Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы динамикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2015 в 05:51, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизинг оның түрлері және қатысушылар құрлымы». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1 Лизингтің теориялық аспектілері...............................................................5
1.1 Лизинг түсінігі және даму тарихы...................................................5
1.2 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері.....................8
1.3 Лизингтік операциялар есебі...........................................................11
2 Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы динамикасы.................12
2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау..............................12
2.2 Өндірістік кәсіпорындардың дамуындағы лизинг рөлі................17
2.3 Әртүрлі субъектілер үшін лизингтің артықшылықтары
мен кемшіліктері.....................................................................................20
Қортынды...........................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

Лизинг теория.doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)

Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады  және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.

 

1.2 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады. 

Лизингтің нысандары:

  1. Қатысушылар құрамына байланысты:
  • тура лизинг - келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
  • жанама лизинг - келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.

 

  1. Мүлік нысанына  байланысты:
  • жылжитын мүлік лизингі - ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
  • жылжымайтын мүлік лизингі - ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).
  • қолданыста болған лизинг мүлігі.

 

  1. Мүліктің өтелімділігі бойынша:
  • толығымен өтелінетін лизинг - келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  • жартылай өтелінетін лизинг - бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

 

  1. Амортизация деңгейіне байланысты:
  • толық амортизация деңгейі;
  • толық емес амортизация деңгейі.

 

  1. Қызмет көрсету мөлшері бойынша:
  • Таза - мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  • Толық - мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
  • Жартылай - мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

 

  1. Нарық секторына байланысты:
  • Ішкі - келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  • Халықаралық - келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
    • импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
    • экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.   
    • транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.  

 

  1. Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:
  • ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
  • өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
  • аралас төлемді лизинг.

 

  1. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:
  • нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
  • жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
  1. Қаржыландыру әдісіне байланысты:
  • мерзімдік лизинг - бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
  • жаңғыртымалы лизинг - лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады. 
  1. Жалға алынатын мүлікке қатысты:
  • таза лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
  • толық лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

 

Лизингтің түрлері:

  1. Қаржылық лизинг

Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

 

Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:

  • Үшінші тұлғаның қатысуымен;
  • Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
  • Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
  • Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

 

Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.

Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады. 

  1. Жедел лизинг

Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.

 Жедел лизингтің негізгі  объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).

Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады.  Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға  мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.

 

1.3 Лизингтік операциялар есебі

     Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция.Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:

1) лизинг беруші мен лизинг  алушы арасында;

2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;

3) лизинг алушы мен банк арасында.

 Әдетте мәмілеге келу алдында  клиентті толық талдаудан өткізеді.Лизингте  ең маңыздысы,бұл келісімшарт  соңында құрал-жабдыұтың белгілі  бір қалдық құнының қалуы.Ол  үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының  сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен,ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

 Іс жүзінде кез келген  лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

1.Объектісі.

2.Жабдықтау мерзімі.

3.Лизингке алу мерзімі.

4.Лизингке берушінің меншіктік  құқы.

Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

    

 

 

2 Қазақстан Республикасының  лизингтік дамуы динамикасы

2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау

ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда ішкі нарықта лизингтік құрылымдардың қалыптасуы 1989 жылдан басталады. Осы жылы КСРО- да комерциялық банктер лизингтік операцияларды енгізе бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

 

  1. Аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және «Қазконтракт» карпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
  2. Екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
  3. Жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
  4. Лизингтің халықаралық формалары-экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

 

Республикадағы алғашқы лизингтік кәсіпорындар акционерлік қоғам нысанында коммерциялық мен жабдықтаушы-өткізуші ұйымдардың қатысуымен құрылды. 1989 жылы құрылтайшысы «КРАМДС-Банк», «КРАМДС-снаб» және «Казлегснабстың» базасы болған «КРАМДС-лизинг» акционерлік қоғамы құрылды.

1990 жылы Қазақ КСР-ң Госнаб  бұйрығымен «Прокат и лизинг-95»  жүйесіндегі 5 жылдық мақсатты жалға  беру мен лизингті дамыту бағдарламасы жасалынған болатын. Кейін бұл жүйенің материалдық ресурстар Министрлігіне, одан соң «Казконтракт» корпорациясына қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде бақылау жоғалды.

Қазақ КСР-ң Госснаб жүйесіндегі лизингтік фирмалардың бірі 1990 жылдың 7 ақпанынан бастап жүмыс істеген техникалық құралдар лизингі жөніндегі «Казтехлизинг» кәсіпорны. Оның құрылтайшылары-«Казмашкомплект» көтерме-делдалдық фирма мен Қазақ КСР Госснабтың көтерме сауда инвестициялық коммерциялық банк (Инвестснаббанк). Құрылу кезінде оның жарғылық қоры 2 млн. Рубль, оның ішінде «Казмашкомплект»-49%, Инвестснаббанк-51%.

1990 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша  Қазақ КСР-ң Госснаб бойынша  лизингтік мәмілелердің көлемі 3,5 млн.рубль болды, оның ішінде 2,4 млн. Рубль көлеміндегі мәмілелер  «Казтехлизинг» үлесіне, ал қалғаны басқа аймақтардағы 10 жабдықтаушы басқармаларға тиесілі.

1990 жыл бойынша «Казтехлизинг»  кәсіпорны 18 лизингтік келісім шартты  жасасты. 1991 жылдың 5 ақпанында Алматы  қаласының Совет аудандық халық  депутаттарының кеңесінің атқару  комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснаб-ң Инвестснаббанкі болған.

 

«Инвестлизинг» шағын ұжымдық кәсіпорны, ал 1991 жылы 19 ақпанында Алматы қаласының Совет аудандық халық депутаттарының кеңесінің атқару комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснабының «Алма-Атакомплект» болған «Алма-Ататехлизинг». Ол Алматылық облыстық жүк және қалалық автобасқармасына автотранспорт, қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорынға компьютерлер мен оргтехниканың, «Агрореммаш» ғылыми-өндірістік бірлестікке тоқарлық станоктарды, «Брандт» медицина-техникалық орталығына лицензияланған медициналық жабдықты лизинг бойынша берді.Бұл лизингтік қызметтерді көрсетуден түскен пайда 1992 жылы бойынша 3731 млн. Рубль болды.

1992 жылдың ортасында Қазақстанда  экономиканың мемлекеттәк емес секторында 120 коммерциялық банк және 20 лизингтік компания қызмет етеді. Олардың ішінде «КРАМДС-лизинг», «Алма-Ата техлизинг», «Техника-лизинг», «Туранбанк» Қазақстандық акционерлік банктің еншілес фирма «Туранлизинг», СП «Казтехлизинг» және т.б.

 

Қазақстанда лизингтің дамуы төрт арна арқылы жүреді:

 

1. Техникалық құралдарды жалға  беру жөніндігі жұмыс істеп  отырған «Казконтракт» корпорациясының  аймақтық көтерме-делдалдық фирмалар  мен компаниялар құрамындағы  кәсіпорындармен беттері;

2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;

Информация о работе Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы динамикасы