Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:10, доклад
Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп,әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді. Бұл ойлар Конттың “Әлеуметтік философия топтамасы”, “Өткендегі қазіргі заман элементтеріне жалпы баға” (1820), “Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс жоспары” (1822), т.б. еңбектерінде қарастырылды. Екінші кезеңде (1830 – 42) Конт өз идеяларын дамыта отырып, қоғам туралы ғылым ретіндегі социологияның негізгі ережелерін тұжырымдайды (“Позитивті философия курсы”).
Огюст Конт
Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияны
Макс Вебер
Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.
М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объектитілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.
М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.
Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методологиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.
Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “хрестиандық”, т.б.
М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі.
Осыларға сәйкес әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқынан бастауы қажет. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану “түсіну” ғылымына айналады.
М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес,сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады. Сондықтан, М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процесттің басты бағыты.
Ақыл-парасаттылық, ақылға жеңдірушілік тек қана адам және топ тәртібінде ғана болатын қасиет емес, сонымен қатар шаруашылықты басқаруға, жалпы адам өмір салтына да тән қасиет. М. Вебердің пікірінше, капитализмнен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-парасаттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде (яғни, басшылыққа алып отыратын ой-пікір) болады.
Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономиканы дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М. Вебер осы тұрғыдан діни сенімдердің, діни этиканың, әсіресе, оның адамгершілік ілімін капиталистік экономика дамуының негізгі ынталандыру факторы және адамдардың еңбек сүйгіштігін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін, т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.
М. Вебер капиталистік қоғамды үнемі мақтамайды. Ол бұл қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған қайшылықтарды, әсіресе, алуан түрлі таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастарды жақсы біліп талдап отырды.
М. Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделіне, мәртебесіне, қадіріне (престиж) және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол шенеуніктік – бюрократтық аппараттың билікті пайдаланып, адамдарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетті. Ол осымен қатар Маркстің пролетариат диктатурасы туралы ілімін өткір сынға алды. Вебердің бұл пікірлері де көпшіліктің көңілінен шықты.
М. Вебердің пікірінше, еуропалық өркениеттің (мәдениеттің) даму процесінде қоғамдық өмірде парасаттылықтың (әсіресе, экономикада, саясатта, ғылымда, исскуствода) күшеюі байқалады.
Батыс Еуропа капитализмінің дамуындағы ақыл-ой, парасаттылықтың ықпалын зерттеу оның “Протестантская этика и дух капитализма” атты еңбегінде негізгі тақырып ретінде қаралған. Бұл еңбегінде М.Вебер капитализмнің пайда болуына К.Маркс көрсеткендей жалғыз экономикалық алғышарттар себеп болған жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік, рухани, мәдени, әсіресе, діни-этикалық алғышарттардың ықпалы тиді. Бұлардың ішінде протестанттық діни этика адамдардың санасына, шаруашылыққа саналы және ұқыптылықпен қарауды, ықыластықты, т.б. құндылықтарды сіңіре берді. Мұның өзі капиталистік кәсіпкерлердің, өндіріс қожайындарының шығуының, қалыптасуының қажетті алғышарттары да болды.
М. Вебер саяси әлеуметтануы дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді. 1) харизматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократты. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.
Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікті мойындауы болып табылады. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Яғни мемлекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекттік билік конститутциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М.Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:
харизматикалық легитимдік;
әдет-ғұрып легитимділігі;
ақыл-парасат, құқық легитимдігі.
Бұл тұрғыдан алғанда өкіметтің бюрократтық үстем ету түрі формальды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық капитализмнің пайда болу кезеңінде шықты. Бұл басқа үстемдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы, Вебердің ойынша, плебицитарлық демократияны дамыту.
Плебицит –ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады.
М.Вебер әлеуметтік страфикация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Эмиль Дюркгейм
Әлеуметтанудың
классикалық негізін
Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі- әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э.Дюркгейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсінікті (елестетуді) жапқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің моралдік, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері, т.б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық саны мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс-әрекет, қимыл жасайды. Ал, бұл топтың мінез-құлқы оның әрбір жеке мүшесінің ой-сезім, іс-әрекетінен басқаша. Бұл постулатты (яғни, еш қандай дәлелді керек етпейтін жорамалдарды) Э.Дюркгейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен (адамнан) тәуелсіз, ол да табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің объективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде зерттеуге итермелейді, онда жаратылыстанудың кейбір әдістері (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза (болжам), эксперимент, т.б.) қолданылады. Әлеуметтік фактілер адам өмір сүруіндегі іс-әрекеттерінің бейнесі (суреті, образы), ал, бұл іс-әрекет белгілі және белгісіз болуы мүмкін, бірақ, олардың адамға сырттай ықпал ететін қабілеті болады. Жас өспірім бала дайын тұрған даму заңдарына жататын әдет-ғұрыптарды, діни сенімді, тәртіп ережелерін сол дайын күйінде қабылдайды. Бірақ, бұлар оның таным-түйсігінде өздерінше қызмет атқарып, объективті өмір сүреді.