ХІХ ғ-ХХ ғ басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 09:39, доклад

Краткое описание

Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен. Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған.
Орыс мәдениеті өзі үшін ыңғайлы жағдайды, сонымен қатар, бұзылуды да зорлық ықпалды да басынан кешірген. Соған қарамастан өзіндік реңі, келбеті бар мәдениетті жасай алған, оны не батыстық, не шығыстық типке бірден жатқызу қиын.

Содержание

Жоспар..................................................................3
Кіріспе..............................................................................4
Негізгі бөлім.....................................................................5
ХІХғ-ХХғ басындағы орыс философиясы...............................5
ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының революциялық-демократиялық бағыты.....................................6
Діни философиясы.......................................................................8
Орыс діни философиялық негізін қалаған ірі орыс философы В.С.Соловьев.................................................................................8
XIX ғасырдың ортасында Ресейде ортодоксалді – монархиялық діни философия.....................................................................................11
Қорытынды....................................................................................12
Пайдаланған әдебиеттер...............................................................13

Вложенные файлы: 1 файл

ФИЛОСОФИЯ.doc

— 92.00 Кб (Скачать файл)

XIX ғасырдың ортасында  Ресейде ортодоксалді – монархиялық діни философия

XIX ғасырдың ортасында  Ресейде ортодоксалді – монархиялық  діни философия дамыды. Оның негізгі  мақсаты – сол кездегі қоғамдық  саяси және адамгершілік ахуалды  сақтап қалу және оған қарсы  топтарды сынау. Идеялық кредосы  – православие, патша өкіметі және халықтық. Осы құндылықтарды дәріптеу және негіздеу – Н.Ф. Федоров және К.Н.Леонтьевтің бастапқы ұстанымы болған.Федоровтың пікірінше, әлем біртұтас. Табиғат, Құдай, Адам бір – бірімен ерік және ақылдың күшімен өзара байланысқан біртұтастық. Олар бір – біріне әсер етеді, энергия алмасады.Адам өмірі қысқа, өлім – үлкен қасірет. Адам баласы осы үлкен кесепатты, яғни өлімді жеңу үшін бірігуі қажет. Федоров осындай болашаққа сенді. Оның ойынша, ғылым мен техниканың дамуы арқасында адам өз өмірін ұзарта алады, немесе қайтадан тіріле алады. Қайтадан тірілуге үмітті құдайдың өзі сыйлаған. Н.Федоров адамдардың арасындағы дөрекілікке, жауласушылыққа қарсы шықты. Адамгершіліктің жоғары ұстанымдарын игеруге шақырды. Барлық адамдардың адамгершілік нормаларын бұлжытпай орындауы, олардың бәрін бақытты етеді деп ойлады.Н.Федоров өзінің ілімін өз өмірінен бөліп қарамайды, өте жұпыны қарапайым өмір сүрді, кез келген меншікті күнә деп есептегендіктен идеялары мен кітаптарын да жарияламаған.Н.Федоров қайтыс болғаннан кейін оның шәкірттері еңбектерінің таңдамалы бөліктерін «Жалпы іс философиясы» деген айдармен басып шығарған.Орыс философиясының діни бағытының тағы да бір көрнекті өкілі – К.Н.Леонтьев. Философ орыс өмірінің жағымсыз жақтарын өткір сынаған. Ресейде дами бастаған капиталистік қатынастарды сынап, Ресей оқшауланған православиелік – христиандық орталық болуы қажет деп есептеген.К.Н.Леонтьев тарихи процесті адам өмірімен салыстырған. Адам өмірі сияқты оның да туу, даму,өркендеу және құрдымға кету кезеңдері болады. Мемлекеттің сақталуының кепілі – ішкі деспотиялық бірлігі. Мемлекетті сақтаудың мақсаты - күш пен әділетсіздіктің, құлдықтың болуы. Леонтьевтің пікірінше, адамдар арасындағы теңсіздік Құдайдың тілегі, сондықтан ол табиғи және орынды.Орыстың атақты жазушылары Ф.М.Достоевский мен Л.Н.Толстой діни философияны дамытты. Ф.М.Достоевский (1821-1881) Ресейдің болашағын капитализм және социализммен байланыстырған жоқ, Ресей өзінің дамуында ұлттық негізге, яғни дәстүр мен салтқа сүйенуі қажет. Адамның да, мемлекеттің де тағдырында дін ерекше роль атқарады. Адамның рухани дамуы дінге негізделген. Ф.М.Достоевский адам өмірінің екі вариантын ұсынған. Біріншісі – адам абсолютті еркіндікте, ешқандай беделді, тіпті Құдайды да мойындамайды. Өзінің ойына не келсе, соны істеп, өзін Құдайдай сезінеді. Ойшылдың пікірінше, бұл өте қауіпті жол. 
Екіншісі – барлық іс - әрекетінде, бастауларында, Құдайға сену, оған сүйену. Бұл адамға қажетті жол, дұрыс жол, оны қорғайтын жол. 
Л.Н.Толстой (1828-1910) өзіндік ерекшелігі бар діни – философиялық ілімде жасады. 
Толстойшылдықтың мәнісі мынада: 
- көптеген діни догматтар сынға ұшырап, жойылуы қажет. 
- дін қарапайым, әлі әркімге түсінікті болуы керек; 
- құдай, дін – бұл игілік, махаббат, ақыл және ұждан; 
- өмірдің мәні - өзін өзі жетілдіру; 
- жер бетіндегі негізгі зұлымдық - өлім және күш қолдану; 
- кез келген мәселені шешудің негізгі құралы ретінде күш қолдануда бас тарту; 
- адамның тәртібінің негізі – зұлымдыққа қарсы болмау  
- мемлекет – күш қолдану аппараты, оны құрту қажет. 
Өзінің осындай философиялық – діни көзқарастары үшін Л.Н.Толстой анафемаға, яғни шіркеуден аластатуға ұшыраған. 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Қорытынды

 Жалпыалғанда қорыта келе орыс философиясының революциялық – демократизм бағытының негізгі өкілдері – Н.Г.Чернышевский, халықшылдар – Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров, Л.И.Ткачев, анархист П.Кропоткин, марксист Г.В.Плеханов.Бұлардың бәрінің ортақ сипаты - көзқарастарының әлеуметтік – саяси бағыты.Осы ойшылдардың бәрі сол уақытта қоғамдық – саяси тәртіпке қарсы болды, бірақ Ресейдің болашағы туралы әр түрлі ұстанымдар ұсынды.Н.Г. Чернышевский аграрлы Ресейге қайта оралуды ұсынды, яғни жеке еркіндік пен қауымдық өмірді дамыту, қажет деп есептеді.Халықшылдар капитализмді басып өтіп, тікелей социализмге өтуді ұсынды. Бұл үшін барлық тәсілдерді, тіпті террорды да пайдалану қажеттігін ескертті.Анархистер мемлекетті сақтау қажет емес деген пікірді айтты.Марксистер Ресейдің болашағын қоғамдық меншікке негізделген социализммен байланыстырды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

 

                       Пайдаланған  әдебиеттер

    1. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов .Философия—Алматы 2002 жыл
    2. Қ. Бейсенов. Философия тарыхы-- Алматы 1994жыл
    3. Ж.Алтаев. Философия тарыхы –Алматы  2011жыл
    4. С.Мырзалы.  Философия оқулық—Алматы  2011 жыл
    5. А. Тұрғынбаев Философия – Алматы  2001 ж
    6. Интернет желісі: www.bing.com; www.google.kz

 

 

 


 



Информация о работе ХІХ ғ-ХХ ғ басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы