«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:46, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

Содержание

Кіріспе
3
1
Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
5
1.1
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
5
1.2
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
15
1.3
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
21
1.4
Банктің тартылған қаражаттары
37
1.4.1
Банктің депозиттік операциялары

1.4.2
Банктің депозиттік емес ресурстары

2
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау

2.1
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

2.2
«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

2.4

3
3.1
«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстарын жетілдіру..doc

— 819.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1

Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы

5

1.1

Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

5

1.2

Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері

15

1.3

Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі

21

1.4

Банктің тартылған қаражаттары

37

1.4.1

Банктің депозиттік операциялары

 

1.4.2

Банктің депозиттік емес ресурстары

 

2

«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау

 

2.1

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

 

2.2

«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

 

2.4

 

3

3.1

«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.

Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары

 «Тұран Әлем» банкі  АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Қосымша 1 «Тұран Әлем» банкі АҚ бухгалтерлік балансы

 

Қосымша 2 «Тұран Әлем» банкі АҚ кірістер мен шығыстар туралы есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР  Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпанындағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.

2008 жылы отандық банктеріміз  бен компанияларымыздың сыртқы  қарыздары ЖІӨ-ге қатысты 95 пайызды  құрады немесе 91 млрд АҚШ долларына  дейін өсті, соның ішінде 45,4 АҚШ долларына жуық қарыз бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын құрады.

Сыртқы қарыздардың есебінен отандық банктеріміздің несиелік қоржындарындағы құрылысқа берілген несиелердің үлесі 16 пайызды немесе 10 млрд АҚШ долларын, ал ипотекалық несиелеу көлемі 5 млрд АҚШ долларын құраған.

Дағдарысқа байланысты қазақстандық ірі банктеріміздің сырттан қарыз алудағы мүмкіндіктері шектелді, сөйтіп дәл осы уақыттары қайтару мерзімі жеткен сыртқы қарыздарды қайтаруда олардың өтімділігіне қатысты мәселелер орын алды.

Нәтижесінде кейбір халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан  еліміздің ірі компанияларымен қоса ірі банктердің рейтингтерінің төмендеуі, олардың әлемдік нарықтардағы акцияларының құндарының төмендеуіне жол береді. Осындай себептерге байланысты Дүниежүзілік банк Ресей мен Қазақстанды ипотекалық несиелеу бойынша тәуекел аумағына жатқызды.

Отандық банктердің сырттан тартқан қарыздарына қарсы тұратын, яғни қорғаныс қызметін атқаруға тиісті банктердің капиталы десек, оның көлемі 2008 жылдың 1 желтоқсан айына 1 760,3 млрд. теңгені немесе 14,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл дегеніміз банктеріміздің капиталының жоғарыда берілген сыртқы қарыздарының көлемінен 3 есе кем екендігін көрсетеді.  Ендеше сыртқы қарыздардың банктің  капиталынан бірнеше есе артық болуы, өз  кезегінде банктердің  өтімділігіне кері ықпал етіп, өз кезегінде отандық банктердің  өтімділік дағдарысы мәселесін басынан кешуіне жол берді.

Банктің ресурстық базасы өте үлкен маңызға ие және банктің табысты қызмет етуінің негізгі факторы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы банк жүйесінің дамуының территориялық аспектілерінің ролі жоғарылауда. Бұл аймақтық дамудағы диспропорциялармен тікелей байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының  мақсаты банк ресурстарының аймақтық ерекшеліктерін зерделеу және оларды одан әрі дамыту бойынша жасалған тұжырымдарды өңдеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешеуді көздейді:

- банк ресурстарын құрылу көздерін анықтау;

- банк ресурстары қалыптасуы және дамуының әлемдік тәжірибесін қарастыру;

- екінші деңгейлі банктердегі банк ресурстарының құрамын, құрылымын және құнын реттеудегі Ұлттық банктің ролін зерттеу;  

-  «Қазақстан  Халық банкі» АҚ жалпы сипаттама  беру;

- банк активтеріне және пассивтеріне, өтімділігіне талдау жүргізу;

- банк өтімділігіне  талдау жасау; 

- депозит  саясатына және қоржынына талдау  жүргізу;

- банктік  ресурстар құныныңаймақтық ерекшеліктерін  ескеру қажетілігін ескеру қажеттілігін  негіздеу және мәселені айқындау бойынша;

- банк өтімділігіне  талдау жасау; 

- депозит  саясатына және қоржынына талдау  жүргізу;

- банктік  ресурстар құнының аймақтық саясатын  қалыптастыру тиімділігін талдау; 

- банктік  ресурстар құнының аймақтық ерекшеліктерін  ескеру бойынша ұсыныстар жасау;

Зерттеу пәніне – коммерциялық банктердің ресурстары құнының аймақтық ерекшеліктері.

Зерттеу обьектісі екінші деңгейлі банктердің және «Қазақстан Халық банкі» АҚ қызметі болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін аймақтық банк ресурстары мәселесі төңірегіндегі отандық және шетелдік экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық құжаттары қалыптастырады. Диплом жұмысының тұжырымдамалық жақтарын өңдеу барысында салыстырмалы талдау, индукция, модельдеу, статистикалық топтастыру тәрізді ғылыми таным әдістері қолданылады.

Диплом жұмысының ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының экономиканы реформалау мәселелеріне қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық кесімдер, ашық басылымдағы жариялымдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің, Қаржы министірлігінің, статистика жөнінднгі агенттіктің статистикалық есеп мәліметтері құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы банк ресурстарының аймақтық ерекшеліктеріне қатысты теориялық және практикалық мәселелерді кешенді зерттеу барысында алынған қорытындылар мен ұсыныстар негізінде аймақтық ерекшеліктерді ескеруді жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар мен түйіндерді негіздеу болып табылады.

Зертеу жұмысының нәтижесінің практикалық маңыздылығы зерттеу барысында алынған теориялық, әдістемелік, практикалық қорытындылардың екінші деңгейлі банктердің қызметі барысында қолдануға болатындығымен сипатталады.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен анықталады. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұндағы үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің       қызметіндегі маңызы

 

1.1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

 

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай каражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның кызметінің жүзеге асырылуы үшін кажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» былай қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл баскару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі бақалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ыкпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының кұрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті каражаттарға: жарғылык, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған каражаттарға: мемлекеттік бюджет каражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің карыз қоры осы нарықтың бір бөлігін кұрады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның камтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы кағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы кағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктің ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар катарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен каражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне карай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы.

2) Банктің заемдық және  тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

2007 жылдың 1 каңтарына берілген мәліметтер бойынша Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай 1-кестеде топтастырылған.

1-кесте Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтерінің   

            құрылымы мен шамасына топтастырылуы         (млн теңге)         

Банктердің аттары

Міндеттемелері

Меншікті капиталы

Барлық пассивтері

1. Казкоммерцбанкі АҚ

383 359 151

39 265 133

422 624 284

2. Тұран Әлем банкі АҚ

340 308 170

29 670 510

369 978 680

3. Қазакстан Халық Жинақ банкі АҚ

232 454 217

21 100 904

253 555 121

4. Алматы сауда қаржы банкі АҚ

86 669 542

9 083 160

95 752 702

5. Центркредит банкі АҚ

75 177 638

7 561 962

82 739 600

6. Нұрбанк АҚ

51287 682

7 123 368

58 411050

7. Каспий Банкі АҚ

48 772 598

6 161812

54 934 410

8. Альянс Банкі АҚ

46 589 193

4 085 889

50 675 082

9. Еуразия банкі АҚ

41 954 490

8 461 110

50 415 600

10. Ситибанк Қазакстан АҚ

28 864 535

6 303 720

35 168 255

11. Валют-Транзнт банкі  АҚ

26 132 978

5 429.518

31 562 496

12. АБН АМРО Қазақстан банкі АҚ

25511314

5 146 055

30 657 369

13. Темірбанк АҚ

24 249 481

4 413 033

28 662 514

14. НSВС Қазақстан банкі ЕБ

17 494 355

2 779 504

20 273 859

15. Қазақстан Наурыз банкі АҚ

15 805 879

2 219 898

18 025 777

16. ТЕХАКАВАNК

10 986 409

1 507 108

12 493 517

17. Цеснабанкі АҚ

10 812 320

1428 783

12 24! 103

18. Альфа-банк ЕБ

7 424 480

2 280 476

9 704 956

19. Қазақстандағы Қытай банкі ЕБ АҚ

4 185 336

2 450 711

6 636 047

20. Демір Қазақстан банкі АҚ

2 815 026

1 198 976

4 014 002

21. Нефтебанк АҚ

2 622 019

913 606

3 535 625

22. Алма-Ата МБ АҚ

2 009 297

978 905

2 988 202

23. Данабанк АҚ

1 231 666

1 064 945

2 296 611

24. ТПБК АҚ

929 517

1 290 089

2 219 606

25. Лариба-Банкі ББ АҚ

913 270

1 327 307

2 240 577

26. КЗИ  банкі АҚ

886 873

2 213 684

3 100 557

27. ТАИБ Қазақстан банкі ЕБ АҚ

706 996

1 193 421

1900 417

28. Қазақстан индустриалды банкі АҚ

647 980

I 119 484

1 767 464

29. Сенімбанкі АҚ

144 537

1 055 273

1 203 310

30. КИБ АҚ

126 340

1 076 970

1 203 310

31. Заман-банкі АҚ

98316

1 034 446

1 132 762

32. Алаш-банкі АҚ

83 625

1 101 709

] 1X5 334

33. Пәкістан ұлттық банкі ЕБ АҚ

46 656

1 113 635

1 160 291

34. Қазақстан Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі АҚ

15 638

1 508 473

1 524 111

Информация о работе «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар