Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:20, реферат
Өзектілігі : Менің ойымша, бұл тақырып жеткілікті түрде зерттелмеген және әртүрлі адамдардың қызығушылығын тудырады. Жалпы алғанда волейболды «миллиондардың ойыны» деп атайды. Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол тәрізді 100 жылдай уақыт болған. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тараған. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрінің бірі болып есептеледі.
I тарау Волейболдағы доп беру классификациясы
1.1.Доп беруді талдау, олардың алуан түрлілігі мен қолданылуы
1.2.Доп беру алдындағы психологиялық күйі
1.3.Доп беруді үйреті әдістемесі
1.4. Доп беруді орындау тактикасы
ІІ Тарау Доп беру тактикасын жетілдіруге арналған жаттығулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
11.Жату арқылы. Аяқтарын түзу қалыпта созып жылжыту 15-20 қадам.
12. Артқа қарай жатып жасау. Аяқтарын түзу қалыпта созып жылжыту 15-25 рет.
Күштері мен ептілігін дамытуға арналған жаттығулар кешені
1. Денені еңкейтіп алға қарай, артқа, орнында және қозғалыста жылжу.
2. Дәл сондай, бірақ қосымша қол қозғалысымен.
3. Денені солға, оңға, орнында және қозғалыста бұру.
4.Дәл осындай, бірақ еденде отырып жасау қажет.
5.Денені еңкейту және қолын қарсы тұрған аяғының ұшына тигізумен солға, оңға бұрылу.
6. Дәл сондай, бірақ аяқтарын алшақ қояды.
7. Денесін айналдыру (қолын төмен түсіру, белінде, басының үстінде, жоғары ұстау).
8. Тізесінде тұру, артқа еңкею (қолы белінде, желкесінде).
9. Еденде жатып, түзу және бүгілген аяқтарын көтеру және түсіру
10.Дәл сондай, аяқтарын еденнен сәл ғана көтеріп алмастырады.
11 .Дәл сол сияқты, бірақ аяқтарымен айналдырады
12.Дәл сол сияқты, аяқтарын көтеріп, солға, оңға еңкейту.
13.«Көпір» серіктесінің көмегімен және өздігінен.
14. Арқасында жатып аяқтары мен денесін бірге көтеру
15.Ішінде жатып «бақа» қимылын жасайды.
16. Ішімен жатып аяқтары мен қолдарын бірге көтеру.
17.Жауырында тұрып «қайың» қимылдары.
18. Еденде жатып қолдарын бүгу және жазу.
19.Отыру, жату, тағы да тура отыру, кейін солға және оңға.
20.Қолмен оңға, солға, аяқ жанында, зал маңында орын ауыстыру.
21.Жоғары секірумен отырып-тұру.
Секіруге арналған жаттығулар кешені
1. Әртүрлі бағыттағы бір, екі аяқпен секіру.
2. Аяқты көтерумен орнында секіру.
3. Дәл осылай, бірақ алға жылжумен.
4. Күшті отырып-тұрудан кейін жоғары секіру.
Нұсқалары: а)аяқтары бірге;
б)аяқтары иығының жалпақтығымен;
в)бір аяғы алға;
г) аяқ қалпының ауысуымен;
д) 90°, 180°, 360° бұрылуымен;
е)қолын ілінген затқа жеткізу.
5. Тұрған орынынан ұзындыққа секіру.
6. Үш реттік, бес реттік, он реттік секірулер.
7. Қолымыз басымызда, аяқтың ұшымен секіру.
8. Скакалкамен секіру.
9. Гимнастикалық орындықтар арқылы секіру.
Нұсқалары: а) орындыққа қырымен тұру;
б) орындыққа тура қарап тұру;
в) орындық арқылы бір аяқпен секіру;
г) алға жылжумен орындық арқылы 2 аяқпен секіру;
д)дәл осылай, бірақ бір аяқпен секіру.
10. 16-32 кг гирмен отырып-тұру арқылы 2 орындықтан тұрып секіру.
11. Баскетболдық қалқандарға қол жеткізумен орнында тұрып секіру.
12.Бір біріне қарама-қарсы қойылған екі орындықтарға секіру.
13. Салмақ түсірумен секіру (құм салынған қаптар, белбеулер).
14. Амортизаторлармен орнында тұрып секіру.
15. Кедергілер арқылы секіру топтамалары.
Қорытынды
Волейбол. Бұл ойынның пайда
болғанына да баскетбол тәрізді
100 жылдай уақыт болған. Волейбол бүкіл
дүние жүзіне тез әрі кең тараған. Ол спорттың қызықты
және қолайлы түрінің бірі болып есептеледі.Бұл
ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдылығы,
орындалатын қимыл қозғалыстарының күрделі
еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген
жастағы адам ойнай алатындығы себеп болып
отыр. Ойын бұлшық еттердің барлық топтарының
секіргіштік, икемділік және қозғалыс
реттілігің үйлесімді дамуына көмектеседі.
Волейбол ойынының аумағы 9х18м болатын
алаңда өткізілдеі. Ортадағы сызық алаңды
екіге бөліа тұрады. Ортадағы сызықтың
үстіне екі бағанға керілген волейбол
торы орнатылады. Тордың биіктігі ойыншылардың
жасына немесе ұл мен қыздыр командасына
бөлініп ойнауына қарай әр түрлі болады.
Ойынға әрқайысында 6 ойыншыдан бар екі
команда қатысады. Әр команданың ойыншысы
өз алаңында орналдасады.
Волейболшылардың доп беруін жетілдірудің
негізгі міндеті доп берудің дағдыларын
әртүрлі аймақта тұрақтандыру (кедергі
келтіретін факторларға қарсы төзімділігі),
доп беруді ойын жағдайында жетілдіру,
қозғалыс міндеттерін кезектестіру кезіндегі
негізгі дағдылардың вариациялығына жету
болып саналады. Осы ретте
басты әдіс – жаттығу және жарыстағы тактикалық
міндеттердің әртүрлі кезектесу және
ауысатын жағдайдағы негізгі қозғалысының
орындалуы. Алыс және жақын аймақтарға
доп берулерді алмастырып жаттықтыруды
жағдайды біртіндеп қиындатып отыру принципінде
орындау ұсынылады (доп беру уақыт шектеуінсіз
және стандарттық жағдайда, кейін доп
берудің стандарттық алмасып тұруы, күтпеген
тапсырмалар, кедергі келтіретін факторлар
т.б.).
Доп берумен жұмыс кезінде оны топтама бойынша 10-15 рет орындау қажет, әсіресе оны бірінші алаң шегінде кейін артқы және алдыңғы сызықтың әртүрлі аймағында орындаған жөн.
-Доп беру бойынша нақты жетістікке жеткеннен кейін доптың метр диаметрімен шеңберге дәл түсіруге тырысу керек.
- Доп беруге шыққанда асықпау, ойыңды жинақтап алу керек, ойша мақсатты анықтау қажет сонда ғана аз қателіктер жіберіледі.
- Ойын кезінде допты нашар қабылдайтын ойыншыларға немесе бос орындарға қарай бағыттау керек.
- Допты бар күшімен қатты беру үшін өзінің жалпы физикалық дамуымен жұмыс істеу керек.
Оқу-жаттығу сабақтарында оқу материалдарының игерілуін жеңілдететін арнайы қосымша құралдар қолданылады.
Доп берудің техникасын жетілдіру жұмыстары кезінде төмендегілер қолданылады:
- қалыпты салмақтағы аспалы және іші толтырылған доптар. Жаттығушы бар күшімен допты алға қарай итере отырып, қолының дұрыс қимылына назар аударады.
Аспалы доптың биіктігін өзгертумен допты әртүрлі тәсілдермен беруге болады. Аспалы доптармен қолды, аяқты және денені дұрыс қоя білуін үйрену кезінде ғана қолдануға болады.
- Жоғарғы доп беру техникасын үйрену үшін биіктігі үш метр қабырға қолданылады.
- Доп беру бағыты аяқтың табанымен бақыланады.
- Нақты дұрыс доп беруді үйрену үшін әртүрлі нысаналар, маттар, құрсаулар және қарама қарсы алаңдағы басқа да заттар қолданылады.
- Дистанция сезімін дұрыстау үшін допты бар күшімен алғаны дұрыс. Бұл күйзелісті болдырмайды, сондай-ақ шектеуді анықтауға мүмкіндік туғызады.
- Доп беруде имитациялық стереотип қажет. Доп беруді жаттықтыру кезінде спортшыға бірінші кезекте орындаудың қандай нысаны керек соны анықтау керек. Содан кейін ғана имитациялауға көшу қажет. Бұны үлкен айнаның алдында тұрып жасау керек, спортшы өзін айнаның алдында көру арқылы ғана доп берудің барлық элементтерін нақты орындайды. Доп беруде ең бастысы орындау нысаны болып саналады.