Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 00:26, реферат
Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымына мүше болғандықтан, мезгілінде оның бірқатар конвенцияларын ратификациялаған. Одан басқа ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ деген аймақтық ұйымдармен Қазақстан өзара келісімге отырғаны белгілі. Осылардың ішінде қылмыстық жолмен тапқан табысты заңдастыру, оны жылыстатуға тосқауыл қою және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл деген шарттар кездеседі.
1. Қаржылық мониторинг
2. Халықаралық шарт
3. Қаржы мониторингі комитеті
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қаржы мониторингі »
Пән: «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы»
Орындаған:Ю-33к тобының студенті
Бодеева М.Р
Тексерген: Искакова Ж.А
Қарағанды 2013
ЖОСПАР:
1.Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымына мүше болғандықтан, мезгілінде оның бірқатар конвенцияларын ратификациялаған. Одан басқа ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ деген аймақтық ұйымдармен Қазақстан өзара келісімге отырғаны белгілі. Осылардың ішінде қылмыстық жолмен тапқан табысты заңдастыру, оны жылыстатуға тосқауыл қою және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл деген шарттар кездеседі.
Міне, осындай халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес 2008 жылы тиісті уәкілетті орган - Қаржылық мониторинг жөніндегі комитет құрылды. Бастапқыда қаржылық мониторинг жөніндегі органды Бас прокуратура жанынан ашу жоспарланған еді. Алайда ұлттық экономиканың ерекшеліктерін ескеріп және халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, Қазақстанда Қаржы министрлігінің жанынан әкімшілік үлгідегі қаржылық барлау бөлімшесін ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.
Осы уақыттан бері аталған органды
заңдық тұғырмен қамтамасыз ету мақсатында
заң қабылданып, ол заң қызмет етуі үшін
бірқатар іс-шаралар іске асырылды. Ең
бастысы, қаржы операцияларын жинау, өңдеу
және талдау мақсатында Бірыңғай ақпараттық
талдамалы жүйенің бірінші кезегі іске
қосылды. Әрине, оны құру үшін әлемдегі
озық тәжірибелер негізге алынды.
Одан басқа қаржы операциялары туралы
мәліметтерді жинау бағдарламалық жүйесі
іске қосылып, еліміздің екінші деңгейлі
барлық банктерінде орнатылды. Операциялар
туралы хабарламаларды жинау және тапсыру
ҚР Ұлттық банкінің қазақстандық банкаралық
төлемдер орталығының каналдары арқылы
жүзеге асырылады. Бүгінде, аталған жүйе
1000-2000 операцияны өңдей алады.
Яғни алдағы бесжылдықта жүзеге асады
деген озық жобалардың алды іске қосылып,
мемлекет игілігі үшін жұмыс жасай бастады.
Мұндай заманауи технологияларды құру
өз алдына бір мәселе, ал онымен жұмыс
жасайтын мамандарды даярлау бұл бір басқа.
Қаржы ағымын бақылап, қаржы операцияларын
тезіден өткізу елімізге әлі де болса
тың жоба. Қаржы операциялары туралы ақпараттарды
өңдеу және талдау жұмыстарын жүргізетін
сарапшылармен қатар озық жүйелердің
үздіксіз қызмет етуі үшін жағдай жасайтын
білікті инженерлерді дайындау келелі
шаруа екені даусыз. Осы бағытта ресейлік
әріптестермен келісімге келе отырып,
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
және терроризмді қаржыландыруға қарсы
күрес саласындағы білікті мамандарды
даярлау бойынша оқу-семинарлар өткізілді.
Сондай-ақ құзыретті орган өкілдері Дүниежүзілік
банк пен Біріккен ұлттар ұйымы Есірткі
және қылмыс жөніндегі басқармасымен
жұмыс жасай отырып, өз тәжірибелерін
жетілдіру үстінде.
2.Осы тұрғыдан халықаралық
ынтымақтастық мәселесін атап өту маңызды.
Әлемнің заңсыз жолмен алынған табыстарды
заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл саласында қызмет ететін
мекемелері заңсыз жолмен табылған ақшаны
ауыздықтау барысында заңсыз табысты
жылыстатумен күрес жөніндегі FATF халықаралық
тобының нұсқауларын басшылыққа алады.
FATF 1989 жылы Парижде әлем экономикасын
басқаруға тікелей ат салысып отырған
"үлкен жетілік", яғни G7 елдерінің
ұсынысы бойынша құрылған. Яғни аталған
топ G7 тапсырмасы бойынша заңсыз жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға және
лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
бойынша нұсқаулар дайындап, оны әлем
елдерінде осы мақсатта жұмыс істейтін
мекемелерге міндеттейді.
Әлем экономикасы бір-бірімен тығыз байланыста
әрі қаржылық аударма операциясы бұрынғыдан
жедел әрі жылдам жүргізілетіндіктен
бұл нұсқауға үнемі өзгерістер мен толықтырулар
енгізіліп отырады. Осы міндеттемелер
жеке елдерде қаншалықты қолданылатындығын
тексеру, өркениетті елдерде «өзара бағалау»
деген ұғыммен белгілі.
Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік
банк және халықаралық, аймақаралық топтар
бірігіп, қолда бар заң мен нұсқауларға,
келісім мен шарттардағы ережелерге "өзара
бағалау" жасап отырады. Яғни арнайы
жұмысшы тобын құрып, қолданыстағы заң
әлемде болып жатқан процестерге сәйкес
пе, оған жауап бере ала ма деген сауалдар
төңірегінде талқылау жүргізіп, өз ұсыныстарын
айтады.
Міне, сондай шараның бірі Қазақстанда
аймақаралық Қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ тарапынан
басталып кетті. Астанаға келген делегация
мемлекеттік және құқық қорғау органдарының
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл бағытындағы қызметін саралайды
және алдағы осы топтың отырысында өз
қорытындыларын жариялайды. Қазақстанның
осындай сынақтан сүрінбей өтуі еліміздің
халықаралық аренадағы өз орнын нығайтып,
басқа мемлекеттердің сенімділігін арттырады.
Заңсыз табылған ақшаны құрықтау жолындағы
атқарылған игі істер банк және өзге қаржы
ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз
етіп, инвестиция ағымын артуы тиіс.
3.Қаржы мониторингі комитеті заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекет саласында іске асыру және бақылау функцияларын орталық атқарушы органның құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Қаржы мониторингі комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамында құрылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы - Өтебаев Мүсірәлі Смайылұлы.
2009 жылғы 28 тамызда «Заңсыз жолмен
алынған кiрiстердi
Мақсаты мен міндеттері:
ҚР «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі өкілетті органның міндеттері:
заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл, мемлекеттiк органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестiру;
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мақсатында Комитет:
Комитет төрағасы:
Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы
Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев 1950 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Білімі, мамандығы (квалификация) :
Еңбек өтілі:
Авторлық:
Мемлекеттік және халықаралық медальдары, сыйлықтары, атақ-дәрежелері:
Айсағалиева София Серікқызы 1968 жылдың 17 қарашасында туылған.
Білімі жоғары – математик, экономика магистрі. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.