Қаржылардың ұғымы мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 22:24, реферат

Краткое описание

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы.

Вложенные файлы: 1 файл

каржы САБ1.docx

— 27.18 Кб (Скачать файл)

САБ 1 тапсырмалары

 

Қаржылардың ұғымы  мен мәні

 

 

        Қаржы дегеніміз – французша  қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда  болып, оның дамуына сәйкес тауар  – ақша айырбасының  дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.        

Ақша қоры-мемлекеттің  қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан  да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі  кірістері мен қорлардың басты  материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс  болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы  арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс  дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал  жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы  осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық  өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған  мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.         

Қорыта келгенде, қолдағы  қаржы мемлекеттік үлғаймалы  ұдайы өндіріс талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақша қаражатын  орталыққа жинақтауды қалыптастыру жағдайында ақша қатынастарының жиынтығын  бейнелейтін экономикалық категория.         

Қандайда қоғамдық - экономикалық құрылысқа өдіріс қажет. Өдіріссіз  ешбір қоғам өмір-сүре алмайтына  көне тархтын дамуы айқын дәлел. Қоғамдық өндірістің маңызы орасан зор. Ол, біріншіден қоғамға аса қажетті  алуан түрлі техника әзірлеп  береді. Осы арқылы қоғамның өзінің техника, яғни еңбек қүралдарына  деген тұтынуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндіріс қоғам мшелерінің үдайы  өсіп отыратын материалдық және рухани қажеттеріне қажет өнімдерді  шығарады. Осымен қоғам мүшелерінің  өмір тіршілігіне қажет заттарды-киімкешекті, жиһаз, турмыстық жабдықтарды, азық-түлікті  үлғааймалыүрдіспен әзірлеп отырады. Сондықтан өндіріссіз-қоғам жоқ, түтынушысыз-өндіріс жоқ, деген қағида пайда болған.        

Алайда, қоғамдық түрғыдан алғанда  жалпы түтынуға арналып өндірілген барлық өнімдер толықтай алғанда  тауар деген үғымды білдіреді. Бүл  арада теориялық түрғыдан айрықша  атап өтуге қажетті мәселе бар. Айталық, егер жеке адам өзін жекелей түтыну үшін нендей бір өнім шығаратын болса, оны саудаға шығармай, тек өзінің игілігіне ғана пайдаланған жағдайда, ол өнім шығарушы үшін тауар болып  саналмайды. Егер шығарылған өнімді сауда-сатық  жағдайында басқа бір түтынушы үшін сатып алса, онда әлгі өнім тауар  атағына ие болады. Ал қоғамның тауар  өндіріс арқылы шығарылатын өнім бірден тауар болып табылады. Жоғарыда аталғандай қоғамдық өндірістік өнім қоғамның өзінің де, жеке дара түтынушының да қажеттігіне айналады, сатылады. Осы тауарларды сатудан түскен ақша мемлекеттің қаржы қорын қурайды .

Қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық үдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл  ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан  оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.        

Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы  қоғамының түпкілікті пайдалануға  жіберілетін материалдық ресурстар  бөлігінің ақшалай көрінісі болып  табылады.      Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын  ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.        

Экономикалық категория  ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың  көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген  ақша катынасы қаржы қатынасы болуы  мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.        

Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында  экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде  қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің  сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік  сипаты экономикалық категория ретінде  олардың айрықша белгісі болып  табылады.        

Қаржы қатынастарының ақшалай  сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып  табылады, бірақ  тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ.         

Қаржының ерекше белгілер :  қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес).        

Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері қаржының ерекшелігін  атап көрсетеді.        

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын  былайша тұжырымдауға болды : қаржы  – бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын  айрықша экономикалық қатынастардың  жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы  өндіріс қатысушыларының сан  алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары  мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар.

        Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары – бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.         

Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік –  экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі фунцияларын  қамтамасыз ете алмайды.        

Қаржы ресурстарының қаржы  қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы  қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді  қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.        

Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің  қарамағында қаражаттарды орталықтандырудың  дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік  бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді.

 

       Қаржы функциялары

 

 

        Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық  ашу оның үғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

 Бөлу функциясы –  ұлттық табыс пен жалпы ішкі  өнімді бөлу және қайта бөлу  кезінде жүзеге асырылады.

 Бақылау фунциясы –  бөлінген ақша қаражаттарының  мақсатты түрде пайдаланылуына  бақылау жасау. 

Қаржы көмегімен жалпы  ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу

2 әдіспен жүзеге асырылады:

1.қаржылық бюджеттік әдіс  – бюджеттен табыстарды алғанда  және бергенде қолданылады.

2. несиелік банктік әдіс  – уақытша бос ақша қаражаттарын  жұмылдыру арқылы қайтарымдылық  негізде несиелерді беру.

Қаржының айрықшалықты белгілері

Экономикалық категория  ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың  керінісінің әрқашан ақшалай  нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан  экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақшалай және тек ақшалай  қатынастарды ғана білдіреді. Сондықтан  қаржылық қатынастардың ақшалай  сипаты - қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін  баса көрсетеді.

Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайы өндірістік қатынастар болып табылды. Қаржылық қатынастардың  ұдайы өндірістік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша  белгісі болып табылады.

Қаржылық қатынастардың  ақшалай сипаты мен ұдайы өндірістік сипаты қаржының аса маңызды белгілері  болып табылады, бірақ оның ақтық  белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге  де, кредитке де ортақ.

Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай  қорлардың қозғалысында көрінуі  оның маңызды ерекше белгісі болып  табылады. Ақшалай қорлар, істің  шын мәнінде, қаржылық қатынастардың  объектілері болып табылады.

Нақтылы жұмсауға арналған ақшалай-қаржылық қорлар коғамдык өндіріс  қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен  жасалады. Әдістер қаржылық қатынастарда іс-әрекеттің амалдары ретінде директивалық , яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, бұл экономиканы  реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына арналған ақшалай  ресурстарды пайдаланудың көлемдері  мен бағыттарын алдын ала қарастыру  қажеттілігімен байланысты болады. Сөз  жоқ, әдістерді таңдау ғылыми ізденіс  пен коғам дамуының белгілі бір  кезеңінің объективті алғы шарттары арқылы айқындалады.

Ақшалай қаражаттар экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тау- ар жэне ақшалай нысандардағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде  пайдаланылады. Баламалылық белгісі  басқа экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне  тән. Ақшалай қорлардың бүкіл  ақшалай қаражаттардан бөлініп  тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы  басқарудың барлық деңгейлерінде ақшалай  нысандағы құнның біржақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржылық операция осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, суб-венциялар және т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкі шаруашылықтық мақсатты окшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.

Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны  ақшалай қатынастардың бүкіл  жиынтығынан мүлтіксіз бөліп  алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі - қаржылық қатынастардың ақшалай  сипаты мен ұдайы өндірістік сипаты қаржылық қатынастардың өрісін тежеп  отыратын болса, қаржыға тән қор  нысаны - міндетті сипаты, біржакты тәртіптегі кұн қозғалысының баламасыздық сипаты - экономикалық категория ретіндегі  қаржының айырықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.

Қаржының қатысуынсыз  қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі  мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындагы байланыстырушы буын болып табылады.

Өзінің материалдық тұлғалануы бойынша қаржы-қоғамның қажеттіліктері мен өндірістің дамуы үшін пайдаланылатын мемлекеттің, оның муниципалдық құрылымдарының, шаруашыльщ жүргізуші субъектілердің ацшалай қорлары дәлірек айтканда, бұл - елдің қаржылық ресурстары.

Бірак мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені экономикалық категория  ретіндегі қаржының мәні оның маңызды  болып табылатын сандық жағында  емес, бұл категорияның жұмыс істеуі тек оған тэн функцияларды орындау  кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың мазмұнында ашылады. Мұндай тәсілдемеде қаржы дегеніміз  бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде  және мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен олардың  сан алуан мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдайы өндіріс үдерісін деп айда болатын экономикалық қатынастар.

Сонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржыға мынадай түсініктеме  беруге болады: қаржы - бұл:

ақшалай қорларды жасау, бөлу, қайта бөлу және пайдалану үдерісіндегі қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория;

ақшамен айналысу және оны  басқару практикасы;

қандай да бір жобаға қатысатын  капитал; ең алдымен жаңа істі бастау үшін алынатын капитал;

белгілі бір, әсіресе қаржы  компаниясы жасаған мақсатқа арналған ақшалай қарыз.

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.

Ақша қарым-қатынасының  субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.

Мемлекеттік қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың өсуінің  жалпы мемлекеттік өнімнің өсуінен  жоғары болуы сипатты болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады.

Вагнер заңы 3 факторлармен байланысты:

1)        экономиканың  өсуіне байланысты экономикалық  өмірдің қиындауы және еңбек  бөлінуінің тереңдеуі тиімді  экономиканы қолдауды қажет етеді;

2)        техника  және технологиялық дамулар үлкен  мөлшерде капитал қажеттіліктерін  қажет етеді. Оларды акционерлік  қоғам мен мемлекеттік корпорациялар  қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық  шаралар арқылы монополиялық  өнірістер пайда болатын жерде  олардың қызметін реттеуші ретінде  қатысуы керек;

Информация о работе Қаржылардың ұғымы мен мәні