Дінтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Дінтану курстың қысқаша мазмуны өмірдің талабына сәйкес болып табылады. Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адамдар дінің мазмунын білулері кажет. «Жауынгер» атеизмнің тоқтауымен, шетелден көптеген экзотралик және эзотриалық дінден көбейюде. Олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастары бізге жат. Мұндай жағдайлар «Дінтану» пәнән игеруді керек етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofiya.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

Алғашқы теологтардың философиялык сүраулары «тағдыр» (күні бұрын болжау) туралы Египет, Сирия, Иран, Ирак богославтары егесті. Ондай егестіктің корытындысында екі топқа бөлініп кетті. Бірінші топтар - тағдыр - адам гүмырындағы барлык жағдайларды алдын ала пешенесіне жазып қоятын табиғаттан тыс күш бар, ол - Қүдай деді. Оларды джабариттер деп атады. Джабарит (араб, -еріксіз) барлығы Құдайдан деген мағына береді. Олардың айтуынша, Құдай әрбір адамды жасағанда оған өзіндік мінез, кабілет, іс-әрекеттерімен бірге жасады, ол өзінің өмірін өзгерте алмайды.

Джабариттерге қарсы көзкарастық мектеп қүрылды. Адам тағдырын өзгертуге болады, өз өмірінде адам нендей іс-әрекет жасауға өз еркі бар дейтін көзкарастың тобын - Кадриттер деп атады. Кадриттердің (араб, кабілетті, икемді) айтуынша, әрбір адам өзінің іс-әрекетіне өзі жауапты. Кұдай тек жаксы түрғыда ойлайды, сондыктан Қүдайдан жаман нәрсе келмейді. Барлык жаксы нәрсе Қүдайдан да, ал жаман нәрсе адамның өзінен, өзінің жасаған күнәсіне өзі жауапты.

Бастапқы мүсылман теологиясында  ең негізгі үш үғымның (категория) маңызын тереңдетіп философиялык тұрғыда карастырсак, олар: «ислам», «дин», «иман». Ислам кең мағынада барлық әлем деген түсінік берді. Тар мағынада «ислам» - Құранның заңдарына бағынатын, Құранда көрсетілген әлем. Сондыктан әдетте «дар аль-ислам» (Ислам әлемі) деген мағынада қолданылады. Осыған қарама-карс аль-хаб» (соғысатын жер немесе «джихат») мұсылман емес жерлер, оларды мүсылмандыкка айналдыру керек. Әрбір «дар-аль-ислам» топтары «умм» - нан тұрады. Умм - діни - әлеуметтік қауым, діни -саяси дене.

«Дин» - Кұдайдың анықтауы, сол аркылы адамдар құтылады (күнәдан). «Дин», екінші жағынан, Құдайдың заңы ретінде қабылданады. Мұсылман теологиясында «диннің» негізінде үш элементін көрсетеді: бес «парыз», сенім (иман) және жаксы іс (ихсан). Бес «парыз» немесе бес жол: 1) «таухид» - бір Құдайға сену, бір пайғамбар, Мухаммед кабылдадык; 2) «Салат» - бес кайта намаз; 3) «Саум» - рамазан айында ораза ұстау; 4) «зекет» - садақа беру; 5) «хаджж» - Меккеге кажылыққа бару.

«Иман» (сенім) - өзінің сенімдік объектісіне «күнәлігі». Қүран бойынша айтылған Қүдайға сену «куәлігі», жауап ретінде «Алладан баска Құдай жок, Мүхаммед оның пайғамбары» деп айтылады.

Шығыс мүсылман мемлекеттерінде  ғылымның дамуына рационалды философияның әсері үлкен болды. Осының аркасында философия теологияға жақындады, оның атын «фальсафа» (араб. -философия) деді. Бүл антика философиясын негізінен орта ғасырлық философия деп атаймыз. Анығырақ айтканда, Фальсафа Платон және баска да грек философиясымен санаса отырып, өздерінің қолы жеткен ілімі Аристотель болды. Сондықтан бүл философияны Шығыс перипатетикасы деп те айтады.

Араб-мүсылман фальсафасы бойынша: болмыстың бірлігі, әлемнің мәңгілігі және бастамасының жоқтығы және олардың табиғи заңға бағынуы. Дінде тек таза практикалык саяси өнер, адамдардың ара-катынастарын реттейтін және ақикатқа жету жолы ретінде карастырылатын көзкарас деп түсіндірді. Себебі ол кезде көптеген діндердің өмір сүруі, әрбір дін өзінің көзқарасын ақиқат деп карастыруы, міне, сондықтан болар фальсафа ақиқаттық мәселемен шүғылданбайды деді. Ол кездегі еркін ойлаушылықтың түрі «күмәнданушылык» (скептицизм). Ондай ойлау діни-догматикалық мектебі Мурджитер болды. Орта ғасырда мұсылман әлемінде білім және дін, дінсіз көзқарастар (ілімдер) барлығы бірдей сыналды. Керек болса дінсіз білім (светский) кең масштабта тарады және оны сыйлады. Мұсылман басшылары дінсіз ілімдерді, философ өкілдерін жоғары бағалап, оларға ғылыммен шүғылданысуына үлкен жәрдем берді. Егер де кейбір ғылыми, философия өкілдері қудаланса олар діни емес саяси тұрғыда қудаланды. Сол кезде ғылыми, дінсіз шығармалар жазылды.

Көптеген діни топтар, мектептер, секталар, діни ағымдар араб-мүсылман өркениетінде, осы топтардың диспутынан, айтыс-тартысынан, әсті-әсті мүсылманның теологиясы калыптасып, оның атын Калам (грек. -логос) деп атады. Калам Исламдағы еркін ойлаушылықтың логикалык және тарихи бірінші философиясының формасы болды. Ол Ислам догматтарына дінді катып калған сокыр догмамен емес ақылмен қабылдап, түсіндіру керек екендігін көрсетті. Қаламның негізгі тезисі: «Тек жалғыз акылдың соңымен жүр». Қалам бірінші «саудалык теология» - (спекулятивная теология) деп айту, себебі көптеген діни догмаларға рационалды тұрғыда мазмұн береді.

Қаламдық көзкарастан көптеген мектептер шығарды. Үлкен мектептерге мутазилиттер, ханбалиттер, ашаритер, суфистер жатады. Мутазилиттер (араб, -бөлінгендер, окшауланғандар) Дамаскіде және Бағдат халифатында ҮІІІ-ІХ гг. үлкен рөл аткарды. Бүндай атты олар аль Хасана аль Басри (728 жылы өлді) және оның шәкірттерінен Амра ибн Убайда (761 ж.өлді), Васла ибн Ата (699-766) бөлініп шыққандары үшін осылай атады. Мутазилит ілімі дәстүрлі Аристотель мен Неоплатоник философиясына бейімделіп дамыды. Рационалды мутазалиттердің доктриналары ақылды сенімнен биік койды. Олардың айтуынша, қандай бір көзкарас болмасын, әрдайым оның ақиқаттылығына күмәндану керек. Мутазилиттердің дүниетанымдық көзкарасы адамның өмір сүру максаты мен дүниеде алатын орнына үлкен көңіл бөлді. Мутазилиттің тарихи тағдыры халифат тарихымен бірге болды. IX ғасырда Мутазилиттің қаламы өзінің ең биік шыңына жеткен кезеңі еді. Ол ғасырда Мутазилиттің ілімі Аббасид халифтің діни идеологиясы болды.

Мутазилиттік мектепке оппозиция болып Ханбалиттің мектебі шықты. Негізін салушы Ахмет ибн Ханбала (780-835). Оның айтуынша, Құранның мәнін (сөзін) аллегориялык түрде түсіндіруге болмайды, Қүран мен Хадистердің догмаларын рационалды түрде түсіндірудің керегі жок. Тағдырға сену керек дегенмен «имандык» түсінік аркылы тағдырды кейде өзгертуге де болатындығын мойындады. Қандай бір жаңалык болмасын егер де Қүранға немесе Хадиске қатынасы болмаса, ондай жаңалыктарды кабылдамау керек. Мутазилит пен Ханбалит мектептерін біріктіруші үшінші қалам мектебі Аширизм деп айтуға болады. Бүл мектептің басында тұрған Абу-аль-Хасан аль-Ашари (873-935). Оның; айтуынша, мәңгі жасайтын Қүдайдың атрибуты (білім, еркіндік және т.б.) бар, Құран - Құдай сөзі. Ашариттер өзіндік табиғат заңдарын мойындамады, барлык заңдылык, катынастык Құдайдан. Әлемдік тәртіп Күдайдан. Бірақ та оймен басқа да көзкарастарды елестетуге болады. Мысалға, біздің әлемімізден де баска мыңдаған басқа әлем барлығын ойша мүмкіндігін, дененің бөлшектенуі (адамға) болатындығы және т.б.

    1. Шығыс елдердің исламдық философиясы.

Шығыс елдерінің исламдык философиясы Ираннан шығады десек те болады. IX ғасырда атакты философ Наззам аль-Кинди грек және индустардың джайнизм философиясының әсерімеи дамыды.

Аль-Кинди (860-879) Ирак елінен шыкқан атақты философ және ғалым, Аристотельдің ілімін жалғастырушы. Өзі мутазалит мектебімен тығыз байланысты болды, арқа сүйеді. Аль-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортак «себептілік байланыс» идеясын алды, бұл идеяға орай, егер кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бүл зат ондағы бүкіл ғаламдык нәрсені айнадағыдай тануга мүмкіндік береді. Осыған байланысты аль-Киндидің «Материя» туралы пікірі айрықша орын алады. Материя дегеніміз деді, - кабылдайтын, бірак өзі қабылданбайтын шындық. Ол әр түрлі күйге түсіп, бөлшектене береді, солай бола тұра өзі өз калпын да үнемі сактайды. Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құрылған. Материя жойылмайды, қарама-кайшылыкта бола алады, оның ешқандаи аныктамасы жоқ. Орта ғасырда өмір сүрген Әбу Наср Мухаммед эл-Фараби (870-950) өз еңбектерін араб тілінде араб әрпімен жазды. Өзі түркі тілінде біледі деп ұйғарады, себебі өзінің шыққан елі түрік болды.

Әл-Фараби дін туралы өзінің Платонын «Заң туралы» деген  трактатына, соңынан «Дін туралы», «Китаб ал-Хуруф» және т.б. кітаптарының жинағын «Метафизика» ғылымы кіші трактаттарында карастырады. Осы трактаттарында Әбу-Наср Платонның дінге деген көзқарасын сынайды. Платон болса өзінің «идеялды» мемлекетінде барлык мемлекет азаматтарына дін керек деген көзкарасына қосылмайды. Ол біріншіден діни мистикаға қарсы болды, «Дін — деді, өз бетімен адамгершіліктің жолы бола алмайды, себебі діннің өзі философиядан шығады, діннің мазмұнын философия аныктайды». Дін өз бетімен білім алудың әдістемесі, ақиқат және практикалык жолдарды көрсете алмайды. Ең бір ақикаттық дүниетанымның шыңын көрсететін философия. Философия - өнегеліліктің теориясы, қоғамда адамдардың адамгершілік катынастарын реттеуші ілім. Тек философия ғана адамдарды ізгілікке, өнегелілікке, кайырымдылыққа және мемлекет басқаруда жол көрсететін ілім - деді.

Осы жағдайлардан аңғарғанымыздай, әл-Фараби дінге тікелей карсы шыкпағандығын, ғылымды, философияны діннен биік ұстағанын - сенімнен білімнің биіктігін көрсетеді.

Ислам философиясын ең бір үлкен жүйеге келтірген адам атақты философ (Авиценна) Ибн Сина (980-1037) - ғалым, дәрігер, орта ғасырдағы тәжік, философ. Ол да әл-Фарабиге үқсап, Аристотельдің философиясын неоплатониктермен косқысы келді. Бүхарада және Иранда өмір сүрген. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тұра, көне дүние философиясы мен ғылымын, әсіресе, Аристотельдің философиясын неоплатониктермен қосуда еңбек етті.

Ол көптеген шығармалар ғылыми еңбектер жазды. Олардың көбі жоғалып, жойылып кетті. Бізге жеткен «Білім» кітабы (Даниш Намя), «Емдеу» кітабы, «Медицина каноны» жэне т.б. кітаптары бүкіл элемге белгілі. Оның негізгі философиялық көзхарасына токтасақ, ол тек бір Құдайдың абсолюттін негізі, калғандардың барлығы мүмкіндік, тек Қүдайдың қүдіретімен ғана шындықка айналады. Табиғат Қүдай эманация иерархиасымен ағып отырып, өз бетімен табиғат дамиды. Табиғат кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Қүдай - бірінші қозғаушы күш, күнделікті дамуға араласпайды т.б.

3) Теологиялық  философия (суфизм). Суфизм – ерекше мистикалық діни-фәлсафалық дүниетаным. Исламның мистикалык бөлігі – суфизм ілімі деп атайды. Бірінші исламдық суфизімді басқарған Газали деп ұйғарады. Философ, суфист Абу Хамид аль-Газали (1059-1111) діннің қандай бір түрі болмасын философиялық ілімде, ғылымда және күнделікті өмірде діни- мистиқалық көзқарастар рационалдық көзқарастарымен қатар дамып келе жаткан еді.Газалидің философиясында мистикалық исламның тарихы басталды десек те болады. Газалиден бастап мұсылман жерінде ғылымның бағасы түсіп, діннің беделі жоғары көтерілді.

Газалиді Құранның маңызын түсіндіруші және сол Құрандағы жасырын жазылған мағынасын фәлсафалық мағына беруші суфист деп айтамыз. Оның айтуынша, Құранды түсіну үшін онын мағынасын бастан кешіру керек. Газалидің еңбегінің маңызын төрт аспектіге бөліп түсінуге болады. Бірінші, философиялық мағынада, ол аспект интеллегенттерге, теологиялыктарға арналған, олардың білімі жоғары болуы керек. Олар дінді теологиялық (богославтық) ілімге көтеріп зерттейді. Екінші, метафизикалық идеялармен немесе иррацаоналды жолдармен қарастыру, бұл аспекті оның мынандай шығармаларында кездеседі: «Нүрдың орын алу тәртібі», «Бақыт алхимиясы», «Ниша света» және «Алхимия счастья». Үшінші, екі астарлы, екі ұшты айтылған, шифрланған (зашифрованном) түрде. Төртінші, мистикалык, жасырын козқарастық, екі-ұшты ілімдік көзкарас. Төртіншіні білу үшін, соңғы екі аспектіні білу керек. Бұл аспектіде әрбір козкарасты жартылай ауыз екі, жартылай мистикалык еңбекпен, тәжірибемен беруге, көрсетуге болады. Сондыктан Газели өзінің ілімінде көптеген көзкарастарын поэтикалық рәмізнің (символды) және шифровкамен көрсетіп отырды.

Қорыта айтканда, аль-Газали діни идеалистік бақыттың өкілі болды, ол мутакалимдер мен сопылардың концепциясын талдап берді. Негізінде шығыс перипатетиктердің  философиясындағы натуралистік және рационалистік элементтерді сынады.

Персиядан шыққан атақты суфист ас-Сухравади (1155-1191) Иран мистикалық философиясының өкілдеріне жатады. Атақты суфист Ибн Араби үлы Шейк (1164-1240) шығармасы жалпы араб-мүсылман мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Оның теология, философия, поэзия туралы енбектері суфистік ілімнің үш ғасырлық дамуының қорытындысы болды десек те болады. Шейх Ибн Араби. Оның айтуы бойынша: «Адам әлемнің кішкентай көрінісі», «Мен – ол Сен», «Сен – ол Мен». Нағыз болмыс – Құдай. Адам – Құдайдың эманациясы.

Суфи ақындары Омар Хайам (1040-(123), Джалаль ад-дин Руми (1207-1273), атақты суфистер Саади Ширази (1184-1229), Фаридудди Аттар (химии) жэне т.б., әр түрлі ағымдарға, әр түрлі мектептердің өкілдері бола тұра, өздерінің философиялық-суфизмнің негізін тереңдетті.

Омар Хайам - атакты Иран-тәжік акыны, ғалым (математик) және философ-суфист. Өзінің 4 шумақ өлеңінде (Рубай), ол Исламның негізгі догмасына карсы шықты. Оның айтуынша, ол дүние бар, тағдыр бар дегенге және намаз окуға, ораза ұстауға қарсы болды. Әлемді Құдай жеткіліксіз жаратты, себебі өмірде көптеген әділетсіздік бар. Адамзат осы жер бетіндегі бакытқа ұмтылуы керек. Суфистердің көзқарасы бойынша Хайамның поэзиясының әр түрлі функциялык мағынасы бар. Оның поэзиясымен жеңіл лэззатын тыңдауға да болады және терен философиялық мағына да алуға болады, керек болса суфистік оқу-тәрбиесіне де колдануға болады. Оның поэзиясы - суфистік қор. Оның өлеңдері шәкірттеріне ғана емес, баска қарапайым халыктарға да түсінікті.

4) Түркі және қазіргі мүсылман философиясы мен теологиясы.

ІХ-ХІІ ғасырларда Суфизмнің дамуы Ислам мәдениетінің дамуына сәйкес келген кезі еді. Бірінші дервиштік Ордендерінің өкілдері: Ахмет Иассауи (XII), Б.Накшбанди (1318) болды. Түрік - қазақ елінен шыкқан атакты суфист Қожа Ахмет Иассауиге (1105-1166) тоқталсақ, оны Орта Азия жеріндегі «дервиштің классикалык» түрін ендірген, Ислам мәдениетінің казак жерінде дамуына үлес қосқан, бірінші Қүранды араб әрпімен түрік тілінде Орта Азияға таныстырған адам ретінде қарастырамыз.

Яссауи Ахметтің дүниетанымдык, фалсафалық көзкарасының негізін екі  философиялық категория мен немесе екі ұғымдык «кал» және «хал», олардың тұтастык түсінігін «хак» аркылы қүрастырады. «Кал» ілімі тек сана-сезіммен танылатын теориялық білім жүйесін камти отырып адам жаратушы хак тағаланың бір бөлшегі болып карастырылады. Осы тұтастықка жету, сіңу (фанэ), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленеді. Иассауидің «хал» ілімі хак жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын камтиды. Сонымен, «кал» ілімнің теориясы болса, «хал» сол ілімнің дәрістемесі деп есептейміз.

Иассауи ілімі бойынша, жаратылыс бір және жалғыз Хак (бір уа барым) - абсолют pyx - болмыс жаратылысын белгілейді. Ал, болмыс Хак мәнінің материалдық дүниедегі шексіз әр түрлі образдарда көрінуі болып табылады. Адам болса, осы болмысты тарату себебі, максаты және де нәтижесі ретінде қарастырылады. Адам өз табиғатында Хакқа тән, рухани және материалдық дүниеге тән нәпсілік қасиеттерді қамтиды. Яғни, Хақ мәнін қамтыған рух адамның батинын (ішкі дүниесін) белгілесе, материя адамның закиріп (сыртқы көрінісін) белгілейді.

Информация о работе Дінтану