Ахимса принципі және қазіргі заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 20:13, реферат

Краткое описание

Махатма Гандидің өмір жолы туралы сөз еткенде: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха және тағы басқа осыларға үндес, сабақтас қасиеттерді атауларды ауызға алмай және олардың мән-мағынасына зерделей түсінбей, ұлы тұлға туралы бірдеңе деп айтудың өзі әрине әбестік болар еді. Біз тілге тиек етіп отырған бұл үш атау Махатма Гандидің онсыз да сом тұлғасын биіктете түсетін биік тұғырлар екені даусыз. Енді осы үш принципті негізгі бастауы- Ахимсаға тоқтала кетсек.

Вложенные файлы: 1 файл

Ахимса принципі және қазіргі зама1.doc

— 30.50 Кб (Скачать файл)

            Ахимса  принципі және қазіргі  заман. 

Махатма Гандидің өмір жолы туралы сөз еткенде: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха және тағы басқа осыларға үндес, сабақтас қасиеттерді атауларды ауызға алмай  және олардың мән-мағынасына зерделей түсінбей, ұлы тұлға туралы бірдеңе деп айтудың өзі әрине әбестік болар еді. Біз тілге тиек етіп отырған бұл үш атау Махатма Гандидің онсыз да сом тұлғасын биіктете түсетін биік тұғырлар екені даусыз. Енді осы үш принципті негізгі бастауы- Ахимсаға тоқтала кетсек.

Ахимса-күш көрсетпеу, ешкімге ешқашан да жаманшылық жасамау, біреуді жазықсыздан жазықсыз азапқа түсірмеу деген сияқты терең философиялық мағынаға ие сөз. Ахимса ілімі ертедегі Үндістанда болған, содан кейін буддизмде және әсіресе джайнизмде дамытылған. Үнділердің бойында адамгершілікті қалыптастыратын бұл ілімді Махатма Ганди күнделікті өмірде адам тәрбиесіне қолданатын ілім ретінде пайдаланды. Дара тұлғанының барша өмір жолы осынау қасиетті атаумен біте-қайнасып өтті. Ахимса-ол махаббат. Терең философияға ие бұл этникалық принцип сонау ерте кезден-ақ адам баласының бақытты әрі тыныш жан жарасымдылығында табиғат және әлеммен етене байланыста өмір сүруіне, жан саулығы мен тән саулығының қалыптасуына үлкен қызмет етті. Ахимса- бұл «а» деген қарсылық мәнді бөлшек, және «химса» деген өлім, зәбірлік деген зат есімнен құралған. Яғни, бұл сөздің тура мағынасы «өлтірме, зәбірлік жасама» деген мағынада айтылған. Ахимса  менің түсінігімше бұл махаббат.  Тек ұлы сезім, ұлы күш махаббат арқылы ғана адамдар бүкіл әлем мен жан дүниені гүлдендіреді. Ұлы Ганди Ежелгі Үндістан жеріндегі үнділер мен мұсылмандардың бірлігі үшін ешбір қарусыз табанды күрес жүргізіп, өзінің кемеңгер ілімі ахимсаның арқасында Үнді жерін Британдықтардың отарынан құтқарды. Ахимса мен Сатьяграха өзара үндес әрі сабақтас ілім.  Себебі бұл екі ілімде «өз жақынды- өзіңді сүйгендей сүй» деген ұлы сөзі бар.

Ахимса- залалсыздық

Ахимса-  ғарыштық махаббат

Ахимса- адамды ұлы құдіретке айналдыратын күш.

Ахимса  ілімі бойынша  барлық әлемді сүйіңіз. Барлығына қызмет етіңіз. Ешкімге өшпенділікпен қарамаңыз. Ешкімге қиянат жасамаңыз. Өзіңізді кез-келген тірі жан дүниесіне іспен иа сөзбен зорлық жасаудан ұстамды болыңыз.

Ахимса, брахмачарья, сатьяграха – тазалық, әділеттілік, тыныштық жолы.

 Қазіргі  қоғам мен сонау ерте дәуірдегі  ахимса принципін салыстыра кетсек, бұл әрине мүлдем екі дүние. Себебі қазіргі заман ахимса принципі бойынша өмір сүрмейді. Неге дейсіздер ғой? Қоғам дами келе адам сана сезімі қалыптаса келе жаңа дәуір филоософиясы қалыптасты. Жаңа дәуір философиясы құбылыстар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын түсіндіруде ғана іздеумен шектелмей, жаңа ғылыми фактілерге сүйеніп, түзілген дүниенің тұтас бейнесін жасауға ұмтылды. Ол кезде Ф.Бэкон білім күш деп, ғылыми таным, білім арқылы табиғатты игеретін инструментті көре білді. Табиғат заңдарын танып, олармен сәйкестікте әрекет жасап, табиғаттың беретін ырысын игеруге болады деп ұқты. Әрине, шындығында солай. Тірі дүниені танып білу оның ішінде жеке алғанда аспан әлемін, жер бетін, жан-жануарларға эксперимент жасау барысы, тірі қазба байлықтарды игеру мұның бәрі адам үшін өте қызық әрі түрлі сырға толы дүние болды. Міне, осының салдарынан табиғат пен адам арасындағы қалыптасқан ерекше күш «ахимса» бұзылды. Табиғат ана әрине адамзат баласының мұндай істеріне өзінің қарсылықтарын танытады. Дүние жүзінде белең орын алған су тасқыны, жер сілкіністері, алапат дауылдар, цунами сынды бұрын соңды болмаған құбылыстардың бәрі адам әрекетінің салдарынан. Жарайды адам мен табиғат арасындағы байланыс бұзылды дегенімен, адам мен адам, адам мен қоғам арасындағы адамгершілік сезімдер де бірте-бірте ақсаңдауда. Өйткені адам бұл өмірдегі ұлы күш, ұлы сезім махаббатқа көңіл бөлмеуінен болар, табиғатқа, туған жерге қоғамға, өз жақыңдарың мен құрдастарыңа деген махаббат бірте бірте ұмтылуда. Мүмкін, бұл заман ағымына қарай болып жатқан нәрсе шығар. Казіргі заманғы нарықтық экономика кезеңінде қоғам мүмкін материалдық жағдайға көп-көңіл бөлетіндігінен болар. Десе де, заман ағымына қарай қоғами ортада сан-түрлі кейіпке енуде.

Бірақ, қазіргі біздің заманымызда Гандидің үш ілімі ақиқаттылық, адамгершілік, махаббат ұғымы өз жалғасын табуда. Себебі адамның жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтыққа сүйрейтін  үлкен күш-дін бар. Дін адамның ақылына аз да болса қорек берудің үстіне, алдымен жүректі тәрбиелейді, мінезділікке үйретеді. Ақиқаттқа арқа сүйетеді.

М.Гандидің этикалық көзқарасы: «кедейлікке, жоқшылыққа мейірімділікпен қарау, жапа шегу, тақуалық принциптері мен қоғамдағы дамуы-адамның өсімпаз мұқтажын қамтамасыз ету  арқылы емес, оны саналы түрде тежеу арқылы іске асырылуы керек» деген көзқарасты мықтап ұстанды. Осы айтылған қағидалардың барлығын өзінің күнделікті қам-қарекетінде, ісінде қолдана білген, бұл жолдағы қандай қиындыққа да төзе білген, адамгершіліктің шырқау шыңына көтеріле білген әрбір адам әлемдік, әрі ғарыштық тұлға болары сөзсіз.  

Барлыбаева  Алтынай

Шетел филологиясы: қытай тілі


Информация о работе Ахимса принципі және қазіргі заман