Аристотель философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:32, реферат

Краткое описание

Аристотель (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады.

Содержание

1. Аристотельдің өмірбаяны.
2. Аристотельдің философиялық еңбектері.
3. Аристотельдің таным теориясы.
4. Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Аристотель философиясы.docx

— 33.74 Кб (Скачать файл)

Ол да рас. Шынында да, болмыстың  болмауы және шын мәніндегі болмыс осы Аристотель айтып отырған  форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс "мүмкіндігі". Ал оның мүмкіндікген шывдыққа айналуы форма болып шығады.

Бірақ мәселе мынада. Қалайша болмыс болмыс емеске, одан керісінше айналады, ол ненің әсерінен болады? Оның қайнар көзі қайда жатыр? Аристотельдің айтуынша, шындық болатын болмыс формасы әуел басында өзінің бойына мүмкіндікгі сақтайды екен. Өзінің ойын Аристотель былай деп түсіндіреді. Адам әуелгі кезде сауатсыз еді, енді сауатты болды. Оның сауатты болғаны, бұрынғы сауатсыздығынан   емес, керісінше, адамның сауатты болғаны, оның бойында сауаттылыққа деген мүмкіндіктің (қабілеттің) бар болғандығынан.

Ендеше материяның, субстраттың  бойында екі жағдай бар. Бірі — онда әлі "форма жоқ", ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта "формаға" айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі — теріс анықтама, ал екіншісі — оң анықтама.

Материя деген ұғым, Аристотельдің  түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіңдік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкшдік қана емес, ол іске асқан шыңдық. Айталық, егер біз "мраморды" алсақ, ол өз алдына жатқан "материя", яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, Аристотельдің тілімен айтқанда, "соңғы материя" болады.

Ал енді оның осы табиғи қасиеттерінен  басқа жағына, оның іске асатын мүмкіндігіне көңіл бөлсек, оның шындық жағдайы туады. Бұл мүмкіндікті (ешқандай физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерімен ғана шектелмейтін) ешуақытта да, еш жерде де сезім арқылы қабылдауға бол-майды. Ол тек оймен ғана айқындалады. Осындай жағдайға байланысты, оны "белгісіз субстрат" деп атайды. Ал Аристотель өзінің философиясында бұған "бірінші материя" деп ат берді.

Бұл жерде үлкен бір философиялық мән жатыр. Тегі осы "соңғы материя" мен "бірінші материяның" байланысы диалектикалық болуға тиіс. Бірі сезімнің химиялық, физикалық, биологиялық ерекшелігімен дараланса, екіншісі басқа да қасиеттерімен, басқа да сапалық ерекшеліктерімен анықталуға тиіс. Міне, осы ерекшеліктер мүмкіндіктің шындыққа, материяның формаға айналуын белгілеп беретін болғаны.

Аристотельдің бұл пікірі бірін-бірі диалектикалық байланыста ұстап отырған "материя" мен "форма", яғни мүмкіндік пен шындықтың бір-біріне өтуі, олардың өзара тығыз байланыстылығы басқа бір процестен келіп шығады ма деген ойға әкеп тірейді.

Сонда ол не болды екен? Мүмкін осының бөрі адамдардың іс-әрекетіне байланысты шығар? Аристотель өзінің шығармасында мұндай өзара байланысты, өзара сабақтас ұғымдар тізбегін: мрамор — мүсін — мүсіншіні көрсетіп берді емес пе? Сонда адам ғой негізгі, оның іс-әрекеті де маңызды рел атқарады екен ғой.

Біз осы ойды терең талдай отырып, мына пікірге ойысамыз. Айталық, мрамор — субстрат материалды зат болса, оның бойында табиғи ерекшеліктерінің бәрі бар. Ал енді осы мрамор мүсіншінің қолына түсті делік. Одан шебердің қолы арқылы тамаша мүсін пайда болады. Сонда бұл ненің нәтижесі? Бұған жауап бере келіп, өрине, Платон мен Аристотель мұны күні бұрын адамның басына ұялаған идеяға байланысты дер еді. Өйткені осы идеяның негізінде ғана мрамордан салтанатты сарайдың, адамның, жан-жануардың мүсіндері, әдемі ыдыстардың, тағы басқа да әсем заттардың өзі пайда болады ғой.

Иә, ол да дұрыс жауап. Дегенмен, Аристотель ез ұстазы Платонның абсолютгік идеясынан  гөрі басқаша пікір айтып отыр емес пе? Сондықтан ол осы заттарды, өсем мүсіндер мен салтанатты сарайларды тудыратын адамдардың идеялары ғана емес, олардың қызметі деп есептейді.

Жаңа заманда, капитализм дәуірінде ғана дүниеге, ойлау процесіне енген адамдардың қызметі туралы идея сонау көне грек дәуіріндегі Аристотельдің басына ұялағанына таң қаламыз.

Амал нешік, жағдай солай болған соң?! Көне грек философиясының жоғары шыңы болған Аристотель өз заманындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық қатынастарға терең талдау жасай отырып, ол тіпті құн формасын зерттеуге дейін барды ғой. К. Маркс өзінің "Капиталының" I томында бұл жөнінде: "Ең алдымен Аристотель тауардың ақшалай формасы — құнның жай формасының тек келешектегі дамуы ғана, яғни бір тауар құнының өйтеуір басқа бір тауардан көрінуі ғана деп мүлдем айқын керсетеді",— демей ме?!

Бірақ ол кезде, яғни көне грек заманында  құн ұғымының болмауы Аристотельдің  қайшылыққа тап болуына әкелді де, ол әрі қарай мәселені талдауды тоқтатады. Ал, шындығында, бір тауар мен екінші тауардың өзара алмасуының негізі бір нәрсеге байланысты ғой. Ол — адам еңбегі емес пе? Ендеше, Аристотель материядан формаға, мүмкіндікген шындыққа өту адам қызметінің нәтижесі деп көрсетсе, оның не артықтығы бар? Дегенмен, Аристотель тауар құнының формасында еңбекгің барлық турлері бірдей бар екенін аша алмаған. Яғни, басқаша тілмен айтқанда, тауар құндарының формасында еңбектің барлық түрлері бірдей және демек, бір-біріне тең адам еңбегі болатындығын Аристотель құн формасының өзінен шығара алмады, өйткені грек қоғамы құл еңбегіне негізделген-ді, демек, бұл кемшіліктің табиғи негізі адамдардың және олардың жұмыс күштерінің теңсіздігінде жатыр еді. Еңбекгің барлық түрлері тең және бірдей. Өйткені олар жалпы адам еңбегі болып табылады, құн көрінісінің бұл жасырын сыры адам тендігінің идеясы халық сезімівде тұрақты орын алған кезде ғана ашылуы мүмкін еді. Ал мұның өзі тауар формасы еңбек өнімінің жалпы формасына айналған қоғамда, демек, тауар иелері ретіндегі адамдардың өзара қатынасы үстемдік етуші қоғамдық қатынас болып табылатын кезде ғана мүмкін болады. Аристотельдің данышпандығы дәл мынадан көрінеді: тауар құнының көрінісінен ол теңдік қатынасын ашады. Ол өмір сүрген қоғамның тарихи өрісінің тарлығы ғана бүл теңдік қатынасының мәні "шындығында" дәл неде екенін ашуға оған кедергі болды.

Аристотельдің материя мен форманың арақатынасы, олардың диалектикалық  өзара байланысы туралы қарастырған  мәселесі жаңа замандағы көптеген философтардың  ой желісіне арқау болғанын байқаймыз. Бірақ бұл мәселені тек адамдардың практикалық қоғамдық қызметі арқылы ғана түсіне аламыз ғой. Материяның формаға айналуы, мүмкіндіктің шындық болып жүзеге асуы белгілі бір тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Адамдардың практикалық, өндірістік қызметі белгілі бір жағдайдағы материяны, субстратты қоғамға қажетгі аса бір қүнды формаға айналдырып, заттың белгілі бір кезеңдегі табиғи, жаратылыстық негізін өзгертіп қана қоймай, оның бойындағы жасырын сырын да қоғамдық негізде кеңінен аша түседі. Қоғамдық адамдардың практикалық қызметінің әсерінен материя, тіпті, ғажап түрде өзгеріп, ол жаңа бейнеге, формаға ие болады. Мұндай құдіретті тудыратын заттың өзіне ғана тән физикалық, химиялық, биологиялық өзгешеліктері ғана емес, оның басты себебі адамдардың қоғаладық шығармашылық еңбегінде жатыр. Түрленіп, ерекше қасиеггерге ие болған форма да, өзінің белсенділігінің арқасында, материяның қозғалысы мен дамуына жаңадан жол ашып, бағыт сілтейді. Материя мен форманың бірлігі тек адамдардың қоғамдық материалдық қызметінің шығармашылық дамуының нәтижесінде ғана айрықша көрінеді. Сонымен, материя мен форма өздерінің мәнін тек қоғамдық материаддық практикалық негізде ғана табады. Ендеше, тек материяны әлде форманы асыра дәріптеу екі жақты, кейде тіпті шешілмейтін қайшылыққа алып келеді. Аристотельдің таным теориясындағы бір ерекшелік — ол Платонның философиясындағы тар өрістілігін сынай отырып, материя мен форманың басын біріктірмекші болды. Өйткені Аристотель жаңа дәуірде, әсіресе, көне грек мәдениетінің құлдырау кезеңінде мазмұн мен форманы, материя мен форманы біріктіре, өзара тығыз байланыстыра қарамайьшша дүниенің (табигат пен қоғамның) негізін аша алмаған болар еді. Сондықтан Аристотель Платонның тар өрістілігін ғылым саласымен жете айналыса отырып аңғарды.

Әрине, мұның өзі Аристотельді шындыққа қарай жақындата түскенімен, табиғат пен қоғамдағы қайшылықтарды шеше алмады. Сондықтан болар, ол кейін осы көзқарасынан ауытқын, басқа жолға түсті. Себебі Аристотель өзінің ұстазы Платонды ұғым мен идеяны асыра дәріптегені үшін сынға алып, біраз мәселелердің басын ашьш, ғылымды жалпының үстемдігінен босатып алып шыққанымен, өзінің жүйесін жасауда қайтадан шешілмейтін қайшылыққа ұрынды. Сондықтан материя, субстрат өзінің табиғи енжарлығына байланысты ешбір қимылмен іске қатыспайды. Ал форма болса тым белсенді. Ол материяның түрін, негізін өзгертіп, оның басқа формаға ауысуына мүмкіндік жасайды. Олай болса, егер форма, оның белсенділігі болмаса, материяның ешбір маңызы да жоқ болып шығады. Міне, осы көзқарас Платонның идеясына, яғни оның идеяны асыра дәріптеген процесіне қайта алып келеді. 

 Аристотельдің даналығы —  ол ешкім байыбына барып шеше  алмаған философиялық мәселені  шешіп отыр. Адам көзі екі функцияны атқарады, бірі — көру. Ол жан-жануарларға да тән қасиет. Екіншісі — адам көзі қоғамдық, материалдық, тағы басқа қатынастардың мәнін ашады.

Диалектикалық тұрғыдан қарағанда көздің екі жақты қызметі бар. Бірі — ол көздің негізгі қасиеті көру екені айтылады. Бұл дүниені, ен байлықты, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты көру, сол арқылы санаға заттың түрін, түсін тағы басқа да қасиеттерін түсінуге жол ашу.

Екінші жағынан, көздің өзінің негізгі  қызметі түп тамырымен өзгеріп, тек құмартудың, нәпсінің дамуына жол ашып, дүниеге тоймайтын, ешбір тойымсыз кезге айналу.

Ендеше көз бен ақылдың, көз  бен парасаттылықтың арасында диалектикалық  байланыс бар. Өйткені бірінші — көз сезімділік танымының алғашқы сатылары қабылдау мен елестетудің формаларына кеңінен қызмет атқарса, екіншісінде көз арқылы рационалды танымның биік сатысына жол ашылады.

Көптеген адамдар, жалпы адамзат  үшін көз тек қана көру қызметімен ерекшеленеді. Ендеше даңқты қолбасшы — Ескендір (яғни Александр Македонский) үшін де бас сүйек тек қана зат, жансыз дененің бір мүшесі. Оның ешқандай мәні жоқ. Олай болса қақпадан бұған қарай лақтырып тастаған бас сүйек үңірейген көздің бейнесімен мұны қорлауға арналған сияқты болып көрінеді. Ескендірдің қаһарлы ашуын, мәселенің мәнін түсінбегендігін, даньшшан Аристотель байыппен, сабырлы түрде айқындап берді.

Бас сүйек бір қарағанда ғана зат, материя, ешбір мәні жоқ, қураған нәрсе. Ал енді оның адамдардың қолына тиюі, адамдық қатынасқа түсуі жаңа бір ойдың түйінін аша бастады.

Бұл жай бас емес, Абайдың тілімен  айтқанда "кәпір" дүниеге араны ашылған көз, дүние байлыққа тоймайтынкөз.                                                              

Ендеше Аристагельдің диалекгикалық  көзқарасы бойынша қу бас біресе материя, зат, ешбір бағасыз бірдеңе, ал, екінші жағынан, ол адамдар арасындағы қатынаста формаға айналып, белгілі бір менге ие болады...

 

Қорытынды

Мыңмен жалғыз алысқан Абай көне грек философиясының алыбы — Аристотельге ерекше назар аудара отырып, өзінің зар-мұңын шағады, заманның тарылып бара жатқанын айтады...

Сонау көне заманда көрнекті қолбасшы — Александр Македонскийге ұстаз  болған Аристотель қазақтың данасы —  Абайға дәл осы өзі өмір сүріп отырған дәуірде, адамдардың рухани дүниесі өзгеріп, әрі жұтаңдап келе жатқан кезенде, оларға "ата-анадан мал тәтті" болып, ашкөздікке бет бұрып, "ғылымда жоқ, ми да жоқ, даладағы аңдарға" айналып бара жатқанда аса қажет еді. Сондықтан данышпан ақын:

"Қу емір жолдас болмас, өлі-ақ етер,

Өз күлкіңе өзің қарық болма  бекер!

Ұятың мен арынды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ-түпке жетер",—деп түйіндейді...

Аристотельдің ғылымдағы, әсіресе  жаратылыстану салаларына, философияға, этика мен эстетикаға, тағы басқа да мәселелерде ашқан жаңалығы мен даналық үлесі ұшан теңіз.

Біздің еліміз — Қазақстан үшін, әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға  бет бүрған, сол салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отырған кезеңде, халқымызға гректің данышпан ойшылы — Аристотельдің еңбектері баға жетпес рухани байлықтың қайнар көзі болып есептеледі. Тек сол мәңгі суалмас рухани байлықтан нәр ала білу қажет.


Информация о работе Аристотель философиясы