Өмір философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:05, реферат

Краткое описание

ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған «өмір философиясы». Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт «өмірді» табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.

Вложенные файлы: 1 файл

омир философиясы.docx

— 79.32 Кб (Скачать файл)

Өмір философиясы

 

ХХ ғасырдағы  иррационализмнің бастамасы болған «өмір философиясы». Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт «өмірді» табиғат заңдарына жақындастырып,  қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық,  фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.

 

Егер позитивизм ағымы XX ғ. ғылым саласында болып  жатқан күрделі процестерді зерттеп, танымның жаңа жолдарын ашуға барлық күштерін салса, «өмір философиясы», керісінше, өмірді ақтау мен түсінуге шақырып, ақыл-ой, логика, дүниетаным, экономикалық, саяси т.с.с. зерттеулер адамның жан  дүниесін, өмір сезімін кедейлетеді  деген пікірге келеді. Расында да, XX ғ. қарай «адам ақыл-ойдың негізінде дүниені өзгертіп, жер бетіне бақытты өмір әкеледі» деген Жаңа дәуірдегі ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткір сынға алына бастады. Оның бастамасын біз сол XIX ғ. өзінде-ақ өмір сүрген А.Шопенгауер мен С.Кьеркогердің шығармаларынан байқағанбыз. Бұл ойшылдардың философияға «еккен» ойлары XX г. әр түрлі «өмір философиясының» ағымдарын тудырып, өте жемісті болып шықты.

 

Бұл ағымның  негізгі ұғымы ретінде «өмір» философиядағы бұрынғы «болмыс» категориясына қарсы қойыла бастады. «Болмыс жоқ, тек қана қалыптасу ғана бар», - деді Ф.Ницше. «Ал қалыптасу дегеніміз өмір», - деп әрі қарай өз ойын қорытты.

 

Өмір философиясының шеңберінде «өмір» ұғымына әртүрлі  ғалымдар әртүрлі мазмұн-мағына береді. Биологиялық-табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмірді инстинктер, өмір сүруге деген құштарлық, ерікке т.с.с. теңейді. Тарихтық көзкарасқа негізделген бағыт өмірді нақтылы-тарихи мәдениетті бойына сіңірген тұлғаның ішкі жан тебіреністерімен ұштастырады. Пантеистік тұрғыдан өмір өне бойы өзінің жаңа формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретінде түсініледі.

 

«Өмiр философиясының алғашқы өкiлдерi Вильгельм Дильтей (1893-1911 жж.) мен Геогр Зиммель (1858-1918 жж.) өмiрдi ерiк пен іңкәрлік, сезім  мен тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр хаосты тәртiпке келтiредi. Өмiрдiң организмдiк және одан да биiк формалары бар. Өмiр организмдiк деңгейде өлiммен шектелсе, организмдiктен биiк формалары мәдениетті құрайды. Осы тұрғыдан алғанда, шындық — өмiрден алған тәжiрибенiң өзi. «Өмiрлiк тәжiрибе» — зердеге тең емес, ол ақыл ойға сыймайды. Өмiр — ағым, өзгерiс, шығармашылық, онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын жекелiк арқылы ғана суреттеуге болады. Оны В.Дилътей герменевтика деген ұғыммен бередi.

 

Философия тарихында  «өмір философиясының» екінші түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты. Мұнда «өмір» адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер «өмір философиясының» басқа нұсқаларында жалпы адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп шығады. Кейіннен Дильтейді «түсіндірме психологиясы» жарық көріп, Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады. Бергсон нұсқасында «өмір философиясы» «өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен» байланысады. Үстіміздегі ғасырдың ортасында «өмір философиясының» негіздерін оның орнына келген экзистенциализм, персонализм және философиялық антропология ағымдары жалғастырады.

 

Өмір философиясы  – Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себе мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді.

 

Өмір философиясының негізін салушы – дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы «үрей», «қорқыныш» сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз – субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады деген Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі – философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті – жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында.

 

Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі –  Артур Шопенгауэр (1788 -1860) адам мен  қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі – адам эгоизмінен, оның «адам адамға қасқыр» принципін ұстанғанынан.

Сондықтан бұл өмір түсінген көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты.

 

Шопенгауэр  өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих  Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына  оптимистік реңк беріп, дастарының бойында  өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты.

 

Фридрих Уилһелм  Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche, 1844 қазаннаң 15 — 1900 тамыздың 25) — 19 ғ. неміс пәлсапашысы және филологы.Бонн және Лейпциг университеттерінде оқыған. Ницше болмыс пен мәдениеттің екі бастамасын – “дионистік (“өміршеңдік пен трагедиялық”), ләззатқа жүгенсіз елеуреу” және “апполондықты” (пайымдау, логик. топшылау мен бір жақты интеллектуалдық) салыстыра зерттеді.

 

Ницше ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-сана мен  дәстүрлерге, әсіресе, философияда  зердеге қарсы шықты. Ол зердені қатты сынға ала отырып, оның негізгі қағидаларын іске алғысыз етеді. Философтың айтуынша, дүниені тануда негізгі рөл атқаратын зерде немесе сана емес, рухтың күші ғана, ал рух дегеніміз – өмірдің өзі. Өмір өзінің қайғы-қасіретімен және азабы арқылы білім бола алады.

 

Ницшенің  иррационалистік философиясының бір  ерекшелігі: өмір мен ырық (абсолютті  ырық) арасындағы байланысты анықтауға  ұмтылғандығы. Ол өз шығармашылығының алғашқы кезеңдерінде ырықты өмірге деген құштарлық деп танып, өмір философиясының негізін қалады. Бірақ Ницше шығармашылығының соңғы кезеңі ырыққа деген басқа көзқарасты тудырды. Оның ойынша, өмір ендігі жерде ырыққа деген құштарлық емес, керісінше, бұл рухтың үстемдікке, билік етуге құштарлығы болып шықты.

 

 Ницшенің  пікірі бойынша, адам, бір жағынан,  тек жәндік қана, ал екінші  жағынан алғанда, әрі тудырушы, әрі жаратушы. Жалпы ол адамның рөлін, әсіресе, шығарм. қызметін жоғары бағалаған. Ол неміс тілінің айрықша өткір түрімен сол дәуірдегі қоғамдық сенім, өнеге, мәдениет, пәлсапа және ғылымды сын тезіне алады.

 

Ницшенің  көзқарастары кейінгі пәлсапаға  әсіресе бар болушылық ағымы  мен постмодернизмге терең ықпал  етті. Оның құндық көзқарасы және шындық туралы қойған сұраулары мен түсініктемелері еуропалық және түсініктемелік пәлсапаның негізін қалады.

 

 

Ницше пәлсапаға  кірісуден бұрын жұмысын филологиядан бастаған. 24 жасында Базел университетінің  классикалық филология бөліміне басшы болып орналасады, бұл сол  кезге дейін осы орынға отырған  ең жас профессор еді. Бірақ, 1889 ж. ол жүйке ауруына ұшырап, денсаулық  жағдайымен орнынан шегінеді, осыдан кейінгі өмірінде ол бастан ақыр ауырумен алыса жүріп өткізді. 1889 ж. ауыр науқас болғаннан бастап, шешесі мен қарындасының жанына келіп 1900 ж. көз жұмғанға дейін  солардың күтімінде болды.

 

Ницше  Фридрих – неміс философы, волюнтаризмнің өкілі және қазіргі иррационализнің негізін салушылардың бірі. Классикалық филос. категориялар-«материямен» «рухтың» орнына Н. «билеуге ерік» (күшке, мықтылыққа) ретінде «өмірді» қояды. «Билеуге ерік» Н-ге құбылыс мәнінің критерийі болып табылады: «Не жақсы?»-«Билеу санасын, билікті қажетсінуді , адамдағы биліктің өзін шындайтын нәрсенің бәрі жақсы». «Не жаман?»-«Әлсіздіктен туындайтынның бәрі жаман». Н. танымды осы тұрғыда  бағалай отырып, оны тек «билеудің қаруы» болғанда ғана бар деп есептейді. Ол ғылым заңдарынан жалаң «пайдалы жалғандықты», ол ақиқаттан-пайдалы адасуды  көреді. Гносеол. релятивизм  этикада «барлық игілікті қайта бағалаумен» айқындалады, ол «ерекше адам» идеясына орай  «құндық мораліне» қарсы қоюмен аяқталады. Н. соц. идеялды жоққа шығарады, өйткені одан «құлдардың моралдағы  көтерілісін» көреді. Христиандықты олар адамдардың құдай алдындағы теңдігі және «билеу еркін» жойып, өзін-өзі кемсітушілігі үшін қабылдамайды. Н діни аңыздар жиынтығын «жанның мәңгілік» қалдығы ретінде «құдай өлімі» мен «мәңгі қайта оралу» туралы аңыздармен алмастырады. Н. философиясының әлеум. негіздері рев. жұмысшы  қозғалысын өрістетуге бағытталған империалистік бурж. әрекетімен байланысты. Ницшеліктің жекелеген-әлеум.-сыни себептері  кейбір көрнекті жазушылар мен ойшылдарға (Т.Манн, Г. Ибсен, Швейцер) әсер етті, бірақ негізгі реакциялық тұжырымдары оны дамытудың басты бағыты – нем, фаш.-інің идеологиясын анықтап берді.

 

Ницшенің, жалпы  өмір философиясының өкілдерінің осылайша маза-лануының себебі – олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан дамудың күрделі сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Европа тұрғынының күш-қуаты мен өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін ше өмірді сүйген «ең жоғарғы адамнан» үлгі алуды ұсынады. Жоғарғы адам – еркін, ешкімнен де, ештеңеден де тәуелсіз, өз өмірін жасауға ұмтылған адамның бейнесі (образы). Еркіндік – адам қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі’ тандығын мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған «ең жоғаргы адам » ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.

 

«Өмiр философиясының»  шеңберiнде немiс философы Фридрих  Ницшенiң (1844-1900 жж) еңбектерi ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдiк Ерiктi болмыстың алғашкы негiзiне жатқызса, Ф.Ницше Ерiк категориясына әлеуметтiк моральдық мән-мағына берiп, оны «билiкке деген ерiк» ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезінгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң «Әлемдiк Еркi» бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн), сол себептi олардың бiр-бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi, А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билiкке деген еркiн өмiрге енгiзедi, сол үшiн күреседi.

  

Билiкке деген  ерiк — күштiнiң құқының негiзiн  кұрайды, күштiнiн құқы неше түрлi коғамда  қабылданған моральдық дiни т.с.с. нәрмативтiк ережелерден биiк  болуға тиiстi, сондықтан жетілген адам осы қағиданы өз өмiрiнде ұстауы қажет.

 

Ф.Ницшенiң  ойынша, иудео-христиандық моральды толығымен «қайта қарап», «мырзалардың моральдық құңдылықтарын» тағы да өмiрге  енгiзу керек. Оның негiзiнде мынандай қағидалар жатуы қажет:

1. «Өмiрдiң құндылығы»  — сөзсiз негiзгi құндылық;

2. Адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде  теңсiз болып жаратылған;

З. Күштi адамдар моральды борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес.

 

 

Қорытынды

 

Біз өмірді оған үнемі тек жақындау арқылы танимыз: басқаша айтқанда өмірді түсінудің табиғатында оның әртүрлі  көзқарастар тұрғысынан уақыт ағымында танығандықтан сан алуан жақтарынан көретіндігі бар. Еске түсіруде маңыз категориясы да тұңғыш пайда болды. Әрбір қазіргі реалдыққа толы. Оған біз негативтікте, позитивтікте құндылықты таңамыз. Келешекке ұмтылғанымызда мақсат, мұрат, өмірдің қалыптасуы категориялары пайда болды. Өмірдің құпиясы барлық жеке мақсаттарды өзіне бағындыратын ең биік мақсат іске асады. Осы категориялардың әрқайсысы өз тұрғысынан өмірдің тұтастығын қамтиды: сол арқылы ол өзінің көмегімен өмірді түсінудің категориясына айналады. Ол категориялардың еш қайсысы басқасына бағынбайды ғой, өйткені әр қайсысы белгілі бір көзқарас тұрғысынан өмірді түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан да олар бір-біріне салыстыруға келмейді. Сондықтан да болса бұл жерде бір айырмашылықты көрсету қажет. Бастан кешіп отырған қазіргіні толғанудың өзгеше құндылықтары бір-бірінен оқшау. Оларды тек салыстыруға болады. Осындай құндықтар тұрғысынан өмір сүрудің жағымды да, жағымсыз да құндылықтарының, ерекше құндылықтардың шексіз тоғысуы болып көрінеді. Бұл үйлесімдіктер мен мейкессіздіктер үйлесімдіктерде жойылмаған. Өтіп кеткен және кейінгі дыбыстарға музыкалық қатыссыз қазіргіде бір де бір дыбыс жоқ. Өзіндік құндылықтар мен туында құндылықтардың ара қатынасының механистік себептілік сипаты өмірдің түпкі тұңғиықтардын түсінуге мүмкіндік бермейді. Өмірді келешектің тұрғысынан түсінуге мүмкіндік беретін категориялар құндылық категориясының негізінде туындайды

Информация о работе Өмір философиясы