Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2014 в 19:43, реферат
Араб және түркітілдес философиясы. Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркітілдес философиясы туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелген.жоқ. Бүгінгі таңда шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейге рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл еуроцентристік теориялардың жалпы әлемдік универсализмге ие бола алмай тұйыққа тірелген шағын көрсетіп отыр.
Мәселен, ежелгі үнді, қытай және грек философиясының генезисін анықтау, олардың алғы философиялық сананың формаларына деген ара-қатынасын анық түсінуге, әрқайсысының спецификасының және даму заңдылықтарының құрылуына мүмкіндік береді.
Бірінші шарт — философия ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен түрады:
Философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты- жөні;
Оның шыққан қаласы;
Философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
Философиялық ағымды тудырған басты себеп;
Философиялық талдауға түскен »мәселелер;
Филосрфияның алға қойған мақсаты туралы;
Философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагористер мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін орта- ға салады.
Екінщі шарт — өткеңдегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формалдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетгі ғалымдарды тани білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат – жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, озгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді бар- лыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Аллатағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесінші шарт — философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар, философияны тек жаратылыстану ғалымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші Шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтірудің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіңдерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылыми іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін неңдей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл ойларды түйіндеп айта келгенде, Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан махаббаты, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғыльм мен білімге деген қалтқысыз қүштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі — «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөніңде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.
Фарабидің бұл кітабы музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап музыканың поэзиямен байланысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принңиптерін шешуге бағытталған. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығарудағы қабілеті дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетіп, адамның жан-дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.
«Музыканың үлкен кітабы» — музыка ғылымына кіріспе; музыка ғылымының негіздері; музыкалық аспаптар; музыкалық композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі XV ғ. латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Қазақстан оқымыстыларының соңғы зерттеулері әл-Фарабидің жаратылыстану-математика ғылымдары бойынша да аса терең, сындарлы мұра қалдырғанын анықтап отыр. Бұл, әсіресе, оның математика, астрономия, физика, медицина, химия, биология салалары бойынша жазған еңбектерінен айқын көрінеді. Ғұлама «Ғылымдардың шығуы туралы» атты трактатында табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде жаратқан бір Алланың құдіретті күшімен пайда болып, одан былай өз алдына дербес заңдылықтарымен өмір сүрді. Көне бөтен еш нәрсеге тәуелді болмайды. Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде субстанңия, акциденция жатыр. Оларды танып білу — ғылымдардың қалай шыққанын және өзінше қалай дами бастағанын сипаттайды.
Ғұламаның математикаға қатысты еңбектері: «Евклидке түсініктеме», «Геометриялық трактат», «Птолемей "Алмагесіне" түсініктемей», «Музыканың үлкен кітабы», т.б.
Ол математик ретінде өзара бір-бірімен тығыз байланысты үш бағытта зерттеулер жүргізіп, көрнекті жетістіктерге жеткен. Олар: 1) математиканың әдістемелік мәселелері (математикалық ғылымдардың пәні, негізгі ұғымдарының, әдістерінің шығу тегі, т.б.); 2) математиканың нақты проблемаларды шешуге қатысуы; 3) математиканы астрономия, музыка, география, геометрия, т.б. ғылымдарға қолдану. Әл-Фараби, әсіресе, математика философиясы, геометрия, тригонометрия салалары бойынша ірі жаңалықтар ашқан (алгебра пәнін анықтау, салу есептерін бір жүйеге келтіру, синустар теориясы, т.б.).
Әл-Фараби астрономиялық еңбектерінде ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птолемейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет шолпан планетасының күннің бетін басып өтуін бақылайды, «Астрологиялық болжамдарға не дұрыс, не теріс» деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы, т.б. көрінер қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды.
Әл-Фарабиден бізге жеткен ең үлкен ғылыми теориялық еңбек — «Музыканың ұлы кітабы» болып табылады. Мұнда музыка теориясы физика-математикалық негізде қорытылып, баяндалған, мәселен, физиканың акустика, механика мәселелері бойынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тараулары, қозғалысы, резонанс, т.б. бойынша көптеген соны пікірлер айтылады.
Физика саласындағы ғұламаның корнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп аталады. Мұнда ол табиғатқа (бостық) жоқ екенін ежелгі грек оқымыстыларында сирек кездесетін тәжірибеге (экспериментке) сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум проблемасынан басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның деңгей-дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде дене жылуы ұғымы не кішіреюі түсірілген кернеу-күшке, қысымға байланысты ауа қөлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің жан-жақты берілуі және басқалар бар.
«Алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» деп аталатын трактатында ғұлама өз тұсындағы химиялық білім-дағдыларды талдай, сарапқа сала келе, ол химияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жа- ратылыстану ғылымы қатарына қосады.
Әл-Фарабидің медицина, биология ғылымдарына да үлкен мән бергені мәлім болып отыр. Ол, әсіресе, бұл ғылымдарды теориялық философиялық тұрғына зерттеуге көп күш жұмсаған. Медицина жөнінде «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы», т.б. еңбектер жазған, бұларда ол негізінен медицина ғылымының пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруді көздейді. Бұл еңбектерден ұлы ғүлама медик Әбу-Әли Ибн Сина тәлім алған. Мәселен, оның «Медицина негізінде» атты әйгілі шығармасы теориялық, әдістемелік жағынан ұстазының «Адам ағзалары жайлы» трактатына өте жақын келеді. Әл-Фарабидің бұлардан басқа көптеген философиялық және натурфилософиялық тұжырымдарында да жаратылыстану жайында айтылған бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар кездесіп, отырады. Оларды жиыстырып, бір жүйеге келтіру — фарабитанушылардың кезекті міндеттерінің бірі.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысыңда оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан, оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны қүрметгеу, қастерлеу керек.деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулык үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фарабидің пікірінше, көркемдік — өмір шындығының өзіне тән қасиеті, ол болмыста нақты түрде бар құбылыстардың, әлеуметгік өмірдің көкейдегі елесі. Ол көркемдік – адамның денесі мен рухани жан- дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп санады.
Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылыкты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осынан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады.
«Бақытқа жол сілтеу» трактатында және басқаларда әл-Фараби Аристотельдің әрекеттену мен қайырымды істердегі орта шама туралы пікірін дамытады. Фараби ұстамдылықты жақсы құлық деп есептейді, ал ұстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай ауытқып, ондай молшылықтан арылуымыз керек және керісінше, жетіспеушілік болса, біз молшылық жағына қарай ауытқуымыз керек, сөйтіи, мінез-құлқымызда ұстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете беруіміз керек дейді. Жоғарыда айтылғандар әл-Фарабидің адам өміріндегі «жақсылық» пен «жамандық» «тәңірден» болмай, оларды адамның өзі таңдауға болатын жағдайда белсенді әрекет факторына қаңдай зор маңыз бергенін корсетеді.
Аристотельдің «Нокомахтың этикасында» (1-кітап, параграф 1) келтірген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, әл-Фарабидің білуінше, адамға ғана болатын «Ең ерекше» игілік, ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай беті алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастағаны жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Фусул ал-мадани» («Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері») трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухан құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтың саясатта» қоғами талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде...» ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп, бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұңда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Информация о работе Орта ғасырдағы араб және түркітілдес философиясы