Лизингтің мәні мен оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 15:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаттар: лизингтің мәні мен оның түрлері, даму тарихы мен Қазақстан Республикасының лизингілік қызметін зерттеу. Курстық жұмыстың міндеттері:
лизингтің қалай пайда болғаны, тарихын және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы түсініктеме;
лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер;
Қазақстан Республикасының лизингтік даму динамикасын зерттеу.

Вложенные файлы: 1 файл

Лизинг курсовая.doc

— 216.00 Кб (Скачать файл)
  • Объектісі.
  • Жабдықтау мерзімі.
  • Лизингке алу мерзімі.
  • Лизингке берушінің меншіктік құқы.
  • Тәуекелдер, жаупкершілік, техникалық кепіл хат.
  • Құрал-жабдықты пайдалану.
  • Күту , жөндеу , жаңарту.
  • Сақтандыру.
  • Лизингтік төлемдер , комиссиялар.
  • Сатып алу мүмкіндігі.
  • Келісімшартты бұзу шарты. 
  • Құрал-жабдықты қайтару және тағы да басқалары. [7]

Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті  қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден  өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына  уақытша пайдалануға және ұстауға  лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

Лизингтік операциялардың ұйымдастыру түрлері:

  • Арнайы лизингтік фирмалар.
  • Өнеркәсіптік трансұлттық компаниялардың лизингтік компаниялардан олардың құқықтық міндеттері бар немесе қаржылық институттар, банктер, сақтандыру және холдингтік компаниялар жатқызылады.
  • Трансұлттық банктер жүйесіндегі лизингтік фирмалар құрылуымен қаржыландыруды банктердің қатысуы. Мақсаты өз капиталдарының екі компанияда орналастыра отырып, пайда табу.
  • Тікелей өнеркәсіптік және құрылыс фирмаларын, әуе және кеме компанияларын, олардың тауарларын лизингке беру үшін өз жеке меншігіндегі сату апараттарын шет елдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бақылау жүйесін қолданады.
  • Делдалдық лизингтік фирмалар.

Лизингтік келісімнің маңызды шарттары:

  • Лизинг затын таңдау. Лизинг алушы лизингтік компанияға оның өндірістік қажеттілігін есептей отырып,не қажетті затты таңдауына мүмкіндік береді.
  • Лизинг затын сипаттау. Тауардың аты, типтік мақсаты, т.б. жатады. Лизинг затын дәл сипаттау келісім шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін оны анықтау үшін қажет.
  • Лизинг объектісінің мекен – жайы ол келісім шартта көрсетіледі.
  • Лизинг мерзімі мүлікті пайдалану бағыттарына сәйкес пайдалану мерзімінің 40-90пайызына дейін құрайды.
  • Қаржылық және мүліктік міндеттемелерін орындамауы. Міндеттемелерді орындамау жауапкершілігі қарастырылады. Соның ішінде құрал –жабдықтарды монтаждау, жеткізу, кенеттен істен шығуы, жазылуы өз есебінен құрал – жабдықтардың күтіп қалуына жауап беруі оны жөндеуді қаржыландыру.
  • Лизинг алушының меншік құқығын сақтау. Лизинг алушы лизинг заты толық иелене алмайды. Осы келісім шартта көрсетілген жерден ауыстыруға құқығы жоқ.
  • Келтірілмеген талаптарды реттеу, Лизинг алушы тауар сапасы бойынша кепілдікті лизинг беруші лизинг алушыға ұсынады.
  • Кепілдік мерзімінен кейінгі жауапкершілік кепілдемелік мерзім аяқталғаннан кейін ахуалдарды лизинг алушы түзетеді.
  • Жалданған мүлікті пайдалану техникалық қызмет көрсетумен  оның күтім қауіпі лизинг алушының жауапкершілігінде болады.
  • Лизингтік бөлікті сақтандыру. Лизинг алушының қаржысы есебінен сақтандырудың жеңілдетілген түрі жүргізіледі.
  • Лизинг төлемдерін анықтау. Ол екі жақтың келісім шарт мерзімі бойынша қарастырылады.
  • Лизинг алушылар тарапынан төлемдердің мерзімін өткізіп алу. Мұндай жағдайда лизинг алушы мерзім аяқталғанға дейін белгілі бір пайыздық есеппен оны қалпына келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛИЗИНГТІК ДАМУЫ ДИНАМИКАСЫ

 

    1. Қазақстанда лизингтің даму жағдайы

 

 

2003 жылдың желтоқсан  айында"Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы" деген тақырыпта болып өткен халықаралық "дөңгелек столда" болған пікір алмастырулар нәтижесінде еліміздегі лизинггік бизнестің қалыптасу және дамуының 14 жылдық тарихының кезендері ІІІартты түрде анықталған.ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда ішкі нарықта лизингтік құрылымдардың қалыптасуы 1989 жылдан басталады.

Осы жылы КСРО- да комерциялық  банктер лизингтік операцияларды  енгізе бастады. Еліміздегі лизинг мынадай  жолдармен қалыптасқан:

  • Аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және «Қазконтракт» карпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
  • Екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
  • Жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
  • Лизингтің халықаралық формалары-экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

Республикадағы алғашқы  лизингтік кәсіпорындар акционерлік  қоғам нысанында коммерциялық мен  жабдықтаушы-өткізуші ұйымдардың қатысуымен құрылды. 1989 жылы құрылтайшысы «КРАМДС-Банк», «КРАМДС-снаб» және «Казлегснабстың» базасы болған «КРАМДС-лизинг» акционерлік қоғамы құрылды. [10;69]

1990 жылы Қазақ КСР-ң  Госнаб бұйрығымен «Прокат и  лизинг-95» жүйесіндегі 5 жылдық мақсатты жалға беру мен лизингті дамыту бағдарламасы жасалынған болатын. Кейін бұл жүйенің материалдық ресурстар Министрлігіне, одан соң «Казконтракт» корпорациясына қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде бақылау жоғалды.

Қазақ КСР-ң Госснаб  жүйесіндегі лизингтік фирмалардың бірі 1990 жылдың 7 ақпанынан бастап жүмыс істеген техникалық құралдар лизингі жөніндегі «Казтехлизинг» кәсіпорны. Оның құрылтайшылары-«Казмашкомплект» көтерме-делдалдық фирма мен Қазақ КСР Госснабтың көтерме сауда инвестициялық коммерциялық банк (Инвестснаббанк). Құрылу кезінде оның жарғылық қоры 2 млн. Рубль, оның ішінде «Казмашкомплект»-49%, Инвестснаббанк-51%.

1990 жылдың 1-ші жартыжылдығы  бойынша Қазақ КСР-ң Госснаб  бойынша лизингтік мәмілелердің  көлемі 3,5 млн.рубль болды, оның ішінде 2,4 млн. Рубль көлеміндегі мәмілелер «Казтехлизинг» үлесіне, ал қалғаны басқа аймақтардағы 10 жабдықтаушы басқармаларға тиесілі.

1990 жыл бойынша «Казтехлизинг»  кәсіпорны 18 лизингтік келісім  шартты жасасты. 1991 жылдың 5 ақпанында  Алматы қаласының Совет аудандық халық депутаттарының кеңесінің атқару комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснаб-ң Инвестснаббанкі болған.

«Инвестлизинг» шағын  ұжымдық кәсіпорны, ал 1991 жылы 19 ақпанында  Алматы қаласының Совет аудандық халық депутаттарының кеңесінің атқару комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснабының «Алма-Атакомплект» болған «Алма-Ататехлизинг». Ол Алматылық облыстық жүк және қалалық автобасқармасына автотранспорт, қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорынға компьютерлер мен оргтехниканың, «Агрореммаш» ғылыми-өндірістік бірлестікке тоқарлық станоктарды, «Брандт» медицина-техникалық орталығына лицензияланған медициналық жабдықты лизинг бойынша берді.Бұл лизингтік қызметтерді көрсетуден түскен пайда 1992 жылы бойынша 3731 млн. Рубль болды. [11;113]

1992 жылдың ортасында Қазақстанда  экономиканың мемлекеттәк емес  секторында 120 коммерциялық банк  және 20 лизингтік компания қызмет  етеді. Олардың ішінде «КРАМДС-лизинг», «Алма-Ата техлизинг», «Техника-лизинг», «Туранбанк» Қазақстандық акционерлік банктің еншілес фирма «Туранлизинг», СП «Казтехлизинг» және тағы басқалары.

Қазақстанда лизингтің дамуы төрт арна арқылы жүреді:

1. Техникалық құралдарды  жалға беру жөніндігі жұмыс  істеп отырған «Казконтракт»  корпорациясының аймақтық көтерме-делдалдық фирмалар мен компаниялар құрамындағы кәсіпорындармен беттері;

2. Коммерциялық банктердің лизингтік  операциялары;

3. Жаңа құрылып жатқан арнаулы  лизингтік компаниялары;

4. Республика территориясында шетел  лизинг компанияларының жұмысы;

5. Мемлекетте лизингтік бизинестің даму тарихы үш кезеңге бөлеміз:

Бірінші кезең (1989-1992)- Республикада лизингтік бизнестің пайда болу кезеңі, алғашқы лизингтік компаниялар құрыла бастады.

Екінші кезең (1992-1994)- ішкі нарықта қолайсыз жағдайдың туу нәтижесінде лизингтік бизинесті басу кезеңі.

Үшінші кезең (1995-1997)- даму кезеңі, мемлекеттік көмек пен ынталандыруға қол жеткізу.

Жаңа құрылып жатқан лизинг компаниясын, әсіресе алғашқы  уақытта, қызметтері банк несиесі (барлық ресурстардың 75%) көрінісіндегі ресурстарды таратудың сыртқы көзіне байланысты болады.Бұл жерде мына мәселелер алда тұр. Қарыз құралдарының негізгі нысаны кәзіргі уақытта коммерциялық банктердің қысқа мерзімді несиелері, ал классикалық презенттің операциялары озат мерзімді сипатқа ие. Орта және озат мерзімді сипатқа ие кез келген банк операциялары(қаржы лизингінің операциялары оған жатады ) жоғары инфляция жағдайларында коммерциялық банктер үшін тәуекелі жоғары болып келеді. Сондықтан коммерциялық банктер мүлікті үш және алты айдан аспайтын мерзімге лизингке берді.

1992 жылдан бастап, Қазақстанда  халықаралық— экспорттық және  импорттық лизинг нарқы дами  түсті, әсіресе самолеттер, автомобиль  және ауылшаруашылық техникасы  лизингі. 1994 жылы 2000 жылға дейін мерзімге Қазақстан Ресейден үш Ил-86, бір Ту-154 және төрт Як-42 алған еді.Осы жылы АҚШ-тан 4 «Бойнг 767» лизинг бойынша сатып алды.

Сонымен қатар Қазақстанда  ауылшаруашылық техникасы лизингі  даму үстінде. Мысалы, АҚШ-тың «John Deere» фирмасымен батыс Германиясының «Ciaus Oh» фирмасымен республикаға 5 жылға комбаиндар жеткізу жөнінде келісім жасалды. Қазақстандық матор компаниясы «Астана-Мотрос» Жапонияның екі сауда үйлері мен — «Nissan Corporation» және «Nisscho Iwai» қарым-қатынас жасауда. Барлық тауарлар банктік кепілдіксіз толық сенімділікке лизингке беріледі. Шығыс кәсіпкерлердің мынандай қызметі біздің бизнесіміздің дамуына көмек болды.

1994 жылдың 10 қазанында  үкімет мемлекеттің қатысуымен  құрылған «Азия-лизинг» ұлттық  лизинг компаниясының құрылуы туралы қаулы шығарды. Акционерлік қоғамның жарғылық қорын 100 млн. Теңгені құрды және әрқайсысы 100 000 теңгеге тұратын 1000 акцияға бөлінген. Компанияның негізгі функциялары: Республиканың экономикалық қажеттіліктеріне сәйкес машина-техникалық импортты қамтамасыз ету; өндірістік салаға ауқымды инвестицияларды тарту құралы ретінде халықаралық лизингті пайдалану.

1995 жылдың сәуір айында  Министрлер кабинеті Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік комитеті  жанында Мемлекеттік мүлікті  басқару жөніндегі лизинг Департаментін құру туралы қаулы берді. Оның негізгі қызметтеріне Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму болжамы мен жоспрларын жасау, лизинг мәселелері туралы зат және нормативтік актілерді жасауға қатысу және т.б. жатады. Бірақ, өкінішке орай, лизинг Департаменті мемлекеттік мүліктің орталық атқарушы органдар жүйесін ретке келтіру нәтижесінде жойылған болатын.

Мемлекеттің экономикалық өсуі көп жағдайларда өндірістік потенциалдық бар болуымен және дамуымен анықталады. Негізгі өндірістік қорлар өндіріс процесінің ажырамас факторы болып табылады.

Қазақстан үшін лизингтік  бизинесті қолдану мен актуальділігі  өндірістік инфрақұрылымның болмауымен, яғни республика кәсіпорындарын техникалық қамтамасыз ете алатын өндіруші-заводтардың  болуымен, түсіндіріледі.

Лизингтік бизнес негізгі қорларға инвестициялаудың тиімді әдісі болып табылады. Бәрақ республикадағы лизинг операцияларының қатысушылары арасындағы қарым-қатынастарды айқындайтын қажетті нормативтік базаның ролі де зор.

Қазіргі кезде Қазақстанда лизингтік операциялардың нормативтік базасын жетілдіру жөніндегі жұмыстар өткізілуде. Атап айтқанда, инвестициялардың тарту көзі ретінде қаржылық лизингтің дамуына бағытталған 2000 жылдың шілде айында қабылданған «қаржылық лизинг туралы» ҚР-нық Заңы, осы заңға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге байланысты 2003 жылғы «қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңы, кеден баждарынан босатылу жөніндегі толықтырулар енгізілген «кеден ісі туралы» ҚР-ның Заңы, «Салықтар мен бюджетке төленетін қзге де міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның Заңы. Соңғы аталған заң бойынша кейін лизинг алушыға өтетін үш жылдан жоғары мерзімге алынған сыйақы бойынша ұйымдардың салық салынатын табыстарынан салық салудан босатылады және тағы басқалары.

1995 жылдан бастап лизингтік  бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады. 1996-2000 жылдар аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге асыруға Үкіметтің жеке қызулылары бойынша 4,5 млрд. Теңгеден көп ақша қаражаттарын жұмсаған. 1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге, осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-ның Заңын айтуға болады.

2000 жылдың екінші жартысынан  бастап "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы өз күшіне енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік қатынастар қалыптаса бастады. Заңға "банктік лизинг" деген түсініктің енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жыддың мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен "Каржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады.

Бүгінгі күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік операциялар нарығьш тәуелсіз сараптамашылар лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде бағалауда. ТМД елдеріндегі күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

Қаржыландырылатын жалғыз компания және ол ҚР-ның аграрлық секторындағы лизингтік қатынастарды дамыту бойынша ауыл шаруашылық министрлігінің операторы болып табылады. Бүгінгі күні компанияның Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығындағы үлесі 53,8 % құрып отыр.

ҚР-ның нарығында белсенді түрде жұмыс істеп жатқан лизингтік  компаниялардың 44,4% коммерциялық банктердің еншілес құрылымдары құрап отыр. Олардың анының көбеюіне ҚР-ның «Қаржылық лизинг» туралы заңына «банктік лизинг деген түсініктің енгізілуі қолайлы әсер етті. Бұлар, бүгінгі күні стандартты лизингтік қызметтерді кез-келген салаға көрсетуге маманданған әмбебап компаниялар болып табылады. Құрылғылардың белгілі-бір түріне маманданған лизинггік компаниялар халық шаруашылығының белгілі-бір саласына мамандығына жұмыс істейді. Еліміздегі салалық лизингтік компаниялар көбінесе, ауыл шаруашылық техникалары мен автокөліктерді лизингке беруге маманданган. Бұны негізгі корлардың осы түрлерінін нарықтағы өтімділіктерінің өте жоғары болуымен түсіндіруге болады. Аймақтық лизингтік компаниялар белгілі-бір аймақтарға ғана лизингтік кызметтер көрсетумен айналысады.

Информация о работе Лизингтің мәні мен оның түрлері