Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 15:36, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаттар: лизингтің мәні мен оның түрлері, даму тарихы мен Қазақстан Республикасының лизингілік қызметін зерттеу. Курстық жұмыстың міндеттері:
лизингтің қалай пайда болғаны, тарихын және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы түсініктеме;
лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер;
Қазақстан Республикасының лизингтік даму динамикасын зерттеу.
ҚР-дағы лизингтік қызметтер нарығының дамуындағы өзекті мәселелердің тағы бірі лизинг нысанындағы инвестициялардың салалық құрылымы болып табылады.
Экономикалық қатынастардың
кез-келген түрі сияқты лизингтік қатынастардың
да кажеттілігі мен мақсаттылығы маңызды
категориялардың бірі - оны жүзеге асырудың
тиімділігіне негізделеді. Жұмыста лизингтік
қатынастардың экономикалық тиімділігін
анықтау және бағалау екі кезеңге
бөліп қарастырылған:
Экономикалық көзқарас тұрғысынан лизинг келесі функцияларды атқара алады:
2.2 Қазақстан
Республикасында лизингтік
Лизингті пайдаланудың тиімділігінде оның нормативтік – құқықтық базасы айтарлықтай рөл ойнайды.Олар: бухгалтерлік есептер принциптері, салық жеңілдіктері, корпоративті табыс салығы.
Лизингтік қатынастарды реттеуде, оның құқықтық базасының дамуында 2004 жылы үлкен өзгерістер болды.
Ол біріншіден ҚР Салық кодексі және Қаржы лизингі туралы заңға 2004 жылы 10 наурызда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Нәтижесінде Қазақстан әлемдік стандарттарға жауап беретін, лизингтің дамуына жол ашатын заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер мен толықтыруды енгізуді талқылауға ат салысқандар : Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы, Ауыл шаруашылық министірлігі, ҚР парламентінің Аграрлық комитеті, сондай – ақ Қазақстанның лизингті дамыту қоры.
Қазақстанның жеке меншік секторын лизингтік қатынастарға ынталандыруға бағытталған пресс –конференциясында 2004 жылдың 26 ақпанында өткен Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы кеңесінің жетекшісі Сембаевтің айтуы бойынша қабылданған жаңа заңдық актілер мен өзгерістер бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішіндегі ең икемді болып табылады.
Нәтижесінде негізгі
құралдарға жасалған инвестиция құрамында
лизингтік үлесі дамыған
Әлемдік банк институттың ( International Finance Corporation) жорамалы бойынша 2004 жылы лизингтік инвестиция Q 170 млн. доллар, ал 2006 жылы 550 млн. долларға жетеді дейді. Аталған өсулердің барлығы қабылданған заң мүмкіндігіне байланысты.
Лизингтік заңдылыққа енгізілген толықтырулардың маңыздылығы:
ҚР « Қаржылық инвестициясы туралы» заңына сәйкес келісімге қатысушы кейіпкер, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар бола алады. Лизинг беруші – келісіміне қатысушы, Яғни өз қаржысына немесе тартылған қаржысына құрал – жабдық сатып ала отырып, оны келісім шарт негізінде лизинг алушыға береді. Бір лизинг келісімінде лизинг беруші бір мезгілде оның екінші қатысушысы бола алмайды. Сатушы болса бір мезгілде лизинг алушы ретінде де қатыса алады (қайтарымды лизинг).
Лизинг алушы – лизинг келісімінің қатысушысы, кәсіпкерлік мақсатта келісім шарт негізінде құрал – жабдықты лизингке алушы. Келісім шарт бойынша құрал – жабдықты лизинке беру үшін мына үш жағдайдың бір немесе бір нешеуіне жауап беруі қажет.
Біріншіден, негізгі құралдарды лизингке алушының жеке меншігіне беру немесе сол негізгі құралдарды лизинг келісім шартында белгіленген бағамен алуға құқығын беру.
Екіншіден, қаржылық лизинг мерзімі негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің 75%-нан жоғары болуы тиіс.
Үшіншіден, лизинг төлемдерінің ағымдағы құны толық лизинг мерзіміндегі негізгі құрал құнының 90%-нан көп болуы тиіс. Лизинг затына заң бойынша ғимарат, құрылыс, көлік, құрал – жабдық, инвентарьлар, жер учаскелері және тағы басқа тұтынылмайтын заттар жатады. Құнды қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг затына жатпайды. Сондай – ақ толықтыруда лизинг түрлеріне де өзгертулер енгізілген. Ескі редакция бойынша келесідей түрлерге жіктелген:
Қайтарымды лизинг – бұл лизингтің бір түрі, мұнда сатушы лизинг затын лизинг берушіге сатады, мүлікті лизинг алушы ретінде өзіне қайтару талабымен.
Банктік лизинг – мұнда лизинг беруші ретінде банк болады.
Толық лизинг – ағымдық техникалық жөндеу жұмыстары лизинг берушімен жүргізіледі.
Таза лизинг – ағымдағы техникалық жөндеу жұмыстары лизинг алушымен жүргізіледі.
Толықтыруда жаңадан тағы да мынадай түрлер енгізілді:
Қайтара лизинг – лизингтің бір түрі, келісім шарт уақытысының бітуімен немесе оны тоқтатумен байланысты лизинг затын лизинг беруші меншігіне қайтару.
Сублизинг – бұл лизингтің түрінде алынған құрал- жабдық лизинг алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта уақытшы пайдалануға. Сублизинг келісім шартымен, әр айда төлем төлеу міндеттемесі мен уақытша пайдалану құқығымен.
Сондай – ақ лизинг келісім шартының бұзылуы немесе уақытының бітуі, сонымен бірге лизинг алушының банкроттық жағдайында лизинг затына иелік ету құқығы да өзгеріске ұшырады. Лизинг алушы банкроттық немесе жойылу жағдайында лизинг затын қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда лизинг затына ареста салуға, конфискелеуге жол берілмейді.
Сонымен заңға енгізілген толықтырулар қайтарымды, қайтара, сублизинг және т.б. сұрақтарға нақты жауап береді.
Лизинг заңнамаларында жасалған оң өзгерістерге қарамастан мүдделі жақтар (лизингтік компаниялар, банктер мен инвесторлар) лизинг дамуына кері әсер ететін факторларды жою мақсатында, заң шығарушы органдармен жұмыс жасауды көздеп отыр.
Әр түрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың, университеттердің, халықаралық агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруда маңызды рөл атқарады.
Лизингтік қатынастарды басқарудың нарық талаптарына сәйкес келетін тиімді технологиясын жасау үшін ең алдымен мемлекет макродеңгейлік қатынастарды реттеуші ретінде неғұрлым маңызды роль атқарады. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі. Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалатын талдаулар көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады.
ҚР-да лизингтік қатынастарды
құру қағидаларын толық
Соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін дамыту болып отыр. Жалпы бұл норма «қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан,қазіргі кезде бұл нарық жұмыс істемей отыр. Содықтан да,бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі,елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы,менің ойымша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізді.
Лизингке беруші субъектілердің
қызметтеріне бақылау жасауды күшейту
мақсатында,олардың
Лизингтік қатынастар кезінде
пайда болатын тәуекелділіктерд
Осы айтылғандарға сүйене отырып, лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді басқару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек.
Еліміздегі лизингтік
қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің
бір жолы ретінде лизингтік
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты: