Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 11:43, реферат

Краткое описание

Ғаламдану және нарықтық реформалар жағдайында Қазақстанның экономикасында түбегейлі ұйымдастыру және әлеуметтік – экономикалық өзгерістер белең алуда. Осыған байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін арттыруды жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандар қажет екені өткір сезіледі.
Мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіруде аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың маңызы зор. Осы талдау жазбахаты аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың тиімді жолдарын айқындайды.

Содержание

Негізгі бөлім
1. Аудандық бюджеттің құрылымы
2. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың тиімді жолдарын талдау
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған қаражаттар түсімінің маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Талдау жазбахаты.docx

— 31.93 Кб (Скачать файл)

Бюджет шығындары маңында қайырылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік құралдар алынады. Олар мемлекеттік мекемелерінің іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен занды тұлғаларға субсидиялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми трансферттер де жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Ұлттық қорға төлейтін төлемдер.

Бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырмасы операциялық қалдық (сальдо) деп аталады. Бұл арада, егерде бюджет шығындары кірістерінен асып түссе, онда теріс операциялық қалдық болады, ал кері болса - онда оң операциялық қалдық болады. Теріс операциялық қалдық жіберіледі, егерде бюджет шығындарына даму бюджеттік бағдарламалар болса, бірақ оның шекті көлемі мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясатпен анықталады.

Қазіргі уақытта ақысыз бюджеттік қаржыландырумен қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайдаланады. Мұндай несиелер қайтару және өтелу шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен алынады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджеттік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюджет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.

Мемлекеттің қаржы активтермен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша қалдық (сальдо) деп аталады. Қаржы активтермен мүліктену маңында заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қатысу үлесі мен құнды қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оперативтік немесе шаруашылық басқарудағы заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын сатудан түскен бюджет кірістері табылады. Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңында бюджет шығындарының оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егерде бюджет кірістері оның шығындарынан асып түссе, онда бюджеттік профицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының (профициттің) мөлшері операциялық қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты минустағанға тең.

Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканың Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшьшығы арқылы анықталады. Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар құралдарын, бюджет құралдарыньщ бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеуге жұмсау. Оның көлемі займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған займдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.

 

 

 


Информация о работе Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың жолдары