатын қауiптi және зиянды өндiрiстiк
температуралық факторлардың әсерiнен
және дәнекерлеушi жалаңаш терiсiмен суымаған
заттарға жанасуынан сақтандыру үшiн,
өндiру және монтаждау процесiнде жеке
қорғану құралдарын қолдану қажет.
Қызметкерлер металл конструкцияларды
дәнекерлеу жұмыстары кезiнде қолданатын
жеке қорғану құралдары нормативтiк құжаттардың
талаптарына сәйкес келуi тиiс.
58. Қалың металдарды кесу кезiнде жоғары
температураның жұмысшыға әсерiн азайту
үшiн ұзартылған түтiктерi бар кескiштердi
қолдану қажет.
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
4.6. Металл конструкцияларды өндiру және монтаждау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары
68. Металл конструкцияларды
өндiру кезiнде нормативтiк
69. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде
Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес өндiрiстiк қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету жөнiндегi барлық кешендi шаралар орындалуы
тиiс.
70. Кәсiпорында металл конструкцияларын
өндiру процесiнде қауiпсiздiкке байланысты
болатын барлық технологиялық операцияларды
бақылау жүйесi iске қосылуы тиiс.
71. Кәсiпорында қабылданған бақылау немесе
қолданыстағы сапа менеджментi жүйесiне
сәйкес қауiпсiздiктiң барлық талаптарының
орындалуын талдау, егер, мұндай талаптар
тиiстi техникалық регламенттерде бар
болатын болса, қажеттiлiк кезiнде металл
конструкцияларын өткiзудiң алдында қатердi
бағалау жүйелi түрде жүргiзiлуi тиiс.
72. Барлық болаттардың қолданыстағы нормативтiк
құжаттарына сәйкестiгi тексерiлген (құжаттардың
негiзiнде), сұрыпталған, таңбаланған, профильдерi,
маркалары және қорытпалары бойынша жиналған
болуы және өндiрiске берудiң алдында қақтан,
таттан, майдан, ылғалдан, қардан, мұздан
және басқа да ластанулардан тазартылуы
тиiс.
73. Электродтар мен флюстар пайдаланудың
алдында нормативтiк құжаттарда және паспорттарда
көрсетiлген режимдер бойынша кептiрiлуi
және күйдiрiлуi, кептiрiлмегендерi мен күйдiрiлмегендерi
олардан бөлек сақталуы тиiс. Дәнекерлеуге
арналған сым таттан, майлардан және басқа
да ластанулардан тазартылуы тиiс.
74. Флюстар мен электродтар дәнекерлеушiнiң
жұмыс орнына тек кептiрiлген және күйдiрiлген
түрде, бiр ауысымдағы жұмыс үшiн жеткiлiктi
мөлшерде берiлуi тиiс. С 440 классты болатты
дәнекерлеуге арналған электродтар температурасы
плюс 45 о С-тан кем
емес кептiру пешiнен тiкелей берiлуi және
2 сағат iшiнде пайдаланылуы тиiс. Электродтар
мен флюстарды жұмыс орнында ылғалданбайтын
жағдайларда сақтау қажет.
75. Прокатты суық күйiнде түзетудi пiшiнiне
және қимасының өлшемiне байланысты табақ
түзеткiш, сұрып түзеткiш немесе созғыш
машиналарда, ал ерекше жағдайларда қолмен
жүргiзу қажет.
76. Прокатты түзетiлген соң жарықтар және
қатпарлар болмауы тиiс. Прокаттың қалыңдығы
және енi бойынша прокаттың осы түрi үшiн
тиiстi нормативтiк құжатпен көзделген
минустық дәлдiк шегiнiң екi есе мәнiнен,
бiрақ барлық жағдайларда қалыңдық бойынша
1 мм және қиманың габаритi бойынша 3 мм
артық емес жергiлiктi майысқан жерлердiң
болуына рұқсат берiледi.
77. Қоса алғанда С 255 дейiнгi класстағы болаттан
жасалған бөлшектердi ыстық күйiнде (қысыммен)
өңдеу (900-1000) о С аспайтын
температураға қыздырған соң, нормаландырылған
жағдайда жеткiзiлетiн С 390 және С 440 классты
болаттан жасалған бөлшектердi ыстық күйiнде
(қысыммен) өңдеу (900-950) о С аспайтын
температураға қыздырған соң жүргiзiлуi,
өңдеу 700 о С төмен температурада
тоқтатылуы тиiс. Өңдеуден кейiн бөлшектердi
салқындату жылдамдығы шынығуын, жиырылуын,
сызаттардың және жыртықтардың пайда
болуын болдырмауы тиiс. Термикалық жақсартылған
болатты өңдеу кезiнде 700 о С аспайтын
температураға дейiн қыздыру қажет. Болатты
бiлiкшелердi доғалық дәнекерлеу арқылы
түзетуге тыйым салынады.
78. Көмiртектi болаттан жасалған бөлшектердi
жиек игiш қыспақтарда қыздырусыз ию кезiнде
дөңгелектену радиусы статикалық салмақ
түсетiн конструкциялар үшiн болаттың
қалыңдығынан 1,2 еседен кем болмауы, динамикалық
салмақ түсетiн конструкциялар үшiн болаттың
қалыңдығынан 2,5 еседен кем болмауы, ал
төмен дәрежеде легирленген болаттар
үшiн көмiртектi болаттарға қарағанда -
50 %-ға артық болуы тиiс. С 345 болаттан жасалған
элементтердiң iшкi дөңгелектену радиусы
болаттың қалыңдығынан үш еседен кем болмауы
тиiс.
79. Қоса алғанда С 345 дейiн класстағы төмен
дәрежеде легирленген болаттардан жасалған
бөлшектерде июге дейiн иiлу сызықтарын
кесiп өтетiн жиектерiн тегiстеу және:
1) гильотинада кесуден соң
2) қолмен термикалылық кесуден соң
3) механикаландырылған термикалық кесуден
соң, кесiлген жиектiң кедiр-бұдырлығы 0,3
мм артық болған жағдайда қылтанақтарды
алып тастау қажет.
Созу, сығу және ию кезiндегi механикалық
қасиеттерi С 345 болаттiкiнен жоғары болаттан
жасалған бөлшектердi қыздырусыз июге
рұқсат берiлмейдi.
80. Дәнекерленген арқалықтардың қабырғаларын
гофрлауды ротациялық типтегi арнайы механикаландырылған
қондырғыларда орындау қажет. Арқалықтардың
қабырғаларын тiк механикалық не гидравликалық
қыспақтарда бiр жүрiсте екi толқыннан
артық емес июдi қамтамасыз ететiн мөртабанды
қолданып гофрлауға болады. Қабырғаның
барлығын гофрлау оның мөртабанының астында
жылжуының есебiнен жүзеге асырылады.
81. Металл конструкциялар бөлшектерiнiң
жиектерiн кесудi және өңдеудi нормативтiк-техникалық
құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзу
қажет.
82. Конструкцияларды тек түзетiлген, қылтанақтардан,
кiрден, майдан, таттан, ылғалдан, қардан
және мұздан тазартылған бөлшектер мен
элементтерден жүргiзiлу тиiс.
Конструкцияларды және бөлшектердi құрастыру
кезiнде олардың нысандарының өзгеруiне,
ал жиектеу және тасымалдау кезiнде қалдық
деформацияға жол берiлмеуi тиiс.
83. Тек дәнекерлеп ұстату арқылы жиналған
ауыр және iрi көлемдi конструкцияларды
және элементтердi олардың нысанының өзгермеуiн
қамтамасыз ететiн құралдарсыз кранмен
көшiруге және жиектеуге рұқсат берiлмейдi.
84. Конструкцияларды жалпы құрастыру конструкциялардың
барлық элементтерiн немесе оның жекелеген
бөлiктерiн бiртiндеп жалғау арқылы жүргiзiлуi
тиiс. Бұл ретте, монтаждау тесiктерiн бұрғылауды
қоса, барлық қосылыстарды дәл келтiрiлу
жүргiзiлуi және орнықтырғыш құрылғылар
орнатылуы тиiс.
85. Жөнелтiлетiн барлық элементтерде жеке
таңбалау және қатерлер қойылған болуы
тиiс. Табақ конструкциялардың қаптамаларын
жалпы құрастыру кезiнде бiр мезгiлде үш
царгадан кем жиналмауы тиiс.
86. Болат конструкцияларды дәнекерлеудi
нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына
сәйкес дәнекерленген жiктердiң талап
етiлетiн геометриялық өлшемдерiн және
дәнекерленген қосылыстардың механикалық
қасиеттерiн қамтамасыз етуi тиiс, әзiрленген
және бақыланатын технологиялық процесс
бойынша жүргiзу қажет.
Дәнекерлеу жұмыстары дәнекерлеу жұмыстары
бойынша арнайы бiлiмi бар тұлғаның басшылығымен
жүзеге асырылуы тиiс.
87. Қолмен электр доғалық дәнекерлеудi
дәнекерлеушiлердi
аттестациялау ережелерiне сәйкес белгiленген
тәртiпте берiлген куәлiктерi бар электр
дәнекерлеушiлерi жүргiзулерi тиiс.
88. Автоматты және жартылай автоматты
дәнекерлеудi арнайы оқыған және бұл туралы
тиiстi куәлiктерi бар дәнекерлеушiлер жүргiзулерi
тиiс. Дәнекерлеушiлер жұмыс орнында конструкцияларды
дәнекерлеу жүргiзiлетiн жағдайларға ұқсас
жағдайларда сынақтан өтулерi тиiс.
Дәнекерленетiн беттер және дәнекерлеушiнiң
жұмыс орны жаңбырдан, қардан, күштi желден
және жел соғудан қорғалған болуы тиiс.
89. Жобада монтаждау жұмыстарының технологиясымен
айқындалатын талаптарға сәйкес келiсiлген
тесiктерден басқа, барлық монтаждау тесiктерi
әзiрлеушi кәсiпорында жобалау диаметрiнде
құралуы тиiс.
Зауыттық және монтаждық тесiктерiн кiшi
диаметрмен тесiп, одан кейiн жобадағы
диаметрге дейiн жеткiзу тек ол металл
конструкциялардың сызбаларында келiсiлген
жағдайда ғана жүргiзiледi.
90. Барлық болат конструкциялар әзiрлеушi
кәсiпорында нормативтiк-техникалық құжаттардың
талаптарына сәйкес астарлануы және сырлануы
тиiс.
91. Металл конструкцияларды тоттан қорғау
осы Техникалық регламенттiң және нормативтiк
құжаттардың талаптарына сәйкес орындалуы
тиiс.
92. Металл конструкцияларына арналған
тоттан қорғау жабындары мынадай талаптарға
жауап беруi тиiс:
1) металл беттерiне жұғысу қабiлетi (адгезия)
жоғары болу;
2) металдарға тотқа қарсы қорғаныс беруi;
3) үйкелуге, майларға, ерiткiштерге, қышқылдардың,
тұздардың,
сiлтiлердiң ерiтiндiлерiне, теңiз суының
және тұщы судың әсерiне төзiмдiлiк;
4) қаттылық және иiлгiштiк;
5) атмосфераға төзiмдiлiк;
6) газ өткiзбеу;
7) диэлектрикалық қасиеттерi жоғары болуы;
8) қолдануға барынша қарапайым және ыңғайлы
болуы;
9) ұзақ мерзiмге жарамды болуы.
93. Коррозияға төзiмдi қабаттың бетiнде
қақтар, көпiршiктер, үлбiрлер, жарықтар
(басылып тартылу және ажарлау) болмауы
тиiс. Ақаулар коррозияға төзiмдi қабаттың
қалыңдығын, оның ең аз шамасынан азайтпайтын
тереңдiкте тазалау арқылы жойылуы тиiс.
94. Тотқа қарсы жұмыстарды механизация
құралдарын барынша пайдаланып, жұмыстарды
жүргiзу жобалары бойынша орындау керек.
95. Ғимараттардың және құрылыстардың болат
конструкцияларын әзiрлеу кезiнде нормативтiк-техникалық
құжаттарға сәйкес қосымша талаптарды
сақтау қажет.
96. Болат конструкцияларды орнату кезiнде
қолданылатын конструкциялар, бұйымдар
және материалдар нормативтiк құжаттардың
және жұмыс сызбаларының талаптарына
сәйкес жауап беруi тиiс.
97. Болат конструкцияларын монтаждау бойынша
жұмыстар мыналар көзделген жұмыстарды
жүргiзудiң бекiтiлген жобасы бойынша жүргiзiлуi
тиiс:
1) конструкцияларды орнатудың дәйектiлiгi;
2) орнатудың талап етiлетiн дәлдiгiн қамтамасыз
ететiн шаралар; 3) конструкцияларды оларды
iрiлетiп құрастыру және жобалық орнына
орнату процесiнде кеңiстiктiк өзгермеуi;
4) конструкциялардың және ғимараттар
(құрылыстар) бөлiктерiнiң орнату процесiндегi
орнықтылығы;
5) конструкцияларды iрiлету деңгейi және
еңбектiң қауiпсiз шарттары.
98. Әрбiр монтаждау элементiн көтерердiң
алдында мыналарды тексеру қажет:
1) оның жобалық маркаға сәйкестiгi;
2) салынбалы бұйымдардың және орнату белгiлерiнiң
жай-күйiн, кiрдiң, қардың, мұздың жоқтығын,
әрленуi, астарлануы, сырлануы бүлiнбегенi;
3) жұмыс орнында қажеттi жалғағыш белшектердiң
және қосалқы материалдардың болуы;
4) жүк қармаушы құрылғылардың бекiтiлуiнiң
дұрыстығын және сенiмдiлiгiн, сондай-ақ,
жұмыстарды жүргiзу жобасына сәйкес құралдармен,
сатылармен және қоршаулармен жабдықтау.
99. Монтаждау элементтерiн орнату кезiнде
мыналар қамтамасыз етiлуi тиiс:
1) монтаждаудың барлық сатыларында олардың
жағдайының тұрақтылығы және орнының
өзгермеуi;
2) жұмыстарды жүргiзудiң қауiпсiздiгi;
3) үнемi геодезиялық бақылаудың көмегiмен
олардың орындарының дәлдiгi;
4) монтаждық қосылыстардың берiктiгi.
100. Конструкцияларды жобалық орнына қабылданған
бағдарлар
(белгiлер, iстiктер, тiреулер, қырлары) бойынша
орнату қажет.
Арнайы немесе басқа орнықтырғыш құрылғылары
бар металл конструкцияларды осы құрылғылар
бойынша орнату керек.
101. Орнатылатын монтаждық элементтер
iлмектердi ағытардың алдында қауiпсiздiктi
қамтамасыз етуге жеткiлiктi түрде сенiмдi
бекiтiлген болуы тиiс.
Егер ондай сүйеу жұмыстарды жүргiзу жобасында
көзделмеген болса, орнатылған элемент
тексерiлгенге және сенiмдi (уақытша немесе
жобалық) бекiтiлгенге дейiн, оған жоғарыда
жатқан конструкцияларды сүйеуге рұқсат
берiлмейдi.
102. Ғимараттардың (құрылыстардың) конструкцияларын
монтаждауды кеңiстiктiк орнықты бөлiгiнен:
байланыстырушы ұяшықтан, қатаңдылық
өзегiнен және басқалардан бастау қажет.
Ұзындығы немесе биiктiгi үлкен ғимараттардың
және құрылыстардың конструкцияларын
монтаждауды кеңiстiктiк орнықты секциялармен
(аралықтар, қатарлар, қабаттар, температуралық
блоктар және басқалар) жүргiзу қажет.
103. Ғимараттардың және құрылыстардың
сыналуы тиiс конструкцияларының номенклатурасы
нормативтiк-техникалық құжаттарда келтiрiледi
және жобада нақтылануы мүмкiн.
104. Сынақтарды жүргiзу әдiсiн, кестесiн
және бағдарламасын жобада көрсету, ал
жүргiзiлу тәртiбiн жұмыстарды жүргiзудiң
арнайы жобасында немесе осы жобаның тарауында
әзiрлеу керек.
Сынақтарды жүргiзуге тағайындалған персонал
жұмысқа тек арнайы нұсқаулықтан өткен
соң ғана жiберiледi.
105. Конструкцияларды сынауды құрамына
тапсырыс берушiнiң (төраға), бас мердiгер
(қосалқы мердiгер) монтаждау ұйымының
өкiлдерi ал жобада көзделген жағдайларда
жобалаушы ұйымның да өкiлi кiретiн комиссия
жүргiзуi тиiс.
106. Сынақтарды жүргiзудiң барлық уақытында
сынаққа қатысы жоқ адамдар кiруге болмайтын
қауiптi аймақтың шекарасын белгiлеу қажет.
Жүктеменi жоғарылату және төмендету кезiнде
сынақты жүргiзушi тұлғалар, сондай-ақ
сынақтарды жүргiзуге қажеттi бақылау
аспаптары қауiптi аймақтан тыс жерде не
сенiмдi баспанада болулары тиiс.
107. Сынақ кезiнде салмақ түсiрiлген металл
конструкцияларды тырсылдатып соғуға,
сондай-ақ оларды жөндеуге және ақауларын
түзетуге тыйым салынады.
108. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде
жобадан ауытқу жобаның авторларымен
келiсiлуi тиiс. Жобадан ауытқып әзiрленген
металл конструкциялары оның авторларымен
келiсiлмей сатуға рұқсат берiлмейдi.
109. Болат конструкцияларды құрастыру
және монтаждау кезiнде жұмыстың сипатымен
байланысты мынадай қауiптi және зиянды
өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауды
қамтамасыз ету үшiн еңбек қауiпсiздiгiнiң
талаптарын сақтау қажет:
1) жұмыс аймағы ауасының жоғары дәрежеде
шаңдануы және газдануы;
2) жұмыс орындарының биiктiгi бойынша 1,3
м және одан көп айырмашылығы бар орындарға
жақын орналасуы;
3) жылжымалы конструкциялар;
4) конструкциялардың және жабдықтың бекiтiлмеген
элементтерiнiң құлауы;
5) жоғары орналасқан материалдардың, аспаптың
құлауы.
110. Болат конструкцияларын құрастыру
және монтаждау процесiнде мыналар қажет:
1) шағын механизация құралдарын әзiрлеушi
зауыттың нұсқаулығына
сәйкес мақсаты бойынша қолдану;
2) жұмыс орнын таза ұстау, қоқыстан, қардан,
мұздан тазалау, материалдарды және конструкцияларды
қоймалау ережелерiн бұзуға жол бермеу;
3) еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзуға
жол бермеу.
111. Резервуарларды салу және жөндеу кезiнде
кепiлдiк берiлген механикалық сипаттамалары
және химиялық құрамы бар, төмен температураларда
морт қирауға қарсыласу қабiлетi жоғары,
дайындамаларды орамалау мүмкiндiгiн беретiн
және тотқа төзiмдiлiк дәрежесi жоғары металдар
пайдаланылуы тиiс.
112. Резервуарларды салуға және жөндеуге
қолданылатын болаттың сапасы мен маркасы
жобаның нұсқауларына, тиiстi құрылыс нормаларының
және ережелерiнiң, техникалық шарттардың
талаптарына сәйкес болуы және өнiм жеткiзушi
зауыттардың сертификаттарымен не зертханалық
сынақтардың деректерiмен куәландырылуы
тиiс.
113. Металл резервуарлардың конструкциясы,
оларды орнату жобаларының нұсқауларына
сәйкес болулары тиiс. Ыстық суды және
буды сақтау үшiн осы мақсатқа арнайы арналған,
олардың жарылуын болдырмайтын сыртқы
күшейткiш құрылғылар орнатылған резервуарлар
пайдаланылуы тиiс.
114. Барлық резервуарлардың сыртқы жағында
жылу оқшаулаушы жабыны, iшкi жағында тотқа
қарсы жабыны болуы тиiс.
115. Мұнай өнiмдерiне арналған резервуардың
жоғары белдеуiнiң iшкi бетiн және шатырын
тоттан қорғау жабыны ретiнде нормативтiк
құжаттардың талаптарына сәйкес арнайы
эмальдар және эпоксидтiк тығыздағыш қолданылады.
116. Ыстық суға және буға арналған резервуарлардың
iшкi бетiн тоттан қорғау нормативтiк құжаттардың
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
117. Қайтадан пайдалануға берiлетiн және
пайдаланылып жатқан ыстық суға және буға
арналған барлық резервуарларда бактардың
тасқын түрiнде қирауын болдырмау үшiн
сыртқы күшейткiш конструкциялар орнатылуы
тиiс.
118. Сыртқы күшейткiш конструкциялары және
iшкi бетiнiң тотқа қарсы жабыны жоқ ыстық
суға және буға арналған резервуарларды
пайдалануға тыйым салынады.
119. Ыстық суға және буға арналған резервуарларда
дренаждық құбыр өткiзгiштен басқа барлық
құбыр өткiзгiштер тiк қабырғаларға резервуардың
есептiк отыруына есептелген және жалғанған
құбыр өткiзгiштер қызған кезде қабырғасына
қысым түсiруiн болдырмау үшiн қажеттi өтеуiш
құрылғылар орнатылып жалғанады.
120. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде
металл конструкцияларды өндiруге қатысы
бар басқа техникалық регламенттерде
белгiленген қауiпсiздiк талаптары да орындалуы
тиiс.
4.7. Металл конструкцияларды
тасымалдау және сақтау
121. Металл конструкцияларды
тасымалдау және сақтау кезiнде
оларды тасымалдау және сақтау шарттарының
осы Техникалық регламенттiң, сондай-ақ
ондай талаптар белгiленген басқа да техникалық
регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiн
қамтамасыз ету қажет.
122. Металл конструкцияларды тасымалдау
және сақтау кезiнде Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес қауiпсiздiк
талаптары орындалуы тиiс.
123. Металл конструкциялары сақтау және
тасымалдау, жобалау (құру) барысында көзделген
және металл конструкциялардың осы Техникалық
регламентпен үйлестiрiлген стандарттарында
көрсетiлген қауiпсiздiк және қорғау шараларының
барлық талаптары есепке алына отырып
жүргiзiлуi тиiс.
124. Металл конструкциялары кәсiпорынның
қоймаларында және өткiзу орындарында
сақтау кезiнде өрт шығуын, қоршаған ортаның
ластануын немесе радиациялық бүлiнуiн
болдырмайтын шаралар көзделуi тиiс.
125. Тиеу-түсiру жұмыстарын көтеру-тасымалдау
жабдығының және шағын механизация құралдарының
көмегiмен механикаландырылған тәсiлмен
орындау керек. Жүктердi қолмен көтерудi
және тасуды Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында белгiленген
нормаларды сақтай отырып, жүргiзу қажет.
126. Тиеу-түсiру жұмыстарының қауiпсiздiгi
мыналармен қамтамасыз етiлуi тиiс:
1) жұмыстарды жүргiзу тәсiлiн, жүк көтеру-көлiк
жабдығын және технологиялық жарақтандыруды
таңдау;
2) жұмыстарды жүргiзу орындарын дайындау
және ұйымдастыру;
3) қызметкерлердi қорғау құралдарын қолдану.
127. Металл конструкцияларды жүк көтеру-көлiк
жабдығымен жылжыту кезiнде қызметкерлердiң
жүктiң үстiнде және оның құлауы мүмкiн
аймақта болуына рұқсат берiлмейдi.
128. Металл конструкцияларды тасымалдауды
және монтаждау аймағында уақытша қоймалауды
осы конструкцияларға арналған нормативтiк
құжаттардың талаптарына сәйкес орындау,
ал стандартталмаған конструкциялар (бұйымдар)
үшiн мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) конструкциялар (арқалықтар, фермалар
және т.б.) жобалық орнына сәйкес жағдайда
болуы, ал ол шартты орындау мүмкiн болмаған
кезде (колонналар, сатылық қадамдар және
т.б.) олардың берiктiгi қамтамасыз етiлiп,
тасымалдауға және монтаждауға беруге
ыңғайлы жағдайда болуы тиiс;
2) конструкция жобада көрсетiлген орындарда
орналастырылған қимасы тiк бұрышты жабдықтық
төсемдер мен аралық төсемдерге сүйенуi
тиiс;
3) төсемдердiң қалыңдығы 30 мм кем болмауы
және конструкциялардың iлгектерiнiң және
басқа да шығып тұрған бөлiктерiнiң биiктiгiнен
кем дегенде 20 мм артық болуы тиiс;
4) бiртиптегi конструкцияларды көп қатарлы
тиеу және қоймалау кезiнде төсемдер мен
аралық төсемдер көтеруге арналған құрылғылардың
(iлгектердiң, тесiктердiң) сызығы бойынша
бiр вертикальда, не жұмыс сызбаларында
көрсетiлген басқа орындарда орналасулары
тиiс;
5) конструкциялар аударылып кетуден, бойлық
және ендiк жылжудан, өзара бiр-бiрiне немесе
көлiк құралының конструкциясына соғылудан
сақтандыру үшiн сенiмдi бекiтiлуi тиiс;
6) бекiткiштер әрбiр элементтi көлiк құралынан
қалған элементтiң тұрақтылығын бұзбай
түсiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етулерi тиiс;
7) конструкциялардың шығып тұратын бөлшектерi
бүлiнуден
сақтандырылуы тиiс; зауыттық таңбалауды
көру мүмкiн болуы тиiс;
8) монтаждық қосылыстарға арналған ұсақ
бөлшектердi жөнелтiлетiн элементтерге
бекiту немесе бөлшектердiң маркасы мен
саны жазылған биркалармен жабдықталған
ыдыста конструкциялармен бiрге жөнелту
керек; бұл бөлшектердi қалқаның астында
сақтау керек;
9) бекiткiш бұйымдарды түрлерi және маркалары
бойынша, бұрандамалар мен гайкаларды
- берiктiк кластары және диаметрлерi, ал
аса берiк бұрандамалар, гайкалар мен бұрандалар
- партиялары бойынша да сұрыптап, жабық
үй-жайда сақтау керек.
129. Конструкцияларды қоймалау кезiнде
маркалары бойынша сұрыптау және монтаждау
кезектiлiгiн есепке ала отырып орналастыру
қажет.
Кез-келген конструкцияларды сүйретiп
тасуға тыйым салынады.
130. Алюминийден және алюминий қорытпалардан
жасалған конструкцияларды тасымалдау
кезiнде құрастырмалы-жиналмалы ғимараттар
мен құрылыстардың элементтерiн пакеттеу
және контейнерлерде тасымалдау арқылы
олардың сақталуын қамтамасыз ету қажет.
131. Егер өнiмдi әзiрлеушi немесе оны тұтынушылар
өзгеге келiспесе, металл конструкцияларды
тасымалдау көлiктiң осы түрiнде қолданыстағы
жүк тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге
асырылады.
132. Егер металл конструкциялар (олардың
жинақтаушы бөлшектерi) нормативтiк құжаттардың
талаптарына сәйкес тиiстi түрде қаптамаланған,
қауiпсiз сақтау, қауiпсiз тасымалдау және
өткiзу бойынша ұсыныстармен жабдықталған
болса, оларды сақтауға, тасымалдауға
және өткiзуге рұқсат берiледi.
133. Металл конструкцияларды тасымалдау
және сақтау кезiнде нормативтiк құжаттардың
талаптарына сәйкес өнiмнiң әрбiр партиясында
сақтау шарттары және штаттан тыс және
апатты жағдайларға арналған қысқаша
нұсқаулар көрсетiлген iлеспе құжаттамен
қамтамасыз етiлуi тиiс.
134. Металл конструкцияларды тиеу, түсiру,
тасымалдау және қоймалау қауiпсiздiк талаптарын
сақтау үшiн қажеттi бiлiктiлiгi бар персонал
жүргiзуi тиiс.
135. Металл конструкцияларды тасымалдау
және сақтау кезiнде нақты технологиялық
процестер және тасымалдау мен сақтау
жағдайлары есепке алына отырып, қатерсiз
дәрежесiн бағалау жүргiзiлуi тиiс.
136. Болат конструкцияларды жабық үй-жайларда
орнықтырып, қабаттап жинап сақтау қажет.
Болатты ашық ауада сақталған кезде, оларды
су ағып кететiндей еңiстiкпен орналастыру
керек.
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4.8. Металл конструкцияларды
ғимараттар және құрылыстар
137. Қазақстан Республикасының
аумағында айналымға түсетiн
138. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану
процесiнде металл конструкциялардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн "Ғимараттардың,
құрылыстардың және оған iргелес аумақтардың
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық
регламентiмен белгiленген талаптар орындалуы
тиiс.
139. Көтергiш металл конструкциялары бар
ғимараттарды және құрылыстарды атмосфералық,
климаттық және технологиялық факторлардың
қиратушы әсерiнен жүйелi түрде сақтандыру
қажет.
140. Көтергiш металл конструкцияны ғимараттардың
және құрылыстардың құрылыс конструкциялары
жүйелi техникалық қызмет көрсету жүзеге
асырылуы тиiс, оларды тұтастай, жекелеген
бөлiктерi мен конструктивтiк элементтерiн
бүтiн және пайдалануға жарамдылықта ұстау
бойынша кешендi операцияларды уақтылы
орындау қажет.
141. Көтергiш металл конструкцияларымен
бар ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану
процесiнде олардың көлемдiк-жоспарлық
шешiмдерiн өзгертуге, сондай-ақ сыртқы
қабырғаларында қақпаларға, есiктерге,
терезелерге, коммуникациялар кiргiзуге
арналған ойықтар жасауға, құрылыс конструкцияларын
күшейту бойынша жұмыстарды жобасыз немесе
жобалаушы ұйыммен келiсiлмей орындауға
тыйым салынады.
142. Көтергiш металл конструкциялары бар
ғимараттарда және
құрылыстарда технологиялық жабдықты
немесе технологиялық процестi
құрылыс конструкцияларына түсетiн күштiң
әсерлерi, салмақтар, агрессивтiк әсердiң
дәрежесi мен түрi өзгеруiне алып келетiн
алмастыру немесе жаңарту тек жобалаушы
ұйым дайындаған немесе онымен келiсiлген
арнайы жобалар бойынша жүргiзiлуi тиiс.
143. Жабдықты бөлектеу, коммуникацияларды
салу немесе бабына қайта келтiру бойынша
жұмыстар жобалаушы ұйыммен келiсiлуi тиiс.
Жұмыстарды құрылыс конструкцияларының
сақталуын қамтамасыз етiп, оларға артық
салмақ түсiрмей және деформацияламай
орындау қажет.
144. Металл конструкциялардың негiзiнде
салынған ғимараттардың және құрылыстардың
инженерлiк қондырғыларына техникалық
қызмет көрсету кезiнде нормативтiк құжаттардың
талаптарын басшылыққа алу қажет.
145. Пайдалану процесiнде ғимараттардың
және құрылыстардың
көтергiш металл конструкциялардың конструкциялық
кестесiн өзгертуге рұқсат берiлмейдi.
146. Ғимараттар және құрылыстар қаңқаларының
металл конструкциялары артық салмақтан
сақтандырылуы тиiс. Осы мақсатта жобалаушы
ұйыммен келiсiлмей орындауға болмайды:
1) ғимараттар мен құрылыстар қаңқаларының
металл конструкцияларына жобада көзделмеген
технологиялық жабдықты, көлiк құралдарын,
құбыр өткiзгiштердi және басқа құрылғыларды
iлу, орнату, бекiту;
2) шатырларда, ең алдымен олардың әр жазықтықта
қиылысқан
бөлiктерiнде қардың, шаңның және қоқыстың
жиналуы;
3) қаңқалардың конструкцияларына жөндеу
және монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде
қолданылатын құрылғылардан және тетiктерден
уақытша қосымша салмақ түсiру;
4) ғимараттардың және құрылыстардың конструктивтiк
элементтерiн
зәкiрлер, тартқыштар, тiреулер ретiнде
пайдалану;
5) қаңқалардың бағаналарына және басқа
конструкцияларына жиналған материалдардан
және бұйымдардан, қабырғалардың және
бағаналардың жанына үйiлген топырақтан
және басқа да сусымалы материалдардан
бүйiрлiк қысым түсуi. Материалдар және
бұйымдарды қоймалау, үйiлген топырақ
және басқа да сусымалы материалдар металл
конструкцияларға 2 м жақын орналаспаулары
тиiс.
147. Жөндеу жұмыстарын және қаңқалардың
көтергiш құрылыс конструкцияларын қайта
құрастырумен байланысты жұмыстарды орындау
кезiнде оларды соққылардан және басқа
да механикалық әсерлерден сақтандыру
қажет.
148. Қаңқалардың көтергiш металл конструкцияларды
фермалардың, бағаналардың, арқалықтардың
және басқа көтергiш металл конструкциялардың
элементтерiн лицензиясы бар жобалаушы
ұйыммен келiсiлмей кесу және бұрғылау
арқылы әлсiретуге рұқсат берiлмейдi.
149. Қаңқа бағаналары мен жабындық фермалар
аралығындағы көлденең және тiк байланыстарды
алып тастауға немесе орнын ауыстыруға,
металл конструкциялары элементтерiнiң
(фермалардың, бағаналардың және басқаларының)
қиғаш бөлшектерiн, тiректерiн және басқа
элементтерiн кесуге, топсалықтардың орнына
элементтердiң қатты байланысын жасауға
рұқсат берiлмейдi.
150. Металл конструкциялардың қаңқаларына
қандай да бiр бөлшектердi бекiтуге және
дәнекерлеуге, құбыр өткiзгiштердi, шамдарды
немесе кабiлдердi iлуге тек жобалаушы
ұйыммен келiсiмi бойынша рұқсат берiледi.
151. Ғимараттар және құрылыстар қаңқаларының
табандықтарын,
анкерлiк болттарды және iргетастардың
жоғары жағынан немесе еденнен 0,3 м биiктiкке
дейiнгi байланыстарды ылғалданудан тығыз
бетонның көмегiмен қорғау керек. Бағаналардың
металл тiрек бөлiктерiнiң және олардың
арасындағы байланыстардың топырақпен
немесе сусымалы отынмен (көмiр, кокс) жанасуына
жол берiлмейдi.
152. Бағаналардың және металл конструкциялардың
басқа элементтерiнiң беттерi кiрден, шаңнан,
күйеден және майлардан тазартылуы тиiс.
153. Өндiрiстiк ғимараттардың және құрылыстардың
құрылыс конструкцияларын, әсiресе металл
конструкциялардың түйiспелерiнiң жағдайын,
сондай-ақ цехтардың ылғалды режимiнiң
әсерiне ұшырайтын, дiрiлдiк, динамикалық,
термикалық және ауыспалы статикалық
салмақтар түсетiн конструкцияларға жүйелi
түрде бақылау және қадағалау жүргiзу
қажет.
154. Құрылыстық металл конструкцияларды
тексеру кезiнде бағаналарға, рамалардың
ригельдерiне, итарқалық және итарқаастылық
фермаларға, аралықтарға, фахверктердiң
тiрек элементтерiне және басқаларға ерекше
назар аудару керек.
155. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану
кезеңiнде бағаналардың, фермалардың және
басқа да құрылыстық металл конструкциялардың
тiктiгiн жүйелi түрде (бес жылда бiр реттен
сирек емес) тексеру ұйымдастырылуы тиiс.
Жекелеген конструкциялардың тiктiгiнен
ауытқуы үлкейген, не бойлық майысудан
конструкцияның тұрақтылығына қатер туғызатын
деформация пайда болған жағдайда, куәландыру
үшiн маманданған ұйымды тарту қажет.
156. Ғимараттардың және құрылыстардың
металл конструкцияларын пайдалану процесiнде
анықталған дәнекерленген жiктердiң жобалық
өлшемдерге сәйкес еместiгi, жiктердiң дәнекерленбей
қалған, кесiлген, күйген жерлерi және көзге
көрiнетiн кеуектiгi, жiктердiң кратерлерi,
жұлынулары, сызаттары, едәуiр тоттануы,
жобамен анықталған жерлерде жiктердiң
болмауы, тойтарма шегелердiң сызаттары,
олардың ұрған кезде зыңылдауы, тойтарма
шегелердiң, анкерлердiң, гайкалар мен
контргайкалардың жоба бойынша қажеттi
санының болмауы және олардың коррозияға
ұшырауы, бұрандалық қосылыстардың әлсiз
тартылуы, механикалық зақымданудың нәтижесiнде
бұрандаманың деформациясы, бұрандамалардың
қималарының, конструкция элементтерiнiң
тоттанудан едәуiр әлсiреуi (10%-дан артық),
бұрандалық қосылыстар кезiнде бағаналар
мен фермалардың тiрек тораптарының тiрек
тақталары арасында үлкен саңылаулардың
болуы сияқты және басқа ақаулар бiрiншi
кезекте жойылуы тиiс.
157. Жүк көтергiш крандардың кран асты жолдарын
үнемi пайдалану кезiнде динамикалық салмақтар
түсiретiн және олардың техникалық жай-күйi
ғимараттардың және құрылыстардың көтергiш
металл конструкциялардың тұрақтылығына
едәуiр әсер ететiн кезде, кран асты жолдарының
ақауларын, зақымдарды және көрсеткiштерден
ауытқуларды уақтылы анықтау және жою
мақсатымен жылына бiр реттен сиретпей
бақылау (iшiнара) тексеру жүргiзiлуi тиiс.
158. Жұмыстың осы түрiн орындау құқына лицензиясы
бар, маманданған ұйымды тартып, кран асты
жолдарына үш жылда бiр реттен сиретпей
толық техникалық куәландыру жүргiзiлуi
тиiс.
159. Крандар қозғалған және жұмыс iстеген
кезде кран асты жолдары рельстерiнiң (болат
бiлеулерiнiң) бүйiрлiк және бойлық жылжуын
болдырмайтын бекiткiштерi болуы тиiс.
160. Жолдың жай-күйiн кезектен тыс құрал-саймандық
геодезиялық
тексерудi көзбен қараған кезде рельстердiң
жылжығаны, жолдың қисайғаны, кран доңғалақтары
қырларының, рельс бастарының қатты тозғаны,
рельстердiң бекiткiштерiнiң босағаны және
басқа да ақаулар анықталған жағдайларда,
сондай-ақ жолды салған немесе оны жөндеген
(түзеткен) соң жүргiзу қажет.
161. Металл конструкцияларынан салынған
ғимараттардың және
құрылыстардың iргетастарын, жертөлелерiнiң
және басқа да жер асты үй-жайларының қабырғаларын
агрессивтi грунт сулары пайда болған
немесе коррозияға қарсы қорғанысы бүлiнген
кезде қираудан қорғау шараларын маманданған
ұйымды тартып дайындау қажет.
162. Металл конструкциялардан салынған
ғимараттар және құрылыстар iргетастарының
агрессивтi сұйықтықтардың әсерiнен бүлiнуiн
болдырмау үшiн мыналарға жол бермеу қажет:
1) жауын-шашындық және тұрмыстық кәрiзден,
технологиялық коммуникациялардан, аппараттардан
және қондырғылардан сыртқа төгiлген сұйықтықтардың
ғимараттар мен құрылыстар негiздерiнiң
топырағына өтуi. Аталған жүйелерден сыртқа
төгiлулердi, сондай-ақ дренаждық су науалары
мен арналарының, кәрiз құбыр өткiзгiштерiнiң
және оның бақылау құдықтарының ақауларын
iле-шала жою қажет;
2) iргетастар бетондарына қышқылдардың,
сiлтiлердiң, жағар майлар мен трансформаторлық
майлардың, сұйық отындардың және басқа
да агрессивтi сұйықтардың әсерi;
3) қышқылдар мен сiлтiлердi арнайы жоба
бойынша орындалған тоттануға қарсы қорғанысы
жоқ iргетастарға және жерасты коммуникацияларына
жақын жерлерде сақтау.
163. Қабырғалық қоршау конструкцияларын
пайдалану және оларға техникалық қызмет
көрсету процесiнде металл конструкцияларға
терiс әсерлердi болдырмау мақсатымен
мыналарды жою қажет:
1) материалдарды дұрыс пайдаланбаудың
салдарынан пайда болған деформациялар,
зақымдар және қираулар;
2) iргетастардың әркелкi отыруының нәтижесiнде
қабырғалық панельдердiң қалануы мен тораптарында
пайда болған деформациялар және зақымдар
(қаланудағы сызаттар, панельдер жiктерiнiң
қирауы, тiрек тораптарының жылжуы және
басқалар);
3) әсiресе жылу электр стансаларының бас
корпустарының қабырғаларында жылу әсерi
нәтижесiнде пайда болған деформациялар
және зақымдар (қаланудағы колонна осьтерi
бойынша сызаттар, панельдер түйiспелерiндегi
тiк жiктердiң үгiтiлуi және қирауы, кiрпiштердiң
жарылуы, сылақтың үгiтiлуi және арқалықтардың,
фермалардың, аралықтардың, маңдайшалардың
тiректерi астындағы басқа да зақымдар);
4) карниздiк және терезеастылық учаскелерде,
субұрышы құрылғылар орнатылған жерлерде
қаланудың және қабырғалық панельдердiң
жергiлiктi қираулары;
5) температуралық жiктердiң герметикалықтығының
бұзылуы;
6) терезелер және есiктер жақтауларының
қабырғаларымен байланыстың бұзылуы;
7) қабырғалық панельдердiң жазықтықта
және қабырға жазықтығынан жылжуы және
қисаюы;
8) қабырғалық панельдердiң түйiспелерiн
бiтеген элементтердiң (цемент сылақтың,
тығыздағыш төсемдердiң, герметикалаушы
мастикалардың) бұзылуынан ауа өтуi;
9) қабырғалық панельдердiң қорғаушы қабаттарының
түсуi және арматуралардың ашылып, тоттануға
ұшырауы;
10) кiрпiш қабырғалардың сыртқы жағындағы
кiрпiштiң және сылақтың бұзылуы және түсуi;
11) панельдердiң сыланбалы бөлшектерiнiң,
тiрек тораптарының және арматураларының,
сондай-ақ терезелердiң темiр жақтауларының
тоттану процестерi, аталған элементтердiң
тоттануға қарсы жабынының бұзылуы;
12) суланудың және мұз қатудың салдарынан
қабырғалардың iргелiк бөлiгiнiң қирауы,
ондағы гидрооқшаулардың бұзылуы.
164. Ғимараттардың сыртқы қабырғаларын
iшкi жағынан мерзiмдi тазалап тұру қажет.
Металл конструкциялардың негiзiнде салынған
ғимараттың және құрылыстың әрбiр үй-жайы
үшiн қабырғаларын тазалаудың олардың
өндiрiстiк процесс кезiнде ластану дәрежесiне
және технологиялық процесс пен өрт қауiпсiздiгi
жағдайлары бойынша тазалыққа қойылатын
талаптарға байланысты күнтiзбелiк мерзiмдерi
белгiленуi тиiс.
165. Қабырғалардың температуралық-отыруына
есептелген және антисейсмикалық жiктерi
мерзiмдiк (бес жылда бiр рет) кiрден тазаланып,
олардың барлық қорғаушы жабындары қалпына
келтiрiлуi тиiс. Жiктердi ерiтiндiмен жабуға
немесе оларды сылауға рұқсат берiлмейдi.
166. Артық суды және буды сыртқы қабырғалар
арқылы жобада көзделмеген құбырлармен
шығаруға рұқсат берiлмейдi.
167. Ғимараттардың және құрылыстардың
қабырғаларының iргелiк бөлiгiнiң жанындағы
қар күн жылынғанша 2 м кем емес қашықтыққа
алыстатылуы тиiс, оның жиналуына рұқсат
берiлмейдi.
168. Қабырғалар пайдаланудағы негiзгi сапалылық
олардың берiктiк және жылу ұстағыш қасиеттерiнiң
тұрақтылығы болуы тиiс. Сыртқы қабырғалық
қоршауларда бiр жыл iшiнде ылғал жиналмауы
тиiс. Ғимараттардың сыртқы қабырғаларының
құрылыс материалдарының ылғалдылығы
нормативтiк-техникалық құжаттармен рұқсат
берiлген мәндерден аспауы тиiс.
169. Сыртқы қабырғаларды конденсациялық
ылғалдан қорғау керек, ол үшiн:
1) үй-жайларда жылу берудiң және желдетудiң
жобалық режимiн ұстап тұру қажет;
2) үй-жайларда ауаның қабырғалардың бойында
еркiн айналуын қиындататын көлемдi жабдықты
орналастыруға, сондай-ақ үй-жайдың iшiнде
немесе сыртында, сыртқы қабырғалардың
жанында өндiрiстiк қалдықтарды (қожды,
күлдi, жаңқаларды) және ұнтақ түрiндегi
химиялық реагенттердi (тұздардың кристаллдары
түрiндегi, сусымалы, тұтқыр және басқа
заттарды) сақтауға жол бермеу қажет. Барлық
осындай қалдықтарды уақытша сақтайтын
арнайы орындар (алаңдар, ыдыстар, қобдилар),
ал химиялық реагенттер үшiн арнайы ұяшықтар
немесе жобада көзделген үй-жайлар болуы
тиiс.
170. Майлы немесе перхлорвинил сырлармен
сырланған, 100 о С артық температураға
қызатын, не битумдық лактың негiзiндегi
сырлармен сырланған, 200 о С артық температураға
қызатын көтергiш болат конструкцияларды
жобалаушы ұйыммен келiсiлген жоба бойынша
жылу оқшаулағыш экрандармен, ыстыққа
төзiмдi бетоннан жасалған футеровкамен
немесе жылуға төзiмдi жылу оқшаулағышпен
(егер олар жобада көзделмеген болса) қорғау
қажет.
171. Болат конструкциялардың жиырылуы
анықталған кезде (ол мысалы, оқшау өрттiң
салдарынан болуы мүмкiн) конструкцияның
берiктiгiне тексерушi есептеу жүргiзу және
қажеттiлiк кезiнде конструкцияны күшейту
жобасын дайындау үшiн маманданған жобалаушы
ұйымды тарту қажет.
172. Болат бағаналар, ригельдер ыстық құбыр
өткiзгiштермен жанасқан кезде құбыр өткiзгiштердiң
не конструкциялардың тиiстi учаскелерiн
жылу оқшаулағышы бар жылуға төзiмдi қаптамамен
қорғау қажет, егер бағананың, ригельдiң
және құбырдың немесе басқа жылу көзiнiң
арасындағы саңылау оны жасауға мүмкiндiк
бермейтiн болса, жақын арадағы күрделi
жөндеу кезiнде жылу кезi бағанадан, ригельден
жылу оқшаулағыш орнату мүмкiндiгiн қамтамасыз
ететiн қашықтыққа алыстатылуы тиiс.
173. Сәулелiк жылудың әсерiне ұшырайтын
болат конструкциялары (мысалы, ЖЭК қазандықтарында)
ашық (жарық пен жылу шағылыстырғыш) түстерге
сырлау қажет.
174. Болат конструкцияларды жоғары температуралардың
әсерiнен қорғайтын жылу оқаулағыштарды
және жылудан қорғаушы (жылу шағылыстырғыш)
арнайы экрандарды жарамды жағдайда ұстау,
ал ауа жүретiн жерлерi мен желдеткiш тесiктерiн
үнемi кiрден тазартып отыру қажет.
175. Ыстық металл бөлшектердi және температурасы
еденнiң осы түрi үшiн есептелген мәндерден
артық бөлiктердi металл едендерге тiкелей
қоймалауға рұқсат берiлмейдi. Қажеттiлiк
жағдайында еденнiң қалған бөлшектер мен
бөлiктердi қоймалауға арналған жерлерiне
құм немесе топырақ төсеу керек.
176. Техникалық қызмет көрсету кезiнде
жоғары температуралардың әсерi жағдайындағы
құрылыс конструкцияларын қадағалау шараларына
ол конструкциялардың, сондай-ақ жылу
оқшаулағыштар мен экрандар конструкцияларының
жай-күйiн бақылау, металл конструкциялардың
сызаттарын, жиырылуларын, майысуларын
және ұзаруларын (өрттерден және жанулардан
кейiн) анықтау кiруi тиiс.
Осындай деформациялар және зақымдар
пайда болған кезде, оларды жою, қажеттiлiк
кезiнде маманданған ұйымды тарта отырып,
металл конструкцияларды алмастыру немесе
күшейту шаралары қабылданады.
177. Ғимараттардың және құрылыстардың
көтергiш конструкциялары тербелiстерiнiң
рұқсат етiлген деңгейi мынадай талаптармен
шектелуi тиiс:
1) конструкциялық элементтердiң жобаға
сәйкес берiктiгi және төзiмдiлiгi;
2) нормативтiк кұжаттардың талаптарына
сәйкес дiрiлдiң конструкциялардағы адамдардың
денсаулығына зиянды әсерiнiң алдын алу;
3) дiрiлге сезiмтал аспаптарды және жабдықты
олардың төлқұжаттық деректерiне сәйкес
қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
178. Адамдарға зиянды әсердiң алдын алу
мақсатымен, қызмет көрсететiн персонал
тұрақты болатын ғимараттардағы қоршау
конструкциялары мен жабындарының тербелiс
деңгейiн өнеркәсiптiк ғимараттардың динамикалық
салмақтар түсетiн жабындарын есептеу
талаптарына сәйкес шектеу қажет.
179. Адамдардың болуы көзделмеген металл
конструкциялардың дiрiлiн өлшеу дiрiлмен
жұмыс iстейтiн жаңа жабдық орнатылған
кезде, сондай-ақ пайдалану процесiнде
металл конструкциялардың жай-күйiне қауiп
туғызатын сызаттар, әркелкi отырулар,
резонанстық тербелiстер пайда болған
кезде жүргiзiлуi тиiс.
180. Дiрiл әсер ететiн ғимараттарды техникалық
тексеру кезiнде мыналарға ерекше назар
аудару қажет:
1) дiрiл әсерiнiң өзгеруiне байланысты iргетастардың
әркелкi отыруының дамуы;
2) құрылыс конструкцияларының дiрiлден
бүлiнуiнiң сипатты белгiлерi;
3) дәнекерленген жiктерде, металл конструкциялары
элементтерiнiң қималары күрт өзгерген
жерлерде сызаттардың пайда болуы;
4) бұрандалық және тойтарма шегелiк қосылыстардың
босауы;
5) металл конструкциялардың тiректердегi
бекiткiштерiнiң босауы және олардың орнынан
жылжуы;
6) металл конструкциялар элементтерiнiң
сөрелерi мен қабырғаларының деформациясы.
181. Металл конструкциялардың негiзiнде
салынған, құрылыс конструкцияларында
дiрiл туғызатын жабдық пайдаланылатын
ғимараттарда және құрылыстарда құрылыс
конструкцияларының айналасындағы жабдықтың
(турбогенераторлық, электрсорғылық, диiрмендiк,
желдеткiштiк және т.б.) iргетастарын оқшаулау
жай-күйiне ерекше назар аудару керек.
182. Құрылыстық металл конструкцияларды
өндiрiстiк және шаруашылықтық-тұрмыстық
сұйықтықтардың, эмульсиялардың, қойыртпақтардың,
газдардың, булардың, шаңдардың химиялық
агрессиясының бүлдiрушi әсерiнен қорғау
жөнiндегi iс-шараларды тұрақты орындау
қажет, ол үшiн:
1) технологиялық жабдықтар мен аппараттардың,
технологиялық құбыр өткiзгiштердiң, сумен
жабдықтаудың, кәрiздiң, жылумен жабдықтаудың
iшкi желiлерi құбыр өткiзгiштерiнiң, газ
және мазут өткiзгiштерiнiң, технологиялық
ыдыстардың қосылыстарының барынша мүмкiндiгiнше
герметизациялануын қамтамасыз ету қажет;
2) жабдықтан, аппараттурадан және құбыр
өткiзгiштерден қосылыстардың ашылып кетуiнiң
салдарынан және басқа себептерден пайда
болған лақтырылымдарды және шығарындыларды
жедел тоқтату қажет;
3) металл конструкциялардың негiзiнде
салынған ғимараттар және құрылыстар
жабдығының, инженерлiк желiлерiнiң жобада
белгiленген жұмыс режимiн қамтамасыз
ету қажет.
183. Бейiмделмеген үй-жайларда агрессивтiк
сұйықтықтарды сақтауға және олармен
жұмыс iстеуге рұқсат берiлмейдi.
184. Технологиялық сұйықтықтарды, сұйық
отынды және басқа да тоттандырғыш сұйықтықтарды
құрылыстық метал конструкцияларға төгуге
және шашыратуға рұқсат берiлмейдi.
185. Металл конструкцияларды тоттанудан
қорғау үшiн оған қарсы жабындардың бүтiндiгiн
үнемi қадағалау және оларды тұрақты жаңғыртып
отыру қажет.
186. Болат конструкциялардың бетiне төгiлген
қышқылды жабынның бүлiнуiне жол бермей,
суда ерiтiлген сiлтiмен немесе әк қамырымен
жедел алып тастау, ал сiлтiнiң қалдығын
(әк қамырын) сумен шайып тастау қажет.
Жабынның бүлiнген жерлерi қалпына келтiрiлуi
тиiс.
187. Құрылыстық металл конструкцияларды
тексеру кезiнде лак-сыр жабынның бүлiнген
жерлерiн анықтау және оның жай-күйiне
баға беру керек (желден көтерiлу, жарылу,
қабыршықтанып түсу, жабын бетiндегi көпiршiктер,
бөрiтулер, сондай-ақ металдың коррозиялық
бүлiнуiнiң сипаты мен деңгейi және басқалар).
Лак-сыр жабынның жай-күйiн бағалау қолданыстағы
нормативтiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
188. Егер тексеру кезiнде тоттанудан металл
конструкциялар қималарының iс жүзiндегi
ауданы жобалық мәндерден азайғаны анықталса,
осындай конструкцияларды одан әрi пайдалану
мүмкiндiгi туралы мәселенi маманданған
ұйымды тарта отырып, шешу қажет.
189. Жылыстау тогының орташа тәулiктiк тығыздығы
0,15 мА/дм 2 артық болған
кезде құрылыстық металл конструкцияларын
жылыстау токтарының әсерiнен қорғау қажет.
Конструкциялардың тоттануының белсендi
процестерiнен қирауын болдырмау үшiн
жылыстау токтарының әсер аймағында жерасты
конструкцияларын гидрооқшаулаудың тұтастығын
тұрақты қамтамасыз ету қажет.
190. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану
кезiнде онда
пайдаланылған металл конструкциялардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шараларды
кешендi түрде орындау қажет.
191. Жөнделген (қайта салынған) ғимараттар
мен құрылыстар үшiн тиiстi әдiстер және
бақылау құралдары қолданылып, пайдаланылған
металл конструкцияларға байланысты қатердiң
белгiленген мәндерiн қамтамасыз ету шаралары
әзiрленуi тиiс.
192. Мұнай өнiмдерiн, ыстық су және бу сақтауға
арналған металл резервуарларды қауiпсiз
пайдалану қолданыстағы нормативтiк құжаттардың
талаптарын сақтау арқылы қамтамасыз
етiледi.
193. Резервуарларға қызмет көрсететiн жұмысшылардың
тиiстi кәсiптiк-техникалық бiлiмi болуы
немесе олар өндiрiсте кәсiптiк-техникалық
дайындықтан өтулерi тиiс.
Резервуарларға қызмет көрсететiн барлық
жұмысшылар мұнай өнiмдерiнен, ыстық судан
және будан туындауы мүмкiн қауiптермен
таныстырылуы тиiс.
194. Резервуарларды тазалау жұмыстарына
18 жасқа толмаған
қызметкерлердi тартуға тыйым салынады.
195. Персоналды жұмыс iстеуге жiберердiң
алдында болуы барынша
ықтимал зиянды заттардың жұмыс аймағының
ауасында бар екендiгiн тексеру қажет.
196. Резервуар қабырғалары мен түбiнiң негiзгi
металдарының жiктерiнде сызаттар пайда
болған кезде жұмыс iстеп тұрған резервуар
жедел босатылуы және жөндеуге дайындалуы
тиiс. Мазут отынымен толтырылған резервуарларда
сызаттарды дәнекерлеуге және ұрып өңдеуге
рұқсат берiлмейдi.
197. Пайдалану құжаттамасында ғимараттар
мен құрылыстарды пайдалануды жүзеге
асыратын тұлғаға немесе тұлғаларға пайдаланылған
металл конструкциялардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар
көзделуi тиiс.
Информация о работе Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері