Волейболдағы доп беру классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:20, реферат

Краткое описание

Өзектілігі : Менің ойымша, бұл тақырып жеткілікті түрде зерттелмеген және әртүрлі адамдардың қызығушылығын тудырады. Жалпы алғанда волейболды «миллиондардың ойыны» деп атайды. Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол тәрізді 100 жылдай уақыт болған. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тараған. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрінің бірі болып есептеледі.

Содержание

I тарау Волейболдағы доп беру классификациясы
1.1.Доп беруді талдау, олардың алуан түрлілігі мен қолданылуы
1.2.Доп беру алдындағы психологиялық күйі
1.3.Доп беруді үйреті әдістемесі
1.4. Доп беруді орындау тактикасы
ІІ Тарау Доп беру тактикасын жетілдіруге арналған жаттығулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Волейбол.doc

— 141.50 Кб (Скачать файл)

12. Жарыс түріндегі екі команданың доп беруі.

Әдістемелік нұсқаулық: оң жолдан ысқырықтың дауысынан кейін доп беріледі, допты нақты және дұрыс таңдап алу керек, допты қатты, бар күшімен лақтыру қажет, кейін допты лақтырғаннан кейін алаңдағы өз орнына баруы керек.

Доп беруді үйретуде ойыншылардың орналасуы және орындалатын доп берулердің бағыты доп беру әдістеріне қатысты емес, үйрету кезеңіне байланысты айқындалады.

Жалпы айтқанда, доп берулерді үйрету кезінде мынандай жүйеліліктер жиі сақталады: бірінші төменгі тура, кейін төменгі қырынан, жоғарғы тура және жоғарғы қырынан.(іб)

Оқыту әдістемесінің бірінші этапында доп берулер туралы толық ақпарат беру қажет, сондай-ақ  әрекетті әңгімемен байланыстырып көрсету керек. Сезіну Бірінші қозғалыс сезімдерін қалыптастыру үшін оқушыларға міндетті түрде доп берулерді орындату керек. Кейбір авторлардың айтуы бойынша оқушылардың белгілі бір қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға ықпал жасайтын жалпы дамытатын және дайындайтын жаттығулардың айрықша маңызы бар.  (17) ЖДЖ (жа)Основными задачами ОРУ является:

1) тірегіш-қозғалыс аппаратын нығайту: - қолдың, аяқтың, дененің күшін дамыту; - бұлшық еттің  қысқару жылдамдығын дамыту;

2)икемділікті дамыту.

ЖДЖ заттарсыз, яғни іші толтырылған доптармен, гимнастикалық орындықтарда, қабырғаларда скакалкалармен және басқалармен орындалады. Екінші этапта допсыз дұрыс қозғалыстар үйретіледі. Бұл үшін «Бастапқы қалыпты қабылда», «Тура қалыпты қабылда», «Допты лақтыру» сияқты командаларды пайдалану керек.

Қозғалыстар үйретілгеннен кейін әртүрлі доптармен допсыз лақтыру жүргізіледі. Ойынмен айналысып жатқандардың барлық назары дұрыс бастапқы қалыпты, тура  жағдайларға, лақтыру қозғалысына және қосымша лақтыру кезіндегі дұрыс таңдауға және одан кейінгі ұшып бара жатқан доптың дұрыс траекториясына аударылады.

Допты қозғалмай тұрған доп бойынша лақтыру жаттығудың келесі этапы  болып есептелінеді. Осы ретте қолымыздың доппен дұрыс жанасуына аса назар аударылады. 

Қозғалыстағы доп бойынша доп беруге келмей тұрып, жеке допты лақтыру үйретіледі.(9) Бұл үшін допты бірнеше рет белгілі бір биіктікпен жоғары лақтырады. Осы ретте доп лақтырған сайын бір жерге ғана түсуі тиіс.

Допты лақтыруды игергеннен кейін допты лақтыруға көшу керек. Ақырында допты лақтырумен допты беруге келуіміз қажет.

 

Доп беруді үйретудегі шамамен алғандағы жаттығулар.

1 жаттығу.

Басында жаттығу жасап жатқан ойыншылар алаңның көсе--көлденеңінде ойынсеріктестері арасында доп беруді орындау үшін алаңның бүйір сызығында орналасады. Бұл жаттығу жасап жатқандардың көңілін доп беру кезіндегі қозғалыстың орындалуына ықпал тудырады.(14) Егер де үйреніп жатқан ойыншылардың біреуін дереу доп беру орнына қойса, ол не болса да допты тордың ар жағына лақтыруға тырысады, бірақ жасаған қимылдары көптеген жағдайда дұрыс болмайды. Оқушылар алаңның бүйір сызығында қозғалысты дұрыс меңгеруі,  өздерінің күштерін шамалауы және допты дұрыс нақты бағытқа лақтыра білуі қажет. Кейін осы жаттығулар әртүрлі қашықтықта қабырғада өздігінен орындалады. Допты лақтыру биіктігі тордың жоғарғы жағынан төмен деңгейде болмауы керек.

2 жаттығу.

Сол жаттығулар, бірақ екі адаммен қашықтықтың біртіндеп өсуімен тор арқылы жасалынады, бір ойынсеріктестігі алаңның оң сызығына жақындайды. Яғни  доп берудің техникасын жақсы меңгергендер, доптың ұшу қашықтығымен допты лақтыруды үйренгендер және нақты бағытта доп беруді үйренгендерді кейбір авторлар алаңның оң жақ сызығына орналастыруға болады деп есептейді. (І)

Алаңның көсе-көлденең жерінде доп беруді орындау кезінде жаттықтырушы олардың ойын қимылын жеңілдету мақсатында  оң сызықтан ауысқан ойыншының сызықта орналасатынын, ал кімнің торға жақын тұратынын  анықтайды.

Оқыту процесінде бірінші тура жоғары доп беру үйретіледі. Л.Н.Служский (1989г.) тура жоғары доп берудің оқыту әдістемесін ұсынады: алаңның қарама қарсы бүйір сызығында орналасқан қарсыласының бетіне қарап,  допты лақтырады. Кейін тура қалыппен доп лақтыратын қолын көтеру арқылы орынды белгілей отырып, допты лақтырады. Допты лақтыру кезінде арттағы аяғымызға көбірек жартылай  отыру және денемізді артқа қарай қисатуымыз керек. Бұл допты лақтыру кезінде оның екпінді жұмысы үшін ықпал жасайды. Дене және аяқтың қозғалыс амплитудасының көбеюімен бірге доп лақтыратын қолдың  қозғалыс амплитудасы да көбейеді. Бірақ үйренуші   қолының алақанымен керекті қалыпта допқа дұрыс тимеген жағдайда, қолының қозғалыс амплитудасын қайтадан минимумға дейін азайту қажет. 

Осы доп беру кезінде үйренуші негізгі қозғалыс механизмін игерумен доптың алаңнан тыс жерлерге құлауымен оның нақтылығы мен жылдамдығына арналған жұмыстарды жалғастыру үшін оң сызыққа көшеді.

Кейбір авторлардың айтуымен физикалық дайындығы төмен ер адамдар да тура жоғары доп беруді жеңіл меңгеріп алады.(6) Осы ретте әйел адамдарға осы доп беруді үйрену қиынға соғады және оны игеру үшін ұзақ уақыт талап етіледі. Допты лақтыру кезінде қолдары мен денелері нашар  қозғалатын оқушыларға мынадай қосымша жаттығуларды ұсынуға болады:  қарапайым және іші толтырылған доптарды, ұсақ тастарды және т.б.  лақтыру. Осы жаттығулар сонымен қатар басқа ойыншылардың екінші, епті қолдарына да ұсынылады. Допты жоғарыдан беру оны төмен түсіру кезінде ғана емес, оны жоғары ұшыру кезінде де орындалады.

 

 

 

1.4.Доп беруді орындау тактикасы

Доп беруде допты ойынға кіргізіп қана қоймай, оның қарсыласының қабылдануын қиындатады. Қарсыласының командасындағы ойыншының әртүрлі дайындығын ескере отырып, допты қабылдайтын ойыншының басқа доп қабылдайтын ойыншыдан әлсіз болу есебімен жүргізу керек. (12) Доп беруші қарсыласының күшін білуі және өзі үшін тиімді қарсыласының алдағы қимылының айрықша ықтимал нұсқасын таба білуі керек.(2) Доп беруді қарсыласының қажетті қимыл барысын болдырмау есебімен лақтыру қажет.

Мысалы: қарсыластардың ойыншылары № 4 аймақтың ойыншысына қарсы шығумен № 3 аймақтың ойыншысына бірінші доп беру есебімен орналасқан. Доп беру өзіне арқасымен тұрған № 4 аймақтағы ойыншыға № 3 аймақтағы ойыншының қарсы шабуыл жасауы үшін мәжбүрлі түрде доп тапсырумен № 1 және № 2 бағытта жүргізіледі. Волейбол сеткасында бірінші тапсырумен жақсы шабуыл соққысын меңгерген ойыншы тұрады, доп беру оған арқасы жағынан берілу есебімен жіберіледі. № 4 немесе № 2 аймақтағы ойыншы - доп беру № 5 немесе № 1 аймақтағы ойыншыға беріледі. №3 аймақтағы ойыншы допты № 5 аймақтағы ойыншыға тек қана оң қолымен бере алады. Егер де ол допты сол қолымен бере алса, № 1 аймақтағы ойыншыға да осы жағдайда береді.

Доп беруші орынның дұрыс ауыстырылмауын, қарсылас команда ойыншыларының нашар қозғалуын  пайдалана білуі керек.(11) Осы жағдайда қарсыласының алаңында қорғансыз орындар қалыптасады. № 3 және № 4 аймақтардағы ойыншылар арасындағы орынның ауысуы - № 4 аймаққа доп беру.

Жүгіру арқылы допты лақтыру үшін ойыншы волейбол сеткасынан алыс кетеді, ал доп беру сеткаға жақын. Егер де доп беруші қарсылас команданың және жеке ойыншылардың қасиеттерін анықтамаса доп беру қарсылас команда алаңындағы оң сызыққа жақын жүргізіледі. Көптеген авторлардың ұсыныстарын ескере келе, доптың ұшу траекториясы мен жылдамдығын өзгерту сияқты доп берудің әртүрлі әдістерін қолдана білу қажет.(17) Доп беруді ескере келе қарсыласы алаңда өз ойыншыларын осыған сай орналастырады. Ойыншы допты әртүрлі жылдамдықпен және ұшу траекториясымен алмастыра отыра, осы доп берулерді қабылдау үшін күтпеген жағдай жасайды, бұл қарсыласының қимылын қиындатады. Жазғы алаңдардағы ойын барысына метеорологиялық жағдайлар маңызды ықпал келтіреді. Айрықша маңыздысы жел мен күн күннің көзі арқылы туындаған жағдай. Көптеген авторлардың айтуы бойынша спортшының тактикалық шеберлігі неғұрлым жоғары болса, ол доп берулердің әртүрлі әдістерін  соғұрлым  сенімді біледі және  шиеленіскен ойын кезінде туындаған міндеттерді жеңіл шешетін болады. Бірақ кей кезде ойыншы тәуекел жасамауға тиісті, сонымен қатар допты түсіріп алмау кездері де болып тұрады.(14)

М.Е.Амалиннің қорытындысы ойыншының келесі жағдайларда доп бере алмайтыны туралы қызығушылық тудырады:

1) Егер де қарсыласы допты оған дейін орындаса, ол қателік жіберді деп есептелінеді. Бірнеше рет қатарымен дұрыс берілмеген доп команданың моралдық жағдайына әсер етеді, оның ойынға деген қабілетін төмендетеді. Егер де қарсыласы доп беру кезінде қателік жіберсе, бірінші допты міндетті түрде орындау қажет, кейін осы ойын жағдайына айрықша пайдалы доп беру әдісіне қайтадан қорықпай тәуекел жасау керек.

2) Егер де ойыншы доп беру кезінде қателік жіберсе, қателігін дұрыстау үшін доп беруді қайтадан шығып орындайды. Кей кезде доп беру кезінде қателік жасаған волейболшы ауысу кезінде толық бір айналым жасап, қайтадан доп беруге шығады да, қайтадан қателік жасайтынын бақылауға болады. Бұл оның өзіне деген сенімділігін жоғалтуға әкеліп соқтырады, ол басқа да ойын әдістерін орындау кезінде де қателіктер жібереді.

3) Егер де осы ойынды ойыншы бірінші рет доп беруге шығып оны дұрыс бермесе, бұл спортшының алдағы ойынына теріс ықпал жасайды. Бұл көбінесе ойын процесінде алаңға доп беруге шыққан волейболшыларға қатысты.

4) Егер де ойыншы доп беруді қарсыласының қомандасымен жасалған ауысу немесе үзілістерден кейін орындаса. Қарсылас жағы допты қабылдауда бір-екі ұпайдан жеңілсе, үзіліс алады немесе ойыншысын ауыстырады. Егер де доп берушінің жіберген қателігі кезінде допты қабылдауда психологиялық сенімсіздік жағдайынан шыға алатын жағдай болса, команда ойын қарқынын «күшейтеді». Сондықтан да осындай қателіктерді ойын тәртібінің өрескел қателіктеріне жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Тарау. Доп беру тактикасын жетілдіруге арналған жаттығулар

1.Допты түсу аймағына лақтыру.

2. Допты оң және бүйір сызықтарына лақтыру.

3. Допты түсіру аймағына және оң сызықтарға алмастырып беру.

4.Допты белгіленген орынға нақты беру немесе алаңның әртүрлі бөліктерінде орналасқан заттар (орындық, гимнастикалық шеңбер, іші толтырылған доп) арқылы беру.

5. Допты қабылдайтын ойыншылар арасында беру.

6. Межеленген және жоспарланған күшке допты алмастырып беру.

7.Шаршау жағдайында доп беру түрлерін орындау.

8. Қарқынды жұмыстардан (жылдам қарқындағы 10-15 отырып-тұру немесе жүгіру немесе қолдарын 5 рет бүгу) кейінгі доп беру.

9. Орындау жылдамдығына толассыз доп беру топтамасы.

10.Доп ойынға шығатын ойыншыға беріледі.

 

Іші толтырылған доппен жаттығулар жасау кешені

1. Допты қолдан қолға 20-25 рет салу бойынша дене бойына айналдыру.

2. Қолымыз жан жақта, доп бір қолда, допты қолдан қолға ауыстырып, басымыздан жоғары 15-20 рет көтереміз.

3.Доп төмен түсірілген қолда, допты төмен жіберілген қолымызбен төмен қарай түсіріп, 15-30 рет кеудеміздің алдынан қағып алуымыз қажет.

5.Басымыздан жоғары лақтыру, осыны 15-30 рет қайталау.

6. Доп  артқа ұстаған қолымызда, допты артқы жақтан екі қолымызбен лақтырамыз және оны алдымызбен қағып алу – 15-30 рет.

7.Иықтан жоғары бір қолмен допты оқыс серпу, басқа қолмен иықтан қағып алу - 15-20 рет.

8.Допты артымыздан екі қолымызбен лақтырамыз – жартылай отыру арқылы алдымыздан қағып аламыз - 15-20 рет.

9.Доп жоғары, оң және сол аяққа қарай қисаю -15-20 рет.

10. Доп жоғары, еңкею арқылы денені айналдырамыз  - 15-20 рет.

11. Екі адамның допты басынан лақтыру, кеудесінен - 15-20 рет.

12.Қырынан тұрып, екі адам бір қолымен қарсыласының басынан жоғары лақтырады - 15-20 рет.

13. Екі адам секіріп тұрған қарсыласына допты бастарынан жоғары лақтырады - 15-20 рет.

14. Дәл сондай, бірақ 1-2-3 қадамнан жүгіру арқылы -15-20 рет.

15. Секіру кезінде екі адаммен доп лақтыру  - 10-15 рет.

 

Белгілі жүктемелермен штангада жаттығулар жасау

1. Штанганы сығымдап көтеру,нұсқалары: 1) денені бір қалыпта бұру;

2) басынан (жауырынға дейін алыс жіберу);

3) кері немесе әртүрлі тәсілмен;

4)тар  әдіспен;

5)кең әдіспен.

1. Штанга төмен түсірілген қолда – дененің «толқын» тәрізді белсенді қозғалысымен лақтыру.

2. Штанга төмен түсірілген қолда – штанганы иекке жақындату (шынтақ үнемі штанганың грифінен жоғары).

3. Штанга төмен түсірілген қолда – штанганы қолды шынтаққа бүгу арқылы кеудеге көтеру.

 

Төзімділікке жатып жасалынатын жаттығулар кешені

Жату арқылы қолды бүгу және жазу 10-20 рет.

Нұсқалары:

а)қол иық қалпында (көбірек)        10-12 рет.

б) бір қолымыз екінші қолымызда 10-12 рет.

в) бір қолға жүктеме басымырақ жасалынады 10-12 рет.

г) қолды кезекпен бүгу 10-12 рет.

д) бір қолды  сүйеумен 10-12 рет.

е) аяқты орындыққа, столға  сүйеумен 10-12 рет.

ж) аяқты ауыстырып көтеру 10-12 рет.

з)тіректі қолымен итеру 10-12 рет.

и)  8-12 рет алақандарын шапалақтау к) бір уақытта қол мен аяқты көтеру 6-10 рет. л) дәл сондай, бірақ қолды шапалақтау 6-10 рет.

м) саусақтарға тіреумен 10-20 рет.

2.Жатып жасау. Басымызды кезекпен оңға және солға бұрумен айналма қозғалыстар (қолымыз аздап бүгілген) 6-10 рет айналдыру.

3. Жатып, қолдарымызды кезекпен жоғары көтеру 8-14 рет.

4. Жатып. Қолдары мен әртүрлі аяқтарын бірдей жоғары көтеру  8-14 рет.

5.Жатып. Қолды бүгу және жазу. Қолды жазған кезде дене бұрысы 90° бойлау осінде, қолымыз жоғары 1-3 рет.

6. Жатып. Қадам жасау немесе секірумен қолымызға  шеңбер «циркуль» жасау 2-5 рет .

 

7.Жату арқылы. қолымыз бен аяғымызды көтеру арқылы бір жаққа қозғалу арқылы секіру 8-15 рет.

8. Жату арқылы. Денені белсенді бұру - таяныш арттан, 8-12 рет.

9 Жатып жасау. Аяқтарын созылған және босаңсыған аяқтың ұшымен алға жылжыту  20-40 қадам.

10. Артқа қарай жатып жасау. Аяқтарын бүгіп, барлық бағытқа қозғалту 30-40 қадам.

Информация о работе Волейболдағы доп беру классификациясы