Үнді, Қытай философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 21:55, реферат

Краткое описание

Философияның басты ерекшелігі — әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Мысалы, қылыш – адамдардың жыртқыш аңдармен, жауларымен арпалысуында қолданатын өте маңызды құралы, басқа қызметі де елеулі болған.

Вложенные файлы: 1 файл

parmesh_aizhan.docx

— 25.30 Кб (Скачать файл)

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Үнді, Қытай философиясы

 

 

 

 

 

Орындаған: Пармеш А.Е

2-002 фарм

Тексерген: Аубакиров Е.Ж

 

 

 

 

Қарағанды 2015

 

 
     Философияның басты ерекшелігі — әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. 
Мысалы, қылыш – адамдардың жыртқыш аңдармен, жауларымен арпалысуында қолданатын өте маңызды құралы, басқа қызметі де елеулі болған. Сондықтан қылыштың жасалуы өзінің дәуірі тұрғысынан айтқанда зор тапқырлық саналған. Сол үшін адамдар қылышты ертегілер әлеміне енгізіп, оның қызметін әсірелеу арқылы өздерінің бағытты тұрмысқа жетуі жолындағы армандарын қылыштың қасиеті арқылы жетуге болады деп түсінген.

      Буддизм б.з.д. VІ ғасырда пайда болады. Оның шығу тарихы принц Сиддхартха Гаутаманың есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір – қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынадай: өмірге келу – азап, қартаю – азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу – азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу – азап, көздеген мақсатына жете алмау – азап. Ал осы азаптардан құтылудың басты жолы – сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу. Будда ілімі адамның бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады». 
   «Философия» — грек сөзі (даналықты сүю), шығыс халықтарында арабшаланған түрде фәлсәфә деп аталады, біздің айналамыздағы өмір шындығы жөніндегі көзқарастар жүйесі, дүние туралы және онда адамның алатын орны туралы анағұрлым жалпы ұғымдардың жүйесі болып табылады. Яғни, даналыққа құмарлық деген мағынаны білдіреді. 
Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы – материалдыққа және идеалдыққа душар болады. 
   1. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады. 
    2. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады. 
   

          Философияның атқаратын функциялары: 
1. Дүниетанымдық, дүниені танып білу; 
2. Рационалды (заңдарды ашу); 
3. Критикалық, сынға салы; 
4. Болашақты болжау.

2. Философияның тарихи типтері 
1. Философияның үш ірі ошағы. 
2. Антика заманының философиясы. 
3. Орта ғасырлық философиясы. 
4. Орта Азия халықтарының философиясы. 
5. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы. 
6. Жаңа заман философиясы. 
7. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы.

     Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. 
Философияның үш ірі ошағы: Қытай, Үндістан, Греция.

Ежелгі Үнді философиясы

       Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды.Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі, кшатрийларға — әскери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға – қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да, қалыптасты. 
Үнді философиясының мақсаттары – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру, «иога» жаттықтыру, денені машықтандыру.

                                               Ежелгі Қытай философиясы

         Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, әр түрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды. 
Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы — әрі патша, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды. 
Б.д.д. үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі. 
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен байланысты. 
           Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол — әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Ең басты мәселелер – адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие. 
        Конфуцийшылдар мен легистер арасындағы күрес көп жылдарға созылды. 
       Даосизм (б.д.д. VІ-V ғғ.). Бұл ілімнің негізін қалаушы Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі – «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин»). 
       Даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе, және ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық ұғым. «Дао» — алғашқы бастама. Алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. (Дао – барлық заттардың анасы). 
Әлемдегі денелерде аспан (ян-еркек) мен жер (инь-әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. «Дао» — болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз (дао және дэ) еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес. Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айырылып қалды.

Ежелгі Грекия философиясының ерекшеліктері


  1. Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.

  1. Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.

  1. Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.

  1. Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грекияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.

           Көне Грекия философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Ита-лияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина. Көне Грекия философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мс фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің ғашқы бастауы мәселесін қарастырды.

  1. Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-стотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.

  1. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грекияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философия-сының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.

Милет мектебі


            Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір – субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес – су, Анаксимандр – апейрон, Анакси-мен – ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Әлея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы – от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады. Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рацио-нальдік танымға деген қүштарлық күшейді.

 

Сократ


         Ежелгі Грекия философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық – зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!» қағидаларының негізгі мазмұны да осы.

 


Информация о работе Үнді, Қытай философиясы