Шағын және орта бизнесті жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 17:02, дипломная работа

Краткое описание

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Кіші және орта бизнесті қаржыландыру тетіктерін жетілдіруді қолдау тәжірибесі және оны несиелендірудің нарықтық экономиканың өзегі арқылы шағын кәсіпкерлікті несеилендіру: жағдайын мен перспективаларын талдап, толық мәселесін толық ашу.
Диссертациялық жұмыстың негізгі міндеттері мыналар жатады:
- шағын кәсіпкерлікті нарықтық экономиканың өзегін қарастыру;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі және оның нарық жағдайындағы даму деңгейін талдау;
- шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің процедурасын мен жағдайын талдау;
- шағын кәсіпкерлікті дамытудың және несиелендірудің әлемдік тәжірибесін қарастыру,
- екінші деңгейлі банктердің шағын бизнесті несиелендіру жағдайын талдау;
- коммерциялық банк клиенттерге қызмет көрсетуі Казкоммерцбанк мысалында қарау;
- Казкоммерцбанктің заңды тұлғаларды несиелеу тәртібін көрсету;

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Кіші және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуының теориялық
негіздері....................................................................................................................7
1.1 Кіші және орта бизнестің мәні мен мазмұны.....................................................7
1.2 Кіші және орта бизнестің қаржыландырудың процедурасы мен жағдайы....16
1.3 Кіші және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі мен дамуы................................................................................................................. .28
2 Қазақстан Республикасындағы кіші және орта бизнестің қазіргі
жағдайы мен қаржыландыру тетіктеріне талдау..........................................46
2.1 ҚР-сы бойынша кіші және орта бизнестің дамуының жалпы
сипаттамасы...............................................................................................................46
2.2 ҚР-дағы кіші және орта бизнестің қаржылық қамтамасыз етілуі..................53
2.3 Қостанай облысындағы кіші және орта бизнестің жағдайын талдау.........56
2.4 Кіші және орта бизнестің даму стратегиясы.....................................................63
2.5 Кіші және орта бизнестің даму деңгейін кешенді бағалау..............................66
3 Кіші және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жолдары.....................................................................................................................70
3.1 Кіші және орта бизнесті мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру...............................................................................70
3.2 Кіші және орта бизнестің негізгі проблемасы және оның шешу жолдары..75
3.3 Кіші және орта бизнесті дамытуға нақты ұсыныстар.....................................80

Қорытынды..............................................................................................................88
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................91

Вложенные файлы: 1 файл

Жубанганова -диссертация.doc

— 2.32 Мб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Кіші және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуының теориялық

   негіздері....................................................................................................................7

1.1 Кіші және орта бизнестің мәні мен мазмұны.....................................................7

1.2 Кіші және орта бизнестің  қаржыландырудың процедурасы мен  жағдайы....16

  1.3 Кіші және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі                      мен дамуы................................................................................................................. .28

 

2 Қазақстан Республикасындағы кіші және орта бизнестің қазіргі                  

 жағдайы мен қаржыландыру тетіктеріне талдау..........................................46

2.1 ҚР-сы бойынша кіші және орта бизнестің дамуының жалпы

сипаттамасы...............................................................................................................46

2.2 ҚР-дағы кіші және орта бизнестің қаржылық қамтамасыз етілуі..................53

2.3 Қостанай облысындағы  кіші және орта бизнестің жағдайын   талдау.........56

2.4 Кіші және орта бизнестің даму стратегиясы.....................................................63

2.5 Кіші және орта бизнестің даму деңгейін кешенді бағалау..............................66

 

3 Кіші  және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіру  жолдары.....................................................................................................................70

3.1 Кіші және орта бизнесті  мемелкеттiк қолдау және дамыту   бағдарламаларын жүзеге асыру...............................................................................70

3.2 Кіші және орта бизнестің негізгі проблемасы және оның шешу  жолдары..75

3.3 Кіші және орта бизнесті дамытуға нақты ұсыныстар.....................................80

 

 

Қорытынды..............................................................................................................88

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................91

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Кіріспе

Зерттеп отырған  тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің «Қазақстан -2030» ұзақ мерзімді стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің  «2011 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» Үндеуіне сәйкес экономикаға аймағындағы басты міндет ретінде экономикалық өсудің максималды қарқынына қол жеткізу қойылған. Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты. Артықшылықтар кешені, атап айтқанда, нарық коньюктурасының өзгеруін тез қабылдау, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан аз ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалар, шағын кәсіпкерлікке көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогрестің  дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, шағын кәсіпкерлік – қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.

Қазіргі кезде  шағын кәсіпкерлікпен қол жеткізілген  нәтижелер бойынша республикада дамыған және дамушы мемлекеттерімен  қатар, ТМД-ның жеке елдерінен артта  қарастырылды. 2011 жылдың басында Қазақстанда 449,9 мың шағын кәсіпкерліктің субъектілері (ШКС) жұмыс істеді, олармен ЖІӨ-ң 20,4 пайызы ғана өндірілді, ел бюджетіне 67,9 млрд. теңге аударылды, халықтың 21,0 пайызы жұмыспен қамтылды, бұл экономикасы дамыған елдер нәтижелерінен 2-4 есе төмен. Сонымен қатар, экономиканың осы секторына экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан деңгейден, бәсекелестік қабілетілігінің артта қалу факторының үдей түсуі тән. Осыған байланысты сыртқа шығарылатын инновациялық жете зерттеулері мен өнімдердің өндірісі жоқ деуге болады.

Жоғарыда айтылған шағын  кәсіпкерліктің артықшылықтары және ең бастысы, республикада оның дамуының қанағатсыз болуы алынған тақырыптың өзектілігіне шарт болды.

Тақырыптың  зерттелу дәрежесі көптеген шетелдік және отандық ғылымдар жұмыстарымен анықталады. Кәсіпкерлік проблемаларының дамуына шетелдік ғалымдар үлкен үлес қосқан: Ричард Кантиллион, Адам Смит, Альфред Маршалл, жан Батист Сэй, Джозеф Шумпетер, Давид Макклеланд, питер Друкер және басақалар. Шағын кәсіпкерлік проблемалары ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан ғалымдары зерттеулерінің нысаны болып табылады. Атап айтқанда, Абалкин Л.И., Блинов А.О., Бусыгин А.В., Крутик А.Б., Лапуста М.Г., Горфинкель В.Я. зерттеушілерінің еңбектері. Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің қалыптасу ерекшеліктері Григорук В.В., Есентугелов                А., Есіркепов Т.А., Қаңтарбаева А.К., Кенжегузин М.Б., Қошанов А.К., Сабден О.С., Сатубалдин С.С., Сатыбалдин А.А., Ерали А.Қ., Окаев К.О., Шевченко В.В. және басқалардың жұмыстарында қарастырылған. Бұл нарықтық қатынастарға өтуге, бәсекелестің дамуына, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен өтуге, бәсекелестің дамуына, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіруге, меншік түрлерінің өзгеруімен байланысты, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке деген көзқарасты қайта қарастыруға алып келді, қазіргі қоғамның экономикалық механизмінде атқаратын маңызды функцияларын бағалауды талап етті. Сонымен, шағын кәсіпкерлікті басқару проблемаларына А.Н. Тоқсанованың жұмысы; оның даму деңгейін бағалауға –                            А. Турғынбаеваның зерттеулері; салықтардың ынталандырушы функцияларын күшейту тұрғысынан кәсіпкерлікті дамыту – В.А. Васильченконың; республиканың шағын кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру – Е.А. Адасбаевтың, А.С. Краубаевтың, Р.Н. Әлімбаеваның жұмыстарында; ауыл шаруашылығында шағын кәсіпкерлікті несиелеудің тиімділігін бағалау әдістерін үлгілеу және анықтау – Д.А. Қалдияровтың зерттеулерінде қарастырылған.

Қазіргі кезде  шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік процесі қалыптастыратын факторлар мен жағдайларға, олар атқаратын функцияаларға, қоршаған ортаның әсеріне, әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларға және тағы басқаларға қатысты басылымдардың көп болуына қарамастан, зерттелетін проблемалар шеңбері азаймай, керісінше, ұлғая түсуде. Және бұл заңды. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерліктің өткен жолы өте қысқа және ол бар және қайтадан пайда болған проблемаларды шеше алмайды. Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің болашағы бар ма, ел экономикасында маңызды ролді атқарады ма, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандырады ма, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі факторлар қалыптастырады және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның экономикалық қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр – мұның бәрі зерттеу обьектісі. Ал шағын кәсіпкерлік аймағында орындалған зерттеулер іс жүзінде ШКС арасында зерттеудің, таратудың және енгізудің тек алғашқы кезеңінде тұр.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Кіші және орта бизнесті қаржыландыру тетіктерін жетілдіруді қолдау тәжірибесі және оны несиелендірудің нарықтық экономиканың өзегі арқылы шағын кәсіпкерлікті  несеилендіру: жағдайын мен перспективаларын талдап, толық мәселесін толық ашу.

Диссертациялық  жұмыстың негізгі міндеттері мыналар жатады:

  • шағын кәсіпкерлікті нарықтық экономиканың өзегін қарастыру;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі және оның нарық жағдайындағы даму деңгейін талдау;
  • шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің процедурасын мен жағдайын талдау;
  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың  және несиелендірудің әлемдік тәжірибесін қарастыру,
  • екінші деңгейлі банктердің шағын бизнесті несиелендіру жағдайын талдау;
  • коммерциялық банк клиенттерге қызмет көрсетуі Казкоммерцбанк мысалында қарау;
  • Казкоммерцбанктің заңды тұлғаларды несиелеу тәртібін көрсету;
  • Казкоммерцбанктің шағын кәсіпкерлікті несиелендіру процедураларын талдау;
  • Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерліктің нәтижелілігі және оның даму жолдары көрсету;
  • Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қазіргі жағдайын талдау;
  • Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерліктің даму жолдарын қарастыру.

Зерттеу нысаны ретінде ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің мәліметтері алынған  және оның шағын кәсіпкерліктің несиелендірудің жағдайы.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады

            Ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмысты орындау нәтижесінде кіші  және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіру  жолдары теориясының бағытталған ғылыми әдебиет жүйелері және ҚР-ның банк қызметтерінің қазіргі кездегі даму көрсеткіштеріне талдау жүргізілуі, соның нәтижесінде қалыптасқан үдерістер анықталды.

       Диссертация жұмысының пәні – Қазақстанның қазіргі жағдайдағы  кіші  және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіруде  өзара қарым-қатынастары жиынтығын талдау.

Диссертация жұмысының  объектісі  болып  ҚР екінші деңгейлі банктердің кіші  және орта бизнестің қаржыландыру тетіктерін жетілдіру  жолдары көрсететін қызмет түрлерінің сандық көрсеткіштері табылады.

Осы жұмыстың методологиялық негізі – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистерінің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі - Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары.

Диссертация жұмысында банктіктік мониторинг : мәні , ұйымдастыру, жетілдіру ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан Батыс елдерінің, Ресейдің  және Қазақстан Республикасының танымал және кәнігі маман ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтсақ: Роуз П.С., Гольцберг М.А., Дж. Р. Брик., Э.Дж. Долан, Лаврушин О.И., Жуков Е.Ф., Красавина Л.Н., Сейткасымов Г.С., Калиева Г.Т. 

Диссертация жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заңдық актілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық материалдары, отандық және шетел ғалымдардың экономика саласындағы әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын газеттер мен журналдар,  сандық материалдары құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кіші  және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуының                  теориялық негіздері 

 

    1. Кіші  және орта бизнестің мәні мен мазмұны

 

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас  бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Қоғам мен  өндірістің даму үрдісінде адамдар  әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатнастар  аясында  кәсіпкерлік  қызметпен  айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алды. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, қолөнершілер, жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас  қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тарихымен тығыз байланысты.

Экономикалық  әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші  рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ  сөздігінде» келтірілген. Мұнда  кәсіпкер – өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін өз мойнына алатын адам деген түсінік берілді[1].

Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі  ағылшын экономисі Ричард Кантильонның  XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субъектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алу, қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым-қатынастағы субъектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған[2].

Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты  кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын  иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясы өндірістік қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстаған. Альфред Маршалл мен жолын ұстаушылар кәсіпкердің ұйымдастырушылық функциясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы – кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.

Кәсіпкерлік туралы ерекше бағытты ұстанған Иозеф Шумпетер, кәсіпкерлік тек жеке адамдар  болып қана қоймайды, ол адамдар  тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты - инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептелген.

Кәсіпкерлік ұғымы  әр түрлі көз қарастар тұрғысынан қарастырылады: шаруашылық жүргізу  стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісі ретінде, нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ретінде және т.б (Кесте 1).

 

 

Кесте 1

«Кәсіпкер»  және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық тұрғыдан дамуы

 

Мерзімі

Анықтама авторы

Анықтама мазмұны

1

2

3

1723

Коммерция-ның жалпыға ортақ сөздігі, Париж қ.

Кәсіпкер –  өнім өндіру немесе құрылыс объектісі  бойынша міндеттемені өз мойнына  алатын адам.

1725

Ричард Кантильон

Кәсіпкер –  белгісіздік жағдайларында шешім  қабылдайтын және өз қажеттіліктерін  қанағаттандыратын адам. Кәсіпкердің тыбысы – ол тәуекел үшін төлем.

1776

Адам Смит

Кәсіпкер –  кәсіпорын иесі және тәуекелді коммерциялық идеяларды жүзеге асырушы. Негізгі функциясы – күнделікті шаруашылық қызмет барысында өндірісті ұйымдастырумен басқару.

1797

Карно Бодо

Кәсіпкер – атқарылып жатқан іске жауапты тұлға ретінде кәсіпорын қызметін жоспарлайтын, бақылайтын, ұйымдастыратын және оның иесі. Оның белгілі бір интеллектуалдық деңгейі, яғни алуан түрлі ақпараттар мен білім иесі.

1830

Жан Батист Сэй

Кәсіпкерлік –  бұл нарықтық кеңістіктің аталған нүктесіндегі өндіріс факторларының рационалды комбинациясы. Кәсіпкер – өндірістік бірлік аясында адамдарды ұйымдастыратын тұлға. Кәсіпкер өнім өндіру мен бөлу үдірісінің аясында қызмет атқарады, ал кәсіпкерлік қызмет негізін – өнім өндірісі мен өткізуді ұйымдастыру қабілеті құрайды.

1890

 

Альфред Маршалл

Әрбір қалаған  адам кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкердің  «табиғи» таңдауы Ч.Дарвин ашқан  табиғи таңдауға сәйкес жүргізіледі.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті жетілдіру