Азык-тулик пен табигат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 17:25, реферат

Краткое описание

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 28 қаңтарында Торғай уезiнiң Сары-Төбе сайында дүниеге келдi. Оның әкесi Байтұрсын Шошақұлы өзiнiң ұлы бабасы – ерлiгi мен еркiндiк сүйгiштiгi және әдiлеттiгi халықтың жадында мәңгi сақталған Үмбетбай батырға тартып, лайықты туған азамат едi. Ахмет әуелгi кезде өз құрдастары тәрiздi сауатын молдадан ашты.

Вложенные файлы: 1 файл

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 28 қаңтарында Торғай уезiнiң Сары.docx

— 17.25 Кб (Скачать файл)

 

 

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 28 қаңтарында Торғай уезiнiң Сары-Төбе сайында дүниеге келдi. Оның әкесi Байтұрсын Шошақұлы өзiнiң ұлы  бабасы – ерлiгi мен еркiндiк сүйгiштiгi және әдiлеттiгi халықтың жадында мәңгi сақталған Үмбетбай батырға тартып, лайықты туған азамат едi. Ахмет  әуелгi кезде өз құрдастары тәрiздi сауатын  молдадан ашты. Егер оның туыстарының  басына төтенше қайғы түспесе, мүмкiн  сол шала сауат күйiнде көп  көшпендiнiң бiрi болып жүре берер  ме едi. Қазақ ауылдарына лаң салған патша шенеунiктерiне қарсы ереуiлде  Ахметтiң әкесi абақтыға қамалып, мал-мүлкi тартып алынады. Сот шешiмi Байтұрсын  мен iнiсi Ақтасты он бес жылға  каторгалық жұмысқа кесiп, Сiбiрге  жер аударады. Ал туыстары мен жолдастарын  әр түрлi мерзiммен абақтыға жабады. Ауылда тек әйелдер мен балалар ғана қалады, солардың арасында 13 жасар Ахмет  Байтұрыснұлы да бар болатын. Ахметтiң 4 жыл абақтыға кесiлген ағасы Ерғазы мерзiмiн өтеп шыққаннан кейiн  ұлы Ақтас Аспандиярұлын орыс-қазақ  училищесiне оқуға бермек болады. Ахмет  те онымен бiрге жiберудi өтiнедi. Сөйтiп, ол 1886 жылы Торғайдағы орыс-қазақ училищесiне түседi. Көп өтпей жесiр әйелдер  мен жетiм балаларды бағып отырған  Ерғазы да қайтыс болады. Осы кезден бастап Ахмет ендi тек өзiне ғана сенедi. Ауыр тұрмыс, жоқшылыққа қарамастан 1891 жылы училищенi бiтiрген соң да бiлiмiн  жетiлдiру үшiн Орынборға барып  оқуды армандайды. Орынборда ол қазақ  мұғалiмдерiнiң мектебiне түседi. Жазғы  демалысында арып-аршып ауылға келiп, күзде жолаушылардың арбасына iлесiп  Орынборға қайта барып оқуын  жалғастырады. Алдына мақсат қойған қайсар жас өз басына түскен қиындықтардың  ешқайсысына мойындамайды. 1895 жылы мұғалiмдiк мектептi бiтiредi. Iс жүзiнде  кейiннен өз бетiнше оқып, энциклопедиялық  бiлiмдi адам болған Байтұрсынұлының  «университетi» осымен аяқталады.

 

Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық  қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт  бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы  уездерiнде ауылдық, уездiк және екi сыныптық училищелерге сабақ бередi. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық  қызметi жағынан Ыбырай Алтынсариннiң  тiкелей мұрагерi болды. Студент кезiнiң  өзiнде бұған қазақ даласындағы  көрнектi ағартушылардың бiрi, халықтық училищелердiң нұсқаушысы А. Е. Алекторов  назар аударады. Алекторов Байтұрсынұлын  тек қана шығыстану,

педагогика, түркология кiтаптарымен ғана емес, революциялық-демократиялық  әдебиеттермен де қамтамасыз етедi. Сөйтiп, 1895–1909 жылдардың аралығында ол тек ұстаздық етiп қана қоймай, белсендi революциялық қызметке араласады. Ол ағартушылардың арасындағы оқу-бiлiмнiң  пайдасы халыққа тек қоғамдық жағдайды түзегенде ғана пайдалы  болмақ деп санағандардың бiрi болды. Өзi сан рет патшалық жүйенiң саясатына  қарсы шығып, жергiлiктi шенеунiктердiң  жүгенсiздiгiн әшкерелейдi. 1900 жылдың басында ол шын мәнiнде қазақ  халқының тәуелсiздiк жолындағы күресi басшыларының және оған идеялық дем  берушiлерiнiң бiрi болды. Патша үкiметiнiң 1905 жылғы 17 қазандағы манифесiнен  кейiн ол бұқара халықты ашық түрде  басқара бастайды. 1905 жылы Ахмет  Байтұрсынұлы басқарған қазақтың бiр  топ зиялылары патша үкiметiне жердi мәдениеттi және әдiлеттi пайдалану, жергiлiктi халық үшiн жер бөлу мекемелерiн ұйымдастыру, қазақ тұрғындарының  құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарын  жазған петиция жолдайды. Хатқа қол  қойғандардың барлығы патша күзетiнiң  қара тiзiмiне iлiнiп, олардың сыртынан жасырын бақылау ұйымдастырылады.

 

1907 жылы жолдастарымен  бiрге 

А. Байтұрсынұлы тұтқынға алынады. Содан екi жыл бойына Қарқаралының абақтысында отырып, 1909 жылы уақытша  босатылады. 1909 жылы шiлдеде қайта  тұтқындалып, 1910 жылға дейiн Семей  түрмесiнде отырады. Одан соң оған қазақ даласынан сыртқа жер аударуға жарлық етедi. 1910 жылдан бастап 1917 жылға  дейiн қазақ жерiне келуге құқықсыз

А. Байтұрсынұлы Орынборға  тұрақтайды.

 

Мұнда ол әдебиет, педагогика, тiл бiлiмi, аударма және саяси қызметпен  шұғылданады. Дегенмен де А. Байтұрсынұлы өзiн ең әуелi мұғалiммiн деп санаған. Сондықтан педагогикалық қызметiн  ең қиын кездердiң өзiнде тастаған жоқ, қайта сәл мүмкiндiк болса  соны пайдаланып отырған. Балалар үшiн  «Әлiппе» жазды. «Айқап» жұрналында «Дұрыс жазу емлесiн» жариялады. Кеңес  өкiметi орнағаннан кейiн, жас республиканың  халық ағарту комиссары болып  тұрған кезiнде сауатсыздықты жою  мәселесiнде көп iстер тындырды. Оның басшылығымен жаңа мектептер, жоғары оқу  орындары, орта кәсiби бiлiм беретiн  училищелер ашылды. Ең бiрiншi ашылған  педагогикалық институтта Ахметтiң  өзi сабақ бердi.

 

1909 жылы Байтұрсынүлы «Қырық  мысал» атты кiтабiн шығарды.  Ол Крыловтан еркiн аудармалар  болатын. Түпнұсқаның мазмұнын  ала отырып, оның сюжеттерiн қазақ  өмiрiнiң тiршiлiгiне бейiмдеп жазды.

 

А. Байтұрсынұлы 1913 жылы қолында  ешқандай қаражаты болмаса да қалың  көпшiлiкке тез тараған және бұқараның  ықыласына ие болған «Қазақ» газетiн  шығарды. Оның өзi сол кезде қазақ  өмiрiнiң мәдени және қоғамдық талаптарына iс жүзiнде жауап берiп отырған  бiрден бiр мерзiмдiк басылым болды. Бұл газет үкiметке қарсы тiкелей  көтерiлiске шығуды уағыздаудан бас  тартып, революциялық байыпты көзқарастарды  жақтап отырды. Бiрақ, осы саяси сақтықтың  өзi де «Қазақты» қуғындаудан құтқара  алмады. 1913–1914 жылдар аралығында газет 26 рет тұтқындалды. Соған қарамастан «Қазақ» газетi бұқаралық қоғамдық пiкiрге төрт жыл бойына билiк айтып  отырды. Сондықтан да қазақ баспасөзiнiң  тарихында бұқаралық тұңғыш басылым  деген құрметке ие болды.

 

Ақпан төңкерiсiнен кейiн  А. Байтұрсынұлы қоғамдық-саяси өмiрдiң  қайнаған ортасына ұйтқы болады. Ол қазақ елiнде сол кездегi жалпыұлттық  маңызға ие болған ең ықпалды «Алаш-Орда»  ұлттық партиясының жетекшiлерiнiң  бiрi болды. Өлкелiк, округтiк сьездерде  басшылық орындарға сайланады. Ендiгi бар билiктi уақытша үкiметтiң қолына беруге тиiстi болған Бүкiлресейлiк Құрылтай жиналысының мүшесi болды.

 

Бiрақ, Ресейде Қазан төңкерiсi жасалады. Алайда Кеңес Өкiметiне қарсы  шыққан Орталық Ресейден, Орал мен  Орынбордағы казачестводан қол  үзген Қазақстан өмiрiне бұл оқиға  бiрден ықпал ете қоймайды. 1917 жылдың желтоқсан айында «Алаш-Орда» өлкенiң  автономиялығын жариялаған жалпықазақтық сьезiн шақырады. Онда «Алаш-Орда» партиясының қайраткерлерiнен Атқару комитетi сайланады, оның мүшелiгiне Ахмет Байтұрыснұлы да кiредi. Алайда, қаңтар айында Қызыл Армияның өлкенiң барлық iрi қалаларында кеңес өкiметiн орнатқан шабуылы басталды. 1918 жылдың мамырында чехословактар бүлiгi Едiл мен Оралда кеңес билiгiн жояды. Қазақ даласы амалсыздан азамат соғысына араласуға мәжбүр болады. «Алаш-Орда» әуелде Сiбiрлiк ақ үкiметтi қолдайды, алайда, Сiбiр Колчактың қолына көшкеннен кейiн өзiнiң шешiмiн өзгертедi, себебi Колчак «Алаш-Орданың» автономия жөнiндегi талаптарын орындамады. Сондықтан қазақтар ендiгi назарын Кеңес Өкiметiне аударды. 1919 жылдың наурызында Ленин қазақ даласы аумағына Кеңестiк Төтенше Комиссар етiп тағайындаған А. Жангельдин Омбыда «Алаш-Орда» өкiлдерiмен жолығып, оларды Кеңестер жағына шығуға көндiредi. «Алаш-Орда» үкiметiнiң атынан А. Байтұрсынұлы Мәскеуге барып, Ленин, Сталин және Жангельдинмен келiсiмге қол қояды. Ол келiсiм бойынша 1919 жылдың 10 шiлдесiнде құрамына большевиктер мен алаш ордалықтар енген революциялық бiрiншi қазақ үкiметi құрылды. Кеңес үкiметi автономияны Қазақ Республикасы деп таныды, алаш-ордашыларға кешiрiм жарияланды, ал Байтұрысынұлы Қазақтың өлкелiк революциялық комитетiнiң құрамына

ендi. 1920 жылы Қазақ Автономдық Кеңестiк Респуликасы құрылғаннан  кейiн ол жаңа халықтық республиканың  алғашқы халық ағарту комиссары  болды.

 

1923 жылы А. Байтұрсынұлының  50 жылдығы салтанатпен атап өтiлдi. Үкiмет атынан министрлер кеңесiнiң  төрағасы Сәкен Сейфуллин сөз  сөйледi. Салтанатты жиынды аша  тұрып ол былай дедi: «Ахмет  Байтұрсынұлы тек аса бiлiмдi қазақтардың  бiрi ғана емес, оған қоса патшаның  отарлық саясаты кезiнде бұқара  халықты қанаушыларға қарсы шыққан  адам. Ол бай кедей деп бөлмей, жалпы халықтың қамын ойлады, соның тағдырына қайғырды. Ахмет  Байтұрсынұлы ұлы халыққтың мәртебесiн  төмендетпей, аз ұлттарға қамқар  болған адам. Сол халыққа деген  сүйiспеншiлiгi үшiн өз кезiнде  «Алаш» партиясының мүшесi болды,  сол сүйiспеншiлiгi үшiн Коммунистiк  партияның қатарына ендi. Жеке  тапты ғана емес, өз халқын  жақсы көретiн және өзiнiң халқына,  оның жаңадан қаз тұра бастаған  туған әдебиетiне «Тiл құралы»  тәрiздi еңбек сыйлаған жазушылар  көп емес. Ахмет Байтұрсынұлын  шын жүректен құттықтаймын және  оған шығармашылық ұзақ ғұмыр  тiлеймiн». Сәкеннiң осы «Байтұрсыншылдығы»  кейiн алдынан шығады. Байтұрсынұлы  коммунистiк партия қатарына өткенмен  де қазақстан компартиясының  оңшыл фракциясының беделдi көшбасшысы  болатын. Билiк басындағылар оған  қашанда күдiкпен қараған. Ф.  Голощекин БКП (б) өлкелiк комитетiнiң  Бiрiншi хатшысы болып тағайындалғаннан  кейiн бұрынғы алашордашыларды  қудалау басталды. Патшаның от  басын атқаны үшiн жаман атағы  шыққан шала сауатты матрос  Федор Голощекин Қазақстанға  келiсiмен «мен мұнда Кiшi қазан  төңкерiсiн жасаймын» деп жариялады.  Қазақтардың ұлттық менталитетiнiң  қажеттiлiгiн бiлместен қазақтардың  жерi мен малын тәркiлеу, қазақ  зиялыларын ұлтшылдар деп жариялау  саясатын жүргiздi. Сөйтiп, 1928 жылдан  қуғын-сүргiн басталды.

 

1929 жылы қазақ ұлтының  қаймағы болған отыздан астам  мемлекет және мәдениет қайраткерлерiнiң  қатарында А. Байтұрсынұлы әуелi тұтқынға алынып, одан соң Архангельскіге  «Беломорканалының» жер қазу  жұмысына жiберiледi. 1935 жылы Халықаралық  Қызыл Крестiң араласуымен, М.  Горькийдiң көмегiмен босатылады. Бостандыққа шыққан соң келесi  тұтқындауға дейiн Қазақ педагогикалық  институтында ұстаздық етедi. А.  Байтұрсынұлы 1937 жылы қайта тұтқындалып,  НКВД ның қолымен атылады.

 

1988-жылы қаза тапқанына  жарты ғасыр өткен соң Кеңестiк  соттың шешiмiмен айыпсыз деп  ақталды. ХХ ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы  жылдар жаңа мемлекет құру  жылдары болды. Кеңес өкiметi  үшiн қолына қару ұстап күрескен  жазушылар өз шығармашылығында  революциялық идеяны жан-тәнiмен  жақтады, ендi бiраздан кейiн  адамзаттың жаңа дәуiрi – коммунизмнiң  таңы атады деп есептедi. Ол  ешқандай қанау, езу болмайтын  азаттық пен жалпы бақыт сыйлайтын  қоғам делiндi. Бiрақ, бұл алдану, адасушылық едi, жаңа дәуiр бәрiбiр  орнамады. Жаңа қоғамды және жаңа  әдебиеттi құрушылар ғана адасқан  жоқ, оған қоса коммунистiк  қоғамға, большевиктердiң идеясына  әуел бастан сенбегендер де  адасты. Өз отанының патриоттары,  зиялылары және гуманистерi болғандықтан  өз сенiмдерiне адал қалпында  қала тұрып, олар да төстемдiк  жүйеге қызмет еттi. Тоталитарлық  жүйе оларды сол үшiн қатал  жазалады.

 

 

 


Информация о работе Азык-тулик пен табигат