Дүниені философиялық ұғыну: Болмыс және материя

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:48, лекция

Краткое описание

Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатың, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың құбылыстармен процестердің, құрылымдармен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың әрбір құбылыстың өзіндік даралық мәні бар бейтін болсақ, онда тұтас дүниені мәндердің мәндісі деп қарау орынды. Дүниені құрайтын әрбір даралықтың, құбылыстың тек өзіне тән, өзін басқа емес, дәл осының өзі етіп тұрғанын атықтаушы ерекшелігі бар. Осы анықтаушы ол құбылыстың дара болмысының мәні болып табылады. Дара болмысты мойындай отырып, оларды жинақтап қарау, ортақ белгілері мен қасиеттерін іздестіру арқылы болмысты түрлерге топтастыру таным өмірлірлік рпактика үшін мелінше қажет.

Содержание

Болмыс философиялық категория ретінде: оның мағынасы және ерекшелігі.
Материяны философиялық түсіну.
Жаңа онтологияның категориялары.

Вложенные файлы: 1 файл

Болмыс ,материя.doc

— 79.00 Кб (Скачать файл)

                        Модуль 3. Теориялық философия

№17. Дәріс. Дүниені философиялық ұғыну: Болмыс және материя.

 

  1. Болмыс философиялық категория ретінде: оның мағынасы және ерекшелігі.
  2. Материяны философиялық түсіну.
  3. Жаңа онтологияның категориялары.

 

Оқу мақсаты: болмыс және материя атты философияның басты бөлімін оқу,материалдық болмыс және «материя» ұғымына деген негізгі қадамдар, материяның өзін-өзі реттеу қабілеті, уақыт пен кеңістіктегі материяның орналасуы, оның қасиеттері.

 

Тұтас дүние  өзіндік ерекшеліктерімен дараланатың, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың құбылыстармен процестердің, құрылымдармен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың әрбір құбылыстың өзіндік даралық мәні бар бейтін болсақ, онда тұтас дүниені мәндердің мәндісі деп қарау орынды. Дүниені құрайтын әрбір даралықтың, құбылыстың тек өзіне тән, өзін басқа емес, дәл осының өзі етіп тұрғанын атықтаушы ерекшелігі бар. Осы анықтаушы ол құбылыстың дара болмысының мәні болып табылады. Дара болмысты мойындай отырып, оларды жинақтап қарау, ортақ белгілері мен қасиеттерін іздестіру арқылы болмысты түрлерге топтастыру таным өмірлірлік рпактика үшін мелінше қажет.

Болмыстың түрлері туралы роблема философия  үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатыснасы туралы мәселені – түбетелі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.

Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен  айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай  негізгі түрлерін ажыратуға болады:

  1. табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді.
  2. Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
  3. Рухани (идеалық) болмыс;
  4. әлуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

Тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына  бөлінеді.

әлуметтік өмірге қатысты болмыс түрі кейінгі арнаулы тарауларды тереңірек қарастырылатындықтан, біз болмыстың алғашқы үш түріне тоқталайық.

Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның, қажетті алғышарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені  белгілі. Басқаша айтқанда, қызмет-әрекетінің негізгі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді.

Қоршаған  табиғи ортаны танып, игеру барысында  адам табиғат дүниесінде қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдыретті өзгертуші күшке айналады. Бұрын табиғатта деп сондай дайын күйінде болмаған, адамдар өз қолы иен ақыл ой күші арқылы жасап шығарған, өндірген жаңа заттар мен процестердің, жағдайлардың тұтас дүниесі пайда болады. Ғалымда мұны екінші табиғат деп те атайды. Бірінші табиғаттың ерекшелігі неде? Табиғат адам атулы пайда болғанға дейін, өмір сүрді. Адам мен оның санасы пайда болғанан кейін де ол өз болмысының тәуелсіздігін сақтайды. әлбетте табиғатты, оның заттарын процестерін, құбылыстарын өзгеріске түсу және даму заңдылықтарын санасына қабылдап, ой елегінен өткізуші айтушы – адамдар. Табиғаттың өзінен тәуелсіз санасынан тысқары, дербес өмір сүретінін өзінен бұрын пайда болғанын мойындап, сенімді тұжырым жасаған да адамдар бұл тұжырымға олар бүкіл адам заттың әлуметтік тарихи тәжірибе негізінде, өмірлік фактілерді саралау, ғылыми зертеулер мен жүйелі дәлелдемелер нәтежесінде келді. Сүйтіп болмыстың негізгі әрі айрықша түрі сенбіндегі төл табиғаттың яғни бірінші табиғаттың басты ерекшелігі оның адамнан бұрын пайда болып адам санасынан үнемі тыс әрі одан мүлдем тәелсіз өмір сүре алатындығы болып табылад табиғат тұтас алғанда кеңістікпен уақыт тұрғымынан шексіз ол әр қашан қайда болсада болған бар және бола береді. Бұл табиғаттың жекелеген нақты заттарына, процестерін, құбылыстары мен жәй күйлеріне тән емес бірекей ерекшелік. өйткені олар нақты бір жерде өмір сүреді, бар болып табылады, екінші бір кезде олар жоқ, өмір сүрмейді: олар бірде бар, енді бірде жоқ, бір кезде пайда болады, тағы бір мезгілде дәл сол кұйіндегі өмір сүруін тоқтатады. Жерге түскен ұрықтан немесе тамырдан ағаш көктеп шығады, толысып өседі, мезгіл жеткенде құрап қалуы мүмкін, т.б. Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жәй күйлерінің болмысы өткінші өшпелі. Олрадың болмысы не болмыссыздығы ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың болмысы – сақталатында, жоғалатында болымсыз. Гераклит пен Гегел сияқты ойшылдар өтпелі, ауыспалы заттар болмысының диалектикасын айқын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін саралай отырып оның жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы дәл көрсеткен. Мәселен әр адам дүниеге үлкен үміт асқақ арманымен келеді. Қоғамдық қатынастарға араласып, тіршілік жасайды, өмірдің ашы – тұшысынан татады, шама шарқынша із қалдырады. Сүйтіп жүргенде қас – қағым сәтей болып бұл жарық дүниеден өтіп кеткенін білмейде қалады. Үлкендердің сағым дүние жалған дүние деп ой толғап отырғандығыда сондықтан. Өйткені, заттың болмысы оның болмысыздығына орын босатады. Аумалы – төкпелі дүние деген ұғым, бір жағынан, осыны білдірсе керек. Алайда мұның бәрә тұтасынан алғандағы табиғат болмысының тоқталуын білдірмейді. Жоғардағы мысалдарда көрсеткелдегідей зат қиратылады адам өледі, бірақ олар дүние болмысының тұтастығынан жоғалып кеткен жоқ, олар болмыстың басқаша материалдық жәй күйлеріне ауысып кетеді. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшілігі бар бұл ерекшіліг тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады. Төл табиғат сонымен бірге ерекше тұрпатты ақиқат болып табылады. Толассыз да шексіз табиғат тасқынында адам, санасымен қоса алған да, бір тұтас болмыстың ұшы қиырсыз желісіндегі ең кеш пайда болған буындардың бір ғана. Табиғат үшін өмір сүру болу – адам санасымен немесе қандай бір ақыл иесімен қабылданатын құбылыс болу дегенді әсте білдірмейді. әлем дүниесінің шексіз зор кеңістіктері адам пайда болғанға дейін санасымен еш кашан қабылданған емес. Бүгінгі таңдада адам табиғат дүниесінің барлық қатпарын санасымен түгел қабылдап, игере алатын қабілетке жеткен жоқ. Ол мүмкін емес. Адам тіпті ой-қиялымен шарласада, күллі толасыздық пен шексіздіктегі табиғат құбылыстарын қамти алмайды. Табиғат объектипті шындық ол алғашқы онсыз адам заттың өмірімен қызметіде мүмкін емес. Табиғаттсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер яғни екінші табиғат пайда бола алмас еді. Шынында да бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көпшілігі адамның табиғат дүниесін өзгертуінің нәтижесі. Екінші табиғат қатаң түрде біріншісіне, шынайы, төл табиғатқа тәуелді және оның туындысы. Болмысының тұрпаты жағынан адам жасаған заттар мен құбылыстар табиғат дүниесіне ұқсас, олардың ортақ қасиеттері мен даму өзгеру заңдылықтарымен айтарлықтай жеткілікті. Дегенмен, екінші табиғаттың өзіндік мәнді ерекшеліктері де бар. Сонда екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан айырмашылығы неде? Ең әуелі, оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғат материалдарды пайдаланып, өңдеу. Екіншіден, екінші табиғат дүниесінің жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылады. Үшіншіден, екінші табиғат бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге келтіру адамдардың әлуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат – мүдделерінен туындайды. Яғни оның қоғамдық-әлеуметтік маңызы, атқарар міндеті, алар орны бар деген сөз. Айталық, бүгінгі өмірдің қай саласында болсын электронды аспаптар мен приборлар, түрлі кондырғылар мен машиналар еркін қолданылады. Оған тіпті бойымыз да, ойымыз да әбден үйренген. Олар табиғат қойнауынан алынып, адам қолымен өңделген түрлі метал, пласмасса, т.б. материалдардан жасалған. Снда оларды өмірге келтіру ғылыми жетістіктердің, ақыл-ойдың, білім мен тәжірибенің нәтижесі екеніне дау жоқ. Оларды пайланып, іске қосу да адамдардан үлкен білімді, қабілетті, материалдық мүмкіндіктерді талап етеді. Ал оларды қолданудың қажеттігі де өмір таладынан туған заңдылық. Сөйтіп екінші табиғат бірінші табиғатттың заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білім, еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізгі қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсаьында жасалады. Яғни екінші табиғат болмысы табиғат рухани әлуметтік тұтастық құрайтыннақтылы ақиқат. Ол мәні жөнінен әлуметтік тарихи сипатқа ие, адамзат қоғамның құрамдас бөлігі, төл табиғат пен қоғамды жалғастырушы басты дәнекер. Сондықтан да, бір жағынан, қоғам мен екінші табиғаттың үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңызын жоймайды екінші жағынан бірінші табиғат пен екінші табиғаттың ортақ заңдылығын бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың көкектесті жалпы адамзаттық мәселесі болып табылады.

Енді жекелеген  адам және тұтасымен адамзат болмысының елеулі приципті өзгешелігі, өзіндік  сапалық мені неде деген мәселеге келейік. әрине, бұл болмыстың да табиғаттың көшпелі заттармен ортақ болып келетін маңызды өмірдың арасында зат, денелердің ортасында дене деп қараудың еш себептігі жоқ. Кезінде кейбір материалистер мен жаратылытырушылар да осындай пікірде болғаны белгілі. Тек ескертетін жай, бұл көзқарас адамды затқа, объектіге теңестірушілікке, оны қалай болса солай қуыршаққа айналдырғысы келген, адамгершілікке кереғар пиғылдан аулақ болса ғана өзін ақтамақ. Бірақ болмыс туралы жалпы философиялық ілім үшін ең алдымен адам қалай өмір сүреді. Оның тәні, денесі-табиғаттың бөлшегі. Дүниеге келеді, тіршілік иесі есебінен іс-әрекет жасайды, мезгілі жеткенде өледі. Адам өмірі шектеулі, ол өйткені болмыс иесі. Табиғаттың бөлшегі ретінде адамның бүкіл тіршілік әрекеті оның заңдылықтарын бұзбайды. Оған тамақтану, киім-кешек, жай-күйі үшін өзіне жағдай жасау, ыстық-суықтан қорғану, табиғаттың түрлі өмірге қауіпті күштерінен сақтану, т.б. қысқасы, тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ  ол табиғи түрде тұқым қуалаушылық заңдарына бағына отырып, жаңа ұрпақтың, әсіп-өрлеуіне себепкер болуға тиіс.

Бұдан шығатын  қорытынды мынадай: адам болмысының алғышшарттары – оның денесінің  табиғат бөлшегі ретінде, организм ретінде өмір суруі. Алайда адам болмысының басты ерекшелігі – ақыл – ой иесі, санасы бар, яғни тек тәнің ғана емес, жанның, рухани дүниенің иесі еендігінде. Адам табиғаттың бөлшегі, төл баласы өркені, сонымен бірге ло әрі тарихаты, әлуметтік өмірді жасаушы, әрі тарихи қоғамдық дамудың туындысы. Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды сондай-ақ дүниеге, қоршаған табиғи және әлуметтік ортаға және өздері өздеріне әсер етуге өзгеріп түрледіруге қабілетті. Осыған қоса олар өз болмысын және жалпы болмысты танып – біледі, болмыстың тағдыры үшін дабыл көтере алады. Осыдан келіп әрбәр адамның адамзат тағдыры үшін, табиғатты, тұтас жер планетасын қорғау үшін жауапкершілігі туындайды. Адамдар болмысы жекелеген адамдар санасы тұрғысынан алғанда нақтылы, объективті. Адамдар жекелеген адамның санасынан тысқары, тәуелсіз өмір сүреді. Бірақ адам болмысы әсте санадан, рухнат, мүлдем тәуелсіз болмайды. Себебі, адам болмысы – заттың, табиғилық пен руханилықтың, дербестік пен қауымдастықтың, жеке кісі мен қоғамның өзара қайшылықта тұратын ажырамас бірлігі.

Енді рухани болмысқа тоқталайық. Руханилық - өзінің өмір сүруі мен көрінісінңі нақты түрлері жөнінен сан алуан болып келетін сана мен санасыздық процестерін қамтитын көптүрліктің біртұтастығы. Оның құрамына табиғи тіл мен таңбалық (символдық) жүйелері түрінде іс жүзіне асырылған, материалдалдырылған білім кіреді. Сондай-ақ адамдар арасындағы қатынастардың, ізгіліктің, шығармашлық пен хұқылық өлшемдер мен проецестері де рухани өнімдер мен процестер қатарына жатады. Рухани юолмысты шартты түрде үлкен топқа – жеке адамдардың тіршілігіне ажыратып қарауға болмайтын дербестенген руханилыққа және дара адамнан тысқары өмір сүре алатын объективтендірілген руханилыққа бөлуге болады. Біріншісі – басқаша айтқанда, дараланған адамның санасы. Ол нақты адаммен бірге пайда болып, бірге өмір сүреді, сытқы дүниені бейнелейді. Сана арқылы адам табиғи және әлуметтік ортадағы өз орны басқа адамдармен қарым қатынасын анықтап, өз ойларымен сезімдерін аңғарып, бағдарлайды. Бұл тұрғыдан келгенде жеке адамның санасын өзіндік сана деп қарастыруға болады. Адамның рухани тұтастығы, бүкіл психикалық әрекеті санамен қоса санасыздық процестерін де қамтиді. Санасыздық та сана сияқты нақтылы, ақиқат,  дербес рухани болмыстың ажырамас бөлігі. Адамның тыныс-тіршілігі, қимыл-әрекеті, ісі түгелімен сананың толық қатысуы арқылы жасалмайтын белгілі. Олардың көбі әбден дағдыға айналып кеткен, ой елегінен, санадан өтпей-ақ істеле берді. Санасыздықтан мән-мағынасы зерттеген ғалымдар (сана туралы арнаулы тарауда бұл мәселе тереңірек қарастырылады) оның түрлі деңгейін көрсетеді. Мәселен, санасыздықтың бірінші деңгейі-адамның өз денесіннің өмір сүруін санасыз түрде бақылауы, екінші деңгейі-санасыздық негізінде саналы процестің бастау алуы. Маған бір ой келіп тұр, меніңше, өйткен дұрыс сияқты дегендей пікірлер айтылып жатады ғой. Осы мысал екінші деңгейді жақсы көрсетеді. Санасыздықтың үшінші деңгейде сана мен санасыздық қат-қабат қабысып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Бұл деңгей шығармашылық шабыт келгенде, философиялық ғылыми интуициялық сәттерде өз көрінісін білдіреді. Қысқасы дербес рухани болмыс – сана мен санасыздықтың қайшылықтың ажырамас тұтастығы.объективтірілген рухани болмыс жеке адамдардың санасынан тысқары өмір сүреді және міндетті түрде материалдық құбылыстардан көрініс табады. Материалданған рухани өнімдер мен процестер сөздер, дыбыстар, табиғи және жасанды тілдер арқылы іс жүзіне асады (кітаптар, сызбалар мен фомулалар, жобалар, суреттер, ескерткіштер, музыкалық шығармалардың ноталары, т.б.). мәселен тіл-дербес және объективтірілген руханиболмыстардың бірлігі болып табылады. Тіл мен сананың, тіл мен ойдың байланысы өте тығыз. Тіл арқылы сана қызметінің сыртқы, объективтірілген нәтежелері көрініс табылады. Тілдің таңбалары, ережелері, дыбыстары, сөздері, сөйлемдері, оның құрлымдары, ережелері-бәрі нақты ақиқат. Тіл-қоғам дамудағы тарихты жалғастырушы, байланыстырушы, мәдениеттің сақтаушысы, арқылы-ойы. Тіл-ұлттық болмыстың басты белгісі. Қазақ өз тілін ана тілі деп атайды. Ол ананың сүтімен бойға сіңіп, өмірге нәр береді. Тілді ерекше бағалап, қастерлеген қазақ Өнер алды-қызыл тіл дейді. Рухани болмыстың объективтендірілуі қалай жүзеге асады дейтін болсақ, ең әуелі белгілі бір ой, идея, пікір жеке адамның санасында дербес пайда болады. Одан кейін адам өмір тәжірибесіне, біліміне, қабілетіне, мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді: тіл арқылы өрнеттейді, жоба жасайды, нотаға түсіреді, сурет салады, материалды бүйым жасайды, т.б. содан кейін оны қоғамдық практиканың ағымына қосады, мысалы санау қажеттігіне байланысты ертедегі адамдар саусақтарын, одан кейінгі уақыттқа тастарды, таяқшаларды, т.б. пайдаланды, келе-келе есепшот дүниеге келді. Есепшоттың бүгінгі заманғы жалғасы-электронды есептеу машиналары. Немесе, қазақтың халық әндерін алайық. Шилі өзен қамыс-ай, Назқоңыр, Жирма бес т.б. Осы әндерді, сөз жоқ, кезінде нақты адамдар шығарған. Олар халықтың жүрегінде ұялып, санасына сіңе берген, уақыт өте келе ұрпақтан ұрпақа жалғасып, халықтық атанып кеткен. Осы мысалдардан көріп отырғанымыздай, жеке адамның санасында әуелде пайда болған идея оның аумағынан, ырқынан мүлде алшақтап, бүкіл адамзаттың рухани байлығының құрамдас бөлігіне айналып кетті. Сөйтіп, объективтендірілген рухани құбылыстардың басты ерекшелігі-олар әлуметтік кеңістікте және тарихи уақыт шеңберінде сақталады, жетілдіреді және емін-еркін қозғалыста болады.

Болмыстың жоғарыда қарастырылған  негізгі өмір сүру, көрініс табу түрлерінің әрқайсысының өзіне тән  заңдылықтары бар-олар физика, биология, антропология, социология т.б. сияқты сан  алуан ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондай-ақ, олар белсенді түрде өзара қарым-қатынасқа түсіп, тұтас қозғалыста, өзгермелі, құбылысмалы. Оның ашылмаған құпиясы, ақтарылмаған сыры әлі де көп. Адам оны игеру жолында, игілікке пайдалану ниетінде іздене бермек.

 

                                                  Материя

Материя ұғымы – дүниені адамның  санасына тыс әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік  дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.

өзінің практикалық қызметінде қоршаған ортамен қарым-қатынас  жасау бпрысында алуан түрлі  заттарды құбылыстар мен процестерді  байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз де шексіз көп заттар мен құбылыстардың бәріне тән бәріне ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі адамдардың өзендерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі кезең, айтулы уқиға еді. Бұдан әлде қайда көп уақыт өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғатқұбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниені бір негізгі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша – түп негіз, мән деген сөзден шққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың құбылыстардың процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізгі деп қаралады. Түрлі заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта пайда жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісі, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.

Дүниенің бірлігін, оның негізінде бір ғана субстанция бар  деп ұғындыратын ілім монизм философиясында жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәені  жөнінде материалистік және діни-идеялистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған. Ежелгі метериалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен парапар деп санады. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген қөзқарас орын алады. Мәселен, Фалес үшін ол-су, Анаксимен үшін-ауа, Гераклит үшін-от. Дүние негізгі төрт заттан-судан, ауадан, топырақ пен оттан рұрады, материя дегеніміз-осы деген ұғым да кең тараған болатын. Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастаманегізгі анық емес, шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріп отыратын материя – апейрон деп түсіндірді. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімдеме тереңірек қарастрылады. Оның ой-пікірлерін кейінен Эпикур мен Тит Лукреций Кар дамытты. Бұл ілім мынаған келіп саяды. әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Аотм – пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек (атом деген сөздің өзі бөлінбейтін бөлшек деген ұғымды білдіреді). Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әр түрлі болуы құрамындағы атомдардың санасына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты. Қысқасы ежелгі грек материалистерінің көзқарасы бойынша, күрделі заттардың бәрі қарапайым заттардан шыққан, солардың қосындысы, құрамасы. Олар ыдырағанда алғашқы қарапайым заттардан ажырайды. Ал қарапайым заттар біртекті, тұрақты болады. Материя міне, осы кезеңнен бастап-ақ материалистік бағыта бүкіл ғарыштың түпкі негізгі, бүкіл әлемнің біртұтастығы шығатын тек ретінде қаралады.

Жаңа дәуір философиясында (XVII-XVIII ғғ.) қоғамдық өндіріс пен жаратылыс  ғалымдардың әсіресе, математика мен  механиканыңдамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің  терендеуі материяны механикалық  қасиеттерімен теңгеруге жол  ашады. Материалистік ой енді материаны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне де тән ортақ қасиеттерімен байланыстыруға бейімделді. Мәселен, И. Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқарады, массаны ол материяның сандық өлшемі деп қарады. Кейінен философтар мен жаратылыстану ғалымдары материя мен массаны пара-пар деген пікірге ауытқып кетті. Д. И. Менделеев 1889 жылы Санкт-Птербургте жарықа шыққан Химия негіздері деген еңбегінде былай деп жазған болатын: Зат немесе материя дегеніміз кеңістікте орны мен салмағы бар масса  Материя ұғымының мәнін түсінуге біршама жақындап келген француз материалистері болды. Жалпы алғанда материя дегеніміз, - деп жазды П. Гольбах, - біздің сезімізге әсер ете алатынының бәрі Сөйтіп; XIX ғасырдың аяғында дейінгі материалистік дүниетанымда материя ұғымын түсінуде метафизикалық, механикалық көзқарас үстем болды. Оның өкілдері материя мен нақты материалдық объектілердің арасындағы айырмашылықты біле алмады, материя ұғымын өздерінің материалдық дүниенің құрылымы туралы түсініктерімен теңгерді, материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдарымен салыстыра қарастырады.

Қысқасы, материя туралы қалыптасқан  мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымының, танымның, қоғамдық практиканың жалпы  мәдениеттің, сондай-ақ, философиялық ой-жүйенің даму деңгейімен байланысты еді. Жоғарыда атап өткеніміздей, тарихи тұрғыдан материалистік көзқарастармен қатар субстанцияның идеалистік теориялары да пайда болып, қалыптасты. Объективті идеалистердің (Платон, Гегель) тұжырымы бойнша, материалдық дүние дегеніміз – бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән сипаты бар ақыл-ойдың, абсолюттік идеяның нақты көрініс табуы, іс жүзіне асуы. Аристотельдің пікірінше, материя дегеніміз-барлық заттар құралып, жасалып шығатын материал, ол түр арқылы ғана мәнге ие болды. Бұл жерде тұр (форма) тегі жағынан рухани, идеалық сипатқа ие бола отырып, белсенді, шешуі рөл атқаратын негіз болып табылады. Субъективті идеализмнің заттарды, денелерді түйсіктермен немесе осы заттар туралы ой-пікірлермен пара-пар деп санайтыны белгілі. Мәселен, Э. Махтың ойынша, дүние элементтерден тұрады. Бірақ Мах элементтерінің химиялық элементерге ешқандай қатысы жоқ. Оның ұғымында элемент дегендер-қызыл, жасыл, жылы, суық, т.б. сайып келгенде, алуан түрлі түйсіктер, ендеше дүние түйсіктер жиынтығынан тұрады екен. Байпақ отырғанымыздай, элемент деген сөз тек бүркеме үшін пайдаланылған. Алайда XIX ғасырдың аяғына қарай жаратылыстану ғылымдардың шырақтап дамуы, дүниеге диалектикалық материализм тұрғысынан қарайтын дүниетанымның қалыптасуы материя туралы механикалық, метафизикалық және идеалистік көзқарастардың дәйексіздігін ашып көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Информация о работе Дүниені философиялық ұғыну: Болмыс және материя