Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:46, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.
Кіріспе
3
1
Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
5
1.1
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
5
1.2
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
15
1.3
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
21
1.4
Банктің тартылған қаражаттары
37
1.4.1
Банктің депозиттік операциялары
1.4.2
Банктің депозиттік емес ресурстары
2
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау
2.1
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау
2.2
«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама
2.4
3
3.1
«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алды, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктерді қосымша капиталдандырды. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылды. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырды. Бұл банктердің өз шығындарын қабылдауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет болды. Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы шамамен 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрады, олардың ішінде: 1 млрд. АҚШ доллары (125 млрд. теңге) төрт жүйе құрушы банктердің (Қазақстанның Ұлттық Банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банкі мен ТӘБ-нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілді. 3 млрд. АҚШ доллары (355 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілді. Берілген қаражатты банктер резервтердің (провизиялардың) барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс. Мемлекет банктер капиталының бақылау пакетін сатып алған жоқ. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни, банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондондық және Қазақстандық қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне түсті. Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысының бәсеңдеуі және халықаралық капитал нарықтарына жол ашылған жағдайда «Самұрық-Қазына» қоры нарық қағидаттары бойынша банктердің қатысушылары құрамынан шығатын болады, бірақ акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмайтын шарт негізінде. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болды.
Қаржылық тәуекелдерді басқарудың банктің өтімділігі мен табыстылығын арттыруға ықпалын әдістемелік түрғыдан бағалау және оларды басқару әдістерін жетілдіруге байланысты.
Банктік сектордың осал жақтарын айқындауда соңғы жылдарда өткен Қаржыгерлердің конгрессіне арналып жасалған Қазақстанның қаржы секторының SWOT –талдауының нәтижелерін негізге ала отырып, банк секторына қатысты талдауды 8 –кестеден көруге болады.
12 кесте ЕДБ –дің қызметіне жасалған SWOT- талдауы
Күшті жақтары |
Мүмкіндіктері |
1. Пәрменді несие, депозит және инвестициялық саясаты. 2. Активтері мен пассивтерінің
мерзімдері бойынша 3. Жиынтық активтердің, несиенің,
депозиттердің және табыстылық
көрсеткіштерінің серпінмен 4. Банк қызметінің Халықаралық
стандарттарға сай жұмыс 5. Несие сапасының және
инвестициялық қоржынның қанаға |
1. Жаңа банктік өнімдерді
пайдалану, олардың төменгі шығындар,
желілік тиімділіктер мен 2. Банк қызметтерінің тарифтерін қалыпты деңгейде ұстау, несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерін төмендету. 3. Банктер арасында 4. Менеджмент сапасын
арттыру, активтер мен пассивтерді
басқару және тәуекелді 5. Банк секторының үйлесімді дамуы, банк өнімдері мен қызметтерінің және технологиялық санының өсуі мен сапасының оған сай болуы. 6. Банк капиталының |
Әлсіз жақтары |
Қатерлер |
1. Банк секторының қаржылық тұрақтылығы мен өтімділік, капиталдану және бәсекелестік қабілеттілік жағынан қол жеткізген деңгейі. 2. Ішкі ұзақ және орта мерзімді банктік ресурстардың шектеулігі. 3. Банктік тәуекелдердің жоғары деңгейде орын алуы. 4. Ішкі нарықтағы банктің инвестициялық операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы құралдарының тапшылығы. |
1. Сыртқы қарыздарының көп мөлшерде болуы. 2. Жіктелген активтердің,
оның ішінде несиелерінің 3. Банктік қызметтер нарығында банктер арасында бәсекелестік тепе-теңдіктіктің бұзылуы. Үш ірі банктің ұстанымының өте жоғары деңгейде болуы. 4. ДСҰ –на кіруге байланысты шетел капиталының қатысуымен банктердің көбеюі. 5. Бағалы қағаздардың
табыстылықтарының және |
Жоғарыдағы банктік сектордың 2002-2008 жж аралығындағы дамуына жасалған зерттеулерді, SWOT – талдауын және Елбасының 2008 жылы халыққа
жасаған жолдауында банктік сектордың алдына қойған мақсаттарын басшылыққа ала отырып, қазіргі заманға сай банктің активтері мен пассивтерін басқаруды жетілдіруге қол жеткізуге тиісті банктік сектордың даму мақсаттарын М.Портердің ромбысы үлгісінде 4 – суретпен беруге болады.
Сурет 6 - Қазақстанның банк секторының даму мақсаттары
Банктік сектордың капиталдану
деңгейін және құнын арттыру
Банк секторының
қаржылық
тұрақтылығын қолдау
Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту
Бұл даму мақсаттары қазіргі банк жүйесінде орын алған басты мәселелер анықтап береді, оларға: біріншіден, капиталдану деңгейінің төмендігі, екіншіден өтімділік пен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, үшіншіден, банк қызметінде озық технологияларды игерудің әлсіздігі, төртіншіден, тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту туралы мәселелерді шешу. Демек, аталған мәселелер бүгінгі банктік сектордың бәсекелестігін тежейтін басты факторларға айналуда.
3.1 «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі ұсыныстар
Негізінен іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын орталықтар – бұл банктер. Экономиканың әл-ауқаты коммерциялық банктің сауатты қызметіне байланысты болады. Коммерциялық негізде қызмет ететін банктің дамыған жүйесінің нақты және тиімді нарықтық механизм құруға ұмтылыс тек игілікті тілек болып қана қалады. Активтер мен пассивтердің банктік портфелі – бұл тиімді тәуекел деңгейінде жоғары пайда алу үшін қолданылатын біртұтас. Активтер мен пассивтерді бірлесе басқару депозиттер мен заемдарды іскерлік активтілік циклінің ауытқулары мен мерзімдік ауытқулардың әсерінен қорғау үшін, сондай-ақ банктің мақсатын жүзеге асыруға себепші болатын активтер портфелін қалыптастыру үшін банк беретін құрал болып табылады. Активтер мен пассивтерді басқарудың маңызы баланс құрылымын оның стратегиясына сәйкес келетін тактиканы қалыптастыру және іс-шараларды жүзеге асыру. Банктердің пассивтік операциялары олардың шоғырландырушы және жартылай қайта таратушы қызметтерін жүзеге асырады. Оларда банктер несиелік сұранысты тасушылар (алып жүргізушілер) болады, ал олардың контрагенттері – несиелік ұсынысты тасушылар болады. Пассивтік операциялар айтарлықтай әр түрлі, және дәстүрлі түрде келесі топтарға топтастырылады:
Сонымен қатар, банктердің пассивтік операцияларының құрылымына шетелдік тәжірибеге бейімделу есебімен субординирленген қарыз элементін қосуға болады. Бұл қажет болған кезде олардың параметрлерін өзгертуге, оларды жай немесе артықшылықты акцияларға конвертациялауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, біз олардың активизация сипаты бойынша банктік пассивтерді классификациялауды ұсынамыз, бұл активтер мен пассивтерді кешендік басқару схемасы үшін өте маңызды болып табылады.
Сонымен, есеп айырысу шотындағы қаражаттар клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсетуден табыс алуға, бағалы қағаздар – спекулятивті операциялардан, ал несиелер – секьюритизациядан табыстар алуға мүмкіндік береді.
Нақты экономика секторында орналасқан позитивті беталыстар халықтың нақты табыстарын жоғарлату, банктік секторға сеніаді қалпына келтіру, несиелік ұйымдардың ресустық базасын өсіруге себепші болады.
Ағымдағы жылдың басына салымдардың көлемі нақтылы санауда банктік секторға кредиторлар мен салымшылардың жағынан сенімді нығайтумен сипатталады, ал бұл несиелік ұйымдардың ресурстық базасының өсуіне алып келді. Ресурстық базаны кеңейтудің негізгі көзі - өткен жылғы банктің меншікті капиталы болды, ол 12,2% банктік сектордың пассивінің жалпы өсімін қамтмасыз етті. 1.01.2008 жылға мерзімді салымдар 255,922433 млрд. теңгені құрады немесе банктік сектордың пассивтерінің 2,4%.
Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2008 жылы 1264-тен 1365-ке дейін өсті, сонымен қатар депозиттердің жалпы мөлшерінде бұрынғысынша теңгелік салымдар басым, олардың үлесі 1.01.2008 жылы 59% құрады, ал шетел валютасында 41%. Банктік секторға сенімді қалпына келтіру туралы жеке тұлғалардың мерзімі 1 жылдан жоғары депозиттер үлесінің өсуі куәландырады, ол 1.01.2007 жылы 37,8%-дан 1.01.2008 жылы 38,2%-ға өсті.
2008 жылы жеке салымдар
нарығындағы банктер
Сонымен қатар депозиттер құрылымында позитивті өзгерістер жүріп жатты: есепті жылға мерзімі 1 жылдан жоғары депозиттердің көлемі 844 951 млн. теңгеден 895265 млн. теңгеге өсті. Мерзімі 30 күнге дейінгі талап етуге дейінгі депозиттер көлеміндегі үлесі 1.01.2008жылы 1,9% құраса, ал 1.01.2007 жылы 2,2% болған.
Өткен жылы банктермен шоғырланған бағалы қағаздардың көлемінің 31,4% өскені байқалады. 1.01.2008 жылы олардың көлемі 316,1 млн.теңгеге жетті. Банктермен шоғырланған құнды қағаздардың мұндай өсімі негізінен эмиссия есебінен болды, ал 2007 жылы эмиссиялау көлемі 34,1% өскен.
2008 жылы басында шоғырланған бағалы қағаздардың көлемі 316,1 млн.теңгені құрады, ал банктік жүйенің пассивіндегі үлес салмағы – 3,9% болды. Басқа банктерден алынған несиелердің, депозиттер мен басқа да қаражаттардың көлемі 2,7% азайды және 154,6 млн.теңгені құрады, сонымен қатар банктік сектордың пассивіндегі аталған көздің үлесі 2007 жылы 2,9%-дан 2008 жылы 2,7%-ға дейін төмендеді /3;27/.
Шамамен тартылған банкаралық несиелердің 60% тұрақты түрде бейрезидент банктердің шетел валютасындағы несиелеріне келеді. Меншікті капиталды қалыптастыру меншікті капиталдың бар болуы кез келген коммерциялық кәсіпорынның, соның ішінде банктік құрылуы мен қызмет етуінің қажетті шарты болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталының көлемі өнеркәсіптік және басқа да коммерциялық кәсіпорындардағы капиталдың көрсеткішінен айтарлықтай ерекшеленетінін ескеру қажет. Банктер, меншікті капиталының есебінен өзінің қызметін қамтамасыз ету үшін 12-ден 20%-ға дейін ресурстарға жалпы қажеттілікті қалыптастырады, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар 40-55% меншікті қаражаттары болуы қажет. Банктің мұндай ерекшелігі теориялық тұрғыдан екі жағдаймен түсіндіріледі:
Капиталды қалыптастыру тәртібі коммерциялық банктің жарғысында бекітіледі. Капиталдың бекітілген төменгі мөлшерін сақтау – маңызды шарттардың бірі. Алғашқыда, банктерді құру кезеңінде меншікті капиталдың бірден бір көзі жарғылық капитал болып табылады. Табысты жинақтауға қарай, резервтік және басқа да қорларды құруына қарай жарғылық каптал меншікті капиталдың бір бөлігі болады. Капитал жарияланған және төленген болуы мүмкін. Жарияланған капитал – банкті құру сәтінде анықталады және тек қана жартылай төленуі мүмкін. Төленген капитал деп, толық төленген кезде айтылады. Жарияланған капитал банктің тіркелген сәтінен бастап 1ай ішінде толығымен төленуі керек. Меншікті капиталдың заты онымен орындалған функцияларды көрінеді. Экономикалық әдебиеттерде банктік меншікті капиталдың 3 функциясын бөледі: қорғаныс, оперативті және реттеуші қызмет. Капиталдың қорғанысы қызметінің маңызы – меншікті капитал, банк, қандай да бір себптермен өзінің қызметін тоқтатқан кезде салымшылардың көзқарастарын қорғау көзі ретінде іс-әрекет жасағанда көрінеді. Меншікті капитал банктің өтімділігінің негізгі кепілі болып табылады. Ол, сонымен қатар күтпеген шығындарды, залалдар мен шығыстарды жабу көзі ретінде де шығады. Сонымен, қорғаныс қызметі мыналарды білдіреді:
Жарғылық қор меншікті капиталдың бір бөлігі ретінде сақталғанға дейін, банк, банкроттықтан сақталған болып саналады.
Капиталдың оперативті қызметі – банктің материалдық – техникалық базасын құруға шығындарды қаржыландыру көзін білдіреді. Меншікті капиталдың құрамына бастапқы капитал түрінде жарғылық капитал кіреді, ал бұл банктік операцияларды іске асыруға лицензия алу үшін басты шарт болған кезде де көрінеді.
Меншікті капиталды қалыптастырудың көлемі мен тәртібін реттеу арқылы ҚРҰБ – кі түріндегі қоғам экономиканың қалыпты қызмет етуінің маңызды шарты ретінде банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылады. Жеке банктің және жалпы барлық банктік жүйенің қаржылық тұрақтылығы өндірістік кәсіпорындардың, бюджеттік мекемелердің қызметімен, жинақтардың сақталуымен байланысты.
Жарғылық капитал банктің өмір сүруіне экономикалық негіз құрады және банктің заңды тұлға ретінде тіркелудің міндетті шарты болып табылады. Оның соммасы банктік кредиторлардың қызығушылығын кепілдейтін банк меншігінің минималды көлемін анықтайды. Ресурс түріндегі жарғылық капиталдың ерекшелігі мынада, біріншіден, үнемі банктің басқаруында болатын ресурс қызметін атқарады, сондықтан да мерзімдері шектеусіз ұзақ мерзімді салымдар үшін пайдаланылуы мүмкін, екіншіден, айтарлықтай табыс әкелмейтін жеңіл өтімді активтерді қалыптастыру үшінжедел емес, ақысыз ресурс түрінде шығады.
Меншікті қаражаттар (капитал) құрамын қорлар енгізіледі, мысалы резервтіе қор. Ол банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады және залалдар мен шығындарды жабу үшін пайдаланылады. Бұл қорды қалыптастырудың көзі таза табыс болып табылады, яғни салықтар, және басқа да міндетті төлемдрді төлегеннен кейін банктің басқаруында қалатын пайда. Резервтік қорға аударымдардың минималды мөлшері банктің жарғысымен анықталады, алайда ол жарғылық қордың 15%-нан кем блмауы қажет. Резервтік қорға жыл сайын жарғымен бекітілген мөлшеріне дейін таза пайданың 5%-ы аударылады. Банктің меншікті қаражаттары (капитал) пайданың есебінен де толықтырылады. Ол банктің қызметінің басты мақсаты ретінде шығады, себебі оның ұлғаюымен, тікелей немесе жанама түрде халықтың үлкен топтарының қызығушылықтар байланысты.
Мысалы: