Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 14:53, реферат
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті.
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипинварварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.
Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық
билікке төуелді болды. Византия империясы
ұлан-ғайыр жерді алып жатты.Оған Кіші Азия, Эгей теңізініңаралдары, Сирия, Пале
Ал Батыста жағдай мүлде
басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке
дәл мұндай төуелділікке ұшыраған жоқ,
қайта қоғамда ерекше жағдайға ие
болды. IV ғасырдан бастап өздерін папалар
деп атаған Рим епископтары өздеріне
ең басты деген саяси функцияларды
таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Ба
Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматгы жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. «Монофизистік» деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балг'ерлер, емшілер, көріпкелдер және тағы да басқа қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, өсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кеңіетек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквиция оттарында өртелді.
Батыста да, Шығыста да «монахтық»
жолға түсудің маңңзы өте зор
болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан
ерікті түрде бас тартты, «жарық
дүниеден кетудің міндеттерін өз
мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ
монастырлар әрі бай, әрі беделді
діни орталықтарға айнала бастады. Ал
кейбір монастырлар діннің ғана емес,
білім мен мәдениеттің
Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. XIII ғасыр «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады.
Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуга белсене араласты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.
XII—XIII ғасыр католик шіркеуі
мен папа өкіметінің қоғамдық
өмірге ықпалы барған сайын
күшейе түсті. Бұл кезеңнің
ең беделді папасы Иннокентий
III (1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің
асқақтағаны соншалық, оның қолын
тек қана императорлар сүйе
алатын болды, ал қалғандары
аяқ киіміндегі кресті сүюмен
ғана қанағаттанды. Римнің католиктік
шіркеуі мемлекеттер
Орта ғасырлық Еуропа қоғамы
— діни қоғам болды, міне сондықтан
да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз
діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің
пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде
жаңадан шыққан ғазеттерді қалай
үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны
(інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен
үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта
ғасырлық рухани мәдениетте христиан
діні орасан зор рөл атқарды. Осы
дәуірдеғі христиан идеологиясының
адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт»
I және «Махаббат» үштіғінің бірлігіне
тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің»
ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп,
ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше
бір жағдайы деп қарастырылды.
Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың
көмегімен күнөдан арылуға
Шіркеу ілімі қоғамдық
ой-сананың басты ұйтқысына
Архангел Михаил шіркеуі
Дін басылары ең білімді
тап болғандықтан, христиан шіркеуі
білім беру жолындағы саясатты өздерінің
қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне,
сондықтан да болар, V—VI ғасырда
Батыс Еуропаның бүкіл
XI—XII ғасырдан бастап
Еуропада ашыла бастаған
Англияда Оксфорд университеті
(1167 жылы), ал одан кейін ілешала Кембридж
университеті (1209 жылы) — ортағасырлық
білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары
оқу орындарында дарынды
Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160 жылы). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.
Орта ғасырлық университеттік
ғылымды — схоластика, яғни мектептік
ғылым деп атады, Оның негізгі
белгілері — шіркеуге және шіркеу
қайраткерлеріне сүйену, теологиялық
— догматтық алғышарттарды
IX ғасыр жаратылыстану
ғылымдары жаңа арнаға түсіп,
дами бастады. Ғылымның
Информация о работе Ортагасырлык мадениеттин басты ерекшелиги