Адамның табиғаты мен мән

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 19:46, реферат

Краткое описание

Адамның әлемдегі орны туралы бұл жаңа көзқарас тек адам болмысының ғана емес, оның жалпылықтағы, универсалдылығындағы болмысында тұрақты негізінің мәселелерін шешудің мүлдем жаңа тәсілімен байланысты болды. Мұның өзі адамның тек өз өмір қамымен белсенді айналысу ғана емес, барлық бағыттағы белсенді әрекет етуді интуитивті ұғынуға әкелді. Қойылған мәселеге жауап іздеу оның негізін негіздеуден басталып, кейінірек адамның белсенді әрекетінің өзінің мәні туралы сұраққа жауап ізделе бастады.
Жауаптың генезисі (шығу тегі) адамның табиғаттан бөлініп шығу мүмкіндігін пайымдаудан және табиғатқа қатысты оның кім екендігі туралы мәселені шешуден келіп шығады.

Вложенные файлы: 1 файл

Адамның әлемдегі орны туралы бұл жаңа көзқарас тек адам болмысының ғана емес.docx

— 15.60 Кб (Скачать файл)

 

  Адамның әлемдегі орны туралы бұл жаңа көзқарас тек адам болмысының ғана емес, оның жалпылықтағы, универсалдылығындағы болмысында тұрақты негізінің мәселелерін шешудің мүлдем жаңа тәсілімен байланысты болды. Мұның өзі адамның тек өз өмір қамымен белсенді айналысу ғана емес, барлық бағыттағы белсенді әрекет етуді интуитивті ұғынуға әкелді. Қойылған мәселеге жауап іздеу оның негізін негіздеуден басталып, кейінірек адамның белсенді әрекетінің өзінің мәні туралы сұраққа жауап ізделе бастады.  

 Жауаптың генезисі (шығу тегі) адамның табиғаттан бөлініп шығу мүмкіндігін пайымдаудан және табиғатқа қатысты оның кім екендігі туралы мәселені шешуден келіп шығады. Сұраққа жауап іздестіру мынадай мәселелерді талқылаудан басталады: жазмыш пен тағдыр, жауапкершілік пен парыз тақырыптары, өз орнын белсенді түрде өзгерту мүмкіндігі мен өз болмысының мәнін өзгерту мәселелері. Адам мен табиғаттың байланыстылығы идеясын қабылдап және бөлісе отырып, батыстық философтар болмыстың нақтылығы мен шынайылығы мәселесін шешуде ақыл-ойға сенім білдірді.

Ақыл-ойға сенім білдіру болмыс мәселесін шешуде өз вариантын ұсынған парменидтік философияда ерекше айқын көрінеді.

Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады. Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған.                                          Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары -  еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады.                                                                        Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл – ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады.Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.

Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.  Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі – мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі. Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.

Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы нүктеге, яғни «Омега нүктесіне» жетуге ұмтылады. Философтың ойынша, «Омега» нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір – біріне ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұл әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда бірігуі. Омега нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең жоғарғы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі болады. Барлығы сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің көрнекті уағыздаушысы. А.Меньнің пікірінше «Адамның әлемдегі орны туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мәре» деп атауға болады. Омега нүктесі – бұл жарық.

8

 


Информация о работе Адамның табиғаты мен мән