Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 12:15, реферат
Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.[1] Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде;
Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.[1] Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде. Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау – оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру – бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады. Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі – постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің «Білім археологиясы» атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады. М.Фуконың пікірінше, білім берудің құрылымы инвертизацияланған (дағдылы тәртіптің орын алмастырылуы). Ол білімді қабылдау және оны меңгеру арасында сәйкестік жоқ деп санады. Бұл екеуін үйлестіретін әдістемелер дайындау қажеттігін айтады. Фуконың ойынша шәкірттік кеңістік екіге бөлінеді: 1)оқытылатын білім шеңберінің жабықтығы; 2)ашық сала (өзінен-өзі айқын шындық). Ұстаз бен шәкірттің диологы мәселесіне де Фуконың қосары болды. Постмодернизмнің өкілі ретінде ол сөйлеушінің мәдениет кеңістігіндегі орнын анықтайды. Сөйлеуші – бұл текстті ұғынушы, оны талдау барысында өз үлесін қосушы. Текст постмодернисттердің түсінігінде – бұл әлем. М.Фуко өзінің дискурсивті практика атты теориясын білім мен өкіметтің бірлігі түсінігімен ұштастырды. (Дискурс – правила речевого объяснения реальности). Постмодерн кезеңінде тілдік ойын маңызды орынға шығады. Ж.Ф.Лиотар наррациялық білімді ғылыми біліммен, классикалық біліммен салыстырады. Наррация – дәстүрлі, қарапайым, ғылыми емес білім. Лиотардың пікірінше, білім «кең ағартушылық» түрде болуы мүмкін, немесе денотивті пікірлердің жиынтығы ретіндегі мәдениет болуы мүмкін. Оның пікірінше білім – бұл ғылым да емес, таным да емес. Білім - кумулятивтік сипатқа ие феномен. (Лиотардың еңбегі «Постмодерннің күйі»). Білім — бұл рухани өсудің маңызды саласы. Ол қоғамның рухани өркендеуінің көрінісі ғана емес, сондай-ақ, экономикалық базасын да құрайды. Ол сол рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа шып-шырғасын шығармай жеткізе отырып, сақтаудың және трансформациялаудың басты құралы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан өткеннен сабақ алып, білім мен ғылымды дәуір дамуына сай жетілдіріп келеді. Әлемдік білім кеңістігінің озық үлгілерін отандық үрдіске, халықтық қалыпқа, ұлттық үлгіге бейімдеу негізінде реформалар жасалуда. Қазір Қазақстан төрткүл дүниедегі 177 мемлекеттің арасында сауаттылық жағынан 14 орыңды иеленіп отыр. Білім алушылардың ұзын саны 4,5 миллион адам. Білім-ғылым саласында 500 мыңнан астам оқытушылар мен ғалымдар қызмет етеді. Білім мен ғылымды қар-жыландыру соңғы 10 жыл ішінде 7 есеге өсті. 2008 жылы білім саласына бөлінген каржы 25,7 пайызға көтеріліп, 604,2 млрд. теңгеге жетті. Білім сапасын арттыру жолында өткен жылы қабылданған "Білім туралы" Заңның алар орны ерекше. Бұл құжат елімізде жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың тұжырымдамалық идеясына жауап береді. Заңнамада білім беру қызметі нақты жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері бір негізге бағындырылған. Осы заңның басты міндеттерді шешуге арналған тармақтарын атап айтсақ: оның біріншісі, әлемдік білім кеңістігіне кіруге (интеграцияға), екінші, педагог қызметкерлердің мәртебесін арттыруға, үшінші. сапалы білім берудін қолжетіңділік кепілдігін көтеруге, төртінші, басқару және қаржыландыру жүйесін дамытуға мүмкіндік беруі, т.б. Сонымен бірге, білім берудің парадигмасы "өмір бойына алған біліммен" қажеттілік пен мүмкіндікке сүйенуге, "бүкіл өмір бойы білім алуға" қол жеткізу. Бұған сәйкес білім берудің жана технологиялары мен әдістері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың талап-тілегін орындауды жүзеге асыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 мектеп, 100 аурухана салу жөніндегі кемел ойын іске асыру 2008-2009 жылдары қолға алынды. Елбасының "Тілдердің үш тұғырлылығы" идеясын мүлтіксіз жүзеге асыру мақсатында 32 мектеп ашылып, онда оқушыға математика, физика, информатика, химия, биология, экономика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын болады. 2008-2009 оқу жылынан бастап республика мектептеріне 60 шетелдік мүғалімдер тартылып, тәжірибе алмасу жүргізіледі. Астанадан 20 интел-лектуалдық мектеп ашу да жүзеге асырылады. Еліміздің мектептеріндегі таланты ерен, қарымы бөлек жастар тек қана өз Отанымызда ғана емес, әлемдік білім сайыстарында бақтарын сынап, мемлекет абыройын биік деңгейге көтеріп жүр. Бұрын осындай олимпиадалық жарыстарды өз республикамызда өткізудің сәті қашан түсер екен деп жүруші едік. Сол күн де жақындап келеді. 2010 жылы елордада әлемнің 100 мемлекетінен жүзден жүйрік деп танылған мыңнан аса оқушы математикадан өтетін халықаралық олимпиадада сын төзіне түседі. Бұл қазақ елінің білім саласында да танылуына жол ашады деп білемін. Осы заманда кәсіптік білім мен нәсіп айырудың тиімді жолдары ұсынылуда. Бұл туралы да Елбасы жиі еске салумен қатар, техникалық және технологиялық мектептерді көбейту, сөйтіп, қажетті мамандықтарды дайындау мәселелері туралы нақты тапсырмалар берді. Бір кездері ешкімге кажеті болмай қалған кәсіптік мектептер, қазір аяғынан тік тұрып келеді. 2007 жылдың өзінде 18 сондай оқу орны бой көтерді. Тек қана республикалық бюджеттің, не болмаса жергілікті жердің қаржысымен бұл саланы дамыту, әрине, мүмкін еместігі белгілі. Осы мәселеге ұлттық компаниялар мен жеке құрылымдар да назар аударып, колледждер жүйесін салуға көмектесіп жатыр. Әрине, бұл жаппай көрініс тапқан жоқ. Егер солай болып жатса, нұр үстіне нұр болып, мамандық алам деушілерге жан-жақты мүмкіндік туар еді.
2. Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көзқарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиынтығы.
Педагогикалық
парадигма - педагогикалық міндеттердің
белгілі топтарда қалыптасқан
үлгі-стандарты, дағдылы көзқарасы.
Алайда, танымал үлгі-стандартты
және көзқарастарды күмәнді
1. Қазіргі заманда төл
педагогикамызда «білетін адам»
(ЗУН жүйесімен жабдықталған) парадигмасы
«тіршілік әрекетіне дайын
2. Көптеген педаготтардың пікірінше, тәжірибиеде қолжеткізу қағидасын іске асыра отырып, оқу материалының мазмұны және білім көлемі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу қажет деп есептейді.
Парадигма білімнің
концептуалды моделі ретінде
пайдаланылады. Білім парадигмасының
төмендегідей көп тараған
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады.
Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі – жеке тұлға қалыптастыруда ақпараттармен хабарландырып, дайын білімді меңгерту ғана емес, ақиқатты, шынайылықты түсінуші адам ретінде өмірлік дағды қалыптастыру. Мұнда бала мен тәрбиешінің арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Рационалдық парадигмаға балаларға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Оқытудың негізгі әдістері – қарапайым тәжірибелік зерттеулер жасату, жобалау әдісі, жекелеп оқыту т.б. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер «Мұның бәрі баланы да тәрбиешіні де дамытады, егер педагог бәрін өзі атқарған жағдайдың өзінде де, баланың еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді. Ал бүгінде педагог баланың өзігінен дербес әрекет етуіне, шығармашылықпен жұмыс жасауына толық мүмкіндік туғызады
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.
Эзотерикалық парадигма – балалардың табиғи күші және оны тиімді пайдалана білуге бағыт беру қажет. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасының көрінуі тиіс. Бұл жерде балалардың дамуындағы адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.
Аталған жаңа парадигмалар мектепке дейінгі ұйымдарда баланы мектепке дайындауда олардың жалпы, арнайы және психологиялық дайындығын қамтамасыз етуде басшылыққа алынады. Қазақстанда мектепалды даярлыққа арналаған 83 аталымдағы оқу-әдістемелік кешендер тәжірибелік байқаудан өткізілді. Ғалымдардың зерттеулерінде осы ОӘК-ді дайындау ерекшеліктеріне тоқталып, мұндағы білім мазмұнын берудің құрылымдық компоненттері көрсетіліп, мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы эксперимент жүргізіліп оның нәтижелері ғылыми еңбектерде талданды.
Жаңа парадигмаларды басшылыққа алу негізінде атқарылған мәселелер: біріншіден, балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысында білім мазмұнын іріктеудің өлшемдеріне сәйкес жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндетін тұтас қарастыруда оқу бағдарламаларының мазмұнын, ғылым мен тәжірибенің теориялық негіздерін, заңдылықтарын, түсініктері мен зерттеу әдістерін, негізгі іс-әрекет түрлерін, жеке тұлғаның дамуын, танымдық қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ету жолдары қарастырылды. Білім мазмұнының ғылым мен тәжірибедегі мәнділігін анықтауда оқу бағдарламаларының әмбебаптық және ақпараттық элементтері қарастырылып, теорияның мәнін ашу үшін ғылымның заңдылықтары, әдістері оның тәжірибеде қолданылуына баса назар аударылды. Білім мазмұнының жаңартылуын анықтауда балалардың жас ерекшелігіне қарай оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігін арнайы жүргізілетін бақылау (срездері), нәтижелеріне талдау жасалып, оқу материалдарын меңгеруге байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқу іс-әрекетінің нәтижелерін саралай келіп, білім мазмұнын жаңартудың арнайы ізденушілік, тәжірибелік және педагогикалық мониторингі жүргізіліп, мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық, әдістемелік жүйесі жасалды.
Екіншіден, мектепке дейінгі білім мазмұнын таңдаудың қағидалары, білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететін маңызды факторларды айқындауға, білім мазмұнының құрылымын, әдіснамалық негіздерін, заманауи ғылымдағы әдіснамалық тұғырларының мазмұны қарастырылды. Білім мазмұнын таңдаудың тұжырымдамасы, өлшемдер жүйесі, ұстанымы, принциптері, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы қарама–қайшылықтар айқындалып оны жоюдың жолдары ұсынылды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибедегі және отандық мектепке дейінгі тәрбиедегі көкейкесті мәселелерді зерделей отырып, білім беру мазмұнының мәні мен маңызының ашып көрсетілуі білім беру мазмұнын жаңартуда жалпы білімнен нәтижеге бағдарланған білім беруге баса назар аударуды, білім мазмұнын тұтастай қабылдауды және балалардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес өмірлік дағды қалыптастыру жүйесін құру мәселесін шешуді қамтамасыз етеді. Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру мазмұнының дамуына шолу жасау арқылы негізгі мәселелердің анықталуы, ғылыми-зерттеулердің тұжырымдары мен оны жүзеге асырудың кезеңдерінің сипатталуы, оның қазіргі жағдайы мен басым бағыттарының айқындалуы педагогикалық ой-пікірлердің қайнар бастауынан нәр алатын тәлім-тәрбиенің негізін қалайтын білім мазмұнын жаңартудың алғы шарттары болып табылады.
Төртіншіден, білім мазмұнын жаңартуда бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастырудың логикалық-психологиялық проблема тұрғысынан қарастырылуы, оның негізгі принциптерінің анықталуы, ойын, еңбек және оқу әрекеттерінің ерекшеліктері нақтылануы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі тиімді, әрі ұтымды жолдарының белгіленуі баланың психологиялық дамуына ықпал етеді және жүйесін қалыптастырады деп есептейміз.
Бесіншіден, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы дайындалып, оның теория мен тәжірибедегі байланысы, білім мазмұнын жаңартудың қажеттілігі, оған қойылатын талаптары қарастырылды. Қазіргі кездегі мектепке дейінгі ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік мүмкіндіктердің тиімді тенденциялары, өлшемдері мен көрсеткіштері, принциптері, негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелері, оны іске асыру кезеңдері мен шарттарының нақты көрсетілуі мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде басшылыққа алатын нормативтік құжат болып табылады.
Алтыншыдан, мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңартуға қатысты тәжірибелік мүмкіндіктерді жетілдіріп, құндылық бағдарларды ескеріп, жаңа нәтижелерге жетудегі жаңашылдыққа, шығармашылықты дамытуға ықпал етеді. Білім мазмұнын жаңартуда оның жеке тұлғаға бағдарланған болуын, жас ұрпаққа сапалы білім, тағылымды тәрбие беруде тәрбиешінің біліктілік деңгейі, тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасында олардың дара және психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуі, педагогикалық ықпал етудің әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдай білуі және тиімді пайдалана алуы маңызды деп ойлаймыз.
Ойымызды қорытындылай келе, білім мамұнын жаңарту қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі ретінде жеке тұлғаға бағытталған болуы, әдемдік білім кеңістігіндегі жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың ескерілуі, білім беру бағдарламаларының мазмұны әрбір білім беру сатылары мен жас ерекшелігіне сәйкес тәрбиеленушілердің бүгінгі заманауи талаптар деңгейінде білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мазмұнын жаңартуда ұлттық және әлемдік мәдениеттің кіріктіріле қарастырылуы маңызды болып отыр. Білім мазмұнын жаңартуда ұсынылған тұжырымдар мен ұстанымдар, жаңа парадигмалар мектепке дейінгі ұйымдардың алға қойған мақсат, міндеттеріне сәйкес жалпы және қосымша білім беруде тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын өз қалаулары бойынша таңдауға, балама және авторлық бағдарламалар, арнайы курстар, оқу-әдістемелік кешендер дайындауда барлық халықтардың арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық сақталуына, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына дүниетанымдық көзқарастың алуан түрлілігіне қарамастан оны таңдауға, өз пікірін айтуда басшылыққа алуға, дәлелдеуге құқығы болады деген тұжырым жасаймыз.
3. Білім беру сапасын басқару мәселелері
Білім беру сапасын басқару - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы
Білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару қызметіндегі басым бағыты болып табылады. Білім беру сапасын басқару мына бағыттарды қамтиды:
1.Жалпы білім беру сапасы.
2.Білім беру процесін басқару сапасы.
3.Білім процесін іске асыру сапасы.
4.Білім беру процесі нәтижесінің сапасы.
5.Жалпы білім берудің функционалды сапасы.
Жалпы білім беру сапасы: 1)білім процесінің негізгі шарттарының сапасы; 2)ғылыми - әдістемелік жұмыстарының сапасы; 3)материалдық – қаржылық қамтылу сапасы және 4)мектепке дейінгі білім сапасы деген бірнеше бөліктен тұрады.
Білім беру процесін басқару сапасына кадрлық қамтылу сапасы, оқушылардың психосоматикалық денсаулығының сапасы және педагогикалық еңбекті ынталандыру сапасы жатады.
Білім процесін іске асыру сапасына мыналар енеді: 1.Білім мазмұны сапасы; 2.Оқыту сапасы; 3.Оқу сапасы.
Білім беру процесі нәтижесінің сапасы төмендегі бағыттарда анықталады: 1)Оқыту деңгейі; 2)Денсаулық сапасы; 3)Креативтілік сапасы; 4)Тәрбиелілік деңгейі; 5)Тұлғаның дамуы деңгейі; 6)Басты құзырлылықтың қалыптасу сапасы.
Жалпы білім берудің функционалды сапасы:
1.Білім берудің оқушының білім қажетіне сай келуі;
2.Білім берудің қоғамдық
институттар қажетіне сай