Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 11:43, реферат

Краткое описание

Ғаламдану және нарықтық реформалар жағдайында Қазақстанның экономикасында түбегейлі ұйымдастыру және әлеуметтік – экономикалық өзгерістер белең алуда. Осыған байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін арттыруды жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандар қажет екені өткір сезіледі.
Мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіруде аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың маңызы зор. Осы талдау жазбахаты аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың тиімді жолдарын айқындайды.

Содержание

Негізгі бөлім
1. Аудандық бюджеттің құрылымы
2. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың тиімді жолдарын талдау
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған қаражаттар түсімінің маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Талдау жазбахаты.docx

— 31.93 Кб (Скачать файл)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілікті арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың жолдары»

 

 

 

Тыңдаушы: «Талдықұдық ауылдық

округі әкімінің аппараты» ММ

жетекші маманы Бекеева С. Ж.

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы – 2015 жыл

 

Мазмұны

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.  Аудандық бюджеттің құрылымы

2. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың тиімді жолдарын талдау

3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің  жергілікті өзін өзі басқару  функцияларын іске асыруына бағытталған  қаражаттар түсімінің маңызы

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ғаламдану және нарықтық реформалар жағдайында Қазақстанның экономикасында түбегейлі ұйымдастыру және әлеуметтік – экономикалық өзгерістер белең алуда. Осыған байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін арттыруды жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандар қажет екені өткір сезіледі.

Мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіруде аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың маңызы зор. Осы талдау жазбахаты аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың тиімді жолдарын айқындайды.

Талдау жазбахатында аудандық бюджеттің құрылымы, аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың жолдары және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған қаражаттар түсімінің маңызы туралы баяндалған.

Ұлттық экономиканың нарықтық негізге көшу процесінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен халықтың өзара қаржы қарым – қатынасының жаңа түрі – бюджет жүйесінің жаңа тұрпаты қалыптасуда. Бюджет – салық саясаты экономиканы макроэкономикалық реттеудің негізгі механизмі болып, мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатын іске асыратын маңызды тұтқаға айналып келеді.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастар жүйесі ретінде ерекшелігі бар.

Бюджет – мемлекеттің табысы мен шығысы көрсетілген қаржы жоспары.

Бюджеттік механизм – мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражат қорының пайда болу және оны пайдалану нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Бюджет жүйесі – бұл экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген бюджеттің барлық түрінің жиынтығы.

Талдау жазбахаты жалпы мемлекеттік бюджет табысының құрылымы экономикалық жүйеде бюджеттің атқаратын жаңа рөлін айғақтайтынын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Аудандық бюджеттің құрылымы

 

Талдау жазбахатының мақсаты - аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың тиімді жолдарын табу және талдау.

Осы мақсатқа жетуде алға қойылған міндеттер:

  • Бюджет жүйесі мен құрылымын қарастыру;
  • Бюджет жүйесіндегі аудандық бюджеттің маңызын анықтау;
  • Аудандық бюджеттің кірістерін анықтау және талдау.

Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады.

Мемлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады.

Мемлекеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқы заемдар жаба алмайды. Сондықтан мемлекет айналымға еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына, инфляцияның өршуіне және халықтың тұрмыстық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған бюджеттік комиссия Үкіметтің Парламентке ұсынған заң жобаларын алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап отырады.

 

Бюджет жүйесі – бұл экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген бюджеттің барлық түрінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет жүйесі – бұл ҚР бюджеттері мен Ұлттық қорының, сондай – ақ бюджет процестері мен қатынастарының жиынтығы. Бюджет жүйесі елдің мемлекеттік құрылымына сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық – мемлекеттік құрылымының тұрпаты бойынша бірегейге жатады және оның бюджет жүйесі орталық бюджет және жергілікті бюджеттер деп аталатын екі буыннан  құралады (1 - сурет).

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына:

  • республикалық бюджет;
  • жергілікті бюджеттер: облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) деңгейі кіреді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

 

 

 

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі.Мемлекеттік бюджетті Үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау Парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайластырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді.

Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасыныц бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда ел әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономияда, мемлекетте жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық актілер экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады.

Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындагы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шектеу, бюджет деңгейлері арасьшда кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.

Бюджетаралық қатынастар белгілі принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде келесі бюджетаралық принциптер мазмұндалған:

• төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен арақатынасындағы теңбе-теңдік;

• түсімдердің келесі шектеу критерийлерін есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу:

а) төмен тұрған бюджеттер маңында тиянақты сипаттары бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;

ә) мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтерге төленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде сол қызметтерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;

б)қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғастыруы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым деңгейіне бекітіледі;

в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғұрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;

г) тиянақты аумақтық салықтық база бойынша жинайтын салықтар жергілікті бюджеттер маңына бекітіледі.

• әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік деңгейлерді қамтамасыз етуді теңестіру;

• жергілікті атқарушы органдардың мөлшерлес деңгейде мемлекеттік қызмет керсетуді қамтамасыз ету;

• мемлекеттік қызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді неғұрлым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететің мемлекеттік органдар маңына бекіту;

• мемлекеттік қызмет көрсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет сапасін жоғарлату мен оларды алушылардың сұраныстарын жақсы білу үшін қызмет атқаруды бюджеттік жүйенің неғұрлым төменгі деңгейіне беру;

алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет деңгейінің жауапкершілігі.

Тәжірибеде бюджетаралық қатынастарды реттеудің әр түрлі формалары бар. Олар бюджет деңгейінің әр біреуінің салықтық потенциалы, аймақтардың мұқтаждықтарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі бойынша бюджетаралық қатынастар реттеудің формалары ортамерзімді фискалдық саясатқа сәйкес тағайындалады. Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеу формалары жөнінде ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі. Трансферттер механизмі бюджеттік реттеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қалыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сондықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.

Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:

I. Кірістер:

• салықтық түсімдер;

• салықтық емес түсімдер;

• иегізгі капитал сатудың түсімдері;

• ресми трансферттер түсімдері.

2.Шыгындар;

3.Операциалық қалдық;

4.Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;

5.Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық - қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;

6.Бюджет тапшылығы (профициті);

7.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - займдар түсу, займдарды өтеу, бюджет құралдары қалдығының қозғалысы.

Жоғарыда келтірілген құрылым бойынша бюджеттің бекітуі мен оны атқару жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері маңында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар келтіріледі. Және де ресми трансферттерден басқа кірістерде мақсатты арнаулары болмайды.

Информация о работе Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың жолдары